Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдебиет билет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.49 Кб
Скачать

3. Сәкен Сейфуллин(1894-1939)

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин - 1894 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстауында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыған. "Өткен күндер" атты тұңғыш өлеңдер жинағын 1914 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастары ұйымдастырған "Бірлік" қауымы басшыларының бірі болған. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске тілектес өлеңдерін жазған. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен дәріс берген. Осы жылы "Асығып тез аттандық" өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, "Жас қазақ" революциялық ұйымын құрған. "Тіршілік" газетін шығаруға ат салысқан. 3 айлық педкурста мұғалім болған. 1917 жылы қарашада "Кел, жігіттер" өлеңін жазып, Қазан төңкерісін қуана қарсы алады. Осы жылы Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды. 1918 жылы "Жас қазақ марсельезасын" жазды, "Бақыт жолында" атты пьесасының премьерасы көрсетілді. 1918 жылдың 4 маусымында ақтардың көтерілісі болып, Ақмола Совдепі тұтқындалған. Атаман Анненковтың азап вагонында 47 күн ажалмен арпалысып, Сәкен 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады. 

17-билет

1. пікірталс мәдениеті талаптарымен таныстыру. Бағалау критерийлері: - Талаптардың мәнін түсінуі; - Өз ойларын дәлелдей алуы. Айтыскерге қойылатын талаптар: • Тақырыптан ауытқымау; • Өзіндік айқын көзқарастың, позицияның болуы; • Өзін - өзі дұрыс ұстай білуі; • Сөйлеу шеберлігі; • Жоғары мәдениеттілік (сөзге тоқтау, дауыс көтермеу, ашуланбау); • Қарсыласын да, аудиторияны да сыйлау, т. б.; • Қара басының намысымен қатар ортақ пікірге деген мүдделілік; • Қарсыласына кезек беріп отыру; • Регламент сақтау.

2. Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.

3.Көксерек

18-билет

  1. Тарихи Асан мен аңыз қаһарманы Асан 

Асан қайғы жайындағы толып жатқан аңыздардың нәр алған көзі – тарихи Асанның тірлігі мен кешкен өмірі. Алайда «Біз білетін, желмая мініп жер кезген данышпан қарттың шын Асанмен ортақ несі бар, тарихи Асан мен аңыз қаһарманы Асанның арасындағы қатыс қаншалық, бұлардың соңғысына қарап алғашқысының кейпін елес­тете аламыз ба?» деген мәселелерді шешу өте қиын. Әйткенмен, Мұхтар Әуезов айтқандай, «Аңыз әңгіменің тарихтық адамды біржола өзіне ұқсамаған кейіпке түсіріп әкететіні болмайды... Әрбір аңыз әңгіменің негізінде тарихта болған адамның шын кескінінің түбегейлі ерекшеліктері жүреді». Сондықтан халық аңызы жасаған Асан қайғының бейнесіне бажайлап қарасақ, белгілі дәрежеде тарихи Асанның кейпін де көруіміз хақ. Жұрт санасынан орын алған Асан – халық бақытын, ел тыныштығын ойлаған дана қария. Ай, ағамыз, ағамыз, Болдың бізге панамыз. Ноғайдың жетім-жесірін Қойдай айдап сен бақтың. Аш-арық болған ноғайға Пана болып, оларға Тамақ беріп, жем таптың! – дейді ер Тоған Асан қайғыға Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батырында».