Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBZh_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.47 Кб
Скачать

Билет №1

1.Терминдер,анықтамалар және төтенше жағдай классификациясы. Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді. Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс. Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала. Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс. ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

2.Қар көшкінінің,селдің туындау себептері,олардан қорғану тәсілдері. Сел (гидрологида «саиль» сөзінен - «балшықты тастардың ағуы») – көбіне нөсерлі жаңбырлармен немесе қардың қатты еруімен кенеттен келетін өте үлкен концентрациялы минералды заттардың, тастардың және тау жыныстары сынықтарының (50-60% ағын көлемі) ағыны. Қазақстан аумағының сел ағынының пайда болу аймағында Алматы, Талдықорған, Шымкент және Тараз сияқты ірі қалалар бар. Сел ағынының көбіне шалдыққан жерлері Алматы облысының таулы және тау алды аймақтары. Сел – су мен борпылдақ, қарқынды жауынның немесе қардың, сондай-ақ қармен мұз үйінділердің қатты еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен сайлардың бассейндерінде кенет пайда болатын, заттардың қоспасынан тұратын үлкен бұзушылық күштің қарқынды ағыны. Қар көшкіні – бұл таулардың тік баурайларынан құлайтын немесе сырғып түсетін және 20-30 м/с жылдамдығымен жылжитын қардың массасы.Олар көбінесе тау баурайларының 30° астам бөктерлерінен, егерде бөктерлер бұтасыз және ағашсыз болса - 30° астам бөктерлерден сырғиды. Қар көшкіндері 45° астам бөктерлерден әрбір қар жауған сайын сырғиды. Естеріңізде болсын, қар көшкінінің қауіпті кезеңдерінде тауларда құтқару отрядтары құрылады.

3.Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құралдары. Азаматтық қорғаныс – бұл басқару  органдарының  мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық  жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы; Азаматтық қорғаныстың басты міндеті халықты (адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау), шаруашылық жүргiз объектiлерi мен ел аумағын қорғау болып табылады Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы – Азаматтық қорғаныс және қызметкерлер мен студенттерді қорғау мәселелері жөніндегі негізгі ұйымдастырушы және үйлестіруші орган. Оның құрамына АҚ және ТЖ штабының бастығы, АҚ және ТЖ жөніндегі маман кірді. Өзінің күнделікті қызметінде штаб Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру, халықты және ел аумағын төтенше жағдайлардан қорғау, Азаматтық қорғаныс органдарын, құрамалар күші мен құралдарын дайындау, қызметкерлер мен студенттерді Азаматтық қорғаныс саласы бойынша оқыту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің бұйрықтары мен жарлықтарын басшылыққа алады.

Билет №2

1.Өмір тіршілік қауіпсіздігінің қамтамасыз ету заңдары. "Өмір қауіпсіздігі" - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасы мен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтеншө жағдайларды ескерту мен салдарын жою жәнө осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.  Пәнде мынадай мәселелөрдің жәй-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады:  тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары  - адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары;  - жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық қүралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру;  - шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығын зерттеу әдістері;  - ТЖ мөн оның салдарын болжау;  - Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;  Азаматтық қорғаныс - бүл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау қүралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.  Шаруашылық объектілері - өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын ғимарат, қарапайым және басқа да қүрылыстар.  Ұйым - бағдарламаны немесе мақсатты бірлесіп іске асыратын және белгіленген тәртіптер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар үжымы. 2.Су тасқынының себептері және оның характеристикасы.Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті. Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізі керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін. Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:  Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік)  Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін)  Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары)Су тасқыны кезінде:  үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;  пештегі жанып жатқан отты өшіру;  үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;  бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып тастау;  мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.

3.Биологиялық қауіп:түсінігі,классификациясы және қауіптілік дәрежесі.  Қауіп – зардап, жарақат немесе басқа зиян әкелетін материал немесе жағдай. «Қауіп» категориясы классификациясының белгілерін таңдау кезінде мыналарды ескеру керек: 1. «қауіп» адамдарға, материалдық және табиғи ресурстарға зиян келтіру ықтималдығы ретінде қарастырылады; 2. қауіпсіздік туралы айтсақ, біз әдетте құрамына адам – потенциалды құрбан ретінде және қауіп-қатер – зиян шектіретін жағдайлар енетін жүйені айтамыз; 3.  қауіпсіздікке адам барлық қауіп-қатерлерді ығыстырған, жойған немесе одан қорғанған кездерінде ғана қол жеткізіледі деп болжанады; 4. адамның индивидуалды, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруда кедергі болатын барлық әрекеттер қауіп-қатер болып есептеледі; 5. бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру құралдары энергияның, заттар мен ақпараттардың нақты ағынымен түсіндіріледі.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары ұжымдық қорғану құралдары (ҰҚҚ) және жеке қорғану құралдары (ЖҚҚ) болып бөлінеді. Өз кезегінде ҰҚҚ мен ЖҚҚ қауіп сипатына, конструктивті орындалуына, қолдану облысына және т.б. байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Кең мағынада алсақ, қауіпсіздік құралдарына адамға қауіптерден қорғаныс болатын барлық іс-қимыл, қызметтерді жатқыза аламыз. Нақтырақ айтсақ, олар – тәрбие, білім, денсаулықты нығайту, тәртіптілік, денсаулық қорғау, мемлекеттік басқару орындары және т.б. Қауіпсіздік құралдары ең басты қасиеттердің бірі – сенімділікке ие болуы керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау бойынша жұмыс беруші мен жұмысшылардың міндеттері мемлекеттің еңбек туралы заңдылықтарында көрсетіледі. Билет №3

1.Өтқн пәні түсінігі және анықтамасы.

«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні - студенттерді адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық обьектілерінін тұракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді.  Оқыту мақсаты: Болашақ мамандарды теориялык білім және тәжірибелік дағдыға үйрете отырып, өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасауды, экологиялық қауіпсіздік бойынша қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа техника және технологиялық процестерді жобалауды, табиғи апаттардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты және шаруашылық нысандарының өндіріс қызметшілерін, ал сондай-ақ олардың салдарын жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және сауатты шешімдер қабылдауды, еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасауды, адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеудің жолдарын үйретуді мақсат етеді. Оқыту міндеттері: -бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерін және зардабын жою мен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негізін үйрету; -өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздері білімдерін қалыптастыру; -тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативтік техникалық негіздерін үйрету; - студенттерді жарақат алу, зақымдану, қатты ауру, өте қауіпті жұқпалы аурулар олардың айыру белгілері мен медициналық көмек көрсете білуге оқыту; -зақымдану ошақтарын сипаттауды үйрету; -қазіргі зақымдағыш құралдар мен төтенше жағдайлардың  зардабын халықты қорғайтын әдістеріне сипаттама беру.

2.Су тасқынының қауіптілік дәрежесі,қорғану тәсілдері.

Су тасқыны, негізінен жиі немесе ұзақ жауған жаңбырдан, қар мен мұздардың тез еруінен; теңіз суының тез еріп, жағалаулар мен өзен салаларына қалыптағыдан тым көп мөлшерде ағуынан; су қоймалары мен бөгендерді судың бұзып кету жағдайларынан, табиғи және жеке адамдардың кінәсінен де туындап жатады.Мұз құрсаулары мен тау өзендерінің сағасынан шығуы кезінде ғана су тасқыны бір мезетте өтуі мүмкін. Ал басқа жағдайларда су басу қаупінің алдын алуға немесе дер кезінде қауіпсіздік шараларын қолдануға мүмкіндік бар.Тұрғылықты жерлердегі су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көбінесе, оның алдын алу шараларына байланысты болады. Жергілікті жер жағдайын, күн райының ерекшеліктерін және тарихын білген жағдайда су басу қаупін, оның қандай жерлерге дейін жететінін дәл тауып болжау қиын емес. Сонымен қатар гидрологиялық болжамдарға даүнемі назар аударып отыру қажет.Егер сіз өзіңізді жекелеген қаупсіздік шараларымен қамтамасыз еткіңіз келсе: Су толқынының бірінші соққысында-ақ құлап қалмайтын, мықты баспаналар мен жайлар тұрғызуыңыз;Барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйретуіңіз;Жеке қайығыңыздың болуы (дұрысы екеу: біреуі-кәдімгі, ал екіншісі-үрлемелі); Жақын маңдағы ең биік нүктемен таныс болуыңыз; Жақындап келе жатқан апат жөнінде хабар беру жолдары мен тәсілдерін білуіңіз керек. Егер сіз су басу аймағында қалған болсаңыз: Үйдегі газ, электр көздерін және суды өшіру; жанып тұрған пешті сөндіру;Үйдегі қымбат әрі бағалы заттар мен бұйымдарды жоғарғы қабатқа немесе шатырға шығару;

3.Қазақстандағы инфекциялық аурулардың шығу ықтималдылығы және әсер етуші факторлар. Жалпы ережелер 1. Осы «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу, обаның және тырысқақтың эпидемиялық ошақтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Обаға қарсы ұйымдар, ал олар болмаған жағдайда - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтардағы аумақтық бөлімшелері аумақтық медициналық ұйымдарға консультациялық-әдістемелік көмекті жүзеге асырады. 3.Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары (дезинфектанттар, инсектицидтер, родентицидтер) пайдаланылады. 4.Осы Санитариялық қағидалардың орындауын бақылауды Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. 5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1) алдын алу іс-шаралары - профилактикалық іс-шаралар;

2) аса қауіпті инфекциялар - өлім-жітім жоғары болып (эпидемиялық белең алулар мен эпидемиялар), адамдардың көпшілігіне тез таралатын және жұғатын, адамнан адамға берілетін ауру;

3) бактериологиялық мониторинг - халық арасында және сыртқы ортаның объектілерінде тырысқақ вибрионының пайда болуын уақтылы айқындау мақсатында.

Билет №4

1.Қауіптілік пен қауіпсіздік түсініктері.

Тіршілік қауіпсіздігі -адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда щаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы т.ж.-дың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ак осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шарашалар кешені.Қауіптілік дегеніміз- белгілі бір жағдайда адам денсаулығына тікелей немесе жанама әсер ететін процесстер, құбылыстар. Қауіптілікті сипаттайтын белгілер саны талдау мақсатына байланысты кеміп немесе өсіп отырады.Таксономия - күрделі құбылыстың, түсініктердің жиіленуі және жіктелуі туралы ғылым.Қауіпсіздік -сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның тірі организмдерден айырмашылығы ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады.Адамның іс- әрекетінің қауіпсіздігі -адамның іс- тіршілігі мен қауіп бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер.Адамның іс-әрекетінің процесінде қауіп қатер әр уақытта болғанымен ылғи да бола бермейдң. Сондықтан қауіпсіздік-бұл іс әрекет кезінде қауіп қатердің болмайтындығын айқын болған жағдай.

2.Техногендік апаттар мен катастрофа түсініктері. Техногендік сипаттағы ТЖ — өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады. 3.Өте қауіпті инфекциялардың алдын алу және алғашқы көмек. Жалпы ережелер 1. Осы «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу, обаның және тырысқақтың эпидемиялық ошақтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Обаға қарсы ұйымдар, ал олар болмаған жағдайда - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтардағы аумақтық бөлімшелері аумақтық медициналық ұйымдарға консультациялық-әдістемелік көмекті жүзеге асырады. 3.Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары (дезинфектанттар, инсектицидтер, родентицидтер) пайдаланылады. 4.Осы Санитариялық қағидалардың орындауын бақылауды Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. 5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1) алдын алу іс-шаралары - профилактикалық іс-шаралар;

2) аса қауіпті инфекциялар - өлім-жітім жоғары болып (эпидемиялық белең алулар мен эпидемиялар), адамдардың көпшілігіне тез таралатын және жұғатын, адамнан адамға берілетін ауру;

3) бактериологиялық мониторинг - халық арасында және сыртқы ортаның объектілерінде тырысқақ вибрионының пайда болуын уақтылы айқындау мақсатында.

Билет №5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]