Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция - тіл мәдениеті.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337.41 Кб
Скачать

Лекция мәтіндері.

1 - модуль.

1-2-лекция.

Тақырыбы: Тіл мәдениеті пәнінің мақсаты мен міндеті.

Лекцияның мақсаты: Тіл мәдениеті пәнінің мақсаты мен міндеттерін айқындау. Оның басқа ғылымдармен байланысын, жалпы және жеке тіл білімінде зерттелуі.

Лекция сұрақтары :

- Тіл саясаты. ҚР-ның тілдер туралы Заңы.

- Тіл мәдениеті пәнінің зерттеу нысаны .

- Тіл мәдениеті және оның салалары.

- Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.

- Тіл мәдениетінің теориялық және практикалық мәні.

- Әдеби тілдің тарихы туралы

- Әдеби тіл және тілдік норма

- Қазіргі әдеби тілдің даму арналары

Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары :

- Тiл мәдениеті пәнінің зерттеу нысаны не? Оның мақсаты мен мiндеттерiн

атаңыз?

- Тiл мәдениетінің ғылымдар iшiнде алатын орны қандай?

- Тіл мәдениеті пәнінің әдебиетпен байланысы.

- А.Байтұрсынов – тіл анықтығы, тіл тазалығы, тіл дәлдігі туралы.

- М.Балақаев – тіл мәдениеті туралы.

- Р.Сыздықова сөйлеу мәдениеті жайында.

Әдебиет. 1. Актуальные проблемы культуры речи. М.,1970

  1. Балақаев М. Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері. А.,1965

3. Балақаев М. Қазақ тілі және оның нормалары. А., 1984. 115-170 беттер.

4. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А.,2004. 8-40 беттер

  1. Головин А.Н. Основы культура речи. М., 1980.

  2. Жазушы және сөз мәдениеті. Жинақ, А.,1984.

  3. Маманов Ы. Тіл мәдениеті. А., 1985.

  4. Уалиев Н. Сөз мәдениеті. А.,1985.

  5. Өрелі өнер. Жинақ, А., 1976.

10. Скворцов Л.И. Тебретические основы культуры речи. М., 1980.

11. Сыздықова Р. Сөз мәдени етінің мәселелері (ҚазССР Ғылым Академиясының хабарлары, филология сериясы №1, 1985. 25-35 бе

Жоспары:

  1. Тіл мәдениеті пәні, оның мақсаты мен міндеттері.

  2. Тілдік норма және тілдік жүйе.

  3. Тіл мәдениетінің салалары.

  4. Тіл мәдениеті пәнінің зерттеу объектісі.

Жоғарғы оқу орындарының филология, тарих факультеттерінде «Тіл мәдениеті», «Сөйлеу мәдениеті» атты арнаулы курстар соңғы жылдарда оқыту қолға алынды. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл болып танылғаннан бері қоғамдық санамыздың талап тілегіне сай тіліміздің қоғамдық қызметінің артуына байланысты қазақ тілін сөйлеу мәдениеті өз алдына бір сала болып қалыптаса бастады.

Қазақ халқымен қоса жасасып, оның мәдени өмірінің өзегі болып табылатын құнарлы да шұрайлы тілін байытқан үстіне байыта, толықтыра, дамыта түсу, ішкі мүнкіншіліктерін ашу арқылы тіл мәдениетін көтере түсетініміз даусыз. Өйткені тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік тәсілдің ширауы, жетілу дәрежесі. Сонымен бірге, сөйлеу мәдениеті «Тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік заңдылықтар мен нормаларды, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» - дейді көрнекті ғалым М.Балақаев.

Тіл мәдениетінің мақсаты мен міндеті: әдеби тіл нормаларын сақтаумен қатар, айтайын деген ойдың мәнерлі де әсерлі болуын талап ету; студенттердің ана тілі мен әдебиеттен алған білімдері мен икем дағдыларын теориялық және практикалық жағынан дамытып, ауызекі және жазбаша сөйлеу тілінің ерекшеліктерін, шеберлігін, қазақ халқының шешендік сөз өнерінің тәлімдік сипаттарын таныту.

Тіл мәдениеті әдеби тілдің даму деңгейімен тығыз байланысты. Бүгінгі әдеби тіл жан-жақты дамыған, тілдік нормалары қалыптасқан жүйені сақтаған, қабылданған нормадан ауытқуға болмайтыны белгілі. Тіл мәдениеті тілдік нормамен тығыз байланысты. Олай дейтініміз тілдік норма сөзді орфоэпиялық нормаларға сай дұрыс айту, сөзді орфографиялық ережелерге сай жазу, сөзді өз мағынасына сай қолдану, сөйлем құрауда грамматикалық нормаларды сақтау болса, тіл мәдениеті осы талап-ережелердің орындалуын, бұрмаланбауын қадағалайды.

Тілдік норма дегеніміз әдеби деген ұғыммен бірдей деңгейде айтылады. Әдеби тілге сіңіскен, орныққан тіл байлығы тілдік норма дегенге саяды. Әдеби тіл нормасы –сөзді дұрыс қолданудың, грамматикалық амал-тәсілдерді дұрыс пайдаланудың көпшілік таныған, тіл тәжірибесінде сыннан өткен қағидалары. Тілдік норма - әдеби тіл туралы ұғымның ең бір өзекті элементі. Сөйлеуде, жазуда тіл амалдарын дұрыс қолдана білу әдеби тіл нормасын сақтау дегенді білдіреді.

Тілдік норма алғаш сөз бола бастаған тұста ол алдымен, тілдік жүйемен салыстыра қарастырылады. Қазақ тілінде заттың тәуелденуі, септелуі және жіктелуінің т.б. белгілі бір жүйесі бар. Міне осыған қарағанда, жүйеден ауытқымау дегеніміз нормадан ауытқымау сияқты болып көрінеді. Сонда тілдік жүйе мен тілдік норма тепе-тең құбылыс па? Жоқ. Бұл тек тілдік жүйе мен тілдік норманың бірлікте болуы ғана. Тілдік норманың арқауы – тілдік жүйе.

Тіл – жүйелі құбылыс. Қазақ тілінің сөз жасау жүйесінде -ла, -ле,(-да,-де,-та,-те) сияқты аса құнарлы қосымшалар есім сөздерден етістік тудырады. Аяқ-та, бас-та, көз-де, су-ла т.б. Сөз тудырудың дәл осы жүйесі бойынша -да, -де қосымшалары зат есімге жалғануы тиіс. Бұл жүйе бойынша кез келген зат есімге -ла, -ле (-да,-де,...) қосымшасын жалғауға болады. Бірақ жүйе бойынша баула, жүкте, сыйла деп айтқанымызбен, кірпікте, кітапта, топырақта деп айтуға болмайтыны белгілі. Неге? Өйткені бұлай деу жүйеге қайшы болмағанымен, норма емес. Міне осыған байланысты белгілі бір тіл қолданысты норма деп тану үшін оның тілдік жүйеде болуы жеткіліксіз. Бұған қоса ондай қолданыс тілдік дәстүрде болуы сондай-ақ дағдыға енуі қажет.

Жүйе бойынша реттік сан есімдерге қосымша –ынша, -інше (-ншы, -нші) түрі де жалғанады. Мысалы: бірінші, алтыншы, төртінші т.б. Олай болса, жиырмасыншы емес, жиырманшы болуы тиіс қой? Жиырманшы деп жүйе бойынша айтпай, жиырмасыншы деп қолданудан да тілдік жүйеден тілдік норманың басым түсіп жатқандығын байқаймыз.

Сонда әдеби тіл нормасы деген не? Енді соған қысқаша түсінік берейік.

Лексикалық норма. Халық тілінде бар сөздердің көпшілігі көркем әдебиетте жиі қолданылып жалпы халықтық нормаға айналады да, бір қатары қолданудан қалып қояды немесе өте сирек пайдаланылады. Ауызекі тілде бар біраз сөздер әдебиетте кездескенімен, әдеби нормаға жатпайды. Мысалы: шаһар, кент, әм, әтеш, бойлай, жүде сөздері кейбір сөз зергерлерінің туындыларында кездескенімен, бірақ олар әдеби тіл нормасына жатпайды. Олардың орнына қала, және, қораз, өте сөздері әдеби болып табылады.

Қазақ әдеби тілінің сөз байлығы жалпы халықтың қасиеті бар байырғы және өзге тілдерден енген сөздерден, ғылымның, өнер-білімнің, техниканың, саясаттың, мәдениеттің т.б. әр алуан терминдерінен құралады.

Қазақ тіліндегі сөздік қордағы сан алуан сөздердің әдеби тілге жататындары бар, әдеби тілге тән емес, одан тыс, сөйлеу тіліне ғана жататындары бар.

Орфоэпиялық норма. Сөздердің жалпыға бірдей қалыпты атылу нормасын орфоэпия дейміз. Сөздерді әдеби тілдегі жалпыға ортақ нормада айтып сөлеу кісінің тіл мәдениетінің жоғары екендігінің белгісі.

Қазақ тілі сөздерінің айтылуы мен жазылуы үкімі сай бола бермейді. Бірқатар сөздер атылуы мен жазылуының арасында айырмашылықтар кездеседі. Мысалы

Айтылуы Жазылуы

құлұн құлын

жүрөк жүрек

жұлдұз жұлдыз

күрөк күрек

жұмышшы жұмысшы

Орфографиялық норма. Орфография деп белгілі бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы туралы ережелердің жиынтығын айтамыз. Орфография тілдегі сөздердің, олардың грамматикалық формаларының біркелкі жазылу нормасын белгілейді. Әдеби тілдің лексикалық, орфоэпиялық, грамматикалық нормасын әрбір сауатты адамға қандай міндетті болса, сөздердің жазылу нормасы да сондай міндетті. Тілдің орфографиясын үкіметтің бекітуі де оның жалпыхалыққа ортақ, міндетті екенін аңғартады. Үкімет қабылдаған, бекіткен сөздердің жазылу нормасын сақтай жазу әрбір азаматқа міндетті болып табылады.

Қазақ тілінің қазіргі орфографиясын 1940 жылы 10 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Советінің V сесиясында бекітілді. Ал 1975 жылы 5 маусымда орфографияға өзгеріс енгізілді. 1983 жылғы 25 тамызда Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы бекіткен қазақ тілі орфографиясының ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар орфографиялық норманың бір жүйеге түсуінде маңызды рөл атқарды.

Грамматикалық норма. Қазақ тілінің грамматикалық амал-тәсілдері, тұлғалары, құралу тәртібі белгілі қалыпқа түсіп, жұртқа әбден дағдылы болған сөз таптарының, сөз тұлғаларының, сөйлем құрылысының алуан түрлі бөлшектері қиюын тауып қалыптасып кетті. Грамматикалық құрылыстың сол қалпын-грамматикалық норма дейміз.

Грамматикалық нормалар грамматикалық ережелер негізінде, әдеби тілдің қалыптасу барысында жасалады. Мысалы, Ұлы ақын Абай заманында, Абай шығармаларында, ауыз әдебиетінде «бармаққа керек», «айтарға керек» деген сөз тіркестері кездеседі. Бұл тіркестерді бүгінде «бару керек, қайту керек» деп жазамыз.

Тіл мәдениетінің негізгі зерттеу обьектісі-сөз, сөздің дұрыс айтылуы, сауатты жазылуы. Нәтижеде айтайын деген ойдың айқын да анық, әсерлі де көркем жетуі.

Тіл мәдениеті екіге бөлінеді:

  1. Сөйлеу мәдениеті.

  2. Сөз қолдану мәдениеті.

Сөйлеу мәдениеті ауызша сөйлеуде орфоэпиялық қағидаларды сақтап, айту мәнерін құрастырса, ал сөз қолдану мәдениеті сөзді орфографиялық нормаға сай сауатты жазудан бастап, сөз байлығы сөз тазалығы, сөз дәлдігі, сөз әсерлігі т.б. талаптарды жүзеге асыруды мақсат етеді.

3-4 лекция