- •Тәжірибелік сабақ №15 Ұңғы жұмысын бақылау
- •Таcымалданатын ұңғылық диагностикалық бақылау аспаптары
- •"Бағдарламалы өнімдер-виртуалды аспаптар"
- •Бақылау стендтері және зерттеу жабдықтарының тарировкалары
- •Тәжірибелік жұмыс №3 Мұнай ұңғыларын гидродинамикалық зерттеу
- •1.Қалыптасқан режимде ұңғыны гидродинамикалық зерттеулер
- •2. Қалыптаспаған режимде гидродинамикалық зерттеу әдістері
- •Ұңғыларды зерттеу қондырғыларын қолдану тәртібі
- •Тереңдік манометр-термометр «смат-02»
- •Сағалық манометр-термометр «смт-01»
- •Автономды манометр – термометр
Тереңдік манометр-термометр «смат-02»
Бұл қондырғы ұңғының оқпанының кез-келген нүктесінде қысым мен температура өзгерісін өлшеуге арналған.
Тереңдік манометр-термометр «СМАТ-02» автономды құрылғы.
Бірнеше дискреттілі 1 секундтан 1 тәулікке шейін өзгеретін әртүрлі режимдерде жұмыс жасау мүмкіндігі. Өлшеу нәтижелері электродтар кһмегімен компьютерге жіберіледі, ал бұл құрылғыны шашуды қажет етпейді. Өлшеу нәтижелерін компьютерлық өңдеуден өткізуге болады. Құрылғы есіндегі мәліметтер бір жыл сақталады. Қорегі бір АА типті элементтен жүргізіледі.
Өлшеу мәліметтері порт арқылы компьютерге жіберіліп қағаз бетіне график немесе кесте ретінде шығарылуы мүмкін. Манометр ұңғыға құбырлармен немесе шырмаумен түсіріліп, 300 тәулікке дейін қалдырылуы мүмкін. Жер үсті гидравликалық немесе пневматикалық қондырғыларында қысым мен температураны қадағалауда қолданылуы мүмкін. Құрылғының есінің үлкен көлемдігінің нәтижесінде бірнеше зерттеу жұмысын қайта құрылғыны прогдамдаусыз жүргізуге мүмкіндік туады. Құрылғының шеткі параметрлерінің ауытқуы кезінде құрылғыны тоқтатып, қайта іске қосу мүмкіндігі.
Өлшенетін қысым диапазоны 25, 40, 60 МПа. Келтірілген мүмкіндік өлшеу қателігі 15%. Төменгі өлшенетін қысым разряды 0,0001 МПа. Температуралық мүмкін шегі -40 -125oC. Төменгі өлшенетін температура разряды 0,001oC. Өлшеудің минималды дискреттілігі 1c. Ішкі есінің көлемі жазылудың саны және бөлек өлшеу мәні сәйкесінше 2170000 және 16000. Режимге байланысты бір батареямен жұмыс жасау уақыты бір жылға дейін. Мәліметтерді оқуға арналған интерфейс RS-232 (COM-порт). Ұзындығы және ені сәйкесінше 32 мм мен 600 мм. Массасы 3кг дейін.
Сағалық манометр-термометр «смт-01»
Өндіру және айдау ұңғыларының сағасындағы қысым мен температураны өлшеуге арналған.
Бағдарлау манометрінің орнына орналастырылады. Автономды режимде ауыстырылатын аккумулятормен жұмыс жасайды. Өлшеу мәліметтерін ішкі есіне сақтайды. Қондырылған температура датчигімен және термозондпен жұмыс жасайды. Жарықдиодты индикаторының төмен температурада жұмыс жасау мүмкіндігі (-40oC). Компьютермен жұмыс жасайды.
Ұңғының барлық қажетті мәліметтері, яғни ұңғы номері, тармағы, оператордың аты-жөні сияқты автоматты түрде енгізіліп зерттеу бір рет немесе белгіленген период бойынша бірнеше рет жүргізіледі. Өлшеу нәтижесінің анализі компьютер арқылы жүргізіледі.
Қысымның өлшеу диапазондары 10, 25, 40, 60 МПа. Келтірілген мүмкін қателігі 15%. Қысым өлшеуінің төмен мәні 0,0001 МПа. Ішкі датчиктің температуралар диапазоны -40 -50оС, қосылатын зондтын өлшеу диапазоны -55 -125оС, жұмысшы температуралар диапазоны -40 -50оС. Ішкі естің жазу саны және бөлек зеттеулер саны сәйкесінше 1440000 мен 16000. Жаңа аккумулятормен үзіліссіз жұмыс уақыты 280 сағат. Мәліметтерді оқуға арналған интерфейс RS-232 (COM-порт). Ұзындығы және ені сәйкесінше 75 мм мен 220 мм. Массасы 1 ,5кг дейін. Қосылу кесіндісі М 20х1,5.
Автономды манометр – термометр
Автономды манометр – термометр АМТ-08 (келесіде манотермометр) ұңғы оқпаны бойынша қысым мен температура өзгерісін және қысымның қалыпқа келуін зерттеуге арналған. Алынған мәліметтер қалыпты өтужелісі арқылы компьютерге жазылады. Жүргізілген анализ нәтижелерін компьютерден график немесе кесте ретінде шығаруға болады. Құрылғыға жазылған мәлімет құрылғы есінде бір жыл сақталады.
Манотермометрлер ұңғыға құбырлар, каротаж кабелі және ысырма сымы арқылы түсіріледі. Сонымен қатар ол жер үсті гидравликалық жүйелерді бақылау үшін қолданылады.
Арнайы тапсырыспен олар кең температуралық интервалда дайындалады (-40 …+125).
Кесте№2.7 - Манотермометрдің техникалық сипаттамасы
Қысымды өлшеу шегі, МПа |
16, 25, 40, 60 |
Келтірілген қателік, % |
0,25 |
Температураны өлшеу шегі, оС |
-20 ... +90 |
Минималды өлшеу дискреттілігі, С
|
1,0 1,0 |
Өлшеу режиміндегі қабылдау нүктелерінің саны
|
40960 20480 |
Үзіліссіз жұмыс жасау уақыты (режимге байланысты), тәу |
1...90 |
Манотермометрдің жұмыс жасау режимі ретінде қосылу және сөну уақыты аралығында қысым мен температура дискреттілігін анықтаумен сипатталады.
Тағы бір арнайы режим бар – калибрлеу режимі. Бұл режим манотермометрдің есінде кодтардың саналуы болмаса, автоматты түрде қосылады. Калибрлеу режимі құрылғыны калибрлеу кезінде қолданылады. Бұл кезде калибрлеу нәтижелері манотермометр есінде дескреттілігі 10 секундпен жазылады. Калибрлеу нәтижелері кодтар коэффициентерін есепке алынып есептеледі. Кодтар коэффициентері әр бір манотермометр үшін әртүрлі.
Жұмыс жасау режимі екі әдіспен іске қосылады: басқару панелінде орналасқан батырма арқылы немесе компьютер арқылы. Батырма арқылы жұмыс режимі кезінде үш режим берілуі мүмкін. Олардың өлшеу дискреттілігі 3, 10 және 30 секунд, сонымен қатар аз энергия қолданылады. Манотермометрдің есі толғаннан кейін ол жұмысын автоматты тоқтайды. Микон-107 тереңдік манометрі ұңғы оқпаны бойынша және кез келген нүктесінде қысым мен температураны уақытында тіркеуге арналған. Ол мұнай мен газ кен орындарын бақылау мақсатында пайдалану және айдау ұңғыларын зерттеу үшін қолданылады. Манометр аппарат және программалық бөліктен тұрады. Оның құраушы бөлігі болып саналатын аппарат бөлігі қысым мен температураның өзгеру процесінің сақталуын және тіркелуін қамтамасыз етеді.
Оларда сезгіштік элемент ретінде құбыршалы бір винтті жазық мембраналы манометрлер қолданылады.
Аталмыш манометрлер кең таралған. Олардың бір шеті қысым әкелу нипелемен қосылған, ал екінші шеті жапқышпен пісірілген. Құбыршаның көлденең қимасы элипс тәрізді болапкеледі, ал элипс осі серіппе радиусына тең болып келеді. Қысым құбыршаның ішіне берілгенде серіппе деформацияға ұшырайды.
Құрылғыны өлшеу объектісімен байланыстыру үшін нипельдің сыртқы жағында резьба жасалған. Құрылғының сыртқы көрінісі шар тәрізді және тұрыққа бекітілген. Оған өлшеу нәтижелерінің сандықмәнін көрсететін сызғыш орналасқан.
Құбыршалы манометрлердің өлшеу шектері 0,05 – 200 МПа аралығында өзгереді. Оларда электрлі дабылдағыштар орналасқан. Қысым өсуімен жұмысшы тіл бақылау тілін жылжытады, ал қысым азаюымен бақылау тілі орын ауыстырмайды. Яғни өлшенген ең үлкен қысымның сандық мәнін көрсетеді.
