Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Отбасындағы улттык тарбие.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161 Кб
Скачать
☆

Біздің пайымдауынша, отбасы ерекше педагогикалық жүйе.

Социология ғылымы отбасын тұтас қоғамдық организмнің бөлігі, әлеуметтік тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық салады орын алған міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Бірақ, өндірістік, кәсіптік, саяси ұжымдарға қарағанда отбасына қайта құрутікелей әсер ете бермейді. Отбасының моральдық орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқанмен іске асады. Өйткені, отбасындағы қайта құруларға негізгі әлеуметтік, экономикалық факторлар мен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторлар да қатысады. Отбасын «болжамдаудың» қиындығы осындай себептерге байланысты.

Отбасылық өмір байланыстарын жан-жақтылығымен сипатталады. Олар - әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық-экономикалық, адамгершілік және спихологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның бір қызметінің жойылып, екінші қызметінің сипаты мен ауқымының өзгеруімен байланысты. Отбасы қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.

Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:

  • ұрпақтар алмасуын қамтамассыз ететін бала туу, өсіру қызметі;

  • білім, дағды, шеберлік, рухани құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізетін тәрбиелік қызмет;

  • өндірістік-шаруашылық қызметі;

  • отбасының жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;

Отбасының адамға қатысты қызметі мыналыр:

  • Жұбайлық қызметі. Жұбайлар ең жақын адамдар;

  • Ата-аналық қызметі – отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамассыз етеді;

  • Тұрмысты ұйымдастыру қызметі;

Отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептеледі.

Отбасының қызметін, оның көп түрлілігі мен байланыстарын ескере отырып, қазіргі отбасы дамуының бағыттары мен бірқатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруынакөмектеседі.

Ауылдық және қалалық отбасы дамуындағы ерекшелік олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанмен, екінші жағынан мұндай әлеуметтік бақылаушектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі болады. Ал, қалаларда, әсіресе үлкен қалаларды бұндай бақылауға мүлде орын жоқ.

Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы: ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналаржұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне білімі төмен аталар мен әжелерге жүктеледі. Кейде бір отбасында ата мен әженің және жас ата-аналардың тәрбие жүйесі қақтығысып қалады. Отбасы тәрбиесіне ден қойған мұғалім бұл жағдайды естен шығырмауы тиіс.

Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым-қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50 % жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көрсоқырлық тойынғандық (шамадан тыс еркелету, көңілін жықпау, мейманасы тасығандық) жағдайда алып барады. Тойынғандық дегеніміз - өмірге, өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, немкетті қатынас. Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасынан торығушылар, қаңғыбастарға «қызықты» әсерлі іздеушілер өсіп шығады.

Қазіргі кезде отбасының «уақталу» процесі жүруде, ол дегеніміз – жас ата-аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қалыптастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегенмен жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі, бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, оларды шешу қоғамның құзырында.

Отбасы мүшелерінің кемуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді.

Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі, олар:

  • ата-аналардың жұмысбастылығы;

  • мектепке дейінгі мекемелермен қамтамассыз етілмеу;

  • бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы;

  • әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы;

  • отбасының қолайсыз тұрғын үйі;

  • тұрмыстық жағдайы, ата-аналардың «өзі үшін өмір сүруге» ұмтылған тоғыршылық ұмтылысы және т.б.

Бала туудың азаюы – шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.

Қазіргі отбасы ажырасу санының едәір артуымен сипатталады. Ажырасудың 90- пайызы тұрмыс қолайсыздығы мен дайынсыздықтың салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс-жанжал, отбасылық кикілжіңнің алдын алады.

Бір балалы отбасының әлеуметтік –педагогикалық проблемалары

Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады. Бұндай отбасыларға аға, әпке сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамассыз етуде ата-ананың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сыныптағы кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.

Кейінгі кезде немере, шөбере туыстарды айтпағанның өзінде бірге туған бауырлардың да туыстық қатынастары салқындай бастағаны аңғарылады, көп балалы отбасының балалары ауылда, мектепте, ұжымда қатар құрбылары арасында тез сіңісіп кетеді, өйткені олар отбасында бір-біріне қамқорлық, құрмет жасауды көріп өседі. Ал бір баламен шектелген отбасылардың бұқаралық сипат алуы балалар арасында жатырқау, тасбауырлық сезімдердің нығая түсуіне негіз қалайды.