Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция - тіл мәдениеті.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337.41 Кб
Скачать

Лекцияның тақырыбы: Адам өміріндегі тілдің ролі мен сөйлеу мәдениетінің маңызы.

Лекцияның мақсаты: Тілдің қоғамдық қызметі оның ойлаумен байланыстылығын анықтау.

Лекция сұрақтары : - Тілдің мәні

- Тiл және ойлау.

- Тiлдiң қоғамдық қызметі

- Тілдің табиғаты.

Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары :

- Тiл мен ойлау туралы қандай теориялар қалыптасқан?

- Тіл қандай құбылыс?

- Тілге қандай қасиеттер тән?

- Тілдің қоғамдық қызметіне нелер жатады?

- Тіл қандай қоғамға қызмет етеді?

- Тіл мен ойлаудың айырмашылығы неде?

- Тіл мәдениетін дамытуда әр түрлі сөздіктердің қызметі.

Әдебиет.1. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. А., 1992ж.

  1. Степанов А.А. Қарым-қатынас, сөйлеу және адамның сөйлеу қасиеттері. Кітап: Жалпы психология. А., 1980ж.

  2. Жарықбаев Б. Психология. А., 1993ж.

Жоспар:

1. Адам дамуындағы тілдің маңызы.

2. Тіл және сөйлеу.

3. Сөйлеудің сипаты.

4. Сөйлеудің түрлері және оның мінездемесі.

Тілдің табиғаты деген нәрсе –тіл білімінің маңызды мәселелерінің бірі. еміс ғалымы – Франс Бопп:Тіл биологиялық құбылыс,оны құдай жаратқан ,-деп есептеді.Бұл пікірді А.Шлейхер де қолдады.Ол: « Тіл де биологиялық организм сиақты туады,өседі,өледі»,-дейді.

Бұлай болған күнде тіл атадан балаға ,ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалау арқылы беріліп отыруы кеек еді.Әрине ,бұл пікір дұрыс емес.Тіл –атадан балаға ген арқылы берілетін құбылыс емес ,ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын ,кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніп отыратын нәрсе.

Олай болатын себебі –жаңа туған бала өз ата-анасының тілінде сөйлеуі де мүмкін,сөйлемеуі де мүмкін .Жаңа туған баланың өскен ортасы өз ата-анасының тілінен басқаорта болса, ол сол ортаның тілінде сөйлеп кетеді .Оған өмірде мысалдар толып жатыр.Бұл-тілдің биологиялық құбылыс емес екендігін дәлелдейді.

Екінші бір топ ғалымдар(Г.Штейнталь,А.Потебня) тілді психологиялық құбылыс деп біледі .Бұл пікір «тіл құдай жаратқан нәрсе емес ,оны жеке адам жасайды ,жеке адамның рухы туғызады »-деген түсініктен туған .Алдыңғы пікір сияқты бұл да қате пікір .Егер тіл рухтың туындысы болса ,әрбір адамның жеке-жеке өз тілі болған болар еді де,бір тұтас халықтың, ұлттың тілі болмас еді.Өмірде де олай болмайтынын көпшілік жақсы біледі.Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалынады,қауымда ғана дамиды .

Ендеше,адамзат тілі –биологиялық та , психологиялық та құбылыс емес ,ол қоғамдық (әлеуметтік ) құбылыс, қоғамға қызмет етеді.Себебі тіл қоғам үшін ,қоғам мүшелерінің пікір алысып , өзара түсінісу үшін керек,сол үшін жаралған .Пікір алысу ,түсінісу қоғам бар жерде ғана болады.Бір –бірімен сөйлесетін адамдар жоқ жерде тіл де жоқ. Қоғам қай жерде ,қашан туған болса,тіл де сол жерде ,сол заманда пайда болған . Қоғамсыз –тіл, тілсіз-қоғам болмайды .