Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-20_eski_kaz_dlya_rasp.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261.47 Кб
Скачать

5. Нөмірлерге сай анатомиялық құрылымдарды жазыңыз.

1-колденен катпар 2-булшакетти кабаты 3-лимфалык фолликулдар4- шырышты кабат 5-тик ишек ампуласы 6-мускулус леватор ани 7-арткы тесиктин ишки кыскыш булшыкети 8-арткы тесиктик баганалар/крипталар/9-арткы тесиктин сырткы сфинктери 10-артткы тесик синустары 11-геморраидальди зона 12-анальди канал

6. Қабырға сынықтары. Негізгі клиникалық симптомдарды атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз. Болатын асқынуларын атаңыз. Жіктелуі: 1) Орналасқан жеріне байланысты: паравертебральді; аксилярлы; бұғана орта және төсмаңы сызығы бойымен сыну. 2) Қабырғалар санына байланысты: жекеленген бир қабырғаның сынуы; көптеген қабырғаның сынуы 2-3 не оданда көп.3)Қабырғалардың бір жақты және екі жақты сынуы. 4) Ығысуына қарай: ығысқан және ығыспаған. Клиникасы: Бір немесе бірер қабырға сынғанда мынандай белгілер болады: терең дем ала алмайды, жөтелгенде ауырады, түшкіргенде ұяғая түседі. Науқас мәжбүрлі қалыпта болады қолымен сынған жерді қысыңқырап ұстайды, сынған жағына қарай қисайынқырап отырады. Жалпы халі онша нашарламайды. Бірнеше қабырғаның сынуы: хал-жағдайы өте ауыр болады, оның түсі көгілдірленуі мүмкін, демалысы өте жиіленіп кетеді, әр демі кеңінен алынбайды. Ауру жата алмай отырған қалыпты дұрыс көреді және отырғанда екі қолын орындыққа тіреп, кеудесін созып отырғанды тәуір көреді. Өйткені, ол онымен сынған қабырғалардың қозғалысыназайтуға, әрі ауырғанын жеңілдету үшін. Сыртынан қарағанда бірнеше қабырғасы сыңған жағының дем алысы сау жағынан төмен болады және сол маңда ісік пайда болады. Бір немесе бірнеше қабырғаның екі жерінен сынуы: ауру өте нашар халде, түсі бозарып, бетінен, денесінен суық тер шығады. Науқас демді жиі алады, дем алғанда жауырыны иықтарымен бірге қозғалады, тамырлардың соғуы жұмсақ және төмен әрі жиі болады. Көбінесе тері астына ауаның жиналуы байқалады. Дем алғанда кезде алақанмен сынған жердің үстін ұстағанда қолға сынық бар жерден сүйектің сықыры білініп тұрады. Дем алғанда, демді ішке тартқанда сау жақ кеуде керіледі, ал жарақаттанған жақтың сынығы бар жері ішке қарай тартылады. Демді сыртқа шығарғанда сау жақ кеуде босап төмен ішке қарай тартылады, ал сынған жақ керісінше сыртқа қарай керіп үлкейе түседі. Мұны анықтап білу үшін ауруды рентгенография жасау керек. Рентгеногрофияда сынықт ғана анықтау емес, сонымен қатар өкпе қабының ішіне ауа немесе сұйықтық не қан жиналуында анықтаймыз. Емі: Емді бірінші ауырсынуды басу үшін 10мл 1% новокаин ерітіндісін не лидокаин ерітіндісін сынған жерге қабырғааралыққа енгіземіз, егер ауырсыну қайталанса тағыда дәріні енгіземіз. Ал, бірнеше жерден сынса Вишневский бойынша вагосимпатикалық блокада жасайды, 40-60 мл 0,25% новокаин ерітіндісімен, ұзын инені бұғана-төс-емізікше бұлшықетінің артқы бүйірінен еңгізіп IV мойын омыртқасының беткейіне дейін жеткізіп саламыз. Блокаданың әсерін Горнер үштігі бойынша анықтаймыз: птоз, миоз, энофтальм. Қабырғалардың сыңығы негізінен арнайы емшарасыз да жақсы бітіседі. Негізгі міндет: адекватты өкпенің желдетілуін сақтап отыру керек, ол үшін тыныс алу жаттығуларын жасау керек. Сынықтардың бітісуі 4 аптада жүзеге асады, 5-6 аптадан кейін жұмысқа қабілетті болады. Асқынулары: жұмсақ тіңдердің жыртылуы, зақымдануы,өкпенің жарақаттануы, пневмоторокс, гемоторкс, гемопневмоторакс,

7. Пубертатты жастағы қыз балалардағы жіті аппендициттің ағымының ерекшеліктері. Жедел аппендицит бұл-соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің қабынуы. Этиологиясы:нерв регуляциялық аппаратының бұзылуынан,бұзылысқа әкелетін факторлар:1.сенсибилизация(аллергиялық компоненттер-тағам,глисттер);2.рефлекторлы жол(асқазан,ішек,өт қабы аурулары);3.Басты тітіркендіргіштер(бөгде зат,нәжістік зат).Құрт тәрізді өсіндінің морфологиялық өзгерістеріне қарай:-катаральды,-гангренозды,-флегмонозды.Асқынулары:аппендикулярлы инфилтрат,дуглас абсцесі,пилефлебит,жайылған перитонит.Клин көрінісі:жедел аппендицит 12-16жас аралығындағы қыз балаларда жиі кездеседі,клиникалык көрінісі ересектердікімен бірдей болып келеді.Диагностикасы:анамнез жинау ж\е объективті қараудан бастайды,жедел аппендицитке тән симптомдар ситковский-науқасты сол бүйіріне жатқызған кезде құрт тәрізді өсіндінің ығысуына байланысты оң жақ мықын аймағында ауырсынудың күшейуі,Щеткин-блюмберг-сол жақ мықынды басып тұрып қолды алғандағы ауырсынуды айтады,Воскрисенский симптомы-науқастын киімін төмен қарай тартып үстінен қолды сырғанатқандағы ауырсыну.Кохер симп-эпигастрий кіндік кейін оң жақ мықын аймағына берілетін ауырсыну.Осы аталған симптомдармен қатар температураның жоғарылауы субфебрильді,құсу,жүрек айну,іш өтуі болады.Диф диагноз жүргізу үшін УЗИ,көлемді рентгенография,ректальды зерттеу.Пубертантты жастағы қыздар міндетті түрде гинеколог қарауынан өтуі қажет,өйткені жатыр қосалқыларының қабынулық ауралары,аналық без кистасы,жатырдан тыс жүктіліктің клин көрінісі ұқсас келетіндіктен.Емі.Негізгі емі хирургиялық,ену жолы Волкович Дяконов тәсілімен оң жақ мықын аймағын 3ке бөліп ортаңғысын тілу арқылы жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]