- •Тәжірибелік жұмыс №1 Өнімді қабаттардың коллекторлық қасиеттерін анықтау
- •1. Қабаттардың коллекторлық қасиеттерін анықтау
- •2. Жыныстардың қуыстылығын анықтау
- •Геохронология әдістері
- •Геостратиграфиялық шкала
- •Тарихи геология мақсаты неде?
- •2. Палеонтологиялық әдіс не үшін қолданылады?
- •3.Палеографиялық әдіс мақсаты неде?
- •Тәжирибелік жұмыс №3 Ұңғыларды геофизикалық зерттеу әдістері
- •1. Өндірістік геологияда қолданылатын каротаждардың негізгі түрлері
- •2. Геофизикалық әдістерге қандай жұмыс түрі кіреді?
- •3. Электрлі барлау жұмысы қандай барлау әдісіне жатады?
- •Тәжірибелік жұмыс №4 Ұңғылар тілмесін корреляциялау
- •1. Құрылым картасы дегеніміз не?
- •2. Абсолютті белгі қалай анықталады?
- •3.Құрылым картасында тектоникалық бұзылыстар қалай
- •Тәжірибелік жұмыс 5 Мұнай мен газдың қорын есептеу
- •Мұнай қорларын есептеу
- •Мұнай қорларын есептеу
- •Мұнайгаздың қор классификациясы қандай әдістермен
- •2. Балансты қорлар дегеніміз қандай қорлар?
- •3.Геологиялық құжаттар не үшін қолданылады?
- •Тәжірибелік жұмыс 6 Кеніш құрылымы
- •Кеніш элементтері
- •Кеніш түрлері
- •Кеніштің элементтері
- •Мұнай мен газ кеніштерінің классификациясы
- •Тәжірибелік жұмыс 8 Зерттеу әдістері
- •Қабат қысымын өлшеу
- •Кеніштегі температураны анықтау
- •Қабат қысымын өлшеу
- •Кеніштегі температураны анықтау
- •Тәжірибелік жұмыс 9, 10 Бұрғылау белгілері бойынша геологиялық профиль құру
- •1. Геологиялық профиль дегеніміз не?
- •2.Жыныстардың орналасу тәртібі қалай анықталады?
- •3. Масштаб қалай таңдалады?
- •Тәжірибелік жұмыс №11,12,13 Кенішті игеру
- •Алаңда ұңғыларды орналастыру үлгісі
- •Кенішке су айдау процесін жоспарлау
- •1. Аудандық су басу кезіндегі ұңғымалар торының әркелкілігі?
- •2. Жалпы сулану кезіндегі ұңғыма торының әркелкілігі?
- •3. Тепе-тең тор бойынша орналасқан ұңғымалардың арасындағы торлардың пішіні?
- •Тәжірибелік жұмыс №14 Кен орнын нгеруді бақылау
- •Изобар картасын құру
- •Қабаттың сұйықтықты өткізгіштігін анықтау тәртібі
- •1. Изобар картасы дегеніміз не?
- •2. Қабат температурасы арқылы біз қандай қасиеттерді анықтаймыз?
- •3. Геотермиялық саты дегеніміз не?
- •Тәжірибелік жұмыс №15 Зерттеу көрсеткіштері бойынша игеруді анализдеу
- •1. Мұнайды ыстык сумен ығыстыру
- •2. Мұнайды бумен ығыстыру
- •1. Жылулықтың ұлғаю коэфициентінің өлшем бірлігі ?
- •2. Қанығу қысымын өлшейтін бірлік ?
1. Геологиялық профиль дегеніміз не?
А) ұңғылардың оқпанын құрайтын жыныстардың орналасуы
Б) бірнеше ұңғылар тілмесінің орташа қимасы
В) ұңғы оқпаны
Г) ұңғы тілмесінің кесіндісі
Д) ұңғының түп көрсеткіштері
2.Жыныстардың орналасу тәртібі қалай анықталады?
А) ұңғының түбін бақылау арқылы
Б) қабатты ашу арқылы
В) ұңғыны цементтеу арқылы
Г) ұңғыдан керн алу арқылы
Д) ұңғыны бұрғылау арқылы
3. Масштаб қалай таңдалады?
А) геологиялық профильдің көлеміне байланысты
Б) үлгі тастың құрамын сипаттау арқылы
В) ұңғылар тілмесінің қалыңдығын анықтау арқылы
Г) ұңғы тілмесін зерттеу арқылы
Д) ұңғы тілмесінің жасын анықтау арқылы
Қолданылған әдебиеттер
1.Долицкий В.А.,Гришин Ф.А.Промысловая геология нефти и газа.Методическое руководства к лабораторным раотам.-М:1965:
2.Гординскйй Е.В.Методическое руководство к лабораторным работам.-М:1965
3.Алешечкин О.Н.,Клолтухин А.Г.Графические по данным бурение нефтяных и газовых скважин.-Саратов:изд:Саратовского университета,1970;
4.Жданов М.А.,Гординский Е.В., Ованесов М.Г. Основы промысловой геологии газа и нефти.-М:Недра, 1975.
Тәжірибелік жұмыс №11,12,13 Кенішті игеру
Мазмұны:
Алаңда ұңғыларды орналастыру үлгісі
Кенішке су айдау процесін жоспарлау
Газ ұңғысының көтергішін есептеу
Жұмыстың мақсаты: Студенттерге кенішті игеруді үйретіп, жұмысты орындау.
Бақылау сұрақтары:
Қабатқа су айдаудың түрлері.
Нұсқа сыртынан су айдау.
Барьерлі су айдау.
Алаңды су айдау және олардың түрлері.
Глоссарий
Мұнайгаз кенiшiнiң табаны немесе сумұнай бөлiмiнiң бетi деп мұнай мен суды бөлып тұратын беттi айтады.
Мұнайлықтың сыртқы нұскасы деп сумұнай бөлiмi бетiнiң қабат жабынымен қиылысқан сызығын аытады№
Мұнайлықтың iшкi нұскасы деп сумұнай бөлiмi бетiнiң қабат табанымен қиылысқан сызықты айтады.
Алаңда ұңғыларды орналастыру үлгісі
Нұсқа сыртынан су айдау. Бұл жағдайда әсер ету, мұнайлық нұсқаның сыртында орналасқан айдау ұңғымаларының жүйесі арқылы жүргізіледі. Айдау ұңғымасының қатары мұнайлық нұсқаға әсер етуі үшін, сулану тілшелерінің түзілуінің және судың игеру ұңғымаларына жарып өтуінің алдын алу үшін мұнайлылық нұсқасынан шамамен 300-800м-де орналасады.
Нұсқаның сыртынан су айдау келесі шарттарда мақсатты:
мұнай қабатының айдау ұңғымаларының орналасу аймағымен жақсы гидродинамикалық байланысуы кезінде;
мұнай кенішінің салыстырмалы аз көлемі кезінде, яғни кеніш ауданының мұнайлылық нұсқасының периметріне қатынасы 1,5-1,75 км құраған кезде (кен орынды бұл шамалардың басқа да қатынастары кезінде өндіру жағдайлары белгілі);
қабаттың қалыңдығы және ауданы бойынша коллекторлық қасиеттері жақсы әрі біртекті қабат кезінде.
Бұл жағдайларда нұсқа сыртынан су айдау жүйесі қорды толығымен өндіруі және мұнайды қабаттың орталық жоғарғы бөлігіне қарай, яғни өндіру ұңғымалар қатарына немесе бір ұңғымаға қарай ығыстыруға мүмкіншілік береді.
Нұсқаның сыртынан су айдауда кемшіліктер де бар. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:
мұнайды алуға энергияның көп шығындалуы (сорапты қондырғылар қуаттылығының қысымына шығыны), өйткені айдалатын су мұнайлылық нұсқасы және айдау ұңғымалары арасындағы қабат аймағының фильтрациялық кедергісінен өтуі керек;
айдау қатарының алшақтығынан кенішке баяу әсер ету;
судың айдау сызығынан қабатының ішкі аймағына кетуі әсерінен көп шығындалуы.
Нұсқасының жанынан су айдау. Кенішке әсер етуді үдету үшін айдау ұңғымаларын мұнайлылық нұсқасына тікелей жақын немесе мұнайдың ішкі және сыртқы нұсқалары арасында орналастыру арқылы қол жеткізуге болады.
Нұсқаның жанынан су айдау келесі шарттарда қолданылады:
қаббатттың сыртқы аймақпен гидродинамикалық байланысуы нашар болған кезде;
кеніштің салыстырмалы аз көлемі кезінде (нұсқаның сыртынан су айдауды қара);
игеру үрдісін қарқындандыру үшін, өйткені өндіру және айдау сызықтары арасындағы фильтрациялық кедергі олардың жақындауы есебінен азаяды.
Алайда сулану тілшелердің түзілуі және судың игеру қатарының басқа ұңғымаларына жарып өту ықтималдығы көбейеді. Бұнымен айдау ұңғымалары арасында кентіректер түзілу есебіненмұнайдың мүмкін шығындалуы байланысты. Бұл кентіректерден мұнай тек өндіру үрдісі өте мұхият реттелгенде және ұңғыларды қосымша бұрғылауды реттегенде ғана ығыстырылуы мүмкін.
Энергетикалық көзқарастардан нұсқаның жанынан су айдау айтарлықтай тиімді, бірақ сыртқы аймақтың жақсы гидроөткізгіштігі кезінде айдалатын су шығындалады.
Нұсқаның ішінен су айдау. Бұл жағдайда қабатқа әсер ету мұнайлылық нұсқаның ішінде қандай да бір схема бойынша айдау ұңғымаларының жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл― қорды алу мерзімін қысқартуға және мұнай өндірісін тез ұлғайтуға мүмкіндік беретін, мұнай кенішіне әсер етудің қарқынды жүйесі.
Нұсқаның ішінен су айдауды бірнеше түрге бөледі: кенішті айдау ұңғымаларының сызығымен жолаққа және сақиналарға бөлу, бірнеше көлденең қатарымен орталық бөлу қатарын құру және нұсқа ішінен су айдаумен бірлескен...
айдау ұңғымаларының орналасу схемасын таңдау нақты геологиялық жағдайлармен, қорды алудың экономикалық мақсатты мерзімімен және негізгі, қажетті күрделі салымдар шамасымен анықталады. Ереже бойынша, айдау ұңғымасының сызығын коллектолық қасиеттері жақсартылған және линзалар мен өткізгіш құмтастардың басымды созылуына перпендикуляр қабатының аймағына орналастырады, бұл айдалатын судың қоршалуын азайтуға немесе жоюға және қабаттың әсермен қамтылуын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Нұсқаның сыртынан су айдау, нұсқаның ішінен су айдау болған кезде мұнайдың нұсқа сыртының аймағына ығысуына жол бермеу керек, сонымен қатар үрдісті қарқындандыру керек. Энергетикалық көзқараста нұсқаның ішінен су айдау, нұсқаның сыртынан және жанынан су айдауға қарағанда тиімді, өйткені барлық айдалатын су бұл жағдайда мұнайды бөлетін қатарлардың екі жағы бойынша ығыстыруға қолданылады.
Нұсқаның ішінен су айдау кезінде берілетін қатарлардың ұңғымалары ығысу фронтын, яғни қабаттың суға қаныққан бөліктерінің жолағын құру үшін мұнайды «біреуден кейін» игереді.
Суландырудың аталған жүйелері, ережеге сай, үлкен нұсқаланған, шектері анықталған және қабат сипаттамалары туралы нақты мәліметтері бар кен орындарда қолданылады.
Блокты су айдауды үлкен нұсқаланбаған кен орындарда барлау ұңғымасының мәліметтері бойынша, оларды орналастыру ауданында өндірістік мұнайлылық бар болған кезде қолдану мақсатты. Бұл жағдайда кен орындары соңғы барлауға дейін және мұнайлылық нұсқасын анықтауға дейін кен орынның айдау ұңғымалар қатарымен игеру ұңғымалар қоры бар жеке блоктарға бөлу арқылы объектіні игеруге жылдам енгізу мүмкін болады. Сонда әрбір блоктың ішінде қатарлар түрінде өндіру ұңғымаларын бұрғылайды. Қатарлардың санын және тығыздығын блок ауданында гидродинамикалық және техника-экономикалық есептеулермен анықтайды. Кен орынды соңғы барлау және нұсқалау кезінде игеруге бұрын енгізілген блоктарды өндірудің жалпы схемасына технологиялық кіреді де, онымен органикалық тұтасты құрайды.
