Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2258.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.31 Кб
Скачать

36)Инженерлік еңбектің әлеуметтік мәселелері

Инженер еңбегі ең әуелі материалдық өндірісте пайда болды, өнеркәсіпте, транспорт пен байланыс, құрылыс саласында қолданыс тауып, қанат жайды. Бүгінгі заманда, ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында инженерлік – еңбек экономиканың барлық саласынан бастап, ақпарааттық әлем, білім, мәдениет, өнер, тұрмыс, т.б. қысқасы, өмірдің бүкіл өңірін тұтас қамтыды деуге болады. Яғни, бүгінгі қоғамды инженерлік еңбектен тысқары қарастыру мүмкін емес. Инженер еңбегі дүниедегі барлық елді, ұлттар мен ұлыстарды қамтып, өмірдің барлық саласына етене қабысып, араласып кеткен бүкіл әлемдік, бұқаралық, әмбебап құбылысқа айналды.

Сонда осы заманғы инженерлік еңбек деген не, оның мәні қандай? Бұл мәселені зерттеуші социолог-ғалымдар (Н.А.Аитов, И.С.Мангутов, О.И.Каратин, т.б.) Инженерлік еңбек дегеніміз – техникалық, технологиялық және әлеуметтік ақпараттық жүйелерді жобалау, жасау, жетілдіру, іске қосу және басқару процестерін қамтамасыз ете отырып, қоғамның талап – сұранымдарына орай өнім өндіруді мақсат ететін, ғылым мен тәжірибеге негізделген шығармашылық сипаттағы ерекше ақыл – ой еңбегі.

Біріншіден, инженер еңбегі - өндіруші, өнім шығарушы еңбек, ол материалдық және рухани құндылық жасайды. Болашақ өнімді жобалап, оларды ұйымдастырады.

Екіншіден инженерлік іс - әрекеттің әмбебаптық сипатына байланысты, еңбектің көптеген түрлері оны ерекшелендіреді, олар жүздеген инженерлік кәсіпте, мамандықтар мен мамандандыруда іске асырылуда.

Үшіншіден, инженерлік еңбек үлкен шығармашылық мән – мағынаға және сипатқа ие. 

Инженерлік ізденісті, жаңашылдықты, рационалды-өнертапқыштық әрекетін ретке келтіру – ғылыми прогресте анық көрініс табады. Инженер еңбегі негізінен алғанда мынандай бөліктерге жіктеледі:

Болашақ шығаратын өнімге қатысты ізденіс, зерттеу жұмыстарын жүргізу;

өнімнің конструкциясын жетілдіру, жаңалау;

өндірісті техникалық тұрғыдан дайындау;

өндірістік процесті ұйымдастыру;

еңбек ұжымын басқару.

37)Отбасының функциялары

Отбасы көптеген коғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Олардың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырады. Енді отасы функцияларын атап өтсек:

Репродуктивтік функция – балаларды өмірге әкелу.

Экономикалық-шаруашылық функциясы отбасылық қатынастардың келесі аспектісі қамтиды: үй шарушылығын жүргізу, отбасы бюжеті, үй еңбегін бөлу.

Тәрбиелік функциясы баланың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болады.

Отбасының рекреационды функциясы – отбасы мүшелерінде психологиялық комфортын және қауіпсіздік сезімін тудыру, отбасының демалысын ұйымдастыру.

38)Әлеуметтік инженерия, өндірістің әлеуметтік қорлары

Қолданбалы әлеуметтануда, әлеуметтік психология мен әлеуметтік басқаруда сипатталатын әрекет әлеуметтік инженерлік әрекет деген атқа ие болды, ол әлеуметтік бағытты күшейтетін  қолданудың практикалық  сферасы болып табылады. Инжиниринг (техникалық, қолданбалы) – арнайы шешімдерді  қабылдау үшін адамдардың көмегімен жасалған әр түрлі ұйымдық құрылымдардың арнайы әлеуметтік техникасының көмегімен әлеуметтік бақылау жасау, реттеу мен өзгерудің ұжымдық негізіндегі консультациялық  немесе  инженерлік консультациялық жиынтығын ұсыну.Әлеуметтік инженерияда адам әлеуметтік процестердің негізгі факторы ретінде саналады. Себебі, әлеуметтік іс-әрекеттердің жасанды жүйесі  адамдардың мақсатқа жету жолында арқарған іс-әрекеттері  негізінде қалыптасады. Жасанды жүйе тек адамдардың өзара тұрақты қарым-қатынастары  арқылы ғана өмір сүреді. Бұл қарым-қатынастарды әлеуметтік институттар мен ұйымдар іске асырады. Олардың ішінде  осы институттарға  сәйкес  қызметтерді мемлекеттік институттар, білім алу, нарық және т.б. ұйымдар атқара алады. Мысалы, нарық институты көптеген  ұйымдардың – кәсіпкерлік, менеджмент, маркетинг қызметтерін бір стратегиялық  желіге  біріктіреді.  әлеуметтік инженерия  қызметі осындай жасанды жүйелерді құруға, өзгертуге бағытталады.  Оның іргесін  қалаушы социологтар өз алдында келесі ұранды  тастайды: «Әлеуметтану мәселесі – адам қылықтарын  алдын-ала көру және оны басқару». Эмпиризм мен пргматизм тек инженерлік ғылымда ғана емес, сонымен бірге әлеуметтану  саласында да әлеумет туралы түсініктерді қалыптастырады.  Өндірістік процестерде олар екі түрге бөлінеді:

ғылыми басқару ұйымы – мұнда зерттелетін нәрсе ретінде адамның еңбек құралын қолдануы қарастырылады;

ғылыми басқару ұйымы – адамдардың өзара қарым-қатынастары мен олардың рационалды бірігуін және басқару әрекеттерін қарастырады.

Инженер еңбегі қашан да болсын  жұмысшы еңбегімен тығыз байланысты болып келеді. Екеуінің  біріккен еңбегі нәтижесінде ғана қоғамға қажетті сапалы өнім бере алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]