
- •1 Өнеркәсіптік кәсіпорындар автокөлігінің жалпы сипаттамасы
- •1.1 Автокөліктің жалпы сипаттамасы
- •1.2 Қазақстан Республикасы автомобиль саласындағы жүк тасымалдаулары және жүкайналымы
- •2 Машинаның жалпы құрылымы
- •2.1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •2.2 Автокөліктің негізгі буындары
- •4 Автокөліктің жылжымалы құрамның сыныпталуы
- •4.1 Жылжымалы құрамның жалпы сипаттамасы
- •4.2 Жылжымалы құрамның жалпы сыныпталуы
- •5 Жылжымалы құрамның негізгі жұмыс істеу көрсеткіштері
- •5.1 Жалпы мәліметтер
- •5.2 №1, №2, №3 Автоколонналарының қозғалыс керегені
- •6 Жылжымалы құрамның пайдаланушылық сапалары
- •6.1 Жалпы мәліметтер
- •6.2 Автокөліктің құрылым бөлшектерінен өндіру қажеттілігінің сызбасы
- •9 Автокөліктің жұмыс істеу қабілеті
- •9.1 Жалпы мәліметтер
- •9.2 Үрдіс барысында автокөліктің техникалық күйінің өзгеру себептері
- •10 Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету
- •10.1 Жалпы мәліметтер
- •10.2 Жұмыстардың жалпы сипаттамасы
- •11 Арнайыландырылған автокөліктің техникалық пайдалануы
- •11.1 Толық жетекті самосвалдар
- •11.2 Цистерналар, фургондар, мұздатқыштар
- •12 Өнеркәсіптік орындарда автокөліктерді техникалық пайдалануның даму болашағы
- •12.1 Жалпы мәліметтер
- •12.2 Өнеркәсiптiк кәсiпорындарда автокөлiктiң дамуының ең маңызды мiндеттерi келесiлер
5 Жылжымалы құрамның негізгі жұмыс істеу көрсеткіштері
Дәрістер жоспары
5.1 Жалпы мәліметтер
5.2 №1, №2, №3 Автоколонналарының қозғалыс керегені
1. Техникалық дайындық коэффициенті – жылжымалы құрамның тасымалдауға дайындығын сипаттайды.
2. Жылжымалы құрамның шығу коэффициенті – жылжымалы құрамның желі бойына шығуын сипаттайды.
3. Жүккөтергіштікті пайдалану коэффициенті, олар:
- жүккөтергіштікті статистикалық пайдалану коэффициенті нақты тасымалданған жүк санының, жүккөтергіштікті толық пайдалану кезінде тасымалдана алатын, жүк санына қатынасы; яғни автомобильдің немесе автопойыздың салыстырмалы жүккөтергіштігіне қатынасы.
- жүккөтергіштікті динамикалық пайдалану коэффициенті тонна-километрмен есептегенде нақты атқарылған көліктік жұмыстың мүмкіншілік көлік жұмысына қатынасымен анықталады (жүккөтергішті барлық жүріс бойында жүкпен толық пайдалану кезінде). Сонымен, жүккөтергіштіктің статистикалық коэффициентіне қарағанда, ол тек тасымалданған жүк санын есептеумен ғана шектелмей жүк тасымалданатын ара-қашықтықды да есептейді.
4. Пробегті пайдалану коэффициенті автокөліктің жалпы пробегінде тиелген пробектің салыстырмалы жүк салмағын көрсетеді (бір жүрістің, бір күннің, бір ауысымның пробегі). Бұл коэффициент келесі факторларға тәуелді:
- жүкқұрайтын және жүкжоятын орындардың (цехтардың), өнеркәсіптік кәсіпорындардағы автобазалардың өзара орналасуы;
- жүкағындарының бағытталуы (автокөліктің бос пробегтерін пайдалануға мүмкіндік беретін жүкағындардың бар болуы);
- жүкағындардың құрылымдары (қарсы жүкағындарының бар болуына қарамастан, автокөліктің бос пробегі жүктің бірлеспеуіне байланысты пайдаланыла алмайды; мысалға, бір жылжымалы құрамда бір жаққа ыдыстағы мұнай өнімдерін, ал басқа жаққа азық-түлік тауарларын тасымалдауға болмайды);
- автомобиль бағының құрамына (мысалға, арнайыландырылған шанақтары бар автокөліктің пробегі, ереже бойынша, тек қана бір бағытта ғана қолдануға болады);
- автокөлік жұмысын шапшаң тәуліктік жоспарлау сапалары.
5. Жүрістің орташа ұзындығы – бұл бір жүрісте автокөлікпен тиеу орнынан түсіру орнына дейін орындалатын, жалпы тиелген пробегтің орындалған жүріс санына бөлуімен анықталатын орташа пробег.
6. Жүк тасымалының орташа ара-қашықтығы – бұл 1 т жүкті тасымалдаудың, тонна-километрде орындалған көлік жұмысының тасымалданған тонна санына бөлуімен анықталатын орташа қашықтық.
7. Жылжымалы құрамның тиеу-түсіру астында тұру уақытына кіреді: тиеу-түсіруді тосу уақыты; тиеу-түсіру орындарында автокөліктің айла жұмыстарының уақыты; тиеу-түсіруді орындау уақыты; құжаттарды дайындау уақыты.
8. Нарядтағы уақыт автокөліктің автобазадан шыққан кезеңінен бастап автобазаға, еңбек заңымен сәйкесінше жүргізушінің тамақтану мен демалу уақытын шегергендегі, қайтуына дейінгі сағат санымен өлшенеді.
9. Қозғалыстың техникалық жылдамдығы – бұл автокөлік қозғалысының белгілі бір уақыт периодында, өтілген ара-қашықтықтың қозғалыс уақытына қатынасымен анықталынатын орташа қозғалыс жылдамдығы.
Техникалық жылдамдық келесілерге бағынышты болады, олар: автокөліктің динамкалық сапаларынан және оның техникалық жағдайынан; қозғалысты реттеумен байланысты тоқтау жиілігі (сурет 5.1); жол жағдайларынан; көлік ағындарының интенсивті қозғалысынан; қозғалысты реттеуіне байланысты тоқтаулардың жиілігінен; жүргізушінің сыныбынан; тасымалданатын жүктің ерекшелігінен, мысалға габаритсыз.
Қозғалыстың техникалық жылдамдығын (қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шектер аумағында) жоғарылату, жүргізудің алдыңғы әдістердін қолданумен (жүріс алу мен бос жүруді пайдаланумен, қозғалыс режимін дұрыс таңдаумен және т.б.) жетуге болады.
10. Пайдаланушылық жылдамдық – бұл автокөліктің желі бойындағы болған уақытындағы салыстырмалы жылдамдығы. Өткен жол қашықтығының жалпы желі бойында болу уақытына қатынасымен анықталынады.
Пайдаланушылық жылдамдық техникалық жылдамдықтан әрдайым аз, себебі ол тиеу мен түсіру астында тұру уақытын ескеріп; техникалық жылдамдықтан, тиеу-түсіру әдісінен, жүкті тасымалдау қашықтығынан байланысты болады.
Жылжымалы құрамның жұмыс атқаруын сипаттайтын көрсеткіштер болып табылатындар: жүрістер саны; жүкпен пробег; жалпы пробег; өндірістік – тонна және тонна-километрдегі өнімділік; тонна-километрмен жүкайналым.