Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zondty_1187_k_1257_megimen_as_1179_azandy_zhuu.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.23 Кб
Скачать

Баға белгілейтін парақ

Дағды тақырыбы _________________________________________________

Күні __________________

__________________________________________________________________

(студенттің аты, жөні)

Мамандығы ______________________

Тобы _____________

Оқытушы ____________________________________________

(аты, әкесі, тегі)

Қадамдар критериилері

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1

. Асқазанды жууға қарсы көрсетімдерді анықтайды (зондтық әдіспен): ірі дивертикулдер және өңештің едәуір тарылуы, қатты қышқылдармен және сілтілермен ауыр уланғаннан кейінгі (өңеш тесілуі мүмкін) алыстатылған уақыт (6-8 сағат). Салыстырмалы қарсы көрсетім: миокардтың жедел инфаркті, инсульттің жедел фазасы, жиі құрысу ұстамасымен эпилепсия (зондты тістеп алу мүмкіндігіне байланысты).

2

Ұзындығы 1-1,5 м асқазандық зондты, сиымдылығы 0,5-1 л шұңғыманы, суы бар құмыраны, соданың 1 пайыздық ерітіндісін немесе калий перманангатының әлсіз ерітіндісін, шелекті және науқас үшін клеенкалы алжарқышты дайындау.

3

Науқастың ауызынан салынбалы протездерді алып тастау. Пациентті стулға отырғызады, кеудесін фартукпен жабады, аяқтарының арасына шелек қойылады. Науқасты тыныштандырады, құсу рефлексі пайда болғанда мұрын арқылы терең дем алуын түсіндіреді. Кома жағдайындағы науқастардың асқазанын ішіне жатқызып жуады. Науқастың оң жағына тұрады.

4

Зондты тілдің аржағына тез енгізіп, бұл кезде науқас ауызын жауып бірнеше жұтыну әрекет жасауын қадағалау керек. Зонд көмейге түскенде (науқас жөтеледі, тұншығады, көгереді) оны тез шығарып алып қайтадан енгізеді. Зондты үлкен ұзындыққа, науқастың кіндігінен алдыңғы тістеріне дейінгі қашықтықтан 5-10 см артық ұзындыққа енгізіледі Зонд асқазанға тұскеннен кейін оның жоғарғы ұшына шұңғыманы кигізеді де оны іш деңгейінде ұстап сұйықтық құйылады, шұңғыманы біртіндеп науқас ауызы деңгейінен жоғары көтереді. Алғашқы құйылатын сұйықтықтың көлемі 1 л шамасында. Сұйықтықтың деңгейі шұңғыманың мойнына түскенде оны төмен түсіріп асқазандағы жуынды су кейін шелекке шығарылады.

5

Жуынды су тазарғанша әрекетті бірнеше рет қайталайды. Асқазанды жуу үшін ересек адамға 8-10 л сұйықтық керек, балаға – жасына 1 л есебінен.

6

Жедел уланулардың кейбір түрлерінде (мысалы, фосфорорганикалық қосындылармен) 30-60 л –ше шейін сұйықтық керек. Жуынды судың алғашқы және соңғы бөлігін зерттеу үшін лабораторияға жіберіледі. Асқазан жуылып болғаннан кейін құйғышты алып тастап, зондты тез шығарып алады.

7

Көптеген улануларда немесе науқас зондты жұта алмаса асқазан жууды жеңілдетілген тәсілмен іске асырылады: науқас 5-6 л жылы су немесе натрий гидрокарбонатының әлсіз ерітіндісін ішеді, содан кейін саусақтарымен тіл түбін тітіркендіріп құсуды тудырады. Бөлек жағдайларда асқазанды жуу үшін мұрын арқылы енгізілетін жіңішке полихлорвинилдік зондты пайдаланады.

8

Асқазан жуу барысында, науқасқа сұрақ қоюына мүмкіндік беріп, оның шыдамдылығын пайдаланып өзінің әрекеттерін науқасқа түсіндіреді.

ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛ

Баға __________

Оқытушының қолы _________________