
- •1.Өтқн пәні түсінігі және анықтамасы.
- •2.Су тасқынының қауіптілік дәрежесі,қорғану тәсілдері.
- •1.Өтқн бойынша заңдылық актілер.
- •1.Жойқын құбылыстар – төтенше жағдайлардың пайда болу себептері.
- •3. Радиация: түсініктері және радиоактивті сәулеленудің түрлері.
- •2. Қәуз – дің(сдяв) территорияны зақымдау масштабы және анықтаушы факторлар.
- •3. Карантин түсініктері және созылу уақыты.
- •2.Қәуз(сдяв) улану белгілері және жеке қауіпсіздік шаралары.
- •1.Жойқын апаттар және бағалары.
- •2. Химиялық және бактериологилық қарулардың зақымдау факторлары.
- •1. Жер сілкіну себептері, пайда болуының жиілігі.
- •2.Өрт қауіпсіздік шараларын алдын алу. Өрт сөндіргіштің түрлері.
- •1. Жер сілкінбей тұрып, сілкінген кезде, сілкінгеннен кейінгі сақталатын ережелер.
- •2. Радиация: түсініктері және радиоактивті сәулеленудің түрлері.
- •3. Тері мүшелерін қорғау құралдары және медициналық қорғану құралдары.
- •2. Радиоактивті сәулеленудің бастауы және сәулелену түрлерінің қауіптілік дәрежесі.
- •1. Сел:түсінігі және оның пайда болу себептері.
- •2. Радияциялық,химиялық бактериялардың таралу орталықтары.
- •1. Тұрғылықты аудандарды селден құтқару шаралары.
- •3. Төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтық қорғаныс құралдары.
- •1. Жер сілкіну белгілері мен болжау мүмкіндіктері.
- •2. Негізгі жою факторлары мен төтенше жағдайлар кезінде олардың нысынаға әсері.
- •3.Теріні қорғау құралы және медициналық қорғау құралы
- •1. Халықты қауіпсіз аймаққа шығару және ұйымдастыру
- •3. Жер сілкінуді азайту жолдары
- •1.Жойқын апаттар және олардың бағасы.
- •2. Тыныс алу мүшелерінің қауіпсіздік құрылғылары.
- •3.Су тасқынының кауіптілік ережелері.
- •1. Сел пайда болу себептері мен түсінігі.
- •2. Төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс қызметінің негізгі мақсаттары.
- •3.Жою факторларының химиялық және бактериологиялық қарулары.
- •1. Халықты қауіпсіз аймаққа шығару және ұйымдастыру.
- •2. Қәуз(сдяв) улану белгілері және жеке қорғаныс шаралары.
- •3. Алғашқы медициналық көмек көрсету.Жүрек реанимациясы.
2.Қәуз(сдяв) улану белгілері және жеке қауіпсіздік шаралары.
Зиянды заттар организмге түскен соң, әр түрлі химиялық өзгеріске ұшырайды: биотрансформация немесе метоболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ақуыз құрылымымен және клетканың басқа да құрылымдарымен тінаралық ортамен қарым – қатынасқа түсіп өзгереді – бұл удың әр жолмен өз күшін жоғалтуы.Бірінші жол – удың химиялық құрылымының өзгеруі.Екінші жол – улы заты уақытша бір органдарға бөліп қоюы (депонирование). Бұл жол – уақытша қанда айналып жүрген удың көлемін азайтады. Мысалы, ауыр металлдар (қорғасын, кадмии) сүйекте, бауырда, бүйректе, кейбір улы заттар жүйке жүйесінде жиналады. Бұл процесс өте күрделі және уды жоюдың негізгі тиімді жолы болып саналмайды. Себебі у қан айналымына кез келген уақытта қайта түсуі мүмкін.Үшінші жол – организмнен шығуы – бұл әр түрлі жолмен болады: тыныс алу жолдары арқылы, асқорту, бүйрек, тері, темір. Мысалы, ауыр металдар ішек – қарын жолымен организмнен шығады. Терлегенде термен де шығуы мүмкін.
3. АҚ(ГО) жинақталуының ұйымдастыру принциптері.
Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары: республикадағы азаматтық қорғаныс штабы; облыстық, қалалық, аудандық штабтар; министрлік бойынша жергілікті жердегі мекемелерде; АҚ штабтары немесе қызметкерлері; азаматтық қорғаныс ұйымының кезекшілік қызметкерлері мен байланыс органдары. Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар: азаматтық қорғаныс әскерлері; ауқымдық не министрліктерге бағынатын жасақшылар; арнайы жасақшылар. Басқару органдары: Қазақ Республикасының Прьемер-министрі; республикалық азаматтық қорғаныс штабы; төтенше жағдай жөніндегі комиссия; облыс әкімі; қала әкімі; аудан әкімі; әр мекемедегі бірінші басшы (3-сурет). Мекеменің басшысы осы мекеменің төтенше жағдай кезінде дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдастырылу жұмыстарына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға жауапты адам. Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады. Территориялық – дегеніміз әр облыс, қала , аудан территориясында құрылады.Өндірістік – дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын азаматтық қорғаныстың орындары болады. |
|
|
Билет №9
1. Тәуекел түсінігі: әлеуметтік және жеке тәуекел , тәуекел шегінің анықтамасы. Тәуекел (Риск; фр. risque қауіп) — жүзеге асырмақ іс-шаралардьщ сәтсіз болып шығуының ықтимал қаупі, осындай қауіпке байланысты іс-шаралардың ездері. «Әйтеуір бір сәті болар» дегенге негізделген көзжұмбай тәуекел және әбден ойластырылган, сәтті болады деген сенімге негізделген нартәуекел ден сараланады. «Тәуекел» термині ойындар теориясы мен шешімдер белгілеу теориясында қолданылады.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс)..Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген. Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделі.
2 .Антидоттар, протекторлар берілуі және оларды қабылдау реті. Антидоттар (уға қарсы дәрі) - улы заттардың (УЗ) бұзылуына немесе бейтараптандыруға себепшi болатын препараттар немесе заттар.Антидоттық терапияны тек қана УЗ-ты қолдануын айғақ және оның теңестiруiн растауда өткiзедi. Бұл топқа фосфор-органикалық типті уы өте күшті улағыш заттар жатады (зарин, зоман, VХ). Орталық жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттар. Ұрыстық күйі - бу, аэрозоль және сұйық-тамшы. Ағзаға тыныс алу, тері, асқазан-ішек жолы арқылы түседі. ЗАРИН - түссіз, сәл жеміс иісі бар, тұрақсыз сұйық зат. Сумен, органикалық еріткіштермен кез келген қатынаста араласады, майларда жақсы ериді. Ашық су қоймаларын өте ұзақ мерзімге зақымдайды. ЗОМАН - түссіз камфора иісі бар сұйық зат. Улылығы күшті, тұрақты, зариннен улылығы 10 есе жоғары, ауадан 6 есе ауыр, өлім жағдайына ұшырататын улы зат. Суда біршама, ал органикалық еріткіштер мен майда жақсы ериді. VХ (ви-икс) - түссіз сұйық, зариннен улылығы жоғары, өлім жағдайына ұшырататын улы зат. Зақымданудың алғашқы белгілеріне көз қарашығының кішіреюі (миоз), көздің көру қабілетінің төмендеуі, көздің мандайға карай тартып ауруы жатады. Адамның жүрегі айнып, кеуде тұсы ауырады. Тоқтаусыз сілекей бөлінеді. Адам әлсіреп, денесін ұрейлі қорқыныш сезімі билейді. Адамның тынысы тарылып, қатты демігеді (бронхоспазм), кеуде тұсының ауырғаны күшейеді, еріндері көгеріп кетеді, көзі қарауытады, құсады, іші өтеді, жүру координациясы бұзылады. Адам есінен танады. Жекелеген бұлшық еттерінің, бүкіл денесінің қалшылдауы айқын сипат алады. Көп мөлшерде бөлінген сілекей мен сілемейлі сұйық тыныс алу жолдарын бөгеп, адамның ентігуі күшейе түседі. Алғашқы медициналық көмек: • Зақымданған адамға дереу газқағар кигізу. Газқагарды киер алдында бет терісін химияға қарсы қолданылатын жеке пакеттің (ХЖП немесе ИПП - 8) суйығымен ішінара санитарлық өңдеу жүргізу (1- сурет)і; • Антидоттарды (уға қарсы дәрі-дәрмекті) қолдану зақымданудың жеңіл сатысында жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы (АИ-2) тарен таблеткасын қабылдау. Ауыр сатысында шприц-тюбикпен атропин немесе афин жіберу; • Қажет болғанда жасанды түрде тыныс алдыру (химиялық зақымдану ошағында Каллистовтың және басқалардын әдісімен, зақымдану ошағынан тысқары жерде ауыздан ауызға үрлеу әдісімен); • Зақымданғандарды химиялық зақымдану ошағынан жедел шығару.
3. Қорғаныс қаруларының берілуі және рөлі.Халықтың жеке басын қорғау үшін қолданылатын құралдармен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары, радиоактивтік,улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалды құралдардың организмнің ішіне, теріге және киімге түсуінен,жұғуынан қорғауға арналған. Олар келесілерге бөлінеді:
-дем алу органдарын қорғау тәсілдері
-теріні қорғау тәсілі
Жеке басын қорғау заттарын қолдану -халықты қорғаудағы басты шаралардың бірі. Халықты қорғау республикамыздағы АҚ-ның басты міндеттерінің бірі болып табылады, себебі адамдар -ең жоғарғы құндылық олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ-ның алдын-алу мен әрекеттер бойынша ҚР Мемлекеттік жүйесінің барлық шараларының басты мақсаты.
Билет №10