
- •1.Өтқн пәні түсінігі және анықтамасы.
- •2.Су тасқынының қауіптілік дәрежесі,қорғану тәсілдері.
- •1.Өтқн бойынша заңдылық актілер.
- •1.Жойқын құбылыстар – төтенше жағдайлардың пайда болу себептері.
- •3. Радиация: түсініктері және радиоактивті сәулеленудің түрлері.
- •2. Қәуз – дің(сдяв) территорияны зақымдау масштабы және анықтаушы факторлар.
- •3. Карантин түсініктері және созылу уақыты.
- •2.Қәуз(сдяв) улану белгілері және жеке қауіпсіздік шаралары.
- •1.Жойқын апаттар және бағалары.
- •2. Химиялық және бактериологилық қарулардың зақымдау факторлары.
- •1. Жер сілкіну себептері, пайда болуының жиілігі.
- •2.Өрт қауіпсіздік шараларын алдын алу. Өрт сөндіргіштің түрлері.
- •1. Жер сілкінбей тұрып, сілкінген кезде, сілкінгеннен кейінгі сақталатын ережелер.
- •2. Радиация: түсініктері және радиоактивті сәулеленудің түрлері.
- •3. Тері мүшелерін қорғау құралдары және медициналық қорғану құралдары.
- •2. Радиоактивті сәулеленудің бастауы және сәулелену түрлерінің қауіптілік дәрежесі.
- •1. Сел:түсінігі және оның пайда болу себептері.
- •2. Радияциялық,химиялық бактериялардың таралу орталықтары.
- •1. Тұрғылықты аудандарды селден құтқару шаралары.
- •3. Төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтық қорғаныс құралдары.
- •1. Жер сілкіну белгілері мен болжау мүмкіндіктері.
- •2. Негізгі жою факторлары мен төтенше жағдайлар кезінде олардың нысынаға әсері.
- •3.Теріні қорғау құралы және медициналық қорғау құралы
- •1. Халықты қауіпсіз аймаққа шығару және ұйымдастыру
- •3. Жер сілкінуді азайту жолдары
- •1.Жойқын апаттар және олардың бағасы.
- •2. Тыныс алу мүшелерінің қауіпсіздік құрылғылары.
- •3.Су тасқынының кауіптілік ережелері.
- •1. Сел пайда болу себептері мен түсінігі.
- •2. Төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс қызметінің негізгі мақсаттары.
- •3.Жою факторларының химиялық және бактериологиялық қарулары.
- •1. Халықты қауіпсіз аймаққа шығару және ұйымдастыру.
- •2. Қәуз(сдяв) улану белгілері және жеке қорғаныс шаралары.
- •3. Алғашқы медициналық көмек көрсету.Жүрек реанимациясы.
2. Радияциялық,химиялық бактериялардың таралу орталықтары.
Күнделікті көріп жүрген тұрмыста кездесетін химиялық реакцияларды көрсетіп, олардың сырын түсіндіру. (крахмал мен йод, ас содасы мен сірке қышқылы, натрий мен судың әрекеттесу реакциялары демонсртациялап көрсету, әрі әрбір көрсетілген химиялық реакцияның біздің тіршілігіміз үшін маңызына тоқталып кету). Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың сараптауынша, ағзаға түскен химиялық элементтердің әрқайсысы белгілі бір биологиялық қызметті орындайды. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесінде 30-ға жуық элементтің биологиялық ролі анықталды. Таратып айтсақ…Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады.
3. Апаттан таралу жұмыстарының апат қауіптілігіне тәуелділігінің ұйымдастыру реті. Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді. Экологиялық апатқа ұшыраған аумақтардағы табиғат өзгерістерін бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сондықтан Экологиялық апат қайтымсыз құбылыс болып саналады. Экологиялық апаттың таралу деңгейіне қарай: ғаламдық, аймақтық және аумақтық (жергілікті) деп бөлінеді.Ғаламдық Экологиялық апат бүкіл биосферадағы табиғи процестерге әсер етіп, барлық адамзатқа қауіп төндіреді. Мысалы, климаттың ғаламдық жылынуы, Әлемдік мұхиттардың ластануы, озон қабатының (озонсфера) жұқаруы, қышқылды жаңбырдың жаууы, т.б. Экологиялық апаттың пайда болуына әсер ететін жағдайларға байланысты табиғи және антропогендік (техногендік) болып бөлінеді. Экологиялық апаттар көбіне кенеттен болатын табиғи жағдайлардың әсерлерінен (жерсілкіну, жанартау атқылау, құйынды борандар, су тасқындары, т.б.) және ұзақ уақытқа созылған экология дағдарыс зардаптарынан пайда болады.
Билет №20
1. Тұрғылықты аудандарды селден құтқару шаралары.
Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен еңістердің болуынан, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдың көптігінен, ұзақ нөсерден, қар мен мұздақтың тез еруінен, биік таудағы өзендерді бұзып шығуынан пайда болады. Сел қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары: 1. Таудағы жағдай туралы баспасөз хабарларын ұдайы қадағалаңыз. 2. Сел қаупі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз. 3. Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз. 4.Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені тасқынның соққысынан сырғыма мен опарылма түсуі мумкін. 5. Сел араларымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық кемінде 20-30 м болға тиіс. 6. Сел қаупі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз. 7. Сел тасқынының белгісін сезген бойда арнадан қашығырақ кетіп, тау беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріліңіз. 8. Сел тасқыны өткеннен кейін селдік арнаға түспеңіз, өйткені ол қайталануы мүмкін. 9. Арнаға төмен түскен кезде және онымен жүрген кезде, әсіресе ой-шұңқырдан аса сақ болыңыз. 10. Морендік – мұздақтық кешенде және оның бойымен сел тасқыны қаупі болмайтын немесе өте сирек болатын кезеңде, ең жақсысы, ауа температурасы қалыпты кезде жүру ұсынылады. 11. Үйінділер бейберекет жатқан, сондай-ақ мұздақтан немесе қар көшкінінен пайда болған кедергілері бар өзен бөгеттерінің жанынан жүрмеңіз.
2. Дозиметриялық немесе химиялық тексеру апаттары. Қауіпті өнеркәсіптегі улы аттар шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын шаруашылық обьектілері химиялық қауіпті обьектілер деп аталады. Олардың зақымдалуы немесе бөлінуі адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай улануына алып келуі мүмкін тоқыма, қағаз мұнай өңдіу кәсіпорында, мұнай химиялық кәсібінде түсті және қара металлургия, минералды тыңайтқыштар өнеркәсібінда ҚӨУЗ-дің үлкен бөлігі агроөнеркәсіп және тұрғын үә коммуникалдық шаруашылығында жинақталған. Зақымдалған орын бойынша қозғалған бойда мына ережелерді сақтау керек: -желге қарсы бағытта жылдам қозғалу, алайда жүгіріп шаңдатпау қажет; -жабық аулаларды шұңқырда тығыз құрылысты учаскіні айналып өту -теріде, киімде, аяқ киімде ҚӨУЗ тамшысын байқаған бойда қағаз ширатпасымен немесе бет орамалмен оны алу; -Муүмкіндігінше зардап шеккендерге, балаларға, қарттарға немесе өз бетімен озғала алмайтындарға жәрдем көрсету; -ғимаратқа сүйкенбеу және аайналадағы затқа тиіспеу;