Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практикалық жұмыс №15.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231.53 Кб
Скачать

2. Қалыптаспаған режимде гидродинамикалық зерттеу әдістері

Бұл әдістің мақсаты – ұңғыдағы қысым қисығының қалпына келуін өңдейді және тұрғызады. Технологиялық зерттеулер және нәтижелерді өңдеу бойынша ең қарапайым кез бұл – көп уақыт бойына сұйықтық өнімділігімен үздіксіз жұмыс істеп тұрған ұңғының тоқтап тұру жағдайы. Өндірістік зерттеу процесінде өнімділіктің өзгеру жағдайында ұңғының тоқтағанынша өнімділікті өлшеу қажет және ұңғының түп аймақ қысымының өзгерісін тіркейді. Егер қабаттағы ағын бірден тоқтамаса (мысалы, сорапты ұңғыда тереңдік сорапты сөндіргеннен кейін газбен толған ағын құбыр арасына жай аға берсе), онда зерттеу процесінде уақыт бойынша өнімділіктің өзгерісі де тіркеледі.

Ұңғыны зерттеген материалдардың өңдеу нәтижелерінде қысымды қалпына келтіру әдісі бойынша комплекстік параметрлер анықталады: гидроөткізгіштік және пьезоөткізгіштіктің ұңғының келтірілген радиусына қатынасы.

Қысымды өалпына келтіру әдісі бойынша ұңғыны зерттегенде қабаттың гидроөткізгіштігі өте дәл табылады. Пьезоөткізгіштік коэффициенті және ұңғының келтірілген радиусы өте аз дәлдігімен бағаланады, себебі комплекстік параметрлерді бөлу үшін қабат қасиетінде сенімсіз берілгендер пайдаланылады. Бірақ қысымды қалпына келтіру әдісі – келтірілген радиусты санайтын жалғыз әдіс, ол түп аймақ ұңғы қалпының маңызды мінездемесі.

№3 және №4 кестеде №2134 және №2079 орнатылмаған ұңғы режимінде өндірістік өлшеулері келтірілген. Сол арқылы қысымды қалпына келтіру қисығы салынады.

Өндірістік өлшеулеріне қарап lg t -  координаталарында графиктер салынады. Графикте соңғы және түзу сызық белгіленеді. Олардың нүктелерінен анықталған түзу сызық сызылады.

Lnt осіне қисайған түзу сызық бұрышы А=tg  анықталады. Түзу сызық  осімен қиылысқанша созылады және қиылысқан нүктеде =В ұзындығы анықталады.

Гидроөткізгіштіктің комплекстік параметрлері келесі формуламен анықталады:

=kh/=Q/4A (10)

Қабаттың өткізгіштік коэффициентін (5) формуламен анықтаймыз:

k=/h

Егер ұңғы сусыз өнім берсе, онда мұнай үшін бастапқы өткізгіштік фазасы k-ға сәйкес келеді, ал сулы мұнай үшін өткізгіштік анықталмайды.

Пьезоөткізгіштік мына формуламен анықталады:

æ=k/ (11)

Келтірілген радиусты мына формуламен анықтаймыз:

r=2,25æ/exp(B/A) (12)

Ұңғы № 2134

Ұңғы өнімділігі Q=36,5 т/тәул; қабаттағы мұнайдың тұтқырлығы м0,37 мПас; әсер етуші қабат қалыңдығы h=12 м; тұрақты көлем коэффициенті *3,910-10 Па-1.

Берілген мәліметтер 3 кестеде келтірілген.

Кесте №3- №2134 ұңғының зерттеу нәтижелері

, мПа

түп, мПа

t, сек

ln t

0,17

24,06

240

5,48

0,41

24,23

480

6,12

0,64

24,47

996

6,9

1,05

24,7

2196

7,69

1,15

25,11

3396

8,13

1,24

25,21

5796

8,66

1,37

25,3

8196

9,01

1,41

25,43

10596

9,27

1,59

25,47

12996

9,47

1,64

25,6

15396

9,64

1,76

25,7

17796

9,79

1,76

25,82

18996

9,85

tg  = (2-1)/(lnt1-ln2)=(15-10,5)106/(7,1-3,8)=1,21105

Q=36,5/(864000,702)=610-4

(10) формула бойынша  анықтаймыз:

=610-4/(43,141,21105)=0,3910-9

(5) формула бойынша k анықтаймыз:

k=0,3910-90,3710-3/12=0,012210-12 м2

(11) формула бойынша æ анықтаймыз:

æ=0,0122/(0,3710-33,910-10)=0,0084

(12) формула бойынша r анықтаймыз:

r=2,250,0084/exp(6,5/1,21)=0,00827 м

Реферат тақырыптары:

1.Ұңғыларды гидродинамикалық зерттеу әдістері.

2.Ұңғыларды зерттеуді жүргізуде қолданылатын аспаптар

Блиц-тест:

1.Ұңғылардың өнімін өлшейтін аспап.

А) Эхолот

Б) Динамометр

В) Геликсті тереңдік манометр

Г) Шығын өлшегіш(дебитометр)

2.Ұңғы өнімі тура пропорционал:

А) қабат қысымына

Б) ұңғыға айдау сұйықтығының мөлшеріне

В) Ұңғыдаңы сұйықтық бағанасына

Г) Қабат қысымымен түп қысымының айырмашылығына

3.Геологиялық фактордың кеніш бойынша судың қозғалысына әсері.

А) Ауырлатылған құрамдастардың болуы

Б) Біртексіз жыныс

В) Мұнайдың тығыздығы

Г) Қалдық суының болуы.

Бақылау сұрақтары.

1.Гидродинамикалық зерттеу әдістерін қалай бөледі?

2. Қалыптасқан режимде зерттеу әдістері қандай мақсатта жүргізіледі?

3. Қалыптаспаған режимде зерттеу әдістері қандай көрсеткіштерді

анықтайды?

4. Ұңғыларды зерттеуде қандай аспаптар қолданылады?

5. Зерттеу мәліметтері не мақсатта өңделеді?

Глоссарий:

1. Гидродинамикалық зерттеу- ұңғылар жұмыс жасап тұрғанда жүргізілетін зерттеу әдісі

2. Депрессия-қабат және түп қысымдар арасындағы айырмашылығы.

3. Жұмыс қуаты­-қабат бөлігінен алынатын көмірсутектердің ағыны.

4.Қозғалмайтын аймақ-жұмыс жасайтын аралықтар және қабатшалар.

5. Пьезоөткізгіштік- қабатта қысымның таралу жылдамдығын көрсететін

коэффициент.

6. Гидроөткізгіштік- өнімді қабаттың сұйықтықты өткізу қабілеті.

Әдебиеттер тізімі:

1.А.К.Акульшин. Эксплуатация нефтяных и газовых скважин

Недра,1987г.

2.В.М.Муравьев Основы разработки и эксплуатации нефтяных и газовых месторождений Недра,1988г.

Қосымша:

3.М.М.Иванова Нефтепромысловая геология и геологические основы разработки нефтяных и газовых месторождений