Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
37-54.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.26 Mб
Скачать

53) Электр қауіпсіздігінің қорғану шаралары

Электр қондырғылар электр қауіпсіздігіне қатысты төрт түрге бөлінеді:

а) бейтарабы терең жерге қосылған немесе тиімді жерге қосылған желідегі 1кВ жоғары кернеулі электр қондырғылар;

б) бейтарабы оқшауланған немесе доға сөндіргіш реактор арқылы жерлендірілген;

в) тікелей жерлендірілген бейтараптамалы 1кВ дейінгі электр қондырғылары;

г) оқшауламаланған бейтарапталмаған 1кВ дейінгі электр қондырғылар.

Тікелей жерлендірілген бейтараптама дегеніміз жерлендіргіш құрылғыға тікелей немесе аз кедергі арқылы (мысалы, трансформаторы арқылы) қосылған трансформаторлар немесе генератор бейтараптамасы.

Оқшауламаланған бейтараптама деп жерлендіргіш құрылғыға қосылған немесе оған үлкен кедергілі сигнал беруші, өлшеуіш, қорғаушы аспаптар және жерлендіруші доға сөндіргіш реактор мен оған қажетті құрылғылар арқылы трансформатор немесе генератор бейтараптамасын айтамыз.

Электр қондырғыштың белгілі бір бөлігін немесе басқа бір қондырғыны жерлендіру деп сол бөлігі жерлендіруші құрылғымен арнайы электрлік қосылуын айтады. Электр қондырғысының металды бөліктерін электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жерлендіруді қорғаныстық жерлендіру деп атайды.

Жұмыстық жерлендіру – электр қондырғысының тоқ жүретін бөлігін жерлендіру. Ол электр қондырғының қалыпты жұмыс режімін қамтамасыз етеді.

Нөлдеу дегеніміз кернеу астында қалуы мүмкін болған электр қондырғысының металды бөліктерін қорғаныстық нөлдік сыммен қосуды айтамыз.

Нөлдеу кернеуі 1кВ дейінгі бейтарабы терең жерге қосылған төрт сымды үш фазалы тораптарда қолданады.

Жерге қосу құрылғысы жерге қосқыштан және жерге қосатын сымдардан тұрады.

Жасанды жерге қосқыш деп, арнайы жерлендіру мақсатымен жасалған жерге қосқышты айтады. Табиғи жерге қосқыш ретінде ғимараттардың, коммуникацияның жерге көмілген тоқ өткізетін бөліктерін, су және басқа құбырларын, кабельдің қорғасын қабатын пайдалануға болады.

Жерлендірудің немесе нөлдеудің магистралі дегеніміз оларға сәйкес екі немесе бірнеше тармақты жерлендіргіш немесе нөлдік қорғаныстық сым.

Жерге қосатын сым деп жермен қосылатын бөлікті жерге қосқышпен байланыстыратын сымды айтады.

54) 1 КВ дейінгі желіде қысқаша тұйықталу тоғын есептеу

Қысқа тұйықталу тоғын есептеу үшін цехтағы алыс тұрған электр

қабылдағышқа қатысты алмастыру сұлбасын құрамыз. Қысқа тұйықталу

тоғын есептеу аппараттың өшіру қасиетіне және қорғанысын қамтамасыз

етуге қажет.

5.1 сурет – Орынбасу сұлбасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]