Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2258.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.31 Кб
Скачать

31)Отбасы әлеуметтік институт және кіші топ ретінде

Отбасы - ертеректен келе жатқан әлеуметтік институттардың бірі. Ол алғашқы қауымдық құрылыстың топырағында таптардан, ұлттардан және мемлекеттен бұрын пайда болды. Отбасының қоғамдық құндылығының шарты тікелей өмірді жалғастыруда ұрпақтар әкелу, балаларды тәрбиелеу және олардың өзіндік сапасын қалыптастыру болып табылады.

Ең көне отбасының түрі - топтық некеге негізделген еді. Балалар мен әжелер, әкелер мен шешелер, балалар тобында - ағалы-інілер, апалы-сіңілілер немере туыстар біріне-бірі ерлі-зайыпты, яғни әр ұрпақтың бір -біріне ағалы-қарындас бола тұра некелес болатын.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының қалыптасу және қызмет жасау процесі құндылық - нормалық жүйелермен белгіленген. Мысалы, болашақ жар таңдау, оны құрметтеп күту, жыныстық қатынаста сексуалдық тәртіпті сақтау, мәдениеттілік нормаларды әйелі мен еркегі, ата-аналар мен балалар және т.б. басшылыққа алуы орындамаған жағдайда заңға жүгінеді. Мемлекеттің пайда болуымен отбасы өмірін реттеу заңдылық сипат алды.  Отбасын әлеуметтік институт ретінде түсінуде отбасындағы рөлдер қатынасына талдау жасаудың үлкен маңызы бар. Отбасылық адамның қоғамдағы әлеуметтік рөлдерінің бір түрі болып табылады.

Отбасы - бұл өзара махаббат, туыстық сезім, мақсаттары мен ұмтылыстары бір, бір-біріне және отбасы мүшелеріне жауапкершіліктері бар, заң жүзінде неке шартына отырған адамдар тобы.

32)Еңбек әлеуметтануының категориялары

Еңбек социологиясының басты категориялары мыналар: еңбектің мәні, еңбектің сипаты, еңбек жағдайлары, еңбекті ұйымдастыру, еңбек түрлері, еңбектің қызметтік-себептіптік құрылымы, қызметке қатынас т. б. Еңбектің мазмұны – бұл өндіруші қызметі саласымен жасалған еңбек операциясының түрлері, мүмкіншілік және өндірістік процесс үстіндегі шешім қабылдаудағы жаңалық деңгейіне байланысты бөлуді ескеретін еңбектің сипаты. Еңбек категориясы жұмысшылардың әртүрлі еңбектік қызметтерге (физикалық немесе ой еңбегі, аграрлы немесе индустриалды, ұйымдастырушы не атқарушы, жай немесе күрделі) бекітілуін көрсетеді. Еңбек жағдайлары әлуметтік-экономикалық, гигиеналық, ұйымдастырушылық жағдайларды қамтиды. Еңбекке қатынас (көзқарас) – бұл индивидттің еңбек заттары, құралдары, өнімдерімен және өндіруші ортамен байланысының сипаты. Еңбекке қатынас индивидтің қоғаммен негізгі байланысын көрсетеді және еңбектің қоғаммен бағалануы (бедел, әлуметтік статус) арқылы көрінеді. 

33)Некенің формалары

Социологияда неке дегеніміз — отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.Некенің төмендегідей формалары бар:моногамия (бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке) және полигамия (бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке). Полигамия 2 түрге бөлінеді: полигиния- бір еркектің көп әйелмен некелесуі, полиандрия-керісінше.Некелік серік таңдаудың екі түрі бар: эндогомия (серіктер бір топтың ішінде) және экзогомия ( неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы, рулар арасында болады).

34)Сауалнама әдісі

Сауалнама әсіресе индивидтердің субьективті жай-күиі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ереше құнды әдіс болып есептеледі.Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды.Сұраулардың көмегімен ақпарат алып жиналады.Ғылымда сауалнама жүргізуші адамдар-анкетерлар(Сауалшылар) және сұрақтарға жауап қайтарушылар – респоденттер деп аталады.Алынған ақпараттың сипатына қарай және оны алу тәсіліне қарап сауалнама бірнеше түрге бөлінеді. Сауалнама әдісінің екі түрі бар:анкеталық және сұхбат немесе сұхбатнама (интервью).Сауалға жауап алу ұжымдардың және жеке адамдардың кез келген проблема бойынша пікірін білуге мүмкіндік жасайды.Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зерттеу , бақылау т.б әдістерді қолдану үлкен қиыншылықтар туғызғанда пайдаланады. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады. Негізінен анкета үш бөлімнен құралады: ундеулік, негізгі, төлқұжаттық.Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі, Қайтарылған жауаптардың құпия түрінде болатынына кепілдік беріледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады.Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осыдан кейін сұрақтар олардың пікірін , оқиғалар мен қазіргі жағдайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал төлқұжаттық бөлімде респоденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы т.б) жөніндегі сұрақтар қойылады.Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады.. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, Содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі. Анкетаның сұрақтары үш негізгі топқа бөлінеді: 1. Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады; 2. Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады; 3. Аралас сауалдар, бұл бірінші және екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде жауаптары да жазылады, бұлармен қатар «Басқасы не екенін көрсетіңіз?» - деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді. 

35)Отбасының бүгінгі замандағы проблемалары

Біздің мемлекетіміздегі мынандай құлдыраған экономикасы бар, дағдарыстағы белгілі бағыт-бағдары жоқ кезде отбасылары үлкен ауыртпалық, күштердің әсерін көтеруде, бұл отбасының құлдырауына ғана әкеп соғады, сондықтан отбасының ішкі күштері: махаббат, өзара түсіністік және сыйлаушылық, бір-біріне және балаларына деген жауапкершілікке ғана үміт артамыз. Бірақ, өкінішке орай сырттан әсер ететін күштер, мысалы туыстардың, көршілердің, еңбек ұжымының, қоғамдық орындардың әсері өз ықпалын тигізуде. Ал, сылтаулар саны отбасы үшін өте көп. Ажырасулар саны жыл сайын азаюда.  Егер 1992 жылы олар республика халқының 33% құраса, былтыр тек қана 32,2% -ін құрайды. Отбасылар саны да елеулі азайды, үшінші баланы дүниеге әкелу. 1991 жылы әр 1000 адамға 21 нәресте туылса, ал 1993 жылы тек қана 18,6 бала. Бір жасқа дейінгі аралықтағы балалар өлімі көбеюде. Мысалы, 1991 жылы ол 27,4 болса,  1996 ж. 28,4 болды. Ауру балалар дүниеге өте көп туылуда.Қалыптасып қалған қатынастардың түп орнымен құлау, отбасының тек қана ішкі күштері ғана сақтап қала алатындығына назар аударады. Осыған қоғамдық ой-пікірді бағыттау керек. Әке мен ананың мәртебесін көтеру, әйелдерге психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету керек. Әлемде саяси тұрақты, дамыған экономикасы бар қалыптасқан әлеуметтік қолдау жүйесі бар мемлекеттерде осындай әйелдер қоғам жағынан ғана емес, сонымен қатар мемлекет жағынан да қолдау көріп отыр.

Қоғам түсінігіндегі отбасы қызметі, неке сапасы, басқару құрылымының қатынастары мен бағыттары қалай өзгерді. Адамдардың некеге тұруына не себепкер? Жауаптар талдауы негізгі себептерін біліп төмендегі тәртіпте орналастырды:

 барлық уақытта қасында болатын, қиын кездерде қолдап көмектесетін адамның қасында болуы;

біреуге керек екенін сезіну және біреуді асырау;

 ұрпақты жалғастыру;

 сүйген адамыңнан айырылмау. Осыдан көріп тұрғандай негізгі себеп мынандай қиын заманда түсінетін, көмектесетін, қорғай алатын адамды табу. Отбасы - бұл үлкен жұмыс және оның нәтижесі болып отбасындағы түсінушілік және сыйластық болу керек.      

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]