Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Прак.пос ГОРНГМ нов..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.6 Mб
Скачать

Тәжірибелік жұмыс 9, 10 Бұрғылау белгілері бойынша геологиялық профиль құру

Мазмұны:

  1. Профиль құруға қажетті көрсеткіштер

  2. Профильді құру әдістері

Жұмыстың мақсаты:Ұңғыма қимасы бойынша геологиялық профиль құрастыру әдісін меңгеру.

Бақылау сұрақтары

1.Геологиялық профиль қандай мақсатта құрылады?

2.Стратиграфиялық горизонттар дегеніміз не?

2.Жыныстардың қалыңдығы қалай таңдалады?

3.Қаусырма дегеніміз не?

4. Лықсыма деген не?

Глоссарий

Геологиялық профиль- ұңғылардың бұрғылау көрсеткіштері бойынша құрылатын тілмесінің графикалық бейнесі

Ұңғы- ұңғыларды бұрғылауда өнімді қабаттың жыныстық құрылымын, мұнайгаздылығын, тиімді қалыңдығын анықтау үшін алынатын жыныс үлгісі.

Керн- ұңғыдан бұрғылау кезінде алынатын жыныс үлгісі.

Лықсыма- қимадан бөлек бір қабаттың түсіп қалуына байланысты қиманың қысқаруы

Қаусырма- қимадағы бірдей қабаттардың қайталануы арқылы қиманың ұзаруы

Профиль құруға қажетті көрсеткіштер

Геологиялық құрылым арқылы бір бағытта өтетін,вертикальді жазықтықтағы жер (қабығының) құрылымының графикалық бейнеленуін –геологиялық профиль деп атйды.Сұлба түріндегі 4 ұңғыманың қимасы профиль құру шартты белгілері болып келеді(1-кесте).

1-кесте-Сұлба түріндегі ұңғыма қимасы

№1 ұңғыма,сағаның альтитудасы 200м

№3 ұңғыма,сағаның альтитудасы1 40м

150м

355м

615м

695м

1140м

1410м 1655м

1710м

Конгломерат Триас

Сұр доломит Ж.Перьм

Жасыл саз Ж.Перьм

Сұр тасқұм Ж.Перьм

Сұр аргелит Т.Перьм

Ақ тасқұм Т.Перьм

Қызыл аргелит Т.Перьм

Жасыл сары құмтас Т.Пермь

Ұңғыманың түбі

140м

395м

665м

815м

1040м

1090м

1420м

1670м

Сұр доломит Ж.Перьм

Жасыл саз Ж.Перьм

Сұр тасқұм Ж.Перьм

Сұр аргелит Т.Перьм

Қоңыр құмтас Мұн.Ж.Пермь

Сұр құмтас Ж.Перьм

Сұр аргелит Т.Перьм

Ақ құмтасТ.Перьм

Ұңғыманың түбі

№2 ұңғыма,сағаның альтитудасы 100м

№4 ұңғыма,сағаның альтитудасы 250м

150м

230м

450м

660м

900м

1320м

1350м

1550м

1570м

1800м

1845м

1900м

Сұр доломит Ж.Перьм

Жасыл саз Ж.Перьм

Сар тасқұм Ж.Перьм

Сұр аргелит Т.Перьм

Қоңыр құмтас Мұн.Т.Перьм

Қызыл аргелит Т.Перьм

Сары сұр құмтас Т.Перьм

Қоңыр қара мергель Ж.Карбон

Қызыл аргелит Т.Перьм

Қоңыр құмтас Мұн.Т.Перьм

Сары сұр құмтас Т.Перьм

Қоңыр мергель Ж.Карбон

Ұңғыманың түбі

260м

410м

680м

1035м

1415м

1780м

1830м

Конгломерат Триас

Сұр доломит Ж.Перьм

Конгломерат Триас

Сұр доломит Ж.Перьм

Жасыл саз Ж.Перьм

Сұр тасқұм Ж.Перьм

Сұр аргелит Т.Перьм

Ұңғыманың түбі

Кәсіптік мұнай –газ геологиясы сурет бойынша зертханалық жұмыс ІІ-10 тапсырма.

Ұңғымалардың орналасуы.Ұңғымалар солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай бір сызық бойында орналасқан.1-ұңғыма мен 2-ұңғыманың ара қашықтығы-800м,2-3 ара қашықтығы 40 м,3-4 ара қашықтықтағы -400м.

Жұмысты жүргізу тәртібі: Геологиялық профильде ұңғыма түбінің және әр қабат бетінің жату түбі мен әр қабат бетінің жату тереңдігі,ұңғыма альтитудасы,қабаттың стратиграфиялық белгілері,литологиялық құрамына қысқаша түсініктеме берілген.Ұңғыма қимасының сипаттамасы нөльдік тереңдіктен басталады.Кестеде келтірілген мысалы 1-ұңғымада бірінші қабат конгломерат 0-ден 150 м-ге дейін,2-қабат-сұр доломит 150м-ден 355 м-ге дейін,үшінші қабат-жасыл түсті саз,355-м-ден 895 м-ге дейін т.с.с.Ең соңғы төменгі қабат төменгі перьм жасындағы қара-сұр құмтас(Р),ұңғыманың 1655 м тереңдігіне ашылып ұңғыма түбіне 1710 м-ге дейін ашылған.Үстіңгі және астыңғы қабат жату тереңдіктерінің айырмашылығы қабаттың вертикальді қалыңдығын береді. Мысалы,№1 ұңғымада конгломераттың қалыңдығы 150м-0м=150 м тең болады,ал сұр түсті доломиттің қалыңдығы 355м-150м=155м,т.с.с.

Геологиялық профиль тұрғызып,ұңғыма қимасын құрастырғанда қабат бетінің жату тереңдігі емес,олардың абсолютті белгілерін қолданған ыңғайлы (1-тәжірибелік жұмыста көрсетілген).

Ұңғыма қимасының басқа,геологиялық қима тұрғызу үшін тапсырмада аймақта орналасқан ұңғымалар туралы түсінік берілген.Сонымен бірге,жер бағыты туралы берілген тәртіпті ұстау қажет.Яғни,сол жақта оңтүстік,оңтүстік-батсы,батыс және солтүстік-батыс;оң жақта-солтүстік,солтүстік-шығыс,шығыс және оңтүстік-шығыс.

Геологиялық профильді құрастыру мөлшері 30x40 см болатын миллиметровка қағазына құрастырған оңай.

Профиль тәртіп бойынша құрылымдық карта масштабымен сызылады.(1:5000,1:10000,1:25000,1.50000). Көлденең және тік болып келеді. Масштаб ұңғы түбіне және тиімді қабаттың жату тереңдігіне байланысты алынады.

Профиль тұрғызу тәртібі:

1)Горизонтальді сызық сызу теңіз деңгейі сызығы.

2)Нөлдік белгісі теңіз деңгейі сызығымен қосылатын теңіз деңгейіне перпендикуляр тік масштаб сызығын сызу.

3)Масштаб сызығынан 1-2см қашықтықта теңіз денгейі сызығынан ең оңтүстік ұңғыманы (оңтүстік-батыс,батыс және солтүстік-батыс) бір нүктемен белгілеу.Осы нүктеден оң жаққа берілген горизонтальды масштабта 1-және 2-ұңғыманың арақашықтығы алынады да,екінші ұңғыма орнын нүктемен белгілейміз.Содан кейін 2 мен 3,3 пен 4-ұңғымаларының ара қашықтығы есептеледі.

4)Белгіленген нүктелер арқылы,қазылған ұңғымалардың оқпаның бейнелейтін тік сызық жүргіземіз.Бұл сызық үстінен ұңғыма сағасының альтитудасын белгілейміз(оң таңбалы альтитудалы нүктелер теңіз деңгейінен жоғары болады,ал теріс болса төмен).Альтитуда белгілерін бір сызық қылып қоссақ,сөйтіп жер беті рельефінің сызықтары шығады.Ұңғыма түбінің тереңдігіне байланысты,ұңғыма оқпанын бейнелейтін сызықтың үстінен қысқа көлденең штрих жүргіземіз және қасына ұңғыма түбінің тереңдігі жазылады.

Ұңғыма оқпанын оң жағына 10мм қашықтықта параллельді түзу сызықтар жүргізіледі.Шартты белгілер көмегімен алдынала табылған қабат беті мен табанның абсолютті белгілерінің мәндері арқылы пайда болған бағанада ұңғыма қимасын сызамыз.

5)Профиль құрастырудың келесі кезеңі –ұңғымадан ұңғымаға барлық табылған стратиграфиялық және литологиялық кешендердің шекараларын анықтау.Бұл көбінесе бір шеткі ұңғыманың төбесінен төмен қарай табылады.Соңғы ұңғыма профилінде табаны белгіленген үстіңгі бірінші қабат көрші ұңғымада жоқ болса (әр түрлі шайылулар арқылы),онда көрші ұңғымада кездесетін төмен жатқан бор шекараны алады.Ұңғымалардың қабаттарын бақылай отырып,ұңғыма осінде орналасқан нүктелерді бір-бірімен қосамыз.Бағананың сол жағын ось етіп аламыз да,қадағалай отырып,бірінші ұңғыма бағанасының сол жағы мен екінші ұңғыма бағананың сол жағын бір-бірімен қосамыз.Бірінші барлық сызықтарды карандашпен сызған жөн,өйткені кей жағдайда сызықтарды өзгертуге тура келеді.Ұңғыма қималарын байланыстырған кезде,әр қабаттың қалыңдығының өзгеру ерекшелігі мен әр ұңғымадағы қабатшалардың жату ретіне көңіл аудару керек.Егер ұңғыма қимасында қабаттың жату реттілігі мен қалыңдығы күрт өзгерсе,онда бұл жерде тиктоникалық бұзылыс немесе шайылу болғанын көрсетеді.

6.1-сурет.Ұңғыма қималары бойынша стратиграфиялық келіспеушілікті анықтау.

Шайылу-барлық ұңғымалардың қималарында кездесетін жыныс кешенің шөгуінің болмауымен сипатталады(6.1-сурет).

Көрші ұңғымалармен салыстырғанда ұңғыма қимасындағы тау-жынысының жату реттілігінің өзгеруі- тиктоникалық бұзылыстар мен стратиграфиялық келіспеушіліктің болғанын көрсетеді.Лықсыма түріндегі бұзылыс,қимадан бөлек бір қабаттың түсіп қалуына байланысты қиманың қысқаруын айтамыз(6.2а-сурет).

Қимадағы бірдей қабаттардың қайталануы арқылы қиманың ұзаруын қаусырма(3.2ә-сурет) деп атайды

а) лықсыма

ә) қаусырма

6.2-сурет.Ұңғымалар бойынша бұзылыстарды анықтау

Блиц-тест

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]