Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Прак.пос ГОРНГМ нов..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.6 Mб
Скачать

КІРІСПЕ

050708- «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша тау-кен инженерлерін дайындауда «Мұнайгаз кенорындарын игерудің геологиялық негіздері» курсы геологиялық пәндер циклінің аяқтауы болып келеді. Мұнда терең ұңғымаларды бұрғылаудағы мәліметтерді игеруге арналған он тәжірибелік жұмыстың орындалуы туралы әдістемелік нұсқаулар жиналған.

Ұңғымаларды бұрғылау мұнай мен газ кенорындарын іздеу мен барлауда ғана емес,сонымен бірге бұл пайдалы қазындыларды өндіруде қолданылады.Сондықтан, тәжірибелік жұмыстарда негізінен,бұрғылауда алынған нәтижелерді игеру мен бұрғылау құжаттарына көп көңіл бөлінеді.

Оқу жоспары бойынша тәжірибелік жұмыстарға берілген 30 сағат ішінде тау жыныстарының тобымен танысу, жыныстардың жасын анықтау, төрт ұңғыма бойынша қима құрастыру,ұңғымалар қимасының жалпы корреляциясын жүргізіп,типтік қима,геологиялық профиль,үшбұрыш әдісімен құрылымдық карта құрастыру. Изопахит пен су-мұнай жапсарының беті бойынша өткен білімін тереңдетіп,мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылауда геолог жұмысының маңызды аспектілерімен студенттерді толығырақ таныстыру осы берілген әдістемелік нұсқаудың негізі болып қарастырылған. Берілген тәжірибелік жұмыстар бойынша бақылау сұрақтары, блиц-тест, глоссарий қарастырылған. Жалпы осы жұмыстарды орындау барысында студенттер мұнайгаз кен орындарын игеруде жүргізілетін геологиялық жұмыстармен таныса отырып, кен орнының негізгі геологиялық құжаттарын орындау тәртібімен танысуға толық мүмкіндік алады.

Берілген әдістемелік нұсқау 050708- «Мұнайгаз ісі» мамандығының студенттеріне арналған.

Тәжірибелік жұмыс №1 Өнімді қабаттардың коллекторлық қасиеттерін анықтау

Мазмұны

  1. Қабаттардың коллекторлық қасиеттерін анықтау

  2. Жыныстардың қуыстылығын анықтау

Сабақтың мақсаты: Тау жыныстарының ашық қуыстылығын және коллекторлық қасиеттерін анықтау

Бақылау сұрақтары:

1.Ашық қуыстылық дегеніміз не?

2.Ашық қуыстылық пен ұңғы өнімі арасында байланыс қандай?

3.Қуыстылық пен өткізгіштік мәндері қалай байланыста болып келеді?

4. Вакуум-сорапты не үшін қолданады ?

Глоссарий

Ашық қуыстылық- тау жынысының бойындағы әртүрлі конфигурациялы өзара байланысты бос каналдардың көлемінің жалпы жыныс көлеміне қатынасын болып келеді.

Үлгі тас- ұңғыларды бұрғылауда өнімді қабаттың жыныстық құрылымын, мұнайгаздылығын, тиімді қалыңдығын анықтау үшін алынатын жыныс үлгісі.

Вакуум-сорап- ашық қуыстылықты анықтауда ауа шығаруға қолданылатын аспап.

Керосин- тау жыныстарының ашық қуыстылығын анықтауда жұмысшы сұйықтығы ретінде қолданылатын өнім.

Абсолютті өткізгіштік- қуысты ортаның газбен физикалық- химиялық өзара әсерлесуі болмаған, қуысты ортаның газбен толық толуы жағдайындағы газды өткізу қабілеті.

Үлгі тас- ұңғыларды бұрғылауда өнімді қабаттың абсолютті өткізгіштігін, сиымдылығын, жыныстық құрылымын анықтау үшін алынатын жыныс үлгісі

1. Қабаттардың коллекторлық қасиеттерін анықтау

Өткізгіштік деп тау жыныстарының қысымдары айырмашылығы кезінде өз бойынан сұйықтық пен газды өткізу қабілетін айтады. Қуыстылық пен бірге өткізгіштік те мұнай коллекторларының негізгі көрсеткіштері болып саналады. Егер қуыстылық қабаттың сиымдылығын көрсететін болса, ал өткізгіштік қуысты ортаның өткізу қабілетін сипаттайды. Өткізгіштік көрсеткіші мынадай көптеген факторлармен сипатталады: тау жыныстарын құрайтын әртүрлі түйіршікті материалдың іріктелу дәрежесі, седиментационды процестермен тау жыныстарының қуысты кеңістігінің құрылымының өзгеру дәрежесі және т.б.

Қуысты ортаның өткізгіштігі тек қана қуысты кеңістіктің құрылымынан емес, сонымен қатар қабат флюидінің түрі мен оның қозғалу тәртібіне де байланысты болып келеді. Осыған байланысты, мұнайлы жыныстардың өткізгіштік қасиеттерін сипаттауда абсолютті, (физикалық), тиімді (фазалық) және тиісті өткізгіштік ұғымдары енгізілген.

Абсолютті өткізгіштік деп өткізгіш қуысты ортаның газбен физикалық- химиялық өзара әсерлесуі болмаған, қуысты ортаның газбен толық толуы жағдайындағы газды өткізу қабілетін айтады. Өткізгіштіктің өлшем бірлігі ретінде м2 қабылданған. Тау жыныстарының өткізгіштігін өлшеу үшін көбіне мкм2 (микрометр) қолданылады.

1.1-сурет Тау жыныстарының абсолютті өткізгіштігін анықтайтын қондырғы

Бұл аппаратура негізгі үш бөліктен тұрады. редукторлы баллон, керн ұстағыш, газ шығынын өлшегіш.

949-73 МЕСТ бойынша А-150 түрлі стандартты жоғары қысымды баллондарды азотпен немесе ауамен қолдануға болады. Газ қысымын реттеуге газ редукторы қолданылады.

Керн ұстағыш струбцинды корпустан және резина манжеттен тұрады. Керн ұстағыштың корпусы жиналмалы және үлгі тасты орнататын ортаңғы бөліктен, корпусты төменнен және жоғарыдан саңылаусыздандыратын екі қақпақтан тұрады. Резиналы манжет корпустың ортаңғы бөлігіне орнатылған және тау жыныстарын жанынан саңылаусыздандыруға арналған. Газ шығынын өлшеуге әйнектен жасалған қырлы түтік қолданылады.

Жұмысты жүргізу тәртібі: Тау жыныстарының абсолютті өткізгіштіктерін анықтау үшін цилиндр формалы, диаметрі 30мм және ұзындығы 25мм үлгі тас (керн) қолданылады. Штангенциркульмен үлгі тастың диаметрін, ұзындығын дәлдігі 0,02см. көрсеткішпен бес кесіндімен өлшеп, орта арифметикалық мәнін анықтайды.

Үлгі тасты керн ұстағышқа манжетаның төменгі шетіне орналастырады. Керн үстіндегі кеңістікке арнайы сақиналар салады, сақиналардың жоғарғы шеті және манжеталар шамамен бірдей деңгейде болуы тиіс. Керн ұстағыштың төменгі және жоғарғы бөліктерін кигізеді және струбцина көмегімен бір-біріне тығыздап бекітеді.

Газбен жұмысты бастамас бұрын қондырғыдағы барлық крандардың жабық болуын тексеру қажет. Газдың үлгі тас қабырғалары мен манжета арасында өтпеуі үшін үлгі тасты жанынан қысады. Ол үшін газды баллондағы кранды ашып, редуктор мен жанындағы кранның көмегімен корпус жанындағы манометрмен бақылау жасай отыра, 1-1,5МПа қысым туғызу қажет.

Керн ұстағыштың төменгі бөлігіндегі газ беретін кранды ашып және үлгі арқылы газдың сүзілуінің қалыпты режимін орнатады, (ол үшін газ есептегіштің және секундомердің көмегімен газ шығынын есептейді), қырлы түтіктегі сабын көпіршіктерінің қозғалыс жылдамдығын өлшейді. Газдың үлгі арқылы сүзілу режимінің орнатылуы мынадай жағдайда, үлгі тасқа дейін орнатылған манометрде қысымның тұрақты болуы және оны өлшеген кезде газ шығыны 2% жоғарыға өзгермеуі есепке алынады. Қысым мәні мен газ шығынының соңғы көрсеткіштерін өлшейді.

Өлшеу қысым мәні мен газ шығынының 3-4 бірдей мәнінде жүргізіледі.

Бұл жағдайда, газ есептегіштің бұндай түрін қолдануда газ шығынын өлшеудің дәлдігі сүзудің жоғары жылдамдықтарында азаяды. Сондықтан газ беру кранының көмегімен шығынды 2см3 /с жоғарлатпау қажет.

Өлшеу соңында газды баллондағы кранды жауып, аппаратурадағы барлық кранды жабады және тау жынысының үлгісін керн ұстағыштан шығарады.

Тау жыныстарының абсолютті өткізгіштік коэффициентін мына формуламен есептейді:

Көт = Q μ L / F P , (1.1)

бұндағы: Көт – жыныстардың абсолютті өткізгіштік коэффициенті, мкм2;

Q - газдың көлемдік шығыны, м3/с;

μ - газ тұтқырлығы, Па·с.;

L – үлгі ұзындығы, м;

F –үлгінің көлденең қиылысының ауданы, м2;

Р – сүзілу қысымы, Па.

3-4 рет есептелген Көт өткізгіштік коэффициентінің орташа мәнін есептейді. Барлық зерттеулер нәтижелерін 4.1-кестеге толтырады.