Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдебиет билет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.49 Кб
Скачать

3. Елдегі әділетсіздік.Батырдың аңғалдығы.Исатай қазасы.Әсер етуші факторлар,халық қамы, ел жағдайы.Үстем тап өкілдерінің зорлығы. Ерлердің ісі бітер ме?

Беркініп садақ асынбай,

Біртіндеп жауды қашырмай,

Білтеліге доп салмай,

Қорамсаққа қол салмай,

Қозы жаурын оқ алмай,

Атқан оғы жоғалмай,

Балдағы алтын құрыш болат,

Балдағынан қанға боялмай,

Қасарысқан жауына

Қанды көбік жұтқызбай,

Халыққа тентек атанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?

Ерулі атқа ер салмай

Ерулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай.

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Әр түйірі ат болмай,

Атыңды байлап келгенде,

Қатын-бала жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық шөл көрмей,

Арып-ашып жол көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темірқазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!

10-билет

1.Ахмет Байтұрсынов Сөз өнерінің ғылымы атты еңбегінде сөз талғамының бірден бір шарттары ретінде Сөз дұрыстығы мен Тіл тазалығын алға қояды. Сөзді орынды қолданып, сөйлем мүшелерін ымыраластыру жазушының жауапкершілігі: мақсаты оқырманның не тыңдаушының көңілінен шығу болса, жазушы/сөйлеуші барынша сөз шеберлігіне ұмтылуы тиіс. Ахмет Байтұрсынов сондай ақ кірме сөздер туралы: «Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді ал» деп жазады. «Тіл тазалығы — ұлт мәдениетінің айнасы»Қазіргі күнде тіл тазалығы сақталмай келетіні өкінішті-ақ. Қазақша сөйлеп келе жатып, арасында орыс тіліндегі сөздерді айтпай қалмаймыз. Олар: как будто, именно, представляешь, потому что, сотка, т.с.с. Біреу қазақша сөйлеп келе жатып, осы сөздерді араластырып жібергенде құлаққа жағымсыз естіледі екен. Әсіресе теледидардан. 

2. Ол 1834 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. 1865 жылы Абаймен  кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан окиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі — «Біржан сал» әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар. Мысалы «Ләйлім-Шырак» немесе «Көлбай-Жанбай» әнінде жоғалған шідерін тілге тиек ете отырып, өзі қонып шыққан үйдің сұлу қызы Ләйлімге деген ішкі жан толкынысы, көніл күйі паш етіледі. Біржан сал патриархалды-феодалды заманның етектен тартқан ескілігіне, қарадүрсін заңжосығына, зорлықшыл ісіне, әлеуметтік әділетсіздігіне асқақ әндерімен, уытты жырларымен қарсы тұрған суреткер. Оның «Жанботасы» тек Азнабай болыстың ғана зорлықшылдығын әшкерелеп қоймайды, сол сияқты озбыршыл Жанботаларға деген акынның ашу-ызасын білдіреді. Ал «Адасқақ» атты әнінде осы ойын, шонжарларға деген іштегі ыза-кегін одан әрі айқындай түседі. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген Біржан салның наразылығы, өкініш үні тіпті оның өмірінің соңғы кезеңінде шығарған «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есік алды» деп аталатын трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі.

3. "Қараш-қараш оқиғасы" - повесть. Авторы - Мұхтар Әуезов. Бұл повесть 1927 жылы жазылған. Бақтығұлдың інісі Тектіғұл Сәлмен деген байдың кесірінен қайтыс болады. Бақтығұл кек алмақ болып, Сәлменнің жылқысын ұрлайды. Сәлмен осы жағдайды біліп, Бақтығұлды сабайды. Кейін ол үміт етіп Жарасбайға көмек сұрап барады. Бірақ Жарасбай оны сатып кетеді. Оған шыдай алмай кегінің орнына Жарасбайды мерт қылады.

Шығарма кейіпкерлері:

Бақтығұл -Еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ. Інісі үшін кек алғысы келді. Бақтығұлдың үш баласы бар: үлкені Сейіт - он жаста, бес жасар Жұматай, ең кішісі - екі жасар, емшектен әлі шықпаған қара қыз - Бәтимә.

Тектіғұл - Бақтығұлдың інісі. Сәлменнің қолында жұмыс істегенде, оны сабап тастайды.

Қатша - Бақтығұлдың әйелі.

Сәлмен - Қозыбақ ауылында тұрған бай.

Қоқай - Бойы еңгезердей Сәлменнің қорқақ жылқышысы.

Жамантай - Басты жылқышы.

Жарасбай - Бақтығұл үміт етіп көмек сұраған адам. Соңында Бақтығұлды сатып кетеді.

11-билет

1. Сөз қысқалығы мен нұсқалығы

2.Ақан 1843 жылы Көкшетау облысы Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған. Ол он үш жасқа келгенше Күнту деген молдадан мұсылманша оқыған. Бірақ сезімтал, сергек ойлы, ұғымтал балаға молданың оқуы ұнамайды. Кейін Қызылжарда Уәли медресесінде 2-3 жылдай дәріс алады. Жасынан өлең айтып, домбыра тартып, ән шығарумен шұғылданған Ақанның серілік өмірі басталады. Ел мұңын жоқтап, жүрген жерлері думанға айналған. Ақан сері Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сынды атақты сал серілермен жақын қарым-қатынаста болған. Ит жүгіртіп, құс салып аңшылық құрған. Алғыр қыран құс, жүйрік тазы ұстаған. Кейін Құлагер сияқты жүйрік атқа ие болған.

Ақан сері өмір шындығын терең жырлаған. Асқақ ақын ғана емес, сыршыл лирикалық сезіммен, әншілік орындаушылық композиторлық өнерімен бүкіл қазақ даласына танылған ерекше дарын иесі, арқаның ардагер ақын әншісі болды. "Ойқалқа", "Біздің көңіл қайда жатыр". Жастық, бозбалалық көңілде Ақан серінің көп жырлаған тақырыбы достық, махаббат болды. Өзі ақын, өзі әнші, өзі аңшы сұлу жігіт Ақанның халық арасына атағы тез жайылады. Оның айналасына қыз-бозбала топтала береді. Эстетикалық сезімі, талғамы күшті, ол Көкшенің көркем табиғатында туған небір әсем әндерін бабына келтіріп орындайтын болған. Ақанның енді қадірі ел арасында күннен-күнге арта түскен. Нәзік жанды ақын өмірдегі небір сұлу, әдемінің бәрін беріле жырлаған. Ол өзінің "Желдірме" өлеңінде:

...Ғашықтық бір ыстық күн, желі тынық,

Басына түскен жанның көңілі сынық.

Жарлы, бай, жаман, жақсы дегізбейді

Уа, шіркін, желіктірсе жігітшілік, –

деп бастан өткізген албырт жастықтың бір кезеңін сүйсіне толғайды;

3. Ақын ретінде Жұбан поэзиясының шыңы – ол «Мен қазақпын» поэмасы. Бұл поэма өткен ғасырдың 60-шы жылдары тың көтерілген облыстардағы қазақша жер аттары орысшаға ауысып, 700-ден астам қазақ мектептері жабылып, оңтүстіктегі екі аудан Өзбекстанға беріліп, Қазақстанның біртұтастығы мен ана тіліне яғни ұлт болашағына қауіп төнген кезде ұлттық рухты көтеру мақсатында тоталитарлық жүйенің саясатына қарсы жазылған туынды. Бұл поэманың атының өзінде осы ұлттың перзенті болғанына мақтаныш, ұлтына деген шексіз сүйіспеншілік жатыр.

«МЕН ҚАЗАҚПЫН» деп, мақтанышпен әлемге жар салған қасиетті сөзді Жұбанның айтуы заңды құбылыс. XV ғасырдағы ұлы ақын, әрі батыр қарға бойлы Қазтуғаннан басталып, Досмамбет, Жиембет, Махамбет, Марабай, Ақтамберді, Қожаберген… Сүйінбайлар жалғастырған қазақтың талай сөз зергерлері-арынды ақындар өткені белгілі. Солардың ішінде Махамбет, «Мен, мен едім, мен едім, Исатайдың барында екі тарлан бөрі едім …» деп жырласа, «Мен қазақпын» яғни осы ұлттың перзентімін деп мақтанышпен айту Жұбанға бұйырған екен. Ол, осылай деп жырлайтын ақыны бар ұлттың және солай жырлай алатын ақынның бағы. Себебі, қазақтың ұлттық намысын аяқ асты етіп, жерін тұтастығынан, ұл-қыздарын ана тілдерінен айырып жатқан тарихтың жолайырық кезінде найзағайдай жарқылдап мың өлген ұлттық намысты оятып, мәңгі өлмейтін жолға салып елдің еңсесін көтерген Жұбағаңның «Мен қазақпын» поэмасы болды.