
- •5. Жұқпалы және жұқпалы емес иммунологияның дамуы (и.Мечников, к.Ландштейнер)
- •6. Иммунологияның дамуында ф.Бернет, п.Медавар, п.Эрлих, ж.Доссэ, м.Гашек, э.Дженнердің еңбектері
- •8. Иммундық жүйе туралы түсінік, иммундық жүйе құрылысы
- •9. Иммунды жүйе қызметтері
- •10. Иммунологиялық талдау
- •12. Иммунитет теориялары
- •13. Ф.Бернеттің клондық--селекциялық теориясы
- •14. Иммунитеттің анықтамасы, түрлері
- •15. Иммунитеттегі тимустың маңызы
- •Классикалық жол;
- •Альтернативтік жол;
- •Лектинді жол.
2- Қазіргі заманғы иммунологияның міндеттері
Иммунология – медициналық-биологиялық ғылымдарының ең маңыздыларының бірі және осы ғылым қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен үлес қосты. Көптеген инфекция түрлерін алдын алу үшін вакцина қолдану емі адамдарда АВО-антигендер жүйесін ескере отырып қан қуюды қолдану инфекциялық емес иммунология жетістіктері ғана жер шарының миллиондаған адамның өмірін өткен уақыт аралығында сақтап қалу үшін жеткілікті болар еді.Қазіргі уақытта иммунология-медицина мен биологияның тез дамып жатқан перспективті бағыты.Қазіргі кездегі иммунология даму сатысының негізгі ерекшелігі – оның жетістіктерін клиникалық тәжірибе кең енгізу болып табылады.
Қазіргі заманның иммунологияның негізі – иммунды генетика болып табылады, ол өз құрамына патологияны, трансплантациялық иммунологияны, қатерлі ісік иммунологиясы мен жұқпалы иммунологияны қосады. Оның келесі ғылыми фактілер дәлелдейді:мүшелер алмастыру кезінде мүшенің кері қайту серпілісі – генетикалық, кері қайту механизмі – иммунды; қатерлі ісік жасушаларының пайда болу себептері – қатерлі, ісіктің өсуі – иммунды, генетикалық механизмдер;инфекциялық микроорганизмдерге сезімталдық деңгейінің себептері – генетикалық, ал инфекцияны жоятын және қабылдамаушылық тудыратын механизмдер – иммунды.
\
3-Иммунология ғылым ретінде даму тарихы, кезеңдері
Иммунитет туралы ғылым XIX ғасырға дейін адамдарды мазалаған инфекциялық ауруларды жеңу үшін қатаң өмірлік қажеттілігі арқасында пайда болған.Мысал ретінде, адамдардың шешекті жеңуі. Медиіина тарихына белгілі Шығыс ғылыми Әр-Рази шешекке классикалық анықтама беріп, шешекті егу әдісін қолданғаны белгілі. Оның ізашары Авиценна опа мен шешеккетән белгілері және бұл аурулармен ауырған адамдар өте сирек қайта ауырғандығы туралы жазған. Бұрын инфекциямен байланыс болса, организм қорғаныс қасиеттерін өндіретінін таза тәжірибе көрсеткен. Бірақ, егудің бұл әдісі (вариоляция) көбінесе аурудың жедел өтуіне немесе егілгекндердің өліміне келтіргені анықталған. Ол заманда бұл жағдайға ғылыми түсінік берілмеген. Иммунология даму этаптары: 1.Роберт Кох 1905 жылы туберкулезді зерттегені үшін марапатталды. 2. И.Илич 1908 жылы фагоцитоз бен жасушалы иммунитет теориясын ашқаны үшін марапатталды. 3. П.Эрлих 1908жылы гуморальді иммунитет теориясын ашканы үшін марапатталды. 4. Карл Ландштейнер 1930жылы қан тобын ашты.
4-Иммунологияның ғылым ретінде дамуы Л.Пастердің еңбектері
Иммунологияны ғылыми ретінде классикалық және қазіргі заманғы иммунологияға бөледі. Классикалық иммунология Э.Дженнер мен Л.Пастер сияқты ғалымдар атымен байланысты.Бұл – негізінде инфекциялық иммунология.1881 жылы Пастер Париж академиясында ең алғаш инфекциялық ауруларды аттенуацияланған микроптармен иммунизациялау арқылы алдын алуға болатынын жариялады. Негізі химик болып, Л.Пастер медицина мен биологияға химиялық тәжірибелердің нақтылығы мен ойын енгізді. Бүл қазіргі физико-химиялық, молекулалы биология мен биотехнологияның дамуы кезінде өте маңызды. Л.Пастер ғылым мен тәжірибенің дамуын көптеген жылдарға кешіп өткізді.Егу арқылы емделмейтін ауыр дерттің-құтырудың дамуын алдын алудан кейін ғана Пастер қолдау тапты.1886 және 1887 жылдар арасында егу арқылы құтырудан 2,5 мыңнан астам адам құтқарылды.Л.Пастердің вакцина алу және егу принциптері жақсы дамып, макро-және микроорганизмнің қарым-қатынасы арқылы ғылыми зерттелді.Иммунизация ғылыми мен тәжірибелерінің жылдар бойы дамуы нәтижесінде көптеген бактериялық және вирустық инфекцияларға қарсы эффективті вакциналар жасалған және қолданылған. Иммунизация арқылы көптеген ауыр инфекциялық аурулардың таралуы төмендегені байқалған. Бұл адамдардың әлеументті дамуын, орта өмір сүру жасының ұзаруын қамтамассыз етті.Көптеген ашылған жаңалықтарға қарамай, Л.Пастердің иммунитет табиғатына сол уақыттағы биология мен медициналық жетістіктерінің дәрежесіне байланысты көзқарасы шектеулігімен ерекшеленеді.Оны өлімінен кейін біраз уақытқа дейін иммунитетті тек инфекциялық ауруларға қарсы тұрушылық деп түсінді.
5. Жұқпалы және жұқпалы емес иммунологияның дамуы (и.Мечников, к.Ландштейнер)
Иммунологияның адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарына қарсы организмнің реакциясын зерттейтін және осы аурулардың алдын алу, анықтау, емдеу әдістерін қарастыратын бөлігін инфекциялық иммунология, ал организмнің инфекциялық және инвазиялықаурулардың қоздырғыштарымен байланысы жоқ антигендерге жауабын зерттейтін бөлігін инфекциялық емес иммунология деп атайды. Инфекциялық емес иммунологияның негізін қалаушылар Борде мен Чистович (1888—1889). Олар организмнің бөтен қызыл қан түйіршіктеріне және сарысу белоктарына жауап ретінде антиденелердің пайда болатынын ашқан. эксперименттер нәтижесінде И.И.Мечников гуморалды теорияның жақтаушыларының анықтаған сарысуы дифтерия мен столбняк (сіріспе) қоздырғыштарын өлтірмей, тек сол қоздырғыштармен бөлінген токсинднрді, уды жойып, фагоциттерді стимулдайды, ал олар қоздырғыштарды жұтатыны дәлелденді.Қаншама талас – тартыстар болса да, бұл екі теория өзара жақындай бастады, себебі басында фагоцитарлы теорияға қарсы деп шешілген жаңа фактілер кейіннен бірікті. Инфекциялы емес иммунология дамуының келесі кезеңі К.Ландштейнер есімімен байланысты. 1990 жылы К.Ландштейнер антигендердің модификациясы мәселесімен шұғылданып, 0, А, В, АВ қан топтарын зерттеп, адамның эритроциттерінің топтық изоантигендерін ашты. Бұдан кейін иммуногенетиканы зерттеу бағдарламасы туды, яғни тіндердің гисто сәйкестігі мен трнсплантациялық иммунитеттің көптеген мәселелері шешілді. Бұдан бірнеше жыл өткеннен кейін К.Ландштейнер жаңалығы клиникада қолдана бастады. Оның зерттеу тәжірибесін ескере отырып, дәрігерлер кез-келген қанды құймай, тек науқастың қанның эритроциттері жабысып қалмайтындай қанды құйған.
6. Иммунологияның дамуында ф.Бернет, п.Медавар, п.Эрлих, ж.Доссэ, м.Гашек, э.Дженнердің еңбектері
Ғылымның маңызды даму кезеңдері Ф.Бернеттің есімімен тығыз байланысты. Ол арнайы иммунитеттің негізгі жасушасы – лимфоцитке көңіл бөлді, сөйтіп оны «иммуноцит» деп атады, иммунды жауаптың түзілуінде тимустың маңызды екендігін айтты, иммунитеттің клон-сұрыптау теориясын ашты және иммунды жүйенің негізгі қызметі – оганизмнің ішкі ортасының генетикалық түрақтылығын бақылау екенін, яғни иммунологиялық бақылау концепциясын негіздеді.Иммунологиялық реактивтілікке қарсы «иммунологиялық төзімділік» яғни шыдамдылық жатады деп аталған күйді Ф.Бернет болжады, ал П.Медавар мен М Гашек тәжірибелік түрде қолдады. Ал Ж.Доссе адам ағзасындағы HLA жүйкесінің антигендерін тапқан және зерттеді. П.Эрлих 1908жылы гуморальді иммунитет теориясын ашканы үшін марапатталды. 1776 жылы дәрігер – зерттеуші Э.Дженнер тәжірибелік иммунологияның негізін қалады.Ол ең алғаш вакцинация әдісін қолданған. Э.Дженнер сиыр шешегі материалын балаға егу арқылы, адамдардың инфекциялық аурулардан босататын маңызды теориялық және практикалық медицина бағытының негізін салды.
7. Отандық иммунологияның дамуы
8. Иммундық жүйе туралы түсінік, иммундық жүйе құрылысы
Иммундық жүйе – морфофункционалдық жүйенің бүтіндігі болып табылатын, ағзаның ішкі артасындағы антигендік түрақтылықты қадағалайтын, миграция және рециркуляция жолдарымен байланысатын арнайы лимфоидтық мүшелер мен тіндердің өзара жиынтығы.
Иммундық жүйенің құрылысын үш деңгейге бөлуге болады: мүшелік,жасушалық және молекулалық.
Иммундық жүйенің мүшелік деңгейі 1)орталық (біріншілік)және 2)шеткі(екіншілік)мүшелерден тұрады. Иммундық жүйенің орталық мүшелері . Тимус пен сүйек кемігі кіреді
Иммундық жүйенің шеткі мүшелері. Оларға: көкбауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары, аппендикс, бадамша без, аденоидтар және басқа да лимфоидтық түзілістер жатады.
Жасушалық деңгей. Иммундық жүйенің жасушалары антигенді тануы бойынша, шығу тегі мен функционалдық ерекшелігіне байланысты екі топқа бөлінуі мүмкін.
Бірінші топ – лимфоциттер (әртүрлі даму сатысындағы Т,В-лимфоциттер, плазмалық жасушалар және нөлдік лимфоциттер, оларға табиғи киллнрлер –NK жасушалары мен К-жасушщалары жатады).
Екінші топ – антигенді таныстырушы жасушалар (макрофагтар, дендриттік жасушалар, В-лимфоциттер).Бөгде антигендерген бұл жасушаларсыз иммундық жауаптың қалыптасуы мүмкн емес.
Молекулалық деңгей. Иммундық жүйенің молекулалық негізін макромолекулалық топтар құрайды. Оларға иммуноглобулиндер кіреді. Иммуноглобулиндердің 5класы бар:IgM, IgG, IgA, IgE, IgD.