Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практикалық жұмыс №15.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231.53 Кб
Скачать

Тәжірибелік сабақ №15 Ұңғы жұмысын бақылау

Сабақ мақсаты: Ұңғы жұмысын бақылау әдістерін меңгеру, бақылау аспаптары

Сабақ жоспары:

1.Аспаптардың жұмыс жасау принципі,ондағылардың көмегі арқылы бақылау жүргізіледі.

2.Ағынның кескіндерін анықтау.

3.Ағынның кескіндерін зерттеу.

1.Картаны құру және кескіндерді ұстау үшін міндетті түрде әр ұңғының жүйелерінде мұнай өнімін,суды және газды өлшеу керек.

Өндірілген сұйықта есепке алу арнайы механикалық счетчиктер арқылы жүзеге асырылды өнімді үздіксіз өлшеуіне рұқсат етіледі және әр ұңғы бойынша міндетті түрде алдын-ала мұнайды судан,газдан бөліп алу санымен құмнан тазарту немесе өнімділікті ұңғылар бойынша келесідей реттеу үшін, резервуардағы ұңғылар тобының өнімін өлшеу жолымен немесе ұңғыға сұйықтықты сипатына байланысты белгілі бір уақыт кезінде,берілген ұңғыма өнімін резервуарға бағыттай,резервуардағы ұңғыма өнімділігін кезекпен өлшеу жолымен есептеу.Қазіргі кезде айдау ұңғыдағы бөлек қабаттардың сыйымдылығын зерттейтін негізгі әдіс болып тереңдік шығын өлшегіштер-шығым аөлшегіштер саналады.Мысал ретінде қашықтықты тереңдік шығын өлшегіш-шығым өлшегішті жатқызуға болады(КГУ).Бұл аспаптың принціпі гидродинамикалық вертушкада.Ол сұйықтықтың тізбек бойынша ағысында айналады.Электромагниттік схема бойынша әрбір вертушканың айналымы есептеліп отырады жане арнайы кабелдер арқылы сигнал түрде жоғарыға жіберіліп отырады.Қанатшаның айналыс жылдамдығы бойынша (оның қадамына байланысты және тізбектің диаметіріне)ағыстың жылдамдығы анықталады.Одан сұйықтық шығынына белгілі қима арқылы аудару қиынға түспейді.Бұл аспап пайдаланылатын ұңғымалардағы бөлек қабаттардың өнімділігін анықтаумен қатар,айдау ұңғымаларындағы бөлек қабаттардың сыйымдылығын анықтайды.Өлшеуді жүргізу үшін аспапты ұңғыға СКҚ-арқылы түсіреді.Онда ол қабаттың перфораторланған бөлігінен жоғарырақ қондырылады.Өлшеу процесінде аспап кезекпен әрбір перфорацияланған қабаттарда қондырылады және әрбір нүктеде 10-15мин ұсталып тұрады.2.Ұңғы бойынша өлшем алғаннан кейін зерттелетін мәлімет талданады,сол үшін диаграмма жасалынады.Диаграмма сол тік маcштапта құрылады,стандартты каротаж секілді.(Әдетте масштабы 1:200)Өстік ординатта тереңдіктер қойылады,сол өскеде перфорация аймағы белгіленеді.Өстік обциссада өнім қойылады т/тәу фонтанды ұңғы үшін,ал шығын м³/тәу айдау ұңғысы үшін.

Диаграмма өлшемінің литологиялық тізбегімен және стандартты электрлік каратажымен жұмыс жасайтын және жұмыс жасамайтын қабаттарды өте жақсы көрсетеді және кескін сыйымдылығын суреттеп салады немесе қабаттың берілуін

1.Ұңғы тереңдік шығын өлшегішімен зерттеледі және бір сәтте түп қысымдардың пайдаланылуын әр түрлі режимде өлшенеді.Өлшемдердің нәтижесінде индикаторлық диаграмма құрылады.Ұңғыға қатысты әр қабат үшін жеке-жеке және жалпы түрінде құрылады.Индикаторлық қисық әр қабат үшін қабат қысымын, өнімін,өнімділік коэффициентін анықтайды.

Қазіргі уақытта тереңдік қашықтық шығын өлшегіш тексеру әдістерінің ішінде бастысы болып саналады.Яғни айдау ұңғыларының зерттелу нәтижесінде және пайдалану ұңғыларда.