Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдебиет билет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162 Кб
Скачать
☆

Ол қалай Қайғы атанды?

 Асан жайындағы аңыздардың енді бір алуаны – оның қалайша Қайғы атануына байланысты. «Сенің талайыңа су перісінің әмірі су сұлтанының қызы несіп болайын деп тұр екен, – дейді бал аштырған жас Асанға балгер. – Төрт үлкен өзен бар: күнбатыста Еділ, Жайық – екі су, оңтүстікте ұзын аққан Сырдария, шығыста өр Ертіс. Бәріне де қармақ сал, бірінен болмаса бірінен ілінер». Перінің қызы Асанның қармағына Ертістің басынан ілініпті. «Адамзаттан өзге бөлек түрі жоқ, сұлулықта міні жоқ, жалғыз-ақ айыбы – сөйлесерге тілі жоқ». Біраз тұрмыс құрған соң, түсініспеушілік нәтижесінде шарттарын орындай алмаған Асанды тастап, қыз көкке ұшып кетеді. Ғашықтық азабынан Асан мұңды болып, сол себепті Қайғы атанған екен. Әрине, халық ұғымындағы Асанның қайғысының төркіні махаббаттан емес. Бұл бір зары адамды мұңға батырып, сарқылмас азапты ойдың тұңғиығына тартып кетер қаза күйі іспеттес нәрсе. Асан қайғысы – күнделікті өмірдің күйбеңі туғызған әдепкі, пенделік қайғы емес, адам атаулының қайғысынан мүлде өзгеше хал. Айтылмыш аңыздың бір нұсқасында Асанның өзінің асылы періден делінеді. Асан қайғы шын әулие болса, оның сүйегінде адамзаттық емес, құпия бірдеңе болуға тиіс. Тарихтан белгілі, кейбір адамдардың халық аңыздарында нұрдан, күн сәулесінен жаралған немесе перінің қызынан туған болып көрсетілетіні де сондықтан. Асан қайғысының түп себебі – перінің қызынан айырылудың зары деп ұғыну да – Асанды көтермелеудің, Асанға табынудың бір көрінісі, Асан қайғысының кәдімгі пенделік қайғы емес екендігін атап көрсетуге ұмтылудан туған құбылыс. Перінің қызы мен адамзаттың қосылуы, бірақ, асылы басқа болғандықтан тұрмыстарының ұзаққа созылмай, айырылысуы – қазақ фольклорында ескіден келе жатқан сюжет. Алайда айтылмыш аңызды осы кезбе сюжеттің тағы бір көрінісі деп қана қарауға болмайтын сияқты. Асан мен перизат жайындағы хикаяның Қазақстанның әр жерінен жазылып алынған оннан астам нұсқасы бар. Соның бәрінің өзегі – Асанның бақытсыз махаббаты. Егер халық түсінігі туғызған перінің қызын жай қызбен алмастырсақ, оқиға шындықтан онша алыс болмай шығады. Хикаяның алғашқыда Асан өміріндегі белгілі бір оқиғаға байланысты тууы ғажап емес. Уақыт оза келе ертегіге айналуы мүмкін. 

Жиренше (ХІҮ-ХҮ) — аты аңызға айналған дала данышпаны, шешен. Түркі халықтарына ортақ ойшыл. Өмірде болған тарихи тұлға ретіндегі болмысы аз зерттелген. Бірқатар өмірбаяндық деректерінің нақтылығына, шығармашылық стилінің айқындығына және автор ретіндегі есімі ел есінде ғасырлар бойы еш өзгеріссіз сақталғандығына қарамастан, Ж.-ге әпсаналық кейіпкер, жиынтық образ ретінде қарау басым. Шығыс мәдениетінің көне дәуірлердегі өкілдерін персонификациялауға күмәнмен қарауға бейім «евроцнтризм» салқыны сезіледі. Тіпті, әдеби лақап (псевдоним) пен жиынтық образ негізінде де шындық жататынын естен шығаруға болмайды. Ж. шешендік сөздері — далалық өркениет тәжірибесінің жарқын көріністерінің қатарына жатады. Терең тағылымды толғамдар өміршеңдікке шақырып, ақыл-ой салтанатын түйсінуге мүмкіндік береді. Жиренше шешен (туылған-өлген жылы белгісіз) — Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (15 — 16 ғ-лар) — қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмәр шешені.