Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zondty_1187_k_1257_megimen_as_1179_azandy_zhuu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.23 Кб
Скачать

Рқмм «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті»

ОҚУ-КЛИНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ

Тәжірибелік дағдыларды игеру бойынша әдістемелік ұсыным

Мамандық: «Жалпы медицина»

Пән: «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем»

Кафедра: Жедел шүғыл медициналық жәрдем, нейрохирургиямен анестезиология және реаниматология

Курс: 5

Тақырып: ЗОНДТЫҢ КӨМЕГІМЕН АСҚАЗАНДЫ ЖУУ

Құрастырушылар:

М.ғ.д. _____________Сарқұлова Ж.Н.

Профессор__________Жаңабаев Қ.Ж.

Ассистенттер__________Сарбаева А.М.

__________Сәтенов Ж.К.

Ақтөбе - 2011 ж.

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

« 5 » қыркүйек 2011 ж.

Хаттама № __1__

« 5 » қыркүйек 2011 ж.

Кафедра жетекшісі, м.ғ.д._________________________Сарқұлова Ж.Н.

1. Тақырып: Зондтың көмегімен асқазанды жуу

2. Мақсаты: Студенттерді зондтың көмегімен асқазанды жууға үйрету.

3. Оқыту әдістері: кіші топтар, жұптарды жұмыс істеу, көру ролигі, дебрифинг, берілген тақырып бойынша тәжірибелік дағдыларды көрсету

4. Ақырғы нәтиже: сабақ соңында студент:

білуі керек:

- зондтың көмегімен асқазанды жууға көрсетімдерді және қарсы көрсетімдерді

істей білуі керек:

- зондтың көмегімен асқазанды жууды.

  1. Сабақ барысында клиникалық дағдыларды игеруде пайдаланылатын медициналық құралдар және жабдықтар тізімі:

  • Зондтың көмегімен асқазанды жуу үшін КАҒ-120А тренажері;

  • Асқазандық зонд;

  • Сиымдылығы 0,5-1 л-лік шұңғыма (воронка);

  • Құмыра, шелек, клеенкалы алжапқыш, ерітінділер

Манекен аты

Сипаттамасы

Саны

КАҒ-120А тренажері

Ересек адамның моделі

1

  1. Дағдыны орындау алгоритмі

1. Асқазанды жууға қарсы көрсетімдерді анықтайды (зондтық әдіспен): ірі дивертикулдер және өңештің едәуір тарылуы, қатты қышқылдармен және сілтілермен ауыр уланғаннан кейінгі (өңеш тесілуі мүмкін) алыстатылған уақыт (6-8 сағат). Салыстырмалы қарсы көрсетім: миокардтың жедел инфаркті, инсульттің жедел фазасы, жиі құрысу ұстамасымен эпилепсия (зондты тістеп алу мүмкіндігіне байланысты).

2. Ұзындығы 1-1,5 м асқазандық зондты, сиымдылығы 0,5-1 л шұңғыманы, суы бар құмыраны, соданың 1 пайыздық ерітіндісін немесе калий перманангатының әлсіз ерітіндісін, шелекті және науқас үшін клеенкалы алжапқышты дайындау.

3. Науқастың ауызынан салынбалы протездерді алып тастау. Пациентті стулға отырғызады, кеудесін фартукпен жабады, аяқтарының арасына шелек қойылады. Науқасты тыныштандырады, құсу рефлексі пайда болғанда мұрын арқылы терең дем алуын түсіндіреді. Кома жағдайындағы науқастардың асқазанын ішіне жатқызып жуады. Науқастың оң жағына тұрады.

4. Зондты тілдің аржағына тез енгізіп, бұл кезде науқас ауызын жауып бірнеше жұтыну әрекет жасауын қадағалау керек. Зонд көмейге түскенде (науқас жөтеледі, тұншығады, көгереді) оны тез шығарып алып қайтадан енгізеді. Зондты үлкен ұзындыққа, науқастың кіндігінен алдыңғы тістеріне дейінгі қашықтықтан 5-10 см артық ұзындыққа енгізіледі Зонд асқазанға тұскеннен кейін оның жоғарғы ұшына шұңғыманы кигізеді де оны іш деңгейінде ұстап сұйықтық құйылады, құйғышты біртіндеп науқас ауызы деңгейінен жоғары көтереді.Алғашқы құйылатын сұйықтықтың көлемі 1 л шамасында. Сұйықтықтың деңгейі шұңғыманың мойнына түскенде оны төмен түсіріп асқазандағы жуынды су кейін шелекке шығарылады.

5. Жуынды су тазарғанша әрекетті бірнеше рет қайталайды. Асқазанды жуу үшін ересек адамға 8-10 л сұйықтық керек, балаға – жасына 1 л есебінен.

6. Жедел уланулардың кейбір түрлерінде (мысалы, фосфорорганикалық қосындылармен) 30-60 л –ше шейін сұйықтық керек. Жуынды судың алғашқы және соңғы бөлігін зерттеу үшін лабораторияға жіберіледі. Асқазан жуылып болғаннан кейін шұңғыманы алып тастап, зондты тез шығарып алады.

7. Көптеген улануларда немесе науқас зондты жұта алмаса асқазан жууды жеңілдетілген тәсілмен іске асырылады: науқас 5-6 л жылы су немесе натрий гидрокарбонатының әлсіз ерітіндісін ішеді, содан кейін саусақтарымен тіл түбін тітіркендіріп құсуды тудырады. Бөлек жағдайларда асқазанды жуу үшін мұрын арқылы енгізілетін жіңішке полихлорвинилдік зондты пайдаланады.

8. Асқазан жуу барысында, науқасқа сұрақ қоюына мүмкіндік беріп, оның шыдамдылығын пайдаланып өзінің әрекеттерін науқасқа түсіндіреді.

  1. Бағалау: Студенттің дағдыларды қаншалықты игергенін бағалау үшін, дағдылар бойынша әр қадамы 0-0,5 баллдар аралығында бағаланады да бағалау парағына жазылады (№1 қосымша) және барлық қадамдары бойынша жалпы балл шығарылады. Студенттің қорытынды баллы көпбаллдық әріптік жүйе бойынша бағалау межелігіндегі (шкаласындағы) бағаға сәйкес шығарылады. соответствии с оценкой в оценочной шкале.

Әріптік жүйе бойынша бағасы

Бағаның цифрлық эквиваленті

Бағаның % мөлшері

Дәстүрлік жүйе бойынша бағасы

А

3,84-4,0

95-100

«өте жақсы»

А-

3,51-3,83

90-94

В+

3,17-3,50

85-89

«жақсы»

В

2,84-3,16

80-84

В-

2,51-2,83

75-79

С+

2,17-2,50

70-74

«қанағаттанарлық»

С

1,84-2,16

65-69

С-

1,51-1,83

60-64

D+

1,17-1,50

55-59

D

1,0-1,16

50-54

F

0-0,99

0-49

«қанағаттанарлықсыз»

Қосымша №1