Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практикалық жұмыс №15.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231.53 Кб
Скачать

Тәжірибелік жұмыс №3 Мұнай ұңғыларын гидродинамикалық зерттеу

Сабақтың мақсаты: Ұңғыларды гидродинамикалық зерттеу арқылы ұңғы көрсеткіштерін анықтау

Сабақтың жоспары: 1. Гидродинамикалық зерттеу әдістерімен танысу

2. Ұңғы өнімін, қысымын анықтау

Теориялық мәлімет. Мұнай газ кеніштерін игеру барысында қабаттардың мұнайға қанығушылығының сипатын зерттеу үшін кешенді гидродинамикалық, геофизикалық және зертханалық зерттеулер жүргізу керек, және алынған мәліметтер негізінде мұнайды толығымен өндіруге бағытталған шараларды қабылдау керек.

Кен орнын игеруді талдау кезінде зерттеу материалдарын кешенді пайдалану және қабаттар жұмысы туралы мәліметтер негізінде қорды алу үрдісінде мұнайды ығыстыру сипаты жөнінде мәндер алынды.

Төменде мұнай кен орнының ұңғымаларын зерттеу бойынша жүргізілген жұмыстар келтірілген:

-жұмыс жасап тұрған ұңғымалардың және сұйықтықтың өнімдерін анықтау;

- газ факторын анықтау;

- Сумұнай жиегін анықтау;

- қабат және түп қысымын анықтау;

- пайдалану ұңғымалар өнімінің сулануын анықтау үшін сынамалар алу;

- қабат қысымын қалпына келтіру әдісімен зерттеу;

- қалыптасқан өнім алу әдісімен зертеу;

- сұйықтықтардың тереңдік сынамасын алу;

- сұйықтықтардың сағалық сынамасын алу;

- қабат сұйықтығын химиялық талдау;

- су айдау ұңғымаларының динамикалық және статикалық деңгейлерін өлшеу;

- су айдау ұңғымаларының динамографтау;

- ұңғымалар түптерін эхолотпен өлшеу;

- ағын профилін анықтау;

- жұтылу профилін анықтау;

- ұңғыманы зерттеудің геофизикалық әдістері.

Қабат қысымдарын өлшеу мәліметтері бойынша изобарлар картасы тұрғызылған және кеніштердің энергетикалық жағдайын талдауда қолданылады. Қабат қысымын өлшеу сапасы айтарлықтай сапалы емес. Қабат және түп қысымдарын өлшеудің 30%, құралдың ұңғыма түбіне дейін жетпегендіктен сапасыз болып тұр. Қабат қысымын қалпына келтіру және қабат өнімділігін арттыру әдістерімен зерттеу жоспары орындалмай тұр. Қалыптасқан өнім алу әдісі барлық қайта енгізілетін ұңғымаларда жүргізілуі керек. Ағын профилін түсіру (пайдалану ұңғымаларының не бары 5%) және қабылдағыштық профилін түсіру (ұңғымаларыдың 16%) бойынша жүргізілетін зерттеулер саны аз, алайда ол мұнайбергіштікті және қабылдағыштықты жоғарылату бойынша жүргізілетін барлық жұмыстар кезінде, жүргізуге дейін және кейін орындалуы керек.

Мұнай кен орнын тиімді игеру үшін, аз шығынмен мұнай өндіру үшін зерттеу игеруді бақылау бойынша шаралар кешенінің жұмыстары орындалуы қажет.

Игеруді бақылаудың кешенді шараларының құрамына келесі негізгі есептер кіреді:

-өндіру ұңғыларының өнімін, айдау ұңғыларына су айдауды есепке алу көмегімен мұнай қорын алуды бақылау және қабаттардың шектерін, қалдық мұнайға қанығушылықты анықтау;

- ағын профилін (жұтылу) зерттеу арқылы энергетикалық күйді және пайдалану сипаттамаларын бақылау, ашылған қима бойынша қабат қысымын және түп қысымын анықтау;

Ұңғының және қабаттың гидродинамикалық зерттеу әдістері келесі есептеулерді жүзеге асырады:

- қабаттың гидродинамикалық мінездемесін анықтайды.

- қабаттың аудан және қимасы бойынша процестің өту жолын бақылайды.

- игеру жүйесінде алынған жеке элементтердің нақты технологиялық әсерін анықтайды. (ҚҚҰ жүйесі, ұңғының орналасу схемасы, ашылған қабатқа қабылданатын әдіс, ұңғының эксплуатациялық әдісі және т.б.)

- өткен кезеңнің ұңғы өнімінің өсуіне немесе тұрақталуына әсерін анықтау.

Осыдан алынған игеру жүйесіне толықтырулар мен жетілдірулер енгізіледі. Осы айтылған мәліметтер бойынша гидродинамикалық зерттеудің маңызы өте зор екендігіне көз жеткізуімізге болады. Алынатын игеру жүйесінің әсері көлем мен сапасына байланысты болады.

Ұңғыны зерттеу тәжірибесінде қалыптасқан режимде зерттеу әдісі көп қолданылады. Бұл әдіс жұмыс жасап тұрған әртүрлі пайдалану және айдау ұңғысын зерттеу кезінде қолданылады. Бұл әдістің мақсаты – ұңғының өнімділігі мен түп аймақ қысымының арасындағы тәуелділігін, орнатылған пайдалану режимі бойынша орнату (немесе қабат пен түп аймақ қысымы арасындағы түсу мөлшері). Осы тәуелділіктер бойынша осындай маңызды мінездемелер анықталады: ұңғының өнімділік коэффициенті және осы

Гидродинамикалық зерттеу әдісі сұйықтықтың және газдың орнатылмаған сүзгілеу процесі оқуына негізделген, оларға қысымды қалпына келтіру әдісі және сұйықтықты таңдау әдісі жатады.

Қысымды қалпына келтіру әдісі ұңғының өнімділігін және түп аймақ қысымының өзгеру процесін зерттеуге негізделген. Осы әдістің қарапайым және көбіне қолданылатын нұсқау ұңғының түп аймақ қысымын үздіксіз тіркеу болып табылады. Осындайда қабаттан ұңғыға сұйықтықтың ағуы тез тоқтайды. Ұңғымен ашылған қабат нүктесінде қысым түп аймақтан қабатқа дейін өседі немесе қалпына келеді. Осы уақыт ішінде түп аймақ қысымының қалпына келу қасиеті тоқтағанша пайдаланған ұңғының өнімділігіне, қабаттың гидроөткізгіштігіне және пьезоөткізгіштігіне, ұңғының келтірілген радиус өлшеміне тәуелді болады.

Қысымның қалпына келу әдісі бірфазалы сұйықтықтың сүзгілеу шарттарында (мұнай немесе су) және де газды ұңғыны зерттеу кезінде кеңінен қолданылады. Осы әдістің зерттеулерін өңдеу нәтижелері қабаттағы мұнай және газды бір уақытта сүзгілеу кезінде қиынға әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай шарттарда бұл әдіс сирек қолданылады.

Сұйықтықты тыңдау әдісі қысымның қалпына келу әдісіне ұқсас келеді. Бұл әдістің ерекшелігі ұңғыны пайдалану режимінің (мысалы, оны қосқанда немесе сөндіргенде) қысым өзгерісі ұңғының басқа түп аймағында тіркеледі. Бұл мақсатта өте жоғары қабылдағыш манометрлер қолданылады.

Кен орындардағы барлық өлшеулер өте жоғары электронды PPS-25 (Канадада шығарылған) және АМТ-08 (Ресейде шығарылады) маркалы манометрлермен өлшенеді.