
- •1 Өнеркәсіптік кәсіпорындар автокөлігінің жалпы сипаттамасы
- •1.1 Автокөліктің жалпы сипаттамасы
- •1.2 Қазақстан Республикасы автомобиль саласындағы жүк тасымалдаулары және жүкайналымы
- •2 Машинаның жалпы құрылымы
- •2.1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •2.2 Автокөліктің негізгі буындары
- •4 Автокөліктің жылжымалы құрамның сыныпталуы
- •4.1 Жылжымалы құрамның жалпы сипаттамасы
- •4.2 Жылжымалы құрамның жалпы сыныпталуы
- •5 Жылжымалы құрамның негізгі жұмыс істеу көрсеткіштері
- •5.1 Жалпы мәліметтер
- •5.2 №1, №2, №3 Автоколонналарының қозғалыс керегені
- •6 Жылжымалы құрамның пайдаланушылық сапалары
- •6.1 Жалпы мәліметтер
- •6.2 Автокөліктің құрылым бөлшектерінен өндіру қажеттілігінің сызбасы
- •9 Автокөліктің жұмыс істеу қабілеті
- •9.1 Жалпы мәліметтер
- •9.2 Үрдіс барысында автокөліктің техникалық күйінің өзгеру себептері
- •10 Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету
- •10.1 Жалпы мәліметтер
- •10.2 Жұмыстардың жалпы сипаттамасы
- •11 Арнайыландырылған автокөліктің техникалық пайдалануы
- •11.1 Толық жетекті самосвалдар
- •11.2 Цистерналар, фургондар, мұздатқыштар
- •12 Өнеркәсіптік орындарда автокөліктерді техникалық пайдалануның даму болашағы
- •12.1 Жалпы мәліметтер
- •12.2 Өнеркәсiптiк кәсiпорындарда автокөлiктiң дамуының ең маңызды мiндеттерi келесiлер
1 Өнеркәсіптік кәсіпорындар автокөлігінің жалпы сипаттамасы
Дәрістер жоспары
1.1 Автокөліктің жалпы сипаттамасы
1.2 Қазақстан Республикасы автомобиль саласындағы жүк тасымалдаулары және жүкайналымы
Өнеркәсіптік көлік – өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдардың, ғимараттар мен үймереттер кешенінің, көліктік қызметтердің ішкі жолдарында өндірістік-технологиялық жүк тасымалдарын орындай отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік жүйесінің маңызды буыны болып келеді.
Өнеркәсіптік автокөлікке жалпы қолданыстағы емес көлікпен қоса, цехаралық тасымалдауларға арналған, яғни олар: аккумуляторлы (жүктиегіштер, тіркемелері бар жетектер, электрокарлар) және ішкі жанатын қозғалтқышымен (автожүктиегіштер, автокарлар және тіркемелері бар жетектер), ені 2,1 м құрайтын моторлы арбаларды қосатын технологиялық автокөлік жатады.
Өнеркәсіптік автокөліктің айтарлықтай ерекшеліктері болып келетіндер:
жүктерді өнеркәсіп ішінде тасымалдау (карьер ішіндегі және зауыт ішіндегі);
жүктерді теміржол стансаларының немесе порттардың жүк алаңдарына дейін тасымалдау (сыртқы тасымалдаулар);
жүктерді белгілі бір орынға дейін тасымалдау (карьерден байыту фабрикасына дейін).
Автокөліктің артықшылықтарына жататындар:
жоғарғы айлалық;
аз радиусты бұрылыстар (4,5-7,5 м) мен үлкен бұрышты көтерілістерді (10-12о дейін) өту мүмкіндігі;
өнеркәсіптік кәсіпорын аумағының өлшемдерін қысқарту (теміржол көлігімен салыстырғанда);
бірнеше түсіру орындарында өз бетімен түсіру мүмкіндігі (жүкті бір автомашинамен әр түрлі цехтарға тасымалдау);
қиың қолжетілімді аймақтарға жүкті тасымалдау мүмкіндігі;
үлкен көлемді жүктерді тасымалдау мүмкіндігі.
Автокөліктің кемшіліктеріне жататындар:
жоғарғы еңбек өнімділігі (әр машинаға жүргізушіден қажеттілігі);
көліктік үрдісті автоматтандыра алмауы;
ауа-райының өзгерісі мен жауын-шашыннан байланысты болуы (орнынан қозғалу мен тежелу қиыңшылықтары).
2 Машинаның жалпы құрылымы
Дәрістер жоспары
2.1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар
2.2 Автокөліктің негізгі буындары
Машина – техникалық құрылғы немесе өзара байланысты компоненттерден тұратын және оның кем дегенде біреуі қозғала алатын; энергияны, материалдар мен ақпараттарды түрлендіруге арналған құрылғылар жиынтығы.
Құрылғы – машинаның негізгі және (немесе) қосымша функцияларын орындауға, сонымен қоса оларды біртұтас кешенге біріктіруге қажетті және машинаға орналастырылатын техникалық құрылғы.
Механизм – алдын-ала берілген белгілі қозғалыстарды орындайтын (мысалға, айналшақты-бұлғақты механизм) тораптар немесе жылжымалы байланысқан бөлшектерді атайды. Қарапайым торап – бұл бөлшектердің қандай-да бір қосылыспен (тойтармалы, дәнекерлі, тісті және т.б.) өзара байланысы. Қарапайым тораптар күрделілерге қосылады.
Агрегат – бірнеше механизмдердің немесе күрделі тораптардың негізгі бөлшекпен өзара бірігуі.
Жүйе – бір-бірімен әрекеттесу кезінде белгілі функцияларды орындайтын механизмдер мен тораптардың жиынтығы.
Автокөліктің қолданыстағы үлгілері анағұрлым контруктивті өзгеше, бірақ бұған қақаңқастан әр автомобильдердің өзгешелігі негізгі үш бөліктен тұрады, олар: қозғалтқыш 1, шасси 2 және шанақ 3 (сурет 2.1).
Қозғалтқыш – бұл автомобильді қозғалысқа келтіретін, механикалық энергия көзі. Негізінде іштен жану қозғалтқыштары қолданады, бұларда отынның жану үрдісі механикалық жұмысқа айналатын жылудың нәтижесінде бөлінуі қозғалтқыштың цилиндрлерінің ішінде орындалады
Шасси – это совокупность механизмов, предназначенных для передачи крутящего момента от двигателя к ведущим колесам, для передвижения автомобиля и управления им. Оно состоит из трансмиссии, несущей системы (ходовой части) и механизмов управления.
Шасси – бұл автомобильдің орын ауыстыруына және оны басқаруға арналған, айналдырушы моментті қозғалтқыштан жетекші доңғалаққа беруге арналған механизмдер жиынтығы. Ол – трансмиссиядан, жетекші жүйеден (жүріс жабдығынан) және басқару құрылғыларынан тұрады.
Трансмиссия – айналдырушы моментті қозғалтқыштан жетекші доңғалақтарға беруге және айналдырушы моментті мөлшері мен бағыты бойынша түрлендіруге арналған. Көбінесе әр-түрлі құрылымды механикалы трансмиссиялар таралған. Трансмиссияның негізгі бөліктері (сурет 2.2):
ілінісу (қозғалтқыштың трансмиссиядан ажыратылуына және оның жайлы қосылуына арналған);
беріліс қорабы (айналдырушы моментті өзгертуге, қозғалтқыштың трансмиссиядан ұзақ уақытқа ажырауына және артпен жүруге арналған);
карданды беріліс (айналдырушы моментті валдар арасында беруге арналған), алдыңғы жетекті автомобильдерде карданды беріліс болмайды (нәтижесінде машинаның салмағы азайып, салон көлемі ұлғаяды);
басты берілістен (айналдырушы моментті ұлғайтуға және оны тік бұрышпен беруге арналған), дифференциалдан (бұрылыстарда, түзу емес жолдарда доңғалақтардың әр-түрлі жылдамдықтармен айналуын қамтамасыз етеді) және жарты осьтен (айналдырушы моментті жетекші доңғалақтарға беруге арналған) тұратын жетекші көпір.
автокөлік карбюраторлы, дизельді, газбаллонды және электрлі болып бөлінеді.
Карбюраторлы қозғалтқышты автомобильдер автобақтың негізгі бөлігін құрайды. Карбюраторлы қозғалтқыштар жүккөтергіштері аса төмен және орташа автокөлікке орнатылады.
Дизельді қозғалтқышты автомобильдер – бұл жүккөтергіштігі жоғары және аса жоғары жүк автомобильдері. Олардың отын жағу шығыны карбюраторлы қозғалтқышты автокөлікке қарағанда 30-40% төмен (дизель отынының төмен құны кезінде). Оларды пайдаланудың кемшіліктері:
бастапқы құнының жоғарылығы;
үлкен габарит өлшемдері және өзіндік салмағы;
жоғарылатылған шуыл және түтіндеу.
Газбаллонды қозғалтқышты автомобильдер арзан отынмен жұмыс істейді және оларды газды өнеркәсіпті кәсіпорындарда пайдалануға анағұрлым лайықты. Пайдаланудың кемшіліктері:
қоректендіру жүйесіне қосымша аппаратураны орнату;
арнайы жанармай құю стансалардың құрылысы;
алыс қашықтықтарға пайдалана алмау мүмкіндігі.
Электрлі қозғалтқышты автомобильдерді кәсіпорынның ішінде орындалатын ұсақ жүк партиялы тасмалдарды орындауда пайдалануға лайықты. Негізгі кемшілігі – жоғары салмақтылық, ал артықшылықтарына шуылсыздығы мен атқарылған газдардың жоқтығын жатқызуға болады.
Автокөліктің жылжымалы құрамын шартты бөлуге болады:
жолды;
жоғарылатылған өтімділікті;
автомобильдер-жетектер.
Жолды автокөлік асфальтбетонды қаптамасы бар жолдарда жұмыс атқаруға арналған.
Жоғарылатылған өтімділікті автокөлік күрделі жол жағдайлары мен жолсыздықта жұмыс атқаруға арналған.
Автомобильдер-жетектер келесі бөлімшелерге бөлінеді:
дара жетектер (седельные тягачи) – жартылай тіркемемен тіркелініп жұмыс атқарады және олар шанақсыз болып келеді. Автомобиль-жетектің қаңқасында жетекті жартылай тіркемемен жалғайтын тіректі-тіркемелі құрылғы орнатылған;
тартқыш жетектер (буксирные тягачи) – жүк автомобильдерінің шасси негізінде орындалып, ауыр жүк таситын тіркемелермен жұмыс істеуге арналған, осыған байланысты тіркеу құрылғыларымен жабдықталған.
Тіркемелер автомобильдер мен автомобиль-жетектермен тіркеу тетігімен және тертелермен (дышла) көмегімен жалғану арқылы тартылады (буксирленеді). Осьтер санына байланысты тіркемелер біросьті, екіосьті және көпосьті болып бөлінеді. Көпосьті тіркемелерді көбінесе әр түрлі, ауыр салмақты және габаритсіз жүктерді тасымалдауда қолданады. Олардың жүккөтергіштігі 100 т-ға дейін және жоғары жетуі мүмкін. Көпосьті тіркемелер сонымен қоса көпдоңғалақты болып келеді.
Тіркеме-тарқатуларды ұзын өлшемді жүктерді тасымалдау үшін қолданады. Олар біросьті және екіосьті болады. Автомобиль мен тіркеме-тарқатудың арасындағы қашықтық әр түрлі өлшемді жүктерді тасымалдау кезінде өзгеруі мүмкін. Тертенің ұзындығы бойында саңылау болғандықтан және тіркеме-тарқатуды белгілі жағдайда бекіткіштермен тіркеудің нәтижесінде бұл орындалады.
Жартылай тіркемелер дара автомобиль-жетектерімен тіркеліп жұмыс атқаруға арналған. Олар біросьті және екіосьті болады. Осьтер жартылай тіркеменің артқы бөлігінде орналасады. Алдыңғы бөлігінде, автомобиль мен жетекті жалғауға арналған тіркеу құрылғылары және ағытылған жартылай тіркемені тұрақты күйде ұстауға арналған тіректер орналасады.
Автопойыз – бұл бір немесе бірнеше тіркемелермен тіркелген автомобиль немесе автомобиль-жетек әлде жартылай тіркемелі автомобиль-жетек (сурет 3.2).
Автопойыздарды қолдану автомобиль мен автомобиль-жетектердің қуат қорын анағұрлым толық пайдалануын, дара автомобильдермен салыстырғанда өнімділіктің жоғарылауын, отын шығынын 1 т/км-на (тасымалданған жүктін 1 т-на) төмендетуін, жүк тасымалдаудың өзіндік құнының төмендетуін қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, автопойыздарды қолдану жүргізушілер тапшылығын төмендету мүмкіндік береді.