- •37) Ішкі электр жабдықтау тораптары
- •38) Кернеуі 1 кВ жоғары болатын радиалды сұлбалар
- •39) Кернеуі 1 кВ жоғары болатын магистралды сұлбалар
- •40) Зауыттың ішкі электр жабдықтауының аралас қоректендіру сұлбасы
- •41) Кернеуі 1 кВ жоғары әуелік желінің қимасын есептеу
- •Iдоп.Ав.Iав – екі тізбекті желі үшін есептік тоқ;
- •42) Кернеуі 1 кВ жоғары кабелдік желінің қимасын есептеу
- •Iном.Каб Iр – бір тізбекті кж үшін;
- •Iдоп.Ав. Iав,
- •43) Кабелдік кірістері бар қосалқы станцияның сұлбасы
- •44) Тұйықтағы қосалқы стансаның сұлбасы
- •45) Дәнекерлеу қосалқы стансаның сұлбасы
- •46) Күштік ажыратқыштары бар қосалқы станцияның сұлбасы
- •47) Қосалқы станцияның тарату құрылғылары
- •48) Магистралді қоректегі трансформаторлық қосалқы станцияның электрлік қосылу сұлбасы
- •49) Радиалды қоректегі қосалқы станциялардың электрлік қосылу сұлбасы
- •50) Электр энергияның сапалық көрсеткіштері
- •51) Электр энергияның сапалық нормалары
- •52) Электр энергиясын санау
- •53) Электр қауіпсіздігінің қорғану шаралары
- •54) 1 КВ дейінгі желіде қысқаша тұйықталу тоғын есептеу
51) Электр энергияның сапалық нормалары
ЭС нормасының екі түрі бар: қалыпты рұқсат етілетін және шекті рұқсат етілетін.
ЭС көрсеткіштерінің аталған нормаларға сәйкестігін 24 сағатқа тең есептік уақытша бағалайды.
ЭС нормалары – берілген стандарт бойынша орнатылатын электр энергия сапасының көрсеткіштері, жалпы міндетті жалпы міндетті электрмен қамтама жүйелеріндегі кондуктивті электромагнитті бөгеуліктеріне электромагнитті сәйкестік дәрежесі мен шектелінеді. Осы нормаларды сақтау жалпы міндетті электрмен қамтама жүйесімен электр энергиясының тұтынушының электрлік желілерін, сәйкестігі қаматамасыз етіледі және қондырғы жұмысында бұзулармен тоқтап қалулар болмайды.
Бұл нормалар ЭС-мен қамтамасыз етудің техникалық шараларын таңдау үшін керек электрмен қамтама жүйелерін жобалау кезінде қолданылады.
Электр энергиясын тұтынушылардың өз меншігіндегі электр желілеріндегі электр энергиясының сапасы, сала стандартты және басқа нормативті құжаттармен бекітілген. Сала стандарттары болмаған жағдайда электр энергиясын тұтынушыларға жалпыға бірдей стандарт қолданылады.
52) Электр энергиясын санау
Электр энергиясын есепке алу
1. Электр энергиясын төлемдік есепке алу – кәсіпорынның электрмен жабдықтау ұйымымен ақшалай есептеу.
2. Техникалық (бақылау үшін) есепке алу цех пен кәсіпорынның ішкі электр энергиясының шығынын бақылаудың арасындағы шаруашылық есептеуі үшін қажет.
Төлемдік санауыштар электрмен жабдықтау ұйымның электр торабының баланстық бөлігі мен тұтынушы аралығында орнатылады: қосалқы станцияларда алшақтатылған желілерге егер олардан тек жалғыз кәсіпорын қоректенсе, ал егер желі магистральді болса, онда станциялар 0,5 сыныпты трансформаторлары болған жағдайда БТҚС-ның (басты төмендеткіш қосалқы станция) жоғары кернеуіне орнатылады. Бұған кері жағдайда төменгі кернеуіне (6-10кВ) орнатылады, ал трансформаторлардағы электр энергияның шығыны есептік жолмен анықталып төленеді.
Техникалық (бақылау үшін) есепке алудың санауыштар БТҚС-ң трансформаторының төменгі кернеу жағына (6-10кВ) және таратушы қосалқы станциялардың кірісіне орнатылады.
Активті электр энергияны бақылаушы санауыштар цехтік ТП қоректендіретін 6-10 кВ желілерде және де электр берілісінің 6-10кВ барлық желілерінде орнатылды: АҚ, СҚ, электр пештер.
Реактивті электр энергиясын бақылаушы санауыштар барлық қарымтауыш құрылғыларда орнатылды: КБ, СҚ, СК және де цехтік ТП қоректендіретін желілердегі тұтынушыларға қарай.
ЭЭБЕАЖ – электр энергияны бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесі.
Қазіргі уақытта Қазақстандық «Сайман корпорациясы» энергетикалық кәсіпорындарда, өнеркәсіпте және тансымдық секторда, бір-бірінен санауыштан алынған мәліметті диспетчерлік орынға жеткізу тәсілдерімен ерекшелінетін электр энергияны есепке алудың екі жүйесін жасап өндіруде.
RLC технологиялы техникалық және программалық құралдар комплексі «Saiman Net» тұрмыстық тұтынушылар үшін және өнеркәсіптік кәсіпорындарда ақпаратты қабылдап және тарататын жоғары жиілікті байланыс арналары ретінде бұрыннан белгілі 0,4кВ күштік желіні пайдалана отырып, электр энергиясы санауыштың телеметрикалық шығысынан импульстер мөлшер жайын өлшеуге арналған ақпаратты-импульстік болып табылады.
