Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBZh_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.47 Кб
Скачать

3. Жер сілкінуді азайту жолдары

Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін төмендегі

іс-әрекеттер жасалынады: сейсмикалық бақылау мен жер сілкінісінің

болжамын республикалық денгейде дамыту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін арттыру; хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты

дайындықта болуын ұйымдастыру; жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғаныс күштерін

тарту және тұрақты дайындықта ұстау.

Билет №23

1.Жойқын апаттар және олардың бағасы.

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.  Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

2. Тыныс алу мүшелерінің қауіпсіздік құрылғылары.

Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары: Тұмылдырықтар, шаңға карсы шүберек маскалар, мақта дәке таңғыштар. Газтұмылтырықда тыныс мүшелерін сенемді қорғау құралы. Газтұмылдырықтар тыныс мүшелерін, адамдардың көзін, бетін ауадағы зиянды қоспалардан қорғауға арналған. Азаматтық қорғаныс Р-2 тұмылдырығы едәуір көп қолданысқа ие тұмылдырықтар тыныс алу мүшелерін радиоактивті және топырақты шаңдардан қорғау үшін пайдаланылады.Р-2 тұмылдырығында сүзгіш жартылай маск, демалуға арналған екі қақпақша (клапан), демшығарудын бер сақтандырғыш экран бар, созылмайтын арқанша мен мұрын қысқыштан тұрады. Егер тұмылдырықты қолдану кезенде ылғал жиірек пайда болса, онда оны 1-2мин-қа шешіп ылғалды сүртіп, қайта кию керек.Мақта дәкеден жасалған танғыш. Оны адамдардың өздері даярлап алады. Ол үшін 100-50 см дәқе қажет. Дәқеге қалыңдығы 1-2 см, ұзындығы 30-35см ,ені 20см мақда қабатын салады. Дәқені екі жағынан бүгіп мақтаның үстіне салады. Қажет болған жағдайда таңғышпен ауыз бен мұрынды жабады, жоғары ұштары бас шүйдесіне, ал төменгілері самайға байланады. Көзді қорғау үшін шаңнан қорғайтын көзілдіріктер пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]