Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TEKhNIKA_I-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.41 Mб
Скачать

1 Ванна; 2- үрлендіргіштің ауа таратушысы; 3- тартпа қабылдағыш

Құйылма ағыны зиянды заттар бөліну аймағында өтіп, сорғыш саңылау ортасына қарай бағытталуы керек, бұл кезде сорылатын ауа шығыны құйма ағынымен келетін ауа шығынынан асуы тиіс.

Толық жабындылардан жасалған жергілікті сорғыштар. Жергілікті сорғыштардың аса тиімді типіне зиянды заттар көзінің толық жабылуы жатады. Бұл жағдайда бөліну ауаның минималды көлемі кезінде жүзеге асады. Алайда қаптаманы әрдайым герметикалы болатындай жасайды.

Сурет 3.6 - Тартпа шкафтарының сызбалары:

а-жоғарғы сорғышы бар; б – төменгі сорғышы бар; в-комбинацияланған сорғышы бар.

Оның қоршауларында әдетте жұмыс саңылаулары бар, олардың өлшемдері жабылатын қондырғының құрылысымен және технологиялық жұмыс режимімен анықталады.

  1. Тартпа шкафтары. Тартпа шкафтарын жоғарғы, төменгі және комбинацияланған ауа сорылуы бар деп бөледі. Ауаны комбинациялы шығаратын шкафтарды шаң мен ауыр газдарды жою Ауаны комбинациялы шығаратын шкафтарды шаң мен ауыр газдарды жою үшін қолданады. Шкафтың төменгі аймағынан әдетте жалпы көлемнің 2/3 ал жоғарғы аймағынан 1/3 сорған жөн. Егер үлкен жылу бөлінумен бірге жүретін жұмыстар шкафтың ішінде жүргізілетін болса, онда жалпы ауа көлемінің 2/3 және төменгі жағынан 1/3 сору қажет. Алайда бұл таралуды реттеу мүмкіндігі қарастырылған жөн.

  2. Технологиялық құрылғыға енгізілген жергілікті сорғыштар. Жергілікті сорғыштар жиі жағдайларда көлік құрастыру өндірістерінде қолданылады. Бұл кезде олар тек қана зиянды шығарылымдардан қорғамайды сонымен қатар жоңқадан да қорғанысты қамтамассыз етеді. Бұл жағдайда олар жоңқа шаң қабылдағыштары деп аталады.

Аспирацияланушы жабындылар. Бірқатар технологиялық үрдістерді өткізген кезде бөлмедегі ауаның ластануын болдырмау мақсатымен аспирацияланушы жабындыларды қолданады. Жабындының тығыз емес жерлерінен зиянды заттардың келуіне кедергі болатын жылдамдықпен ауа сорылмауы үшін оның ішінен разряд ұстап тұрады.

Сурет 3.7 - Көлденең фезерлі станогына арналған шаң жоңқа қабылдағыш.

  1. Шаң жоңқа қабылдағыш корпусы; 2- қабылдаушы келте құбыр; 3- лынбалы қақпақ; 4- ілмек; 6- бағыттаушы пластина

Мұндай құрылғылар мысалы қолмен бояған кезде қолданылады.

Ауа рециркуляциясы бар жүйелер. Ауа рециркуляциясы бар жүйелер ерекше орын алады. Олар келесі элементтерден тұрады:

  • Қоспалардың бөліну аймағында ұстап қалу қондырғысы

  • Ауаны қоспалардан тазартуға арналған аппарат

  • Жүйедегі ауа қозғалысын қоздырушысы

  • Ауаны өндірістік жайға қайтару құрылғысы

  • Ауа өткізгіштер

Ауа өткізгіштер ретінде әдетте металл жеңдерін қолданады, ал ауа қозғалыстарын қоздырғышы ретінде қосынды тегеуріні 3 кПа және одан да жоғары болатын желдеткіштерді қолданады, аппараттарды қолданудың құрастыру сызбаларында оларды ілінбелі немесе жекеше нұсқаларда жеке түрде, сонымен қатар станоктар тобынан шығарылатын ауаны тазарту үшін қолдану қарастырылған.

Тазартылған ауаны қайтаруы бар жергілікті вентиляция жүйелері ауаны тазарту үшін келесі жағдайларда қолданыс табады: кесуші немесе абразивті құрылғымен металдарды, олардың балқымаларын және металды емес балқымаларды дәнекерлеу аэрозольдерден өңдеу кезінде; салқын түсірмелі автоматтарда май тұмандарынан тазарту және т.б. мұндай тазарту жүйелерінің артықшылықтарына келесілер жатады: ауа тасымалдағыштарының аз ұзындығы; жүйенің аз гидравликалық кедергісі; тазартылған ауаны жылыту немесе суыту қажет болмайды, ал өз алдына жылдың салықн периоды кезінде аса үлкен энергия үнемделуін қамтамссыз етеді. Жүйенің кемшіліктеріне келесілеер жатады: индивидуалды тазалау аппараттарының орталық тазарту желдеткішларымен салыстырғанда төмен пайдалы әсер коэфиценті; жұмыс орындарына индивидуалды тазарту аппараттарынан шуылдын сәулеленуі жатады.

Мұндай аппараттардағы рециркуляциялық ауаны тазартудың талап етілетін тиімділігі әрбір қоспа түрінің коцентрациясы 0,3 ШРК аспауы керек деген шарттан анықталады шарттан анықталады.

Сурет 3.8 - орташа өлшемді бұйымдаарды бояуға арналған өткізгіш камера:

Корпус; 2- боялатын бұйым; 3- көлік саңылауы; 4- жұмыс саңылауы; 5- тұрақтану ваннасы; 6- гидросүзгі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]