Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдебиет билет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.49 Кб
Скачать

Билет жауаптары

1-билет

1. Қазақ тілі –жазба мәдениеті бар тіл(жауап жоқ)

2. Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады.Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді.

3. «Тазының өлімі» кеңес дәуірінде жеке адамның күрделі табиғатын ашу үшін өзі өскен ортасы мен жан-жануарлардың тіршілігін байланыстыру үрдісіне сүйенеді. Бас кейіпкер қазы ­аңшылықты ғана емес, өзінің туған жерін, адамға тән жақсы қасиеттердің баршасын сүйетін қарапайым жан. Оның бейнесі кей cәттe бедерлене сомдалған. Лашын тазының қасында көмескіленіп қалған шыңдай да болады. Бірақ ит образын шындыққа сай әр қырынан тұлғалап көрсету, реализм шеңберінен асырмай, жан-жақты сипаттау жазушының көркемдік табысы екені дау тудырмаса керек. Ендеше басын тауға да ұрып, тасқа да ұрып тыным таппай жүрген тазы бейнесінің мейлінше айқын сомдалуы адамнан гөрі иттің иггілігі құнды дегенді білдірмейді. Бұл шығармада күнәсіз хайуанат арқылы адам қауымының ортасындағы күрделі шындықты ашуға деген талпыныс бар. Осынау көркемдік әрекет жолындағы жазушының тандап алған тәсілі де ұнасымды.

Дүниежүзі әдебиетінде де, қазақ әдебиетінде де бұған дейін-ақ жан-жануарлар, оның ішінде ит туралы шығармалар жазылғанын ескерсек, солардың ішінде «Тазының өлімі» өзіндік көркемдік ­идеялық ұстанымдары арқылы ерекшеленеді. Оның иесі – Қазы соғыс мүгедегі, ескінің көзі сынды қазақи арман мен мұңға бейім жан. Tазы болса, иесінің ішкі әлемінін кыжылы мен шыжығының бір көрінісі сынды тілсіз хайуан. Fұмыp бойы ата-баба дәстүрін қадірлеп өткен, дәстүрді сақтау дегеннің ұлтты сақтау болып табылатынын іштей ғана түйсініп, айналасына ашық жариялай алмай, тіршілікпен қоштасқан Қазының қайғысы қалың қазақтың іштен тынған мұңын сездіреді.

Ал Лашын тазыны сол мұңның көкірегіне беріштей байлану себебін білдіретін тілсіз символикалық бейне ретінде қабылдаған лазым. Адам құрған қақпанға түсіп, қазаға ұшырайтын тазы, әрине, Қазы отағасының орындалмай, аянышпен аяқталған арманы сынды. Жазушы адам мен ит тағдырын бірнеше көркемдік арқаулары арқылы байланыстыра отырып, мазмұны мен пішіні тұтас құйылған шығарманы өмірге әкелген [12, 764 б.].

Жазушының «Тазының өлімі» атты хикаяты тек жануарларға ғана арналып қойған жоқ, ол иттің іштей ойлауы арқылы, адамдардың бір-біріне деген адамгершілігі, олардың бірін-бірі қалай сыйлайтындығын, адамдардың бір-біріне қалай күш көрсететіндегі туралы жаза келіп, тазының иесі өлгеннен кейінгі тағдырын суреттейді. Яғни ол иесі өлгеннен кейін ешқандай басын сипайтын тіреуіші, алдына ас беретін сүйеніші жоқ қалып, ақыры қасқырлардың жемі болып өлген суреті бейнеленеді. М.Әйтімов: «Қысқасы повестегі жас жазушының қол жеткен үлкен табысы – характерлер бойындағы ұлттық колорит айқындығы дер едік» [15, 147 б.] – деп өз пікірін білдірген. М.Мағауин: «Белгіленген тәртіп бойынша, сен тек отаршылды мақтап, арсыздықты жақтауға тиіс едің. Әрбір жақсы жазушы өз қатарынша қожайынға емес, қара орман жұртына қызмет жасауға талпынды, заманынан озуға тырысты. Озғандығының белгісі – келесі ғасырға өтетін бүгінгі өрелі қазақ прозасы» [2, 240 б.] – деп сол кездегі саясатқа қарамай-ақ өзінің ақ сөйлегенін айтса керек.

2-билет

1. Сөйлеу тілі және оның айырым белгілері

2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей ықпалымен қазақтардың шаруашылық өмірінде елеулі өзгерістер болды. Кіші жүздегі және Орта жүздің солтүстік аймақтарындағы көшпелі халық бірте-бірте отырықшыланып, пішен шабумен, малға қыстық жемшөп әзірлеуменайналыса бастады. Патша өкіметі қазақ жеріне де, еліне де отарлық саясат жүргізді.Хан билігі жойылды, саяси билік сұлтандардың қолына өтті. Қазақстанның Оңтүстік аймақтарында Қоқан, Хиуа феодалдары үстемдік етті. Сайрам, Шымкент, Түркістан қалалары маңындағы,Талас алқабындағы, Ташкент қаласы мен Арыс өзені арасындағы қазақ қоныстары Қоқан ханына, ал Сырдария өзенінің төменгі ағысы мен Арал өңіріндегі қазақ жерлері Хиуа ханына бағынышты болды. Екі жақты қанау қазақ елін титықтатты. Десек те, қазақ халқы жат жұрттық құлдыққа төзген жоқ. 1821 жылғы Түркістан, Шымкент және Әулиеата маңындағы қазақ шаруалары қатысқан көтеріліс ерекше күшті болды. Көтерілістің жеңілгеніне қарамастан, қазақ шаруалары езушілерге қарсы күресті тоқтатқан жоқ. Бұл пікір Шәкәрім жазған «Қазақ шежіресінде» және М.Дулатовтың «Хан Абылай», «Қазақ-қырғыздың ата-тегі туралы»мақалаларында, А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» [1,10] кітабындада айтылады. С.Сейфулиннің «Қазақ әдебиеті» (1932), М.Әуезовтің«Әдебиет тарихы» (1927) [2,24] еңбектерінде тарихи жыр төңірегінде кеңінен сөз болады.ХІХ ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен де, бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бұл дәуірде айтыс өнері дамып, атақты ақындар Жанақ,Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты ақындар қатары Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала сынды қыздардың есімдерімен толықты. ХІХ ғасырдағы әдеби-мәдени өмірдің үш басты ерекшеліктерін байқауға болады. Оның біріншісі, жоғарыда сөз болған қоғам тарихындағы саяси әлеуметтік жағдаяттар мен мемлекеттік құрылыстағы жаңалықтар болса, екіншісі, қазақ кітаптарының алғаш рет баспадан жарық көре бастауы, әдеби шығармаларды насихаттаудың, таратудың жаңа сапалық сатыға көтерілуі еді. Үшіншіден, қазақ әдебиеті біртіндеп жаңа әдебиет арнасына түсе бастады. Қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі негізінен осынау үш тарихи құбылыстың тоғысында өріс алды.Ал, зерттеуші С.Мұқанов қазақ елін, жерін отарлау І Петр заманынан туғандығын, Әбілқайыр хан тұсында оның іске аса басағандығын айта келіп, осы отарлау саясатына қарсы күрескен қазақ батырлары жайлы жазылған халық шығармасына талдау жасаған [3,180]. Солардың бірі Сырым Датұлы туралы жыр. Зерттеуші «Қазақтың ХVІІІ- ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942) атты еңбегінің«Бостандық күресі» деген бөлімінде Сырым Датұлының өмірінен деректер бере отырып, төмендегідей қорытынды жасаған: Біріншіден, Сырымнан ілгерілек өткен Бұқар жырау патша өкіметінің отаршылдық саясатынан соққан ызғардың алыстағы демінен қалтыраса, Сырым батыр сол ызғардың төтеген боранынан тұншықты,аязынан үсіді. Бұқар жырау отаршылдық өртінен алыстан байбалам салып,оның арты неге соғарын данышпандықпен болжаса, Сырым батыр ол өртке шарпылып, оны сөндіруге жанталасты. Сырым көтерілісі Бұқар жырауда айтылатын қауіптің расқа шыққанын іс жүзінде дәлелдеді», – дей келіп, бұл көтерілістің 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске дейін ұласқанын айтады. Сонымен қатар, Сырым туралы халық жырының әзірге қолда жоқтығына байланысты оның бұл очеркке он әңгімесін енгізіп, бұл әңгімелердің өзінен Сырымның бейнесін ұғуға болатындығын, оның халық аузында сақталған тарихи әңгімелерге қарағанда батыр болуымен қатар атақты шешен болғандығын айтады. Ресейге қарсы бағытталған отаршылдыққа қарсы күрес елдің рухани өміріне де ықпал етті.

3.Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан  Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қарой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Махамбет шығармалары: Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға тақырлы. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арнаған 106 өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн жағынан байыта, жетілдіре түсті. Махамбеттің лирикалықөлеңдері, көбіне, толғау, жыр, терме үлгісінде жазылды. Исатайға арнаған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Махамбет шығармашылығы қазақ поэзиясы жанрларының қалыптасуына (сатира, элегия, монолог, арнау, т.б.), стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері ақын шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті («Мұңайма», «Желп-желп еткен ала ту», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Ұл туса», «Толарсақтан саз кешіп»). Ақын жырларында орыс, араб, парсы сөздері көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Махамбет жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты. Махамбет шебер күйші де болған, оның 11 күйі «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді (1982). Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Кобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар әсер еткен. Алғаш «Мұрат ақынның Тұмар қажы оғлына айтқаны» деген жинақта (Қазан, 1908) Махамбеттің 100 жолдан астам екі толғауы басылды. Ғ.Мүштақ құрастырған «Шайыр яки қазақ ақыңдарының басты шығармалары» жинағында (Орынбор, 1911) Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 ж. Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп (2003), 4 томдық жинағы жарық көрді.

3-билет

1. Кітаби тіл . 16-17 ғасырлардан бастап 20 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы мәдени дүниесінде ауызша төл әдеби тілмен қатар және бір әдеби тіл өмір сүрді. Ол - бірқатар түркі халықтарына ортақ ортаазиялық жазба әдеби тіл - түркінің «жергілікті» (қазақтың), кейінірек 19 ғасырдың соңғы ширегінде «кітаби тіл» атанған түрі. Мұның қолданылу аясы төл әдеби тілден басқа болды. Ауызша қазақ әдеби тілі көркем әдебиет пен заң-сот (билер сөздері) ісі, шешендік өнері сияқты салаларға қызмет етсе, түркілік жазба тіл ресми қағаздар мен хат түріндегі (эпистолярлық) жанр, мұсылманша діни әдебиет және ғылым салаларында қолданылды. 

2. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия;1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы,фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде«Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.

Қашғарияға сапары

1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашғария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарияға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқарияға сапарынан «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді.

3. Жазушының кең құлашты, өзектішығармасы - бес кітаптық «Қызыл жебе» эпопеясы. Қазақ халқының бір туар ұлыТұрар Рысқұлов туралы бұл көлемді туынды Тұрар тағдыры арқылы қазақ халқыныңбасынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. «Қызыл жебе» халықтың ыстықықыласына бөленген шығарма. Тағы бір айта кететін жай, «Қызыл жебе» романындағыТұрар Рысқұловтың туған, жүрген жерін, әсем табиғатын аса бір шеберлікпен,керемет көркем оймен шынайы суреттеуі.Әрбір адам дөңгеленгентарихта әртүрлі оқиғаларға куә болып қана қоймай, сол күрделі оқиғаларға тікелейқатысты және жасаушы болып тарихта қалатынын оқырманның алдына тартады. ТұрарРысқұлов сияқты күрделі тұлғаны әдебиетке әкелу жазушының үлкен ізденімпаздығы,тарихи оқиғаларды таразылауы үлкен ерлікке пара-пар деп айтсақ, асырыпайтқандық емес. Шын мәнінде Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұлов сияқты ел тұтқасыбола білген азаматты әдебиеттендіру арқылы қазақ әдебиетіне үлкен бір сомтуынды қоса отырып танытып берді. М. Әуезов «Абай жолы» романы арқылы қазақхалқының ғасырлық тарихын дүниеге паш етсе, Шерхан Тұрар бейнесі арқылықарама-қайшылыққа тұнып тұрған қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, ең ауыркезеңін шынайы суреттей білді.

4-билет

1. Тілдік жүйе табиғи тілдің ішкі заңына лайық (үйлес), сөздік құрам мен грамматикалық құрылыстың тұрақты қарым-қатынасқа түскен элементтерінің бірлігі мен тұтастығы. Тіл белгілі бір жүйе ретінде өмір сүреді. Тілдік жүйе сөздердің әртүрлі өзгеріске түсу мен сөйлемде тіркесу заңдылықтары анықтайды. Тіл - сөздер мен сөз тіркестерінің белгілі бір заңдылыққа құрылған тұрақты жүйелерінің жиынтығы. Тілдік жүйе тұтас бүтін, ал оның құрамындағы әр бөлік (компонент) бүтіннің бөлшегі. Әр бөлік өз алдына оңашаланбайды, жүйенің өзге бөлігіне қарама-қарсылықта түзіледі. Сондықтан да Тілдік жүйенің әр бөлігі Тілдік жүйе мәні (қызметі) тұрғысынан қарастырылады. Тіл таңбалар жүйесінің ерекше түрі. Ол екі қалыпта жүйеленген. Бірі тілдік тұлғалар (единицы) қатынасының "тік қалыпта жүйеленген ережелері мен заңдары" (қ. Парадигматика). Tap мағынада алғанда, Бұл сөз қосымшалары жүйесі (морфологиялық парадигма: бала, бала-ның, бала-ға, бала-мен т. б.). Кең мағынада алғанда, Бұл тіл деңгейлерінде (морфология, синтаксистік, лексикалық, сөзжасам) "тік" қалыпта орныққан Тілдік жүйе жиынтығы. Екіншісі тілдік тұлғалар қатынасының "көлденең" байланыста қалыптасқан жүйесі (қ.Синтагматика). "Көлденең" қалыпты жүйені нақты байқауға болады (қанағат-тан-дыр-ар-лық). Бір сөйлемдегі сөздерді дауыс ырғағымен бөлу арқылы сөйлеуші хабарламаға қатынасын білдіріп отырады (Асан / Меркеге Алмамен барады, Асан Меркеге / Алмамен барады, Асан Меркеге Алмамен / барады). "Көлденең" қалыпты жүйе тілдің әртүрлі деңгейінде бой көрсетеді. Тілдік жүйе тілде жоқ болатын құбылысты да қабылдайды.

Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.[1] Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – бәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. Халық тілінің сан қабат байлығы басы бір жерге қосылмайтын бытыраңқы құбылыс емес. Олардың бәрінде әдеби тілге негіз боларлықтай заңдылықтар бар. Қазақ әдеби тілі халық тілінен өзіне керегін таңдап-талғап, сұрыптап алып, оларды жалпы жұртқа ортақ етіп, халықтың тіл мәдениеті дәрежесі жоғары болу үшін оларды бірізге түсіреді.

Тілдік норма әдеби тілдің нормасы арқылы реттеліп отырады. Әдеби тіл нормасы өзгермейтін, сірескен қатаң қағидаларға құрылған жүйеге ғана емес, динамикалық қасиетке ие дағдыға да сүйенеді. Мәселен, тілдік жүйебойынша тізгінде, шылбырла, бұзаула, ботала, т.б. қолданылатын сөздер қатары ара-тұра ауытқуға жол береді. Салыстырыңыз: ат тұсады дегенді ат тұсаулады, қой қоздады дегенді қой қозылады деу тілдік жүйеге кереғар болмағанымен, бірақ дағдыға айналып, дәстүрге енген құбылыс емес. Кейбір сөздерді қолдануда тілдік жүйе ментілдік дағды қайшы келіп жатады. Қозыла деп қолдану тілдік жүйенің қысымы, әсер-ықпалы екенін байқау қиын емес. Ат ертте дегендегі ерттедіні ерле деп қолдану да соған ұқсас: «Көкем атты ерледі, ерлеп жүріп терледі» (Манашыұлы Тұяқбай). Тілдік жүйе бойынша ерле болуға тиіс (салыстырыңыз: шідер-ле, жыр-ла, түр-ле («текеметке түр басу», т.б.). Кей жағдайда тілдік жүйе мен тілдік дағды айнымас бірлікте болса, кейде өзара қайшылықта болып күреске түседі. Тілдік жүйе бойынша ерле болуға тиіс сөздің ертте болуы жүйеге қарағанда дағдының басым түсуінен деп түсіну керек.

2. Өмірбаяны

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріyде туып, 1871 жылы дүние салған.  Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.

Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.

Дулат "Айтқызбасымды айтқыздың" өлеңінде:

Менің атым – Байғыз қарт,  Көзге түсер сиқым жоқ,  Орынсыз күлер күлкім жоқ,  Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.  Көзге қораш бойым бар,  Теңізден терен ойым бар,  Шынардан биік санам бар,  Атан өгіз ағызған  Ақылдан алпыс салам бар.  Қорған құрыш сөзім бар,  Бұлттан өтіп, мұнарды  Болжайтұғын көзім бар...  Қайратымнан атым зор  Белгілі атым өлемге.  Қорашсынсаң денемді,  Кеудем – ақыл сарайы,  Кірем десең, кел, міне, – дейді.

Бұл – ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт – ақынның өзі.

3. Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.

Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса, Сап-сары, аяқтары ұзын маса. Өзіңе біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен, қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,  Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,  Қоймастан құлағына ызыңдаса?

Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі. «Масаның» негізгі идеялық қазығы — жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу.

5-билет

1. Қатаң норма - тілдің заңдастырылған нормаларымен бекітілген, тілдегі әр тірлі нұсқада айтылатын сөздерді бірізділікке, бір арнаға түсіретін қазақ тілінің тілдік нормасы. Қатаң норма тіл жүйесімен бұлжымас бірлікте болады. Тіл заңдылықтарын жете білетін адамға бұл еш қиындық тудырмайды. Тілде белгілі бір сөзді әр жерде әрқалай айтуы мүмкін. Осы жерде қай сөзді дұрыс қолдануды айғақтап беру үшін қатаң норма енгізілген. Мысалға, қазақ тілінде бұйрық райдың екінші жағындағы етістікті үш түрлі айтады: сен бар, сен барғың, сен барың. Қазіргі қатаң нормаға сәйкес аталмыш үш нұсқаның біріншісі, яғни сен бар нұсқасы айтылып жүр. Ал сен барғын, сен барыңүлгілері диалектілерге жатады. Үш нұсқаның жанына жақын тартқанын таңдап алу сөйлеушінің ырқында болмайды. Тіл тәжірибесінде сыннан өтіп, жұртшылық таныған түрін ғана сөйлеуші қарым-қатынас мақсатында өолдана алады. Бұл - қатаң норманың грамматикалық мысалы. Қатаң нормалардың түрі фонетика, лексика саласында да кездеседі.

2. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

3. Жансүгіров Ілияс — ақын,қоғам қайраткері. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. 1894 мамырдың 5-інде туған,1938 жылы қайтыс болған. Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін,1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. Жансүгіровтың баспа бетін көрген алғашқы туындылары – «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Бұлар 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Осыдан былай қарай Жансүгіров халқына қаламы ұшталған, терең ойлы, талантты ақын ретінде мәшhүр болды. Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы. Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты. Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, М.Горькийдің, Г.Гейне менВ.Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Ж. ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Ж. аударғаның дәлелдеді. Республикада бірнеше мектеп, көше, аудан, шаруашылыққа, Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университетіне оның есімі берілген. Сол қалада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.

Қазақ әдебиетіндегі орны

Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.

6-билет

1.Әлбетте, тіл үнемі даму үстіндегі құбылыс болғандықтан, оның әдеби тілдік нормалары да ішінара өзгеріп, жетіліп отыратыны заңды. Ондай өзгерістер, әсіресе, сөз мағынасына, сөз тұлғасына, сөз құрамына қатысты болып отырады. Тілде жаңа сөздердің, оралымдардың тууымен байланысты екі не одан да көп нұсқалардың қатар қолданылатын кезеңдері болады. Сондықтан әдеби тіл нормасында да екіұдай қалыпта қолданылатын сөздер ұшырасып жатады. Ол бала тіліне де әсер етпей қоймайды. Сол себепті ғалымдар тілдің нормалануының үш деңгейін саралап көрсетеді:

1-деңгейдегі норма - қатаң норма - міндетті түрде сақталуы керек, өзгертілмейтін, басқа нұсқаның қолданылуына жол бермейтін норма. (Мысалы: ауызша тілде шегара деп айтылғанмен, жазбаша нұсқада тек шекара деп қолданылады).

2-деңгейдегі норма - босаң норма - екі нұсқаның қатар қолданылуына шек қоймайтын, еркіндікке ыңғайлы норма. (Мысалы: мақрұм сөзінің махрұм, рақмет сөзінің рахмет нұсқасы тілде қатар қолданыла береді).

 3-деңгейдегі норма - өзгермелі норма - ауызекі тілдегі көнерген формалардың қолданылуына шек қоймайтын норма” [5,77 б.]. Біздіңше, алдыңғы екеуі нормалану деңгейіне жатқанымен, соңғы деңгей норманың талабына жауап бере алмайды. Өйткені нормалаудың басты кртерийі – оның тұрақтылығы. Ал осында көрсетілген үшінші деңгейде ол талап мүлде ескерілмейтіндіктен және тілді қарабайырландырып жіберетіндіктен, оны норманың деңгейіне жатқызу ойға сыйымсыз.

2. Байтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937,Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым,түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1]Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Москвада шығарды.

3. Романның басты ерекшелігі – ең әуелі бірінші жақта жазылуында. Барлық оқиғалар бас қаһарман Қайроштың көзімен көрініп, көзқарасымен беріледі. Баяндаудың бұл тәсілі кейіпкерлердің портретін «ішкі жағынан» көрсетіп жасауда ұтымдылық танытқан. Лирикалық шегіністер, толқынды толғаныстар адам жанын жан-жақты ашып көрсетуге таптырмас табыстарға жетелеген. Романның басындағы он жасар бала мен соңындағы өмірдің не бір қия соқпақтарынан өткен сақа жігіттің өмірге деген көзқарастарындағы жер мен көктей айырма даму үстінде шебер көрсетілген. Романды ажарландырып тұрған тағы бір өрнек – Ғ. Мүсіреповтің шығармашылығына тән жеңіл әзіл мен ащы мысқыл. Юмор мен сатира жау жақтың іс-әрекеттерін бейнелегенде жиі қолданылған. «Қазақ солдаты» романында соғыс шындығы реалистік шыншылдықпен бейнеленген.

7-билет

1.Сөз сапасы туралы түсінік

2. Мағжан Жұмабаевтың өмірі  «Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген. Абай да сөздің ішін мәнерлеп, тонын сұлу қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет жа-сауда, сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ... Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әде¬биетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ», - деп жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы «Мағ¬жан¬ның ақындығы туралы» деген мақаласында.  

Мағжан Жұмабаевтың  шығармашылығы  XVIII ғасыр қазақ халқының қиын-қыстау заманы болды. Жоңғар, қалмақтың жан-жақтан қыспағы елді қатты күйзеліске ұшыратты. 1723 жылғы қайғылы да қасіретті «Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама» оқиғасы елдің еңсесіне батты. Қазақ елі бытыраңқылыққа ұшырады. Осы кезде халықтың басын қосып, қасына батырларды жинаған ер Абылайды айтпай кетуге болмайды. Жастайынан Төле бидің қолында өскен Сабалақ жорықтарға қатысып, ерлігінің арқасында елдің айбатты арыстанына айналды. Елжіреген жұрттың қамын ойлап, халықты ауызбіршілікке шақырып, елдің еңсесін көтерді. 

3."БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене

Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?

" Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,

Жомарттығы өзгелердің ырысынан жасалған.

Талайларға байлық жинау болса дағы бас арман,

Кейде Бақыт байларға да қолын бермей қасарған.

Әлде Бақыт сұлулық па, олай дейін десем мен,

Сұлулар жүр бай аяққа кілем болып төселген.

Әлде Бақыт билік пен екен қылыш мүдде ұстаған,

Тіпті қайсар қырандары рұқсатсыз ұшпаған,

Жағымпазы сырт көздерді шошындырып сұрқымен,

Бастығының көн етігін шөткелеген мұртымен.

Шын парасат иелері бірақ оған бармаған,

Олар өзін жаудан бұрын жағымпаздан қорғаған.

Иә, биліктің қадамы тоқ, қамалы жоқ алмаған,

Кей қасқалар биліктен де бақыт таппай сорлаған.

"Бақыт деген немене бұл, немене екен, немене

Көрсет маған, құшақтайын, көтерейін төбеме"

Деп едім мен, дәл сол сәтте ойы, бойы сымбатты

Әбден қажып, шашы ағарған ШЫНДЫҚ келіп тіл қатты:

Төрт ана

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Әр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мәңгі астана, Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, Болу керек құдіретті төрт ана: ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны, ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі өнеге айдыны, ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ – тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі, Және ТУҒАН ТАРИХЫ, Еске алуға қаншама Ауыр әрі қасіретті болса да. Құдірет жоқ төрт анаға тең келер, Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер. Өзге ананың ұлылығын танымас, Төрт анасын менсінбеген пенделер. Төрт анадан сенім таба алмаған Тамырсыздың басы қайда қалмаған?! Төрт анасын сыйламаған халықтың Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған. Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы, Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!

8-билет

1. Сөз дұрыстығы дегеніміз – сөзді грамматикалық тұлғаларды, сөз тіркестері мен сөйлемді тілдегі мағынасына, айтатын ойына сай қолдану. Ахмет Б. сөз ұнамды, өңді болуы үшін талғаудың басты шарты: «Сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл (лұғат) анықтығы, тіл дәлдігі мен тіл көрнектілігі» деп көрсеткен.

2. Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. Балғожа бұл ойын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең-хатында былайша білдірген: Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!