- •Тәжірибелік сабақ №15 Ұңғы жұмысын бақылау
- •Таcымалданатын ұңғылық диагностикалық бақылау аспаптары
- •"Бағдарламалы өнімдер-виртуалды аспаптар"
- •Бақылау стендтері және зерттеу жабдықтарының тарировкалары
- •Тәжірибелік жұмыс №3 Мұнай ұңғыларын гидродинамикалық зерттеу
- •1.Қалыптасқан режимде ұңғыны гидродинамикалық зерттеулер
- •2. Қалыптаспаған режимде гидродинамикалық зерттеу әдістері
- •Ұңғыларды зерттеу қондырғыларын қолдану тәртібі
- •Тереңдік манометр-термометр «смат-02»
- •Сағалық манометр-термометр «смт-01»
- •Автономды манометр – термометр
Ұңғыларды зерттеу қондырғыларын қолдану тәртібі
Мұнайгаз кен орнында өндіру ұңғыларының тереңдігіне байланысты ұңғыларды гидродинамикалық зерттеуде электронды автоматтандырылған қондырғыларды қолдану тиімді болып саналады. Көптеген кен орындарында өазіргі кездн кеңінен қолданыс тауып жүрген автоматты электронды қондырғыларды қолдану ұңғыларға жүргізілген гидродинамикалық зерттеу жұмыстарын жеделдетуге, ұңғыларға жүргізілетін техникалық шараларды дұрыс анықтауға және ұңғы өнімділігін арттыру әдістерін тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Жобада ұсынылып отырған жаңа зерттеу қондырғыларын қолдану тәртібі және анықталатын көрсеткіштер берілген.
Деңгей өлшегіш «Судос-мини 2» өндіру ұңғыларында жедел сұйықтықтың деңгейін анықтауға арналған.
Қазіргі таңда бұл деңгей өлшегіш дүние жүзінде ең кішкентай. Моноблокты жасалғандықтан, өлшеу үшін кабельді қажет етпейді. Жұмысшы температурасы -40 -50oC дейін. Өлшеу нәтижелері үшін үлкен ес көлемі. Құрылғымен қолдану жеңілдігі барлығы төрт батырма. Өлшеу нәтижесін нықтау уақыты 1с. Жарықдиодты индикатордың жоғары түстілігі. Өлшеу мәліметтерін компьютерге жедел жеткізу. Өлшеу қателігінің қателік мәнінің аздығы. Ал «РУ-02» арқылы өлшеу мәліметтерін компьютерге және «КҚ-03» жіберу кезінде кабельсіз жүйені қолдану мүмкіндігі.
Ұңғыны пайдалану және іске қосу кезінде де сұйықтықтың статикалық және динамикалық деңгейін өлшеу мүмкіндігі. Құлаудың қисықтықтарын тіркеу және қалыпты деңгейді құбыраралық кеңістіктегі қысымды көтеру арқылы қалпына келтіру. Өлшеу нәтижелерін компьютерге жіберу мүмкіндігі. Артық қысым ноль және вакумм жағдайларында өлшеу мүмкіндігі.
Бақыланатын сұйықтықтардың деңгейлерінің шегі 20-3000м (6000м), бақылаудың газ қысымы 0-100 кгс/см2. Өлшеу нәтижелерін сақтау саны 3008 символ 310 график. Қысымды бақылау дискрентілігі 0,1 атм. Тоқтаусыз жұмыс жасау уақыты 10 сағат. Аккумулятордың жұмыс жасау уақыты 10 сағат. Өлшемдері 121x289x115 мм. Массасы 2,9 кг. Өлшеу нәтижелерін компьютерге жіберу мүмкіндігі 57,6 kBod.
Ұңғыда сұйықтықтың деңгейін өлшегіш қондырғы
«Судос- автомат 2» деңгей өлшегіш құрылғысы қалыпты деңгей өлшегіш құрылғы негізінде қосымшалар қосу арқылы жасалған. Қосымшалар келесідей: өлшеуді арнайы автоматты клапанның жұмысы арқылы оператордың көмегінсіз жүргізілуі. Дүниежүзіндегі ен кішкентай деңгей өлшегіш құрылғы. Артық қысым болмаған уақытта сырттан берілген қысыммен жұмыс жасау мүмкіндігі.
Сұйықтықтың статикалық және динамикалық деңгейін өлшеу мүмкіндігі. Құлау және қалыпқа келтіру деңгейін тіркеу. Құбыраралық қысымды ұңғы сағасында автоматты түрде өлшеп тіркеу. Өлшеу мәліметтерін компьютерге жіберу. Сырттан қосымша аккумуляторды қосу мүмкіндігі. Эхограммалар мен басқа өлшеу нәтижелерін «КҚ-03» дисплейіне шығару мүмкіндігі.
Бақыланатын сұйықтықтардың деңгейлерінің шегі 20-3000м (6000м), бақылаудың газ қысымы 0-100 кгс/см2. Автоматты бақылау қысымы 50 кгс/см2. Өлшеу нәтижелерін сақтау саны 3008 символ 310 график. Қысымды бақылау дискрентілігі 0,1 атм. Тоқтаусыз жұмыс жасау уақыты 7 сағат. Аккумулятордың жұмыс жасау уақыты 10 сағат. Өлшемдері 180x370x180 мм. Массасы 6,8 кг. Өлшеу нәтижелерін компьютерге жіберу мүмкіндігі 57,6 kBod. Аккумулятор сөніп тұрғанда максималды өлшеу саны 250.
