Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBZh_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.47 Кб
Скачать

3. Төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтық қорғаныс құралдары.

Төтенше жағдай кезінде азаматтық қорғаныс – бұл басқару  органдарының  мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық  жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы; Азаматтық қорғаныстың басты міндеті халықты (адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау), шаруашылық жүргiз объектiлерi мен ел аумағын қорғау болып табылады. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы – Азаматтық қорғаныс және қызметкерлер мен студенттерді қорғау мәселелері жөніндегі негізгі ұйымдастырушы және үйлестіруші орган. Оның құрамына АҚ және ТЖ штабының бастығы, АҚ және ТЖ жөніндегі маман кірді. Өзінің күнделікті қызметінде штаб Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру, халықты және ел аумағын төтенше жағдайлардан қорғау, Азаматтық қорғаныс органдарын, құрамалар күші мен құралдарын дайындау, қызметкерлер мен студенттерді Азаматтық қорғаныс саласы бойынша оқыту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің бұйрықтары мен жарлықтарын басшылыққа алады.

Билет №21

1. Жер сілкіну белгілері мен болжау мүмкіндіктері.

Жер сілкінісі кенеттен, ойламаған жерден пайда болатын және ең қауіпті табиғи аппаттардың бірі. Жер сілкінісі көптеген материалдық және адам шығынына душр еткізеді. Жердің қатты сілкінісінде жердің жарылуыда ықтимал. Белгілі мәліметтерге жүгінсек бір жылда жер бетінде 100 мыңнан астам жер сілкінісі болады екен. Қазақстанның 450 мың шаршы километрі жер сілкіну қауіпі бар аумақта болғандықтан бұл жағдай бізге өте өзекті мәселердің бірі болып саналады. Себебі 27 қала және 400 ден астам мекендер мен 6 миллионнан астам халық тұрады да, 30% өнеркәсіппен 35%-ға жуық тұрғын үй қоры шоғырланған.Сонымен қатар, жер сілкінісінен қорғауға үкімет үлкен мән беріп отыр. Осыған орай жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар қабылданған. Ол шаралар төмендегілерді қамтиды. Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.

2. Негізгі жою факторлары мен төтенше жағдайлар кезінде олардың нысынаға әсері.

Негізгі жою факторлары және төтеше жағдайлар кезінде олардың нысанаға асері. Жаппай жою қаруы — жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін колданылатын жою қабілеіі жоғары кару. Жаппай жою қаруының жою факторлары оны қолданудан кейін белгілі бір уакытта қарсыласты шығынға ұшыратуы және оған күшті моральдық, психологиялық әсер етуі мүмкін. Жаппай жою қаруының объектілері тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге қарсыластың алыстағы тылы, саяси әкімшілік орталықтары, ірі калалары мен өнеркәсіп орындары, адамдар, олардыд еңбек өнімдері жоне өмір сүрудің табиғи ортасы болып табылады. Жаппай закымдаудын қазіргі заманғы құралдарына ядролык, химиялык және бактериологиялық (биологиялық) кару жатады. Жаппай жою қаруы ракеталар, авиация мен артиллерия арқылы жеткізіледі. Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғауЖаппай қырып-жоятын қарудан қорғау — әскерлерді, тылдағы нысандарды ядролық, химиялық, биологиялық қарулардан қорғау, әскерлердің соғысқа қабілеттілігін сақтау мақсатында жүргізілетін шаралар жиынтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]