- •Мазмұны
- •Адамдардың қалай оқитындықтары туралы білім саласындағы заманауи жетістіктер
- •Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- •Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- •Талантты және дарынды балаларды оқыту
- •I деңгей. Нормативтікке дейінгі моральдік пайымдау
- •II деңгей. Дәстүрлі моральдік пайымдау
- •III деңгей. Нормативтіктен кейінгі моральді пайымдау
- •Оқытудағы басқару және көшбасшылық
- •Апқ (американдық психологиялық қауымдастық) талаптарына сәйкес жазба жұмыстарда сілтемелерді ресімдеу ережесіне шолу
- •Этикалық талаптар
- •Үшінші деңгей бағдарламасын игеру қорытындысы бойынша мұғалімдерді бағалау
- •2. Портфолионы бағалау
- •3. Таныстырылымдарды бағалау
- •1. Бағдарламаның түйінді идеяларын білу және түсіну.
- •2. Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның түйінді идеяларын қолдану.
- •3. Оқыту мен оқудың жаңа практикасын енгізу туралы ойлану және одан әрі дамытуға арналған тәсілдер мен идеяларды белгілеу.
Оқытудағы басқару және көшбасшылық
Берілген модуль тақырыбы педогогикалық жетілудің пайдаланылмаған әлеуеті, мұғалімдерге қолдау көрсетілген жағдайда, кәсіби өсу мен бірлескен кәсіби білім беруде іске асырылады деген сенімге негізделген.
Бұл көзқарасты HertsCam Network (ХертсКэм Нетворк) желісі және «Мұғалім көшбасшылығы» халықаралық жобасы қолдап отыр. Ол педагогикалық жүйе сәтті болу үшін, оқыту барлық деңгейде қатар жүру керек, яғни оқыту оқушыларды/студенттерді, мұғалімдерді және де мектеп жүйесінде жұмыс істейтін қосымша қызметкерлерді түгел қамту керек деген көзқарасқа негізделген (MacBeath et al., 2006).
Терең кәсіби біліктілік
Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі (Hoyle, 1974). Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын, кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл тәсілдің аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып, мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003). Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады (Frost, 2011).
Оқыту сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымсыз да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып, адамдарға әсер етуге болады. Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды жетілдіріп, стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене аламыз.
Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары (МКДЖ)
Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер:
іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті деп анықталуы мүмкін.
Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МКДЖ бағдарламасы «мұғалім – зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз «академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан – мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек (Elliot, 1991). Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды. Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.Faculty of Education 88 Center of Excellence
Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде орналастырылған есеп беруді оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес, диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.
Бұл үдерістер ауқымы мен көлемі бойынша азғантай ғана болуы мүмкін, бірақ олар педагогикалық пікірталас қалыпты жағдай деп саналатын ортада мәдениеттің қалыптасуы мен жаңаруына үлес қоса алады.
Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам – өзгерістер бағдарламасы жөнінде әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну мен келiсу бойынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы мүмкін. Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді болса, онда дамыту жұмысы да жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Мектеп әкімшілігінің мектеп құрылымы мен дамытудың басымдықтарын қайта қарастыруы қажет, себебі олардың кеңесі мен жетекшілігі өте маңызды.
Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей кезеңдерде айқындалады.
1-кезең. Құндылықтарды анықтау.
2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.
3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.
4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.
5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.
6-кезең. Зерттеуге негiзделген көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс.
7-кезең. Кәсiби бiлiмдердiң дамуына жәрдемдесуге ықпал ететін желілік қоғамдастықтағы жұмыс.
Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді.
Тәжірибенің өзгеруі, білімдердің жинақталуы
Мұғалiмнің өз бастамасына негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезiлуі керек. Сапалы даму жұмысына: жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолу жатады. Олардың барлығының әсерi түрліше болады. Нәтижелері әрдайым практикалық бағытта болады, олар: тәжірибедегі өзгерiстер немесе жақсартулар; оқыту мен оқудың жақсартылған әдiстерi. Олар сонымен бiрге кәсіби өсуде маңызды бола алады, бұл – осы құжаттың басында келтірілген оқытудың көп деңгейлі моделінде бейнеленген сыртқы және ішкі өсу.
Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысын жақсы бастама деп санайды, егер жоба басынан нәтижелі болып, әріптестерін қызықтыра алса, онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау тауып отырады.
Басқаша айтқанда, мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. Сол себепті әріптестерді қызықтырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.Faculty of Education 89 Center of Excellence
Білім жинақтаудың сыртқы ауқымы оқыту мен оқу туралы идеяларды жай ғана тарату емес, сонымен бірге ол осы идеяларды өңдеу және оларды ары қарай дамыту болып табылады. Дәл осы жерде желілік қоғамдастық маңызды рөл атқарады. Осы бағытта желілік қоғамдастық арқылы біз идеяларымызбен бөлісе және оны ары қарай дамыта аламыз. Сонымен бірге біз бұдан келесі жаңа идеяларды тауып, олармен жұмыс істей аламыз. Бұл білімді және сыни тұрғыдағы жұмысты жинақтау үдерісі әрдайым үздіксіз жүріп жатады. HertsCam-да (Хертс Кэм) бұл Network Events желілік қоғамдастығының семинарлары мен «Мұғалімнің көшбасшылығы» және «Дауыс» журналдарындағы жарияланымдар арқылы өтеді. Бұндай жарияланымдар web-сайттарға сілтемелер арқылы мектеп және облыс аймақтарында мұғалімдердің білімдерін жинақтау мүмкіндіктерін кеңейте алады.
Ұжымдық іс-әрекет
Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа оның «дауысын» күшейту мен жеке басының жетекшілік мүмкіндіктерін жеке де, ұжымда да кеңейту арқылы жететіндігі оғаш болып көрінуі мүмкін. Ұстаздардың жетекші топтарындағы және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет.
Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен бірге басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі. Білімнің бұл негіздері – зерттеулерге негізделген білім емес, бұл басқаларға дем беретін және ары қарай іс-әрекет жасау үшін оларды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға негізделген жанды диалогтік үдеріс.
Жоғарыда айтылғанның барлығы: адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады; білім беру – адамдардың зерделеп үйренуіне қажет көмектердің жиынтығы; жалпы алғанда, тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады деген дәлелдерге келіп саяды. Қалған қоғамдық институттар (саясаткерлер, зерттеушілер, мемлекеттік емес ұйымдар және халықаралық органдар, яғни Бүкіләлемдік банк және ОЭСЗ) қолдау мен жаңа идеяларды ұсына алады. Бұл, әрине, оптимистік көзқарас, бірақ оптимизмге ынталандыру – мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры болып табылады.
ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫН ЖОСПАРЛАУ
Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс
Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру практикасына Бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім әр жеке сынып сабақтарын егжей-тегжейлі жоспарлау үшін орта мерзімдік жоспарды пайдаланады.
Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың мақсаты:
Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;
Сыныпта сабақ беру практикасына жеті модульді ықпалдастыру;
Әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу;
Оқыту және оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;
Осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу міндеттерін көрсету;
Оқытудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету;
Барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен жоспарлау.
Оқу мақсаты мен оның нәтижелері
Мұғалімнің оқушыларға арнап жоспарлайтын іс-шаралары оқу мақсаты болып табылады. Осыған байланысты, оқыту және оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:
Сіздің ойыңызша, оқушыларнені білулері тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?
Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізгенін немесе қол жеткізе алмағанын білуге мүмкіндік береді.
Оқу нәтижелері:
оқушыға бағытталуы тиіс;
Faculty of Education 92 Center of Excellence
белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;
оқушының оқу үлгеріміне сәйкес болуы қажет.
Тізбектелген сабақтар топтамасын оқыту маңызы
Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау, оқыту және ол бойынша рефлексия жүргізу үшінші деңгей Бағдарламасының негізгі мәселесі болып табылады.
Бағдарлама мұғалімдердің теориялық білімдерін дамытып қана қоймай, тұжырымдамалар мен рефлексияны енгізу және олардың мұғалімнің тәжірибесіне ықпал етуі арқылы практиканы дамыту үшін әзірленген.
Тізбектелген сабақтар топтамасы мұғалімдерге болып жатқан өзгерістердің өзінің тәжірибесіне ықпалын ескере отырып, өзінің оқыту тәжірибесіне Бағдарламада ұсынылған идеяларды енгізуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты тізбектелген сабақтар топтамасы Бағдарламаны бағалауға арналған негіз болып табылады.
Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау
Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің төртінші аптасының үшінші және төртінші күндері өтетін сабақтарда мұғалімдер жоспар жасап үйренеді. Педагогикалық шеберлік орталығының білім беру порталынан мұғалімдерге тізбектелген төрт сабақтан тұратын топтаманы жоспарлауда пайдалануға болатын көптеген ресурстарды табуға болады.
Жоспарлау жөніндегі нұсқаулық мұғалімдерге сабақтар топтамасы кім үшін жоспарланғанын, нені үйрету керек екенін және бағалаудың қандай әдістерін пайдалану қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді.
Толтыруға арналған кесте орта мерзімді жоспарлау кезінде қолданылатын нысан болып табылады. Оны мұғалімдер оқу мақсаттарын жазуға, оқытудың белсенді стратегияларын, оқу нәтижелерін, жоспарланған бағалауды, оқушылардың барлығының сабаққа қатысқандығын және әр сабақ үшін қажетті ресурстар тізімін жазу үшін пайдалана алады.
Кестені толтыру жөніндегі нұсқаулықта орта мерзімді жоспарлау нысанының қандай тарауына не жазу керектігі туралы толық мәлімет ұсынылған.
Орта мерзімді нәтижелерді бағалауға арналған бақылау парағы мұғалімдерге өз жоспарларына қажетті мәселелердің барлығы кіргізілгендігін тексеруге мүмкіндік береді.
Бағдарламаның жеті модулі бойынша барлық идеялардың өзінің орта мерзімдік жоспарына енгендігіне көз жеткізу үшін мұғалімдер өздері әзірлеген сабақтар топтамаларын әріптестерімен және тренерлерімен бірлесіп қайта қарай алады.Faculty of Education 93 Center of Excellence
