Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-20_eski_kaz_dlya_rasp.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261.47 Кб
Скачать

7. Туа біткен ішек түйілуі. Жіктемесі. Негізгі клиникалық көріністері және оның интерпретациясы. Негізгі емдеу әдістері.

Диаг.емдеу принц.Туа біткен ішек өтімсіздігі бұл ішектің перистальтикасының әлсіреуімен ішек қуысының жартылай н\е толық бітелумен жүретін клиникалық симптом.Этиологияс:ішек дамуының ақаулары,ішек айналымының бұзылуы,көршілес жатқан мүшелердегі даму ақаулары.Барлық туа пайда болған ішек өтімсіздігінің кедергінің деңгейіне қарай:жоғарғы(12елі ішек ж\е аш ішек) ж\е төменгі(жіңішке ішектің кез келген бөлігінің мықын ж\е тоқ ішек)ішек өтімсіздіктері.Жоғарғы ішек өтімсіздігінің клин көрінісі:құсу өмірінің алғашқы сағаттарынан бастап,сирек көп мөлшерде 3-4сағатта,егер баланы емізген болса құсу аздаған уақыттан кейін қабылдаған сүтті толықтай шығарады,көп мөлшерде құсу эксикоз ж\е аспирациялық пневмония дамиды. Алғашқы 5-6күнде мекони аз мөлшерде бөлініп кейін мүлде бөлінбей қалады. Пальпацияда іштің жоғарғы бөлігінің кебуі байқалады.Меконидың бөлініп тұруына байланысты анықтау кеш болады ж\е диагностикасы қиындайды. Жоғарғы ішек өтімсіздігінің ішектің бұралуымен байланысты кезінде ұстамалы ауырсынуға байланысты баланың қатты мазасыздануы,мелена,қан араласқан құсық.Төменгі ішек өтімсіздігінің клиникасында бала туылған бойда іштің кебуі құсқанан кейінде асқазаның зондтағанан кейінде кетпеуі жоғарғы түрінен негізгі салыстырмалы ерекшелігі болып табылады ж\е интоксикация белгілері анықталады, 2-3күнен кейін басталатын құсық, ішті пальпациялағанда шұжық тәрізді түзіліс анықталады. Диагностикасы: толықтай тексеруден өтккізу, іш қуысының көлемді рентгенографиясы, УЗИ, колоноскопия. Емі оперативті. Операцияның көлемі бұралған ішектерді ашу, спайкаларды ажырату, дуаденоеюностомия.

8. Жіті мастоидит. Этиологиясы. Негізгі

-емізікшетәрізді өсіндісінің жедел қабынуы, ортаңғы құлақтың жедел іріңді қабынудың асқынысынан дамиды.Этиология: инфекциялық аурулар, жарақаттар, гемолитикалық стрептакокк, стафилакокк, пневмакокк,имунитет төмендеуінен Клиникасы: құлақта пульсирленген ауырсынулар, шулар естіледі. Шу – ішкі сүйекті пластинкаларының бұзылыстарынан, пульсация сигматәрізді синус ортаңғы құлақ арқылы құлақты лабиринтке беріледі. Балаларда жедел мастоидит дене температурасының 39 градусқа дейін жоғарылауы, құсу, ауырсыну синдромымен, менингизммен , кейде септицемия белгісімен өтеді.Терісінде гиперемия байқалады.Диагностика: рентгенологиялық қарау (Майер, Шюллер, Стенверс проекциясында), сыртқы қарау. Емі: жоғарғы эффективтілігі бар антибактериальды препараттар,консервативті, оперативті ем: егер асқынған жағдайда ғана жасалынады.Көрсеткіштері: ішкі бас қаңқасы асқыныстары, құлақ артында орналасқан субпериостальды абсцесстің ашылмаған жағдайда. Хирургиялық ем жүргізіледі.Асқыныстары: менингит, сигматәрізді синустың тромбозы, гидроцефалия, лабиринтит, сепсис,мойындық мастоидит.

9. Жіті конъюнктивиттердің симптоматикасы. Оның емінің негізгі принциптері.

Коньнктивит дегеніміз-көздің шырышты қабатының ісінуін шақыратын ауру.Пайда болу себептерінебайланысты:бактериальды,аллергиялық,вирусты,саңырауқұлақты және хламидиялық деп бөледі.-бактериальды коньюктивит.і:гонококк, ішек таяқшасы, стафилококк, дифтерия, Кох таяқшасы шақырады.-вирусты коньюктивиттер:қызамықты,герпестік ж/е аденовирусты болып бөлінеді.

-аллергиялық коньюктивит.і:инфекциялар,косметикалық ж/е дәрілік,химиялық заттар ж/е жарық энергиясы да шақырады.

-хламидиялық коньюктивитті:Сhlamydia trachomatis қоздырады.

Ағымына байланысты: созылмылы; жеделдеу; жедел деп 3 бөледі.

Коньюктивиттің жедел түрі белгілі бір симптомдармен басталмайды.Ол алдымен бір көзде,сосын екінші көзге ауысатын кенеттен пайда болатын ауырсынумен басталады.Айқындалған гиперемия геморрагияны дамытады. Көз алмасының коньюктивальды инъекцияның есебінен коньюктиваның қабынуы басталады.Кейде коньюктиваның хемозы пайда болады,яғни қабынудың әсерінен көз алмасы қатты ұлғайып,көз саңылауын қысады.Көзден шырышты,іріңді бөліністер бөінеді.Жедел коньюктивит-бас ауруымен, t жоғарлауымен ж/е әлсіздікпен қатар жүреді.Оның ауытқуы аптадан аптаға дейін жүреді.Жедел бактериальды коньюктивит- айқын жарықтан қорқумен ж/е жиі жас ағумен жүреді.Коньюктива қызарып,қабынады ж/е нүктелік қан құйылу болады. Жедел вирусты коньюктивит- тұмаудан дене t жоғарлауымен, тамақтың ауырсынуымен, катаральды ринит соң дамиды. Ылғи, алдымен бір көзде,сосын екінші көзге пайда болады.Іріңді емес бөліністер,көзден қатты жас ағу,көз тітіркенуі, тұрақсыз қышу болады.Аллергиялық коньюктивиттің негізгі белгілері:шыдап болмайтын қышыну, коньюктиваның ж/е қабақтың ісінуі,ауырсыну,қызару. Хламидиялық коньюктивитте-Трахома ауруымен сипатталады,трахома білінбей басталады.Қабақтардың ауыр тартуымен,көзге құм тығылғандайсезім болады,қоймалжың-іріңді бөлініс пайда болып,қабақтар таңертең тұрғанда жабысып қалады.

Емі: жедел коньнктивит.ң емін окулист не/се офтальмолог жургізеді. Жедел бактериальды коньюктивитті емдеу үшін көзге тамызуға арналған антибиотиктер тағайындайды(сульфация натрий 0,25% ерт.н не/се левомицин).Жас ағудың көлемі көп болса,көзді фурациллин ерт.н,калий перманганатымен жуады ж/е де 1% олететрин майын күніне 1-3 рет ағымына байланысты жағады ж/е аминогликозидтер-тобрамицин, фторхинолондар-ципрофлоксацин,левофлоксацин пайдаланылады.Вирусты коньюктивит кезінде-вирусоцидті ж/е вирусостатикалық дәрілік заттар(ацикловир,ганцикловир,интерферон),стероидты емес қабынуға қарсы заттар-тамшы турінде ж/е иммунитетті көтеруге-иммунал қолданылады. Аллергиялық коньюктивиттерде-аллергияға қарсы препараттар тамшы турінде(мес жасушаларының мембраналарының стабилизаторлары)Кромогликат натрия. Н1 гистаминдерінің блакаторлары ішке(димедрол,лоратадин)қолд.ы.Олар гистамин рецепторларын тежеп,қабыну ағымын төмендетеді.Гормональды иммунодепресанттар-тамшы турінде(дексаметазон).Иммунокомплементті жасушалардың белсенділігін төмендетеді.Аллергологтың консультациясы-аллергендіанықтау үшін ұсынылады.Хламидилер-сульфаниламидтер мен антибиотиктердің тетрациклин қатарына,макролидтерге (эритромицин,олететрин),рифамицинге жоғары сезімді.Көзге 1 процентті тетрациклин,олететрин майын күніне 3-6 рет салады,осылайша 6 айға дейін жалғастырады.Егер нәтиже болмаса,арнайы қасқыш-пинцеттермен фолликулдарды сығу қолданылады.Сонымен қатар,антибиотиктер қолданылады.Асқынғанда хир.қ ем жүргізіледі.Трихиаз болғанда қабақтың шетін тіліп,сол жерге бір тілім еріннің дәнекер қабығын көшіріп орналастырып,дұрыс өспеген кірпіктер көз алмасынан алыстатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]