- •I тарау. Отбасы тәрбиесіндегі негізгі мәселелер
- •§ 1.1. Отбасы және тәрбие беруде педагогиканың маңызы
- •Біздің пайымдауынша, отбасы ерекше педагогикалық жүйе.
- •§ 1.2. Отбасындағы баланың іс-әрекетін ұйымдастырудағы қазіргі кезеңдегі жағдайы
- •§ 1.3. Отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыс орнатудың мүмкіндіктері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қорытынды
Ұлттық тәрбиені жаңартып, жаңғырта отырып ұрпақ тәрбиесін халық педагогикасының құндығымен астасып дамытуға тиіспіз.
Адамның жеке басының мінез –құлқын қалыптастыру оның бойына жойылып бара жатқан адамгершілік қасиеттерді сіңіру, иман жүзді етіп тәрбиелеу. Ата- ананың тікелей әсерімен отбасынан басталып, жүзеге асатындығын ескерген жөн. Баланың өскен бесігі, кең дүниенің есігі,-деген мақалдар біздің оймыздың айғағы іспеттес.
Көптаген ата-аналарымыздың тіршілік күйбеңімен жүріп, бала тәрбиесін қолдан шығарып алып, дер кезінде ескерілмеген кемшіліктердің себептерін таба алмай дал болады. Әйтеуір баланың қарны аш, үсті жалаңаш болмаса болғаны, басқаның не қажеті бар дейтін ата-аналар да ортамыздан табары сөзсіз. Осылайша балаға жақсы тәрбие беру үшін үлгі беретін отбасының жақсы болуы , сол ортадан бала ақ пен қараны ажыратуды үйренетіндігін ескермей қаламыз , ұлы Абайдың Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, -бірінші-ата анадан, екінші-ұстаздан, үшіншісі- құрбысынан деген пікірі орынды айтылған.Себебі бала тобасында көбірек болатындығын таа-анасының үйдегі өнегесі мәдениеті мен ішкі жан дүниесі оған көбірік әсер етеді. Көптеген оттасылордың тіршілік тауқыметінің нашарлауы бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуі мектеп пен ата-ана арасындағы байланыстың төмендеуі орын алып отырғанын көреміз. Қысқасы әр бір ата-ананың педагогикалық білімінің жетіспеуі,жаңа бағытқа сай баласымен тәрбие жұмысын жүргізуге психологиялық тұрғыдан дайын емес екендігі ақиқат.
Қай халық болмасын өз ұрпағын биік белестардан көргісі келетіні түсінікті.
Ендеше, шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, ана тілінің әлдиін, туған халқының өнегесін , тәлім- тәрбиесін салт- дәстүрін бойына сіңіру отбасы ата- аналарға байланысты деген. Ол ұрпақ хал-қымыздың болашағы. Ана барген тәрбиесі оның жүрегінде мәңгі жасайды.
Сонымен ұлттық тәрбие мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүгінгі баланың бітімімен мінез-құлқынан, қасиет сапасынан бастау алуы керек. Бала болашақтың адамы жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы.
Ал бүгінгі бала дүниетанымымен өсіп жетілуі,дене бітімі мен көзқарасы, тіршілігі мен түсінігі бұдан 10-15 жылғы баладан мүлдем өзгеше. Сонымен бірге олардың әрқайсысының бір-біріне ұқсамайтын өзіндік дара ерекшеліктері мінез-құлықтары бар.
Сондықтан тәрбиешілер де мұғалімдер де, ата-аналар да барлық жылы жүрек, мейірбандықпен балаларды қаз қалпында сүюге тиіспіз. Олардың ішінде ақылдысы да, жалқауы да, тілалғышы да, еркесі де, тілазары да болуы заңдылық.
Бірақ әлі де болса бүгінгі күнде балалар, ата-баба дәстүрін, ұлттық әдет-ғұрпын, халқының тарихы мен рухани байлығын, ана тілін, дінін жете білмей отыр.
Сондықтан қазіргі қоғамның жаңару жағдайы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде педагогикалық процестің барлық саласында халықтық педагогиканың озық идеялары мен тәрбиесін кеңінен қолдануды талап етеді.
Бүгінгі мектеп оқушылары мәдениетті, ой-өрісі кең, мамандығын еркін таңдай алатын, білімді болуымен қатар, өз халқының, өз ұлтының, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ата-баба мұрасын салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихы мен әдебиетін, өнері, адамгүершілік пен имандылықты дәріптейтін қарым-қатынас, мінез-құлық қасиеттерді бойында қалыптастыру керек. Бұл жағдай әрбір ата-ананың жауапкершілігін күшейтеді, әрі педагогикалық білімінің жоғары болуын туындатады.
Мектеп пен отбасы арасындағы тығыз ынтымақтастық бірліктің орнығуы қажетсінеді. Демек, жас ұрпағымыздың тағдыры, болашағы ата-ана, мектеп ұжымы және қоршаған ортаға байланысты болса, халқымыздың тағдыры, сол жас ұрпақтардың қолында болмақ.
