Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2258.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.31 Кб
Скачать

41.Қоғам және білім берудің бір-біріне тәуелділігі

Білім әлеуметтік қызметі жөнінен белгілі дәрежеде дербестігі бар жүйе, оның қоғамның дамуына және жұмыс істеуіне жігерлі түрде әсер ету қабілеті бар. Білім жүйесінің дамуы және қызметі қоғамның өндіріс тәсілдеріне, экономикалық қатынасына, олар арқылы п.б. Әлеум. Қатынастар мен әлеум. Құрылымға, саяси және идеологиялық қатынастарға байланысты. Сонымен қатар, білімнің әлеум.қызметі жалпы адамдық талапқа және адам баласы жинақтаған білімді ұрпақтан ұрпаққа беруге, жеткізуге,білім алу мен мәдениеттіліктің талабы мен қажеттілігіне байланысты.Білім беру – бүкіл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби білімдерді қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру жүйесінің басты міндеттері: ұлттық және адамдық қазыналар, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау, оның интеллектісін байыту, азаматтықты, отбасының, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқықтары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ қоғамның мәдени, қоғамдық-экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттіліктерге тәрбиелеу, барлық адамдарға жалпы және кәсіптәк білім алу үшін мүмкіндік жасау, жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту, халықтардың мәдениетін және дәстүр салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау. Жалпы білім адамның және қоғамның өмірінде өте зор орын алады.

42.Әлеуметтік рөл

Адамның аса кұрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс-қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау. Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, яғни белгілі бір талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.Осындай қызметтердің маңызы, мәнді жақтары «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус» ұғымдарын тудырады. Әлеуметтік рөл қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орнына, жағдайына, олардың басқалармен қарым-қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері.Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белігілі бір қызметін атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдері бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.Әлеуметтңк рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандыққа байланысты рөлін айтуға болады. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде адам әлеуметтік тәртіп стандартын игеріп, меңгереді,өзін өзі бағалап, бақылауды іске асырады. Сөйтсе де, адам өмірде бірнеше байланыс-қатынастарға еніп, әр түрлі рөлдегі іс-қызметтерді орындауға мәжбүр болады. Сондықтан адамға қойылатын талап-тілектер де қайшылықта болады. Осылардың салдарынан адам сыртқы дүниемен байланысында, өзінің тұтастығын, бүтіндігін, бір сөзбен айтқанда, «мендігін» сақтау үшін белгілі бір шартты қажет етеді. Бұл оның өзімен өзінің болуын және әр түрлі қызмет рөлдерін орындау үшін керек. Бұл тұрғыдан қарағанда тұлғаның өзі осындай шарт ретінде болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]