
- •Лейкоздар
- •Лейкоздардың пайда болуындағы химиялық ықпалдардьщ маңызы.
- •Лейкоздардың пайда болуындағы вирустардың маңызы.
- •Лейкоздың пайда болуындағы радиацияның маңызы.
- •Лейкоздардың жіктелуі.
- •397Жасушалардың өсіп-өнуі байқалады. Олар салыстырмалы түрде баяулау жөне жеңілірек өтеді.
- •Жіті лейкоздар.
Лейкоздардың жіктелуі.
Шеткері қанда лейкоцитгердің санына қарай оларды:
♦ лейкемиялық (200-400 • 109/л-ге жуық);
♦ сублейкемиялық (60—80 • 109/л);
♦ алейкемиялық (қальшты немесе азайған деңгейде) лейкоздар деп ажыратады.
Даму жылдамдығына қарай:
— жіті;
— созылмалы — болып ажыратылады.
Жіті лейкоздар кезінде сүйек кемігінде аз нақтыланған жөне ары қарай нақтылану қабілетін жоғалтқан жасушалардың өсіп-өнуі қарқынды түрде артып кетеді. Бүлар өте тез дамиды жөне организм тіршілігіне ауыр қатер төндіреді.
Созылмалы лейкоздар кезінде нақтыланып келе жатқан, ары қарай нақтылану қабілетін сақтап қалған жасушалардың және жетілген
397Жасушалардың өсіп-өнуі байқалады. Олар салыстырмалы түрде баяулау жөне жеңілірек өтеді.
Жіті және созылмалы лейкоздар дерттік өзгеріске ұшыраған қан түйіршіктерін өндіретін тіндердің түрлеріне қарай ажыратылады. Осыған байланысты миелобластық, монобластық, мегакариобластық, эритробластық, лимфобластық, плазмобластық және ажыратылмаған жасушалық жіті лейкоздарды ажыратады.
Созылмалы лейкоздар: созылмалы лимфолейкоз, созылмалы мие-лолейкоз, созылмалы моноциттік лейкоз, созылмалы мегакариоциттік лейкоз, эритромиелоз, эритремия, созылмалы базофилдік лейкоз, созылмалы эозинофилдік лейкоз түрлерінде кездеседі.
Лейкоздың негізгі нышаны болып қан өндіретін тіннің артық өсіп-өніп кетуі есептеледі. Ол сүйек кемігінде және шеткері қанда байқалады. Кейде лейкоздық өзгеріске үшыраған жасушалардың өсіп-өнуі сүйек кемігінде болып, шеткері қанда олар лейкоздың соңғы сатыларында ғана пайда болуы ықтимал.
Жіті лейкоздар.
Жіті миелобластық лейкоз (ЖМЛ) миелоидтық тіндегі бластық жасушалардың өсіп-өніп кетуі. Бүл жасушаларға миелобластар, промиелобластар, монобластар, эритробластар және мегакариобластар жатады. Қалыпты жағдайда олар эритроциттерге, нейтрофилдерге, моноциттерге жөне тромбоциттерге дейін нақтыланады. Жіті миелобластық лейкоз дамуы үшін нақтылану қабілеті азайған, қатерлі өскін туындататын, хромосомасы бүлінген бір жасушаның пайда болуы жеткілікті. Бүл бластық жасушалар, апоптозға үшырамай, барлық жағдайда тіршілігін сақтап қалады. Олар жетілмейді жене кемедденген жасушаларға нақтыланбайды да, сүйек кемігінде жөне басқа тіндерде жинақталып қалады. Осыдан жетілген эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер азайып кетеді. Бүл лейкоздар кездерінде хромосомалардың қалыптыдан ауытқулары байқалады.
Қан жасушаларының сүйек кемігінде болатын, жетілмеген жас (бластық) түрлері шеткері қанға шығады жөне онда лейкоциттердің жалпы саны тым қатты көбейіп кетеді. Шеткері қанда лейкоциттердің бластық түрлерінің неғүрлым көп болуы тез дамитын, жіті лейкоздардың белгісі болады. Сондықтан тез дамитын миелобластық лейкоз кезінде шеткері қавда біршама көп миелобластар кездеседі. Бөлшектелген ядролы нейтрофильдер азаяды. Миелобластар мен бөлшектелген ядролы нейтро-фильдердің арасындағы аралық жасушалар (промиелоциттер, миелоцит-тер, метамиелоциттер және таяқша ядролы нейтрофилдер) бірен-саран немесе мүдде болмауы мүмкін. Бүндай жағдайды лейкемиялық үңгір (грек. hiatus leukaemicus) деп айтады. Сонымен, жіті миелобластық лейкоз кезінде сүйек кемігінде лейкоциттердің жас, бластық, түрлерінің жетіліп кемелденуі қатты төмендеген жөне олардьщ шеткері қанға көптеп түсуі байқалады (31-сурет).
398
31-сурет. Жіті миелобластық 32-сурет. Созылмалы
лейкоз. миелолейкоз.
Жіті лимфобластық лейкоз (ЖЛЛ) кезінде жетілмеген лимфобластар кемелденген лимфоциттерге дейін нақтыланбайды. Бүл лейкоздың 70%-нда пре-В жасушалы түрлес лимфобластар болады. Бүл бластық жасушаларда жас В-жасушаларының CD19 антигені мен иммундық глобулиндердің гендері дерттік өзгерістерге үшырайды.
Қалған жағдайларда жіті лимфобластық лейкоздың дамуы Т-лимфобластармен байланысты болады. Оны Т-жасушалы түрі дейді. Т-лимфобластарында Т-жасушаларының жас антигендері мен олардың рсцепторларының гендері дерттік өзгерістерге үшырайды.
Жіті лимфобластық лейкоз кезіңде шеткері қанда лимфобластар басым болады, жетілген лимфоцитгер аздап кездеседі (33-сурет).
33-сурет. Жіті лимфобластық 34-сурет. Созылмалы
,. лейкоз. лимфолейкоз.
399Созылмалы лейкоздар.
Созылмалы лейкоздар кезінде жетіліп келе жатқан, нақтылану қабілетін жоғалтпаған және кемелденген қан жасушаларының өсіп-өніп кетуі байқалады. Бұл лейкоздар: созылмалы миелолейкоз, лимфолейкоз, моноциттік лейкоз, мегакариоциттік лейкоз, созылмалы эритромиелоз деп ажыратылады.