Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практикалық жұмыс №15.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231.53 Кб
Скачать

1.Қалыптасқан режимде ұңғыны гидродинамикалық зерттеулер

Бұл зерттеулердің мақсаты – ұңғының өнімділігін бақылау, өндіріске жұмыс режимінің әсерін қарастыру және қабаттың сүзілген параметрлеріне баға беру, яғни индикаторлық диаграмманы алу және өңдеудегі өнімділіктің депрессиядан тәуелділігі Q(), мұнда

=қабтүп (1)

Бұл әдіспен зерттеуде міндетті түрде алынып жатқан ұңғыдағы өнімділік өлшенеді және соған сәйкес түп аймақ қысымы, содан кейін мүмкіндігінше жақын орнатылған режимдегі пайдалану ұңғысын қарастырады. Уақыт тұрақтылығы қабаттың сүзгілеу қасиетіне байланысты, ол әдетте тәжірибе жолымен қойылады және бірнеше сағаттан бірнеше тәулікті қамтиды. Бір уақыттың ішінде газдық факторды анықтайды және тасталған сызықтардан сұйықтықтың үлгісін құмның сулануын теріп алынады.

Өнімді топ болып орналасқан “Спутник” типті қондырғыламен өлшейді. Айдау ұңғысының қабылдағышын счётчикпен немесе диафрагмалы расходомермен (шығын өлшегішпен) өлшейді. Үлгіні зертханаларда анализ жасайды.

Қабат қысымын қаб тоқтатылған ұңғылардың жөндеу жұмыстары жасалып жатқанда өлшенеді. Содан соң уақыт аралығындағы өзгеріс графигі тұрғызылады және оны сол күнге дейін пайдаланады.

Зерттеу нәтижелері бойынша индикаторлық диаграмма тұрғазылады. Оның санын көлемдік коэффициентті b өлшенген өнімділікке b көбейту көмегімен есептейді. Егер индикаторлық диаграмма тіке сызық шықса, онда сүзілген бірфазалы сұйықтық (мұнай, газ) немесе сулымұнай қоспасы Дарси заңымен анықталады. Онда тангенс  бұрышы  осіне иілгендегі ұңғының өнімділік коэффициентін анықтаймыз.

=tg =Q/ (2)

=2kh/(ln(Rkrкелт)) (3)

мұнда:

k-өткізгіштік, м2;

h-жұмысшы қалыңдығы, м;

-сұйықтықтың тұтқырлығы, Пас;

Rk-қабаттың дірілденген радиусы, м;

rкелт-ұңғының келтірілген радиусы, м;

Егер Rk-ны көршілес тұрған ұңғылардың ара қашықтығының жартысы деп қабылдасақ, ал r-ды қашау r-мен тең қылып немесе гидродинамикалық аяқталмаған ұңғыны есептеп ( В.И. Щуровтың графикасын пайдаланып ) немесе орнатылмаған режимдегі зерттеу нәтижелерін қабылдасақ , онда қабаттың гидроөткізгіштігін анықтаймыз:

=kbln(Rk/rкелт)/(2) (4)

Аяқталмаған ұңғы rc=rд бойынша -да есептеледі.

Егер  лабораториялық зерттеу нәтижелері бойынша белгілі, h геофизикалық немесе өнімді анықтайтын әдіс бойынша анықталған болса, онда өткізгіштікті анықтаймыз:

k=/h (5)

Индикаторлық диаграмма сызығы өзгергенде өңдеу нәтижелеріне сеніміміз жоғары болмайды. Сызықтың өзгергені – Дарси заңының бұзылуы. Қабаттағы жарықтың бар болуынан коллекторлық өткізгіштік түп-ға тәуелді өзгереді. Олар түп жоғарлауына байланысты кеңею қабілеті туады (айдау ұңғысы үшін ) және түп азайған жағдайда сығылады (өндіру ұңғысы үшін).

Осы жағдайда сүзуді екі айнымалысы бар формуламен жазуға болады:

=AQ+BQ2 (6)

Сүзгілі кедергі А және В коэффициенттерін графикалық анықтау үшін индикаторлық сызықты тіке сызыққа, /Q координаттан Q-ға ауыстырамыз. Сонда А және В ординат осінде кесінді сияқты табамыз және бұрыштық коэффициент тіке, сонда А=1/К

A=ln(Rk/rc)/(2kh) (7)

Жаңажол кен орнында орнатылған сүзгілеу режимінде үлкен көлемді гидродинамикалық зерттеу жүргізілген. Ұңғының өніміне байланысты және осы жағдайда 3-5 режимде депрессиялық зерттеу жүргізіледі. Дроссельдеу диаметрі 3-10 мм шайба көмегімен жүзеге асады. Өнімнің тұрақтылығы және қысым бірнеше күннен үш тәулікке дейін өзгеріп отырған. Тереңдегі қысымды өлшеу үшін АМТ-08 және PPS-25 типті манометрлер қолданылады.

№2.3 және №2.4 кестеде № 447 және №446 орнатылған ұңғы режимінде гидродинамикалық зерттеулер нәтижелері келтірілген.

№447 ұңғы

Үш түрлі режим жұмысы бойынша ұңғыны зерттеп, штуцердің диаметрін түп аймақпен сәйкестендіріліп өзгертілді.

Қабат қысымы қаб=28,74 мПа; қанығу қысымы қан=25,05 мПа; ұңғының көршілес ұңғыға дейінгі ара қашықтық Rk=250 м; қабатқа әсер ету қалыңдығы h=27 м; қабаттық жағдайдағы мұнай тұтқырлығы м=0,36 мПас.

Кесте1- №447 ұңғысын зерттеу нәтижелері

Сүзгілеу режимі

Түп аймақ қысымы түп, мПа

Депрессия , мПа

Мұнай өнімі Q, м3/тәулік

Мәлімет /Q, (мПатәулік)/м3

1

28,12

0,52

33,3

0,016

2

27,66

1,08

56,7

0,019

3

26,73

2,01

79,4

0,025

Берілген мәліметтер бойынша индикаторлық қисықты тұрғызамыз, осьтен дөңес қисығын аламыз, ол сұйықтықтың сүзгілеу заңынан өзгеріп кеткенін көрсетеді. Кестедегі мәліметтер бойынша координаттарда /Q және Q индикаторлық сызықты саламыз. Осыдан орташа сызық алынады, ол теңдіктен көрінгендей /Q осьте А=0,009 (мПатәулік)/м3.

Гидроөткізгіштікті анықтаймыз:

=ln(Rk/rкелт)/(2А) (8)

=ln(250/0,86)/(23,140,9104)=0,00018 м3/Паc

Өткізгіштік коэффициентін анықтаймыз:

k=/h (9)

k=0,000180,3610-3/27=0,002410-12 м2

№446 ұңғы

Қабат қысымы қаб=28,61 мПа; мұнай газбен қанығу қысымы 0ан=25,05 мПа; көрші ұңғыға дейінгі орташа ара қашықтық Rk=250 м; қабатқа әсер ету қалыңдығы h=18,3 м; қабаттық шарттың мұнай тұтқырлығы м=0,36 мПас.

Зерттеу нәтижелері №2 кестеде келтірілген.

Кесте№2- №446 ұңғының зерттеу нәтижелері

Сүзгілеу режимі

Түп аймақ қысымы түп, мПа

Депрессия , мПа

Мұнай өнімі Q, м3/тәулік

Мәлімет /Q, (мПатәулік)/м3

1

26,92

1,62

24

0,068

2

25,91

2,7

32

0,084

3

23,66

4,95

43

0,115

Берілгендер бойынша индикаторлық диаграмма тұрғызылады, дөңес қисығын аламыз және ол Дарси заңына бағынбайтынын көрсетеді. Оны формула (6) бойынша есептеуге болады. Кесте мәліметтері бойынша индикаторлық диаграмманы /Q және Q координаттарында саламыз, одан А=0,008 (мПатәулік)/м3 екені көрінеді.

Гидроөткізгіштікті формула (8) бойынша анықтаймыз:

=ln(250/0,86)/(23,140,8104)=0,000204 м3/Паc

Өткізгіштік коэффициентін формула (9) бойынша анықтаймыз:

k=0,0002040,3610-3/27=0,003210-12 м2