Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBZh_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.47 Кб
Скачать

1. Сел:түсінігі және оның пайда болу себептері.

Сел – тау өзенінің арналарында 3-5 м/с жылдамдықпен биіктігі 10-20 м дейін (кейбір жағдайларда 40-50 м дейін) жекелеген толқындармен қозғалатын, су мен үгілген материалдар қоспасындағы қасқағым сәтте өтетін тау тасқыны, ол салмағы 300 тонна үлкен тастың өзін оңай дөңгелетіп әкетеді. Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен еңістердің болуынан, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдың көптігінен, ұзақ нөсерден, қар мен мұздақтың тез еруінен, биік таудағы өзендерді бұзып шығуынан пайда болады. Селдің алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып, жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.

2. Йонданған сәулелерден қорғану: негізгі сипаттамалары, әсері. Табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарда ядролардың өздігінен ыдырау процесі үздіксіз жүріп жатады. Демек, олар сыртқы ортаға туынды белшектерді, гамма кванттарын үнемі атқылаумен болады. Радиоактивті сәулелер кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады. Олардың кинетикалық және электромагниттік энергиялары үлкен шама құрайды. Сондықтан ондай бөлшектер жолындағы денелердің атомдары мен молекулаларының химиялық-физикалық касиеттерін өзгертіп иондайды, олардың араларындағы қалыпты байланыстарды үзеді. Сөйтіп, биологиялық денелер де, басқа табиғи денелер де өзгеріске ұшырайды. Әсіресе тірі табиғат: адам мен жан-жануарлар, өсімдіктер мен басқа да тіршілік иелері зор зардап шегеді. Иондағыш сәулелерден қорғана білу үшін олардың өтімділік қасиеттерін білген жөн. Радиоактивті изотоптармен жұмыс істегенде, олардың өтімділігіне орай тиісті қауіпсіздік ережесін бұлжытпай орындау керек.Тірі ағза клеткаларының радиациядан алған энергиясы мол болған сайын, олардың биофизикалық қасиеттері өзгеріп, тіпті генетикалық деңгейдегі бұзылуы арта береді. Сондықтан радиацияның ағзаға беретін энергия мөлшерін бағалай білудің маңызы зор.

3. Төтенше жағдай кезіндегі шаруашылық нысынының тұрақтылық ұйымдастыру әдістері. Шаруашылықта қолданылатын күшті әсер ететін улы заттардан қорғану-сынап, аммиак Аммиак-нашатыр тәрізді иісі өткір, түссіз газ.Суда жақсы ериді.А-тың ауамен араласқан түрі /1/3мөлшерде /қопарылыс жасауға қабілетті .Адамның тыныс мүшелеріне, көзіне қатты әсер етеді. Аммиактың жоғары концентриациясы адамның нерв жүйесінеқатты әсеретеді.Теріні, көзді күйдіріп не үсіріп жібереді.-78°Сқысым кезінде қатаяды-34°С қысымда жанады Сынап – күміс түсті сұйық металл. Басқа сұйықтықтардан ауыр ρ=13,52. 39°C та балқиды. +17°C та буланады. Өлшеу құралдарында (термометр,монометр) Сынаптан улану белгілері-әлсіздік, бос ауру, қызудың көтерілуі.

Сынап тіршіліктің барлық түріне қауіпті. Улағыш заттар — ұрыс жағдайында қолданган кезде адамдар мен жануарларға зақым келтіретін улы (уытты) қоспалар. Улағыш заттар химиялық қарудың негізі болып келеді.Жүйке жансыздандыратын әрекетті Улағыш заттар-Ауыз темір татып, ашиды, тілдің ұшы ұйыйды, көздің тұсы шаншиды, тамақты қырнайды, әл құрып, бас айналады. Одан әрі қорқыныш сезімі пайда болады, қарашық үлкейеді, тыныс алу біркелкі болмайды. Зақымданушы есінен танып, сіңірлері тартылып, паралич басталады. Дем алуы тоқтап адам өлуі мүмкін.

Билет №18

1. Селдің қауіптілігі және селдің қауіптілігі жағдайындағы өзін-өзі ұстау ережелері. Сел – тау өзендерінің саласында кенеттен пайда болған су деңгейінің тез көтерілуі, құрамында қираған тау жыныстарының көп болуымен сипатталатын уақытша ағыс.Физикалық түрлері жағынан селдер байланыссыз және байланысты болып бөлінеді. Байланыссыз селдерді жасайтын - қатты заттар қосылыстар бар су, ал байланысты селдер - судың негізгі массасы қою боп, ұсақ дисперсиялық бөлшектермен байланысқан топырақ қоспасынан болады. Селдің қауіптілігі - тек оның бұзу күшінде ғана емес, сондай-ақ, оның кенеттен келуінен де болады. Бүлдіруші күшін сипаттайтын ерекшеліктері оның екпінінің қаттылығы, құрамының тұтастығы, шапшаң қозғалып, жөңкіле ағатындығы болып табылады. Кедергілерге ұшырыған кезде сел ағыны оларды басып өтіп, өз күшін жоғалтпай, қайта үдете түседі. Сел халық шаруашылығы объектілеріне, елді мекендер мен қалаларға, егістік жерге, суармалы жүйелерге, темір жол мен тас жолдарға өте қауіпті, өйткені күтпеген жерден пайда болып, тікелей қатер төндіреді. Мұндай жағдайда дамбы (бөгеу) түрінде жасалған жағалаудағы қалқалар айтарлықтай тосқауыл бола алмайды. Мүжіліп түскен тау жыныстарын ағызып әкелгенде, сел кездескен нәрселерді шайып, өзіне қосып әкетеді.

2. Сәулеленудін бір бөлігінің қуаты және алынған қуат.Иондағыш сәулелерден қорғана білу үшін олардың өтімділік қасиеттерін білген жөн. Радиоактивті изотоптармен жұмыс істегенде, олардың өтімділігіне орай тиісті қауіпсіздік ережесін бұлжытпай орындау керек.Альфа-бөлшек парақ қағазға тұтылып, одан өте алмайды. Алайда адам терісінде қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, яғни жеген тағамы арқылы етіп кетсе, өте қауіпті.Бета-бөлшектердің өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1—2 см тереңдеп ене алады. Алайда бірнеше миллиметр алюминий қаңылтыры оны толық жұтып алады.Гамма-сәуленің өтімділік қабілеті аса күшті. Сондықтан одан қорғану үшін корғасынның немесе бетон плиталардың калың қабаты пайдаланылады.Изотоптардың активтілігі (беменділігі) деп олардың бір секундта ыдыраған ядроларының санын айтады. Активтіліктің өлшем бірлігіне беккерель (Бк) алынды. Бұл бірлік активтілікті ашқан Беккерельдің құрметіне аталған. Мысалы, қандай да бір заттың 1 с ішінде 504 ядросы ыдыраса, оның активтілігі 504 Бк болады. Ертеректе активтілік бірлігіне кюри (Ки) алынған еді. 1 Ки = 3,7 • 1010 Бк. 3. Негізгі жою факторлары және төтеше жағдайлар кезінде олардың нысанаға асері. Жаппай жою қаруы — жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін колданылатын жою қабілеіі жоғары кару. Жаппай жою қаруының жою факторлары оны қолданудан кейін белгілі бір уакытта қарсыласты шығынға ұшыратуы және оған күшті моральдық, психологиялық әсер етуі мүмкін. Жаппай жою қаруының объектілері тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге қарсыластың алыстағы тылы, саяси әкімшілік орталықтары, ірі калалары мен өнеркәсіп орындары, адамдар, олардыд еңбек өнімдері жоне өмір сүрудің табиғи ортасы (топырақ жамылғы, өсімдіктер мен жануарлар, климаттық және геофизикалық элементтер) болып табылады. Жаппай закымдаудын қазіргі заманғы құралдарына ядролык (Жаппай жою қаруының негізгі түрі), химиялык және бактериологиялық (биологиялық) кару жатады. Жаппай жою қаруы ракеталар, авиация мен артиллерия арқылы жеткізіледі.

Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғау[өңдеу] Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғау — әскерлерді, тылдағы нысандарды ядролық, химиялық, биологиялық қарулардан қорғау, әскерлердің соғысқа қабілеттілігін сақтау мақсатында жүргізілетін шаралар жиынтығы. Оған төнген қауіп туралы дер кезінде хабарлау, халықтың кейбір бөлігін қауіпсіз жерге көшіру, қорғанатын баспана ұйымдастыру, қорғанудың дербес құралдарымен, сумен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, халықтың азаматтық қорғаныс ісі жөніндегі білімін арттыру және адамдардың үрейленбеуі үшін арнаулы тәртіп сақтайтын қызмет орнын құру т.б. 

Билет №19

1. Қазақстанның таулы аймақтарындағы селдің қауіптілігі және селдің сипаттамасы. Қазақстанда таулы және тау бүктерінің аумағы селдің, қар көшкінінің, сырғыма мен қопарылманың әсеріне жиі ұшырайды. Олар Республика аумағының 13,3 пайызы немесе 360000 ш.м. ауданын алып жатыр. Мұнда үлкен ауылшаруашылық жайылымдары, көптеген шаруашылық нысандары мен коммуникация желілері, сондай – ақ халқының жалпы саны 5 миллионға жуық Алматы, Шымкент, Тараз сияқты ірі қалалар мен қатар басқада елді мекендер орналасқан. Селдердің қуаты мен қиратушылығы бойынша Қазақстан ТМД – да алғашқы орындардың бірін алады. Республикада 300 ден астам белсенді сел бассейндері бар. Онда, әртүрлі сипаттағы 600 астам сел белгілері тіркелген. Сел көбінесе қатты нөсерденпайда болады – 80 пайызы шамасы, мұздықтардың еруінен болған сел оқиғалары – 15 пайыз жуық, қар тез еріген және жер сілкінісі кезінде сел сирек пайда болады. Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай – ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі күшті аудандар болып табылады. Жылдың жылы мерзімінде (мамыр – қыркүйек) Қазақстанның таулы аудандарында сел пайда болады. Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық – ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь – Шянь, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында. Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күнніңжылынуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]