Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBZh_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.47 Кб
Скачать

1. Халықты қауіпсіз аймаққа шығару және ұйымдастыру.

Халықты қауіпсіз аймаққа шығару және ұйымдастыру. Жалпы ережелерЭвакуация – адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық кұндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде қауіпсіз жерге көшіру.Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналастырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілерімен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді.Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды олардың жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдыстырады.

2. Қәуз(сдяв) улану белгілері және жеке қорғаныс шаралары.

Зиянды заттар организмге түскен соң, әр түрлі химиялық өзгеріске ұшырайды: биотрансформация немесе метоболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ақуыз құрылымымен және клетканың басқа да құрылымдарымен тінаралық ортамен қарым – қатынасқа түсіп өзгереді – бұл удың әр жолмен өз күшін жоғалтуы.Бірінші жол – удың химиялық құрылымының өзгеруі. Екінші жол – улы заты уақытша бір органдарға бөліп қоюы (депонирование). Бұл жол – уақытша қанда айналып жүрген удың көлемін азайтады. Мысалы, ауыр металлдар (қорғасын, кадмии) сүйекте, бауырда, бүйректе, кейбір улы заттар жүйке жүйесінде жиналады. Бұл процесс өте күрделі және уды жоюдың негізгі тиімді жолы болып саналмайды. Себебі у қан айналымына кез келген уақытта қайта түсуі мүмкін. Үшінші жол – организмнен шығуы – бұл әр түрлі жолмен болады: тыныс алу жолдары арқылы, асқорту, бүйрек, тері, темір. Мысалы, ауыр металдар ішек – қарын жолымен организмнен шығады. Терлегенде термен де шығуы мүмкін.

3. Алғашқы медициналық көмек көрсету.Жүрек реанимациясы.

Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынықбуынның шығуы, улану,суға батукүюүсуэлектр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру. Жүрек қызметінің тоқтауыБелгілері: естен тану, тыныс алу мен тамыр соғысының жоғалуы, терісі көгілдір-сұр. Сенің әрекеттерің: жасанды тыныс алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау. Қысу тәртіптері: Үлкендерге - минутына 60 - 70 -тен кем болмауы тиіс; Жас өспірімдердің кеуде клеткасын 4 см-ге дейін (70-80 рет) қысады; Балаларға - үлкендердің бір қолының күші жеткілікті (100 рет); Нәрестелерге - екі саусақтың күші жеткілікті (минутына 100 - 120 рет).Жасанды тыныс алудыру мен жүректі уқалап, сылау әдістері (жүрек - реанимациясы)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]