Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_EAPP.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
217.6 Кб
Скачать

11 Арнайыландырылған автокөліктің техникалық пайдалануы

Дәрістер жоспары

11.1 Толық жетекті самосвалдар

11.2 Цистерналар, фургондар, мұздатқыштар

Тау кен өндірісінің тиімділігін арттырудың басты бағыты болып пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндірудегі жедел жетілген даму жолы, мұндағы басты техникалық өндіргіш күш болып карьерлік болып табылады. Карьерлік көлікке шығындарды өзін-өзі ақтау көлемі ашық әдіспен өндірілгенге қарағанда 45-тен 70 %-ға дейін құрайды. Карьерлік автокөліктің кең тараған түрі автомобильді болып табылады. Оның көмегімен карьердегі қара және түсті металлдар, тау кен өндірісіндегі химиялық шикізаттар, құрылыс материалдарының үлкен көлемі тасымалданады.

Карьерлік жерлерде көбіне үлкен жүк автомобиль-самосвалдар БелАЗ-540А жүккөтерімділігі 27 т, БелАЗ-548А (40 т), БелАЗ-549 (75 т), БелАЗ-7519 (110 т) қолданылады.

Үлкен жүк автомобиль самосвалдары БелАЗ-540А және БелАЗ-548А өз алдына екі осьті, қысқа базалы автомобильдерді 4X2 дөңгелекті формуласын ұсынады. Автомобильдерде дұрыс жүрісті қамтамасыз ететін екі белдікті пневмогидравликалық тартпа, жол шарттарына тәуелді болатын айналдыру моментінің автоматты көбеюін қамтамасыз ететін гидромеханикалық беріліс, әр түрлі берілген тұрақты автомобиль жылдамдығын еңіске қарай қадағалап отыратын гидравликалық тежегіш, біріктірілген механизмнің гидравликалық жүйесі және гидравликалық руль күшейткіші, түсіру және тағы басқа жағдайларда тұғырнама еңісін көтерудегі насостардың автоматты қосылуын қамтамасыз етеді. БелАЗ-549 және БелАЗ-7519 самосвалдарында қозғалтқышты, тартым электрқозғалтқыштарын, автомобильдің жетекші дөңгелектеріне тұрғызылған (мотор-дөңгелек), ішкі жанудан әрекет еткізетін, генератордан тұратын дизель-электрлік трансмиссия қолданылады.

БелАЗ автомобиль-самосвалының пайдалану шарттары көліктік, тау-кен техникалық, жолдық және климаттық факторлармен сипатталады. Көліктік факторлар тасымалдау қашықтығымен, жүк түрімен, тиеу және түсіру шарттарымен сипатталады. Карьерде жұмыс істеу кезінде 87 % жоғары автомобильдер 0,5-3 км ұзақтылықпен жұмыс істейді, төкпелі жүктермен 1,8-2,3 т/м3 тығыздылықта тиеу және түсіру жұмыстарының шарттарының қиындылықтарымен жұмыс істейді.

Тау-кен техникалық факторлары автосамосвалдың қозғалыс қашықтығымен, яғни карьер жолындағы көтерілу (карьер тереңдігі) және еңіспен анықталады. Карьерде жұмыс істеу кезінде 75 % автомобиль жұмыс істейді, еңістер 7-8 % 2-3 км ұзақтылықпен қолданылады.

Жолдар жабындарының жағдайы мен типіне байланысты және карьердегі трасса қиындықтары мен автомобильдерді тиеу және түсіру кезінде айлалық жұмыстар орындалатын аудандарына әсер ететін жолдық факторлар, пайдалану кезінде олардың шарттарын төмендетеді.

Сондай-ақ 50 % жуық карьерлер өте суық, суық, ыстық құрғақ және өте ыстық құрғақ климаттық аудандарда орналасады. ТҚ және АЖ ұйымдарын негізге ала отырып, карьерлік автосамосвалдар жоспарлы алдын-алу жүйесі ТҚ және жөндеуге орналастырылады, олардың карьерлік көліктердің спецификасындағы нормативті бөлімдердегі жағдайларды ескере отырып жасалды. ТҚ периодтылығы тау-кен техникалық, көліктік және жолдық пайдалану шарттарына байланысты анықталады.

Жылжымалы құрамның ТҚ және АЖ кезінде карьерлік автокөліктік цехтарда өндірістік ұйымның келесі түрлері қолданылады: кешендік, яғни бұл жағдайда бригада барлық жұмыс түрлерін бекітілген автосамосвалдарда жасайды, техникалық, яғни жөндеуші жұмыскерлер бригадаға біріктіріледі, олар жалпы техникалық үрдісте анықталған бір жұмыс түрлерін жасайды (ТҚ, АЖ, шиномонтажды және басқа жұмыстар), техникалық-бөлшектік, бұл кезде бригада барлық техникалық үрдістерді автосамосвалдар түйіндері мен агрегат топтары бойынша атқарады (жөндеу жұмыстары және жағармайлық аппаратураға қызмет ету және рульдік механизмдер және т.б.).

Кешенді ұйымды мақсатты түрде ортатізімдік есеппен, яғни самосвалдар саны 50 бірлікке дейін, технологиялықты 50 көп және технологиялық бөлшектік автосамосвалдар 100-ден көп болса орындалады.

Жүккөтерімділігі 27 және 40 т болатын автосамосвалдарда ТҚ-1 және ТҚ-2 кешенді ұйымдары кезінде әмбебап бекеттерде бөлшектерді, түйіндерді және агрегаттарды жөндеу кезінде жұмыс жүргізіледі. ТҚ-1 техникалық ұйымында нақты әдіс бойынша, ал ТҚ-2 тұйық бекеттерде, және бөлшектерді, түйіндерді және агрегаттарды жөндеу кезінде жұмыс жүргізіледі. Ал техникалық бөлшектік ұйымдарда ТҚ-2 бойынша барлық жұмыстар бөлшектерді, түйіндерді, агрегаттарды ауыстыру жұмыстары негізгі топтар бойынша бөлінеді (қозғалтқыш, гидромеханикалық трансмиссия және т.б.) және арнайыландырылған орындарда орындалады.

Жүккөтерімділігі аса жоғары автосамосвалдарда ТҚ жұмыстары бөлшектерді, түйіндерді, агрегаттарды ауыстыру арнайыландырылған бекеттерде жасалады.

ТҚ және АЖ ұйымдары кезінде автосамосвалдар үшін барлық формалар мен әдістер шиномонтаж бекеттерінде, дәнекер жұмыстары жүргізілетін бекеттерде, жуатын орын пунктінде арнайы бөлінеді.

Диагностикалық құрылғылар арнайы жабдықталған бекетте автосамосвалдың автономды шығатын бөлігіне орналастырылады.

75 т және одан жоғары автосамосвалдарда жоғары жүкті автосамосвал агрегаттарында және түйін жөндеу кезіндегі еңбексиымдылықты және жоғары тұратын параметрлердің техникалық жағдайын үздіксіз қадағалап отыратын бортты диагностикалаудағы жүйе қолданылады.

Автосамосвалдар үшін ТҚ-1 ағындық әдісте мақсатты түрде 4-бекеттік ағындық сызық бекеттер бойынша жұмыстарды бөледі

ТҚ-2 және АЖ технологиялық және технологиялық-бөлшектік өндірісті ұйымдардың орындарын жобалау, сондай-ақ ТҚ-2 және ТЖ кешенді ұйымындағы орындарды анықтау екі нұсқамен анықталады. Бірінші нұсқада автосамосвалдан ажыратылған түйіндер, агрегаттар телімдерде жөнделеді, содан кейін сол автосамосвалдарда орнатылады. Екінші нұсқада, түйіндер мен агрегаттардың ауыстыру фондындағы орынның болуына байланысты соңғылары жөндеу жұмыстарынан өтеді және қоймаға жіберіледі. Бірінші нұсқада ТЖ және ТҚ-2 телімдері арасындағы көліктік байланысты қарастырады, ал екніші жағдайда көліктік байланыс тек қоймамен ғана байланыстырылады.

Жаңа замандағы карьерлік самосвалдардың жекелеген көп көлемдегі түйіндері мен агрегаттардың (кесте 11.2) оларды орналастыру кезінде және алып тастауда міндетті түрде қолдануды талап етеді, олардың, яғни, көліктік мехинизмдердің жүккөтерімділігі 5 т. Бұл үшін ілмелі және белдікті крандар колданылады, олар өндіріс алаңын қолдануда және тұтынуда жағдайды жақсарту үшін қолданылады. Мысалы, автотиеугіштің көмегімен радиатордың блоктан немесе қозғалтқыштан ажырату керек, ол автосамосвалдар арасында қашықтық 3 м аспауы керек. Осы мақсаттарды пайдалана отырып, ілмелі және белдікті крандар арасындағы қашықтық өзгереді.

Кесте 11.2 – БелАЗ автомобилі үшін түйіндер мен агрегаттардың салмағы, кг

Түйін (агрегат)

БелАЗ-540А

БелАЗ-548А

Жинақтағы қозғалтқыш (құрғақ салмағы)

1500

1570

Жинақтағы тежегіш-баяулатқыш гидромеханикалық беріліс

1150

1130

Жинақтағы гидрамеханикалық беріліс

880

880

Жинақтағы артқы белдік дөңгелек күпшегі мен тежегіштері

2370

-

Берілістер қорабы

425

429

Айқаратоспа білігі (трансмиссия)

27,5

46.0

Артқы білік үшін айқаратоспа білігі

110,0

160.0

Жинақтағы алдыңғы осьтің тежегіштері мен дөңгелектері

1960

3500

Айналмалы жұдырықтары бар алдыңғы ось

775

880

Механизм цилиндрі

106

178

Рульдік механизм

38

38

Автомобиль қаңқасы

2200

3250

Жинақтағы кабина

192

192

Шанақ

4750

6530

Жинақтағы дөңгелек

540

665

Шина

400

560

АЖ және ТҚ орындық бекеттерін орналастыру БелАЗ-540А, -548А самосвалдарында тәжірибелі-кешендік ұйымдардан өндірістік жұмыстардың техникалық ұйымдастырылуы кезіндегі бекеттердің жобалануынан кем түспейді (сурет 11.1). Орын трансшейлік түрдегі жыраларды караудан, жанармайды, майларды, суытатын сұйықтарды құюға арналған воронканы, техникалық құрылғыларға арналған және құю үшін қолданылатын шлангаларды қарау үшін пайдаланылады.

ТҚ-2 және АЖ орындарында техникалық құрылғыларды құрастыру орындалатын жұмыстардың түрі мен спецификасына қарай таңдалады. Механизмнің күштік цилиндрлері мен цилиндрлік бекітпелерді орнату мен алып тастау, сондай ақ дөңгелектер арнайы ілмелі құрылғылармен қамтамасыз етіліп жасалады. Мұндай техникалық құрылғылары бар бекеттерді жинақтау ерекшеліктеріне көтергіштің екі түрін қолдану болып

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]