Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBZh_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.47 Кб
Скачать

1.Жойқын апаттар және бағалары.

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

2.Уландырғыш заттар, белгілері, классификациясы және қорғану шаралары. Шаруашылықта қолданылатын күшті әсер ететін улы заттардан қорғану-сынап, аммиак Аммиак-нашатыр тәрізді иісі өткір, түссіз газ.Суда жақсы ериді.А-тың ауамен араласқан түрі /1/3мөлшерде /қопарылыс жасауға қабілетті .Адамның тыныс мүшелеріне, көзіне қатты әсер етеді. Аммиактың жоғары концентриациясы адамның нерв жүйесінеқатты әсеретеді.Теріні, көзді күйдіріп не үсіріп жібереді.-78°Сқысым кезінде қатаяды-34°С қысымда жанады Сынап – күміс түсті сұйық металл. Басқа сұйықтықтардан ауыр ρ=13,52. 39°C та балқиды. +17°C та буланады. Өлшеу құралдарында (термометр,монометр) Сынаптан улану белгілері-әлсіздік, бос ауру, қызудың көтерілуі.

Сынап тіршіліктің барлық түріне қауіпті. Улағыш заттар — ұрыс жағдайында қолданган кезде адамдар мен жануарларға зақым келтіретін улы (уытты) қоспалар. Улағыш заттар химиялық қарудың негізі болып келеді.Жүйке жансыздандыратын әрекетті Улағыш заттар-Ауыз темір татып, ашиды, тілдің ұшы ұйыйды, көздің тұсы шаншиды, тамақты қырнайды, әл құрып, бас айналады. Одан әрі қорқыныш сезімі пайда болады, қарашық үлкейеді, тыныс алу біркелкі болмайды. Зақымданушы есінен танып, сіңірлері тартылып, паралич басталады. Дем алуы тоқтап адам өлуі мүмкін.

3. Қорғану құрылғылырының түрлері және зақымдаушы фактілерден қорғану эффектілігі .Халықтың жеке басын қорғау үшін қолданылатын құралдармен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары, радиоактивтік,улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалды құралдардың организмнің ішіне, теріге және киімге түсуінен,жұғуынан қорғауға арналған. Олар келесілерге бөлінеді:

-дем алу органдарын қорғау тәсілдері

-теріні қорғау тәсілі

Жеке басын қорғау заттарын қолдану -халықты қорғаудағы басты шаралардың бірі. Халықты қорғау республикамыздағы АҚ-ның басты міндеттерінің бірі болып табылады, себебі адамдар -ең жоғарғы құндылық олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ-ның алдын-алу мен әрекеттер бойынша ҚР Мемлекеттік жүйесінің барлық шараларының басты мақсаты.

Билет №11

1. Табиғи апаттар, оның классификциясы және Қазақстан Республикасының аймағында болу ықтималдылығы.

Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілза-лалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады. Оның түрлері: — Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т.с.с). — Көлік жүйесіндегі апаттар. — Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орын-дарында, мүнай, газ қүбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с). Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, қүрылыс, тау-кен байлығын өидіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бүндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайда-лану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салда-рынан апаттың болу қауіпі туындайды. Апаттың тағы бір себептері — улы, тез түтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жүмыс істеудегі қателік-терге жол берілуі жатады. Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақта-маушылыгына, жүмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]