
- •I тарау. Отбасы тәрбиесіндегі негізгі мәселелер
- •§ 1.1. Отбасы және тәрбие беруде педагогиканың маңызы
- •Біздің пайымдауынша, отбасы ерекше педагогикалық жүйе.
- •§ 1.2. Отбасындағы баланың іс-әрекетін ұйымдастырудағы қазіргі кезеңдегі жағдайы
- •§ 1.3. Отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыс орнатудың мүмкіндіктері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
§ 1.2. Отбасындағы баланың іс-әрекетін ұйымдастырудағы қазіргі кезеңдегі жағдайы
Экономикалық әлеуметтік жағдайға қарай отбасы мүшелері шағындалып, жастардың отбасы үлкендерден бөлек тұратын болды. Осыған орай ұрпақ тәрбиесіндегі атадан балаға беріліп келе жатқан тәрбиелік сабақтастық үзіледі. Дегенмен де жас отаулар бөлектенгенмен ата мен әженің немере тәрбиесіне ықпалы зор. Үлкендер немере тәрбиесінен қол үзгілері келмейді.
Үлкендер бала тәрбиесіне «қатыспау» бақылау жағын ұстанады, өйткені отбасы мүшелерінің көзқарасында қайшылық бар. Екіншіден қала мен ауылдың алшақтығынан ата-әже алыстағы немерелерімен қарым-қатынас ұстай алмайды. Жас отбасылар бөлек тұрмайтындықтан үлкендерге көмек көрсете алмайды. Сол сияқты үлкендер де бала тәрбиесінен аулақ болады. Ұрпақтар сабақтастығы үзілгендіктен, жас ұрпақ бойында қара басының қамын ойлау, тәкаппарлық, шарасыздық белең алса, ал үлкендерге оқшаулық, балаларына қажетсіздік сияқты сезім орнығады.
Бала адам баласына тән жақсы не жаман қасиеттердің бәрін дерлік ең алдымен ата-анасынан, үйдегі басқа ересек адамдардан қабылдайды. Осы орайда 60-жылдардан белгілі ақын, халық жазушысы М.Әлімбаевтың тәрбие тақырыбындағы бір мақаласында үйге қонақ келгенде балаларды дастархан басына бірге отырғызу қажеттігін, олар үлкендердің айтқан әңгімесінен ғибрат алу керектігін жазғаны ойға оралыды. Көпшілікке ой салар осы пікірге риза болмайсыз, алайда кейінен жүріп тойынып, тұрмысы жақсарған соң, бұрын той-томалақты қымызбен, шұбатпен, ат шабыс, көкпармен өткізіп келген. Ал қазіргі жағдайда қазақ дастарханын самсатып, орыстың арағын қоймаса, сәні келмейтін күйге ұшырады. Осы орыстың тентек суы атамыздың асы емес еді ғой – деген еліміздің ойына да келмеді.
Есі кірместен дастархан айналған арақпен қатар өскен ұрпақтың талайының түбіне жеткен осы арақ болғанына өмірдің өзі куә. Халықта «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Ұлың өссе жақсымен, қызың өссе ызы жақсымен қатынаста бол» - деген даналық сөз бар.
Демек, бала өскен ортасына, үлкендердің үлгі өнегесне қарап тәлім алады.
Ерлі зайыптының бір-біріне қамқорлығы мен жылы қатынасынан нәр алып өскен балада жағымды мінез ғана емес, мәдениеті дағды да қалыптасады. Сол сияқты ене келін, күйеу бала мен ене, жеңге мен қайынсіңлі, аға мен қарындас арасындағы қарым-қатынасты бала күнде көреді. Бұлардың арасында сыйласымды қатынас болмаса, оның да балаға тигізер зияны көп. Ауыр сөзбен біреудің көңілін қалдыру, сыртынан жамандау, жасы үлкенді сыйламау, көмектеспеу, біреуге қасақана зиянын тигізу сияқты ең жаман әдеттер бала тәрбиесіне кері әсер етпегені кері әсер етпегені белгілі, бір шаңырақтағы отбасы мүшелеріне бір-бірімен, әсіресе ерлі-зайыпты адамдардың өзара қарым-қатынасының психологиялық, эстетикалық, этиканың нормаларын сақтау жағына жай уақытта мән берілмейді. Ал бала тәрбиесінде осы қатынастар мәдениетінің зор мәні бар. «Үйде балаға ... олай бол да, былай бол» деп құрғақ ақылдан ғөрі әркім өз бойындағы өнегелі іс-әрекеті арқылы әсер етуі әлдеқайда ұғымды. Мәселен, кейбір ата-ана көшеде сыпайы, таза киініп, мәдениетті жүреді де ал, үйде қалай болса солай, көшеде таныстарымен сыпайы да кішіпейіл сөйлеседі, ол үйде отбасы мүшелеріне ақырып, қақырып таза мазаларын алады.
Өздері бірге қызмет істеп, араласып сыйласып жүретін адамдары жайында отбасында жағымсыз әңгімелер айтып, сыртынан ғайбаттап отырады. Бұл әдеттердің бәрі де жасөспірім балаға теріс әсер береді. Үйде бір түрлі, көшеде бір түрлі жүруге болады екен деген ой туғызады. Сондай-ақ кейде екі жүзді мінезге үйретеді. Гректің ерте дүниедегі ойшылы Питтан «Өзің ата-анаға не істесең, балаңнан соны күт» - деген екен. Ата-ана балаға сөзден гөрі ісімен күнделікті жақсы әдет-ғұрып, өнегесімен, күшті әсер ететіндігімен ескерілуі керек.
Айтқаныңыз қаншалықты дұрыс болғанымен, өз өнегеңіз, өз әдет қылығыңыз керісінше болып жатса, жалаң ауылдан ешнәрсе шықпақ емес.
Халықтың мәдени – сәйкестілік жағдайына халықтың өзі тудырған әлеуметтік мәдени жүйе арқылы қол жеткізеді.
Білім беру ұлттық сананы қалыптастырудың, мәдени тілдік мүдделерді жүзеге асырудың құралы ретінде мынадай басты төрт функцияны атқаруға тиіс:
Таратушылық (этникалық ұлттық қоғамдастықтың тұтастығы мен жаңғыруын қамтамассыз ету).
Дамытушылық (ұлттық сананы қалыптастыру және дамыту).
Ынтымақтастырушылық (мәдениеттердің өзара бірлігін, кірігуін, өзара байытуын, жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне бойлауын қамтамассыз ету).
Білімді, мәдениетті адам ғана – тарихи және мәдени дәстүрлерді ұстана алады.
Халықтық мәдени білімі бұл ана тілі мен тас мәдениетті құндылықтарын қоса игеру арқылы тұлғаны этикалық мәдениет сәйкестігін сақтауға бағытталған білім.
Халықтың мәдени білім кеңістігі бұл ана тәрбиесі, отбасы мектепке дейінгі мекемелері, мектептер, жоғары оқу орындары, ұлттық мәдени орталықтар, үйірмелер, курстар курстар құрылымы жағынан: оқу орындарынан тыс білім беру (курстар, кітапханалар, радио, теледидар т.б.) отбасында оқыту және тәрбиелеу, достарымен, көршілерімен қарым-қатынас т.б.
Этникалық – мәдени білім кеңістігі ол отбасындағы хал-ахуал. Жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу отбасымен басталады. Жас адамды есті, саналы сергек, мәдениетті етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамнық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Өйткені, «Ес түзелмей, ел түзелмейді», «Әр адам өз заманының перзенті», «Туа жаман жоқ, жүре жаман бар», «Заман түзелсе, адам түзеледі», олай болса егеменді еліміздің болашағы отбасында, тал бесіктен басталады. Оқу-тәрбие барысында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.
Отбасының жеміс берер гүлі алтын тіреу діңгек – басы. Сондықтан халқымыз «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп түйеді.
Қазақ халқының «Бір баласы бардың, шығар шықпас жаны бар, көп баласы бар үйдің жанған шамы бар», «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар», «Бала адамның бауыр еті» деуі баласын бақыт санағаны.
Қазақ халқының әдет-ғұрпында ұл баланың дүниеге келуін «Ұл туғанда, күн туған» деп ерекше бақыт санаған. Себебі, ұрпақтың жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелінген. Қыз келсе, «Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» деп қуанған.
Жаңа туған балаға арнап «шілдехана» жасау, оны өлең жырмен ашу халықтың ежелгі дәстүрі болған. Осындай салттан тұрған өлеңнің бірі – бесік жыры арқылы білдіру, оның отбасы, ел намысын қорғауын тілеу, өнерлі еңбек сүйгіш болуын қалау. Мәселен: «Жібекті түте алмаған жүн етеді, баланы күте алмаған құл етеді», «Бала айналасына қарап өседі» дейді. Халықтың асырау мен тәрбие беру екі түрлі мәселе «Жігіттің тентек болғаны биінен, баланың тентек болғаны үйінен», «Өнеге күні өлшеусіз», «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің», дейді бала тәрбиесінің өскен ортаға байланысты екендігін көрсетеді. «Адамға көбінесе үш алуан адамнан мнез жұғады: біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстаздан, үшіншісі - құрбысынан» деп ойшыл Абай атамыз да өте дұрыс айтқан.
Отбасындағы тәрбие арқылы баланың географиялық санасы, ол туған өлке, кіші Отан, туған жер, туған шаңырақ, шаңырақ санасымен қарулануға тиіс. «Күте білсең жер жомарт»,«Жері байдың елі бай» деген сияқты мақал-мәтелдерден халықтың табиғатқа сезімі, аялы алақаны сезіледі. «Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп өсір» деп халқымыз осындай асыл қасиеттерді ұрпақтарына өнеге ете білген. Олар жан-жақты мәдениетті тұлғаның жерді ортақ мекен Қазақстанды ортақ отан есебінде жақсы көру сезімі, ортақ үй мен елдің табиғатына деген жауапкершілік сезімі секілді қасиеттерін айқындайды.
Болашақ отбасында көркемдік-эстетикалық санасы, қиял мен нәзік сезім, әсемдікке құштарлық пен әдемілікті бағалай білетін қасиет, көркем талғам туындыларын түсіне алатын қабіліті тәрбиеленеді.
Мысалы: Отбасында шешелері үй шаруасын үйрету арқылы эстетикалық талғамды қалыптастырады.
Мұғалімнің оқушылардың ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бұрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталған орынды.
Бірінші ереже. Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік, көсемдік сөз саптауы өкпе, реніш, ыңғайсыздыққа негіз болады. «Міндетті»,«Қажетті» деген үзілді-кесілді сөздерден соң ата-ананың көпшілігі өз міндеттерін жап-жақсы түсінеді, бірақ тәрбие практикасында өз білгенін көңілдегідей қолдана алуы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керектілігімен білу де маңызды. Мұғалім мен ата-ананың арасындағы бірден-бір дұрыс норма - ол бірін-бірі құрметтеу. Осындай жағдайда бала тәрбиесін қадағалау, тәжірибе алмасу, ақыл-кеңес, бірлесе шешім қабылдау сияқты екі жақты да қанағаттандыратын формаға ауысады. Бұндай қатынастың маңыздылығы сол – мұғалім мен ата-аналарда жеке жауапкершілік, азаматтық парыз, өзіне деген талапшылдық дамып нығаятын болады.
Ата-аналардың жұмыс орнында «Үлгерім экраны»,«Ашық журнал» сияқты тәрбие құралдарын ілу нәтиже бермейді. «Қара тізімге» ілінген әкелер мен аналар ондай форманың тиімсіздігін айтады, өйткені сол арқылы олардың балаға көңілі толмауы, оны жазалауға, мектепке деген теріс көзқарастың қалыптасына алып барады. Балалары туралы жағымсыз әңгіме естіген ата-ана мектептің маңайын көргісі келмейді. Көп жағдайда осы негізде әке мен шешенің ара қатынасы бұзылады. Осының бәрі түптің – түбінде баланың мұғалімді, мектепті жек көруіне ұласады. Мұғалім, сынып жетекшісі осы жағдайларды ескеріп, жұмыс әдістері мен түрлерін таңдағанда баланың көз алдында ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуды басшылыққа алуы тиіс.
Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан мектептің барлық бастамалары мен талаптарын қолдануға дайын. Тіпті педагогикалық дайындығы, жоғары білімі жоқ ата-аналардың өзі бала тәрбиесіне терең және жауапкершілікпен қарайды.
Үшінші ереже. Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық әдеп. Сынып жетекшісі – ресми тұлға. Ол өз қызметі аясында көп жағдайда қаласа да қаламаса да отбасының өзгелерден «жасыратын» құпия сырларына куә болуы мүмкін.
Жақсы сынып жетекшісі отбасы үшін бөтен емес, қайта ата-аналар одан көмек күтіп, сеніп сыр айтады, ақылдасады. Сондықтан отбасы қандай болсады, ата-аналар қандай тәрбиеші болса да мұғалім барынша әдепті болуы тиіс. Ол отбасы туралы барлық білімін ата-аналардың тәрбие ісіне көмектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға жұмсауы керек.
Төртінші ереже. Тәрбие мәселелерін шешуге өмірге құштар, көтеріңкі көңіл-күйді басшылыққа алуға жке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымды қасиеттеріне, отбасы тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену. Тәрбиеленушінің мінезін қалыптастыру қиындықсыз, қайшылықсыз және оқиғасыз іске аспайды. Егер осының бәрі даму заңдылығы түрінде қабылданса (баланың мінезінің тұрақсыздығы, соқтықпалы сипаты т.б.) онда қиындық, қайшылық және күтпеген нәтиже педагогты әбіржітпеуі тиіс. Қалыптасқан педагогикалық міндетті шешудің ондаған тәсілдері болғанымен, солардың біреуі ғана нақта жағдайға толық нәтиже беруі мүмкін. Сондықтан педагогика ғылымына дайын тәрбиелік рецент беретін анықтама деп емес, тұлғаға тиімді ықпал жасайтын жалпы заңдылықтар туралы ғылым деп қарау қажет.
Ата-аналармен, оқушы отбасымен байланыс орнату мұғалімнің ең басты міндеті. Ондай байланыс орнатудың бір формасы оқушы отбасыеда болу. Бұл форма мұғалімдер мен ата-аналарға өте жақсы таныс болғандықтан оның екі кезеңіне ғана тоқталу қажет сияқты.
Отбасында болу, шақыру арқылы іске асқаны жөн. Статистикалық мәліметтер бойынша балалардың 80 пайыздын астамы әкесі де, шешесі жұмыс істейтін отбасыларда тәрбиеленеді. Демек, кез келген уақыт мұғалім үшін қолайлы бола бермейді. Мұғалімнің кенеттен үйге келуі ата-аналарды жұмыстан қалдыруы, күн тәртібін бұзуы, алаңдатуы мүмкін. Шақыру бойынша отбасында болу ата-ананы да, мұғалімді де қолацсыздықтан құтқарады.
Отбасында болуға мұғалім дайындалуға тиіс. Ол дайындық шәкіртінің ең жағымды, қызықты құндылықтарын айқындау болуы тиіс. Дегенмен ол құндылықтардың өзі мұғалім санасында қорытылып, психологиялық және педагогикалық тұрғыдан сенімді шығуы керек.
Отбасымен, ата-аналармен байланыс орнату отбасы тәрбиесін насихаттауға ықпал жасайды. Бұл мәселелерде ата-аналар мен мұғалімдерге «Семья и школа»,«Воспитание школьников»,«Бастауыш мектеп»,«Ақжелкен» журналдары мен «Ұлан»газеті сияқты басылымдарда жарияланған материалдар көмек жасайды. Дей тұрғанмен, сынып жетекшісінің жанды сөзін ата-аналар құлақ қойып тыңдайды. Оның өз атана айтылған мақтау сөздерімен бірге тәрбие міндеттерін шешу туралы ақыл-кеңестерін тыңдау ата-аналарға қуаныш сыйлайды.
Ата-аналар мен сынып жетекшісінің байланыс жасауының бір түрі ата-аналардың педагогикалық тапсырмаларды орындауы болмақ. Ондай педагогикалық тапсырмалардың бірнеше түрін атауға болады.
Тапсырманың бірінші түрі - Белсенді тәрбиелік позиция, балалармен тікелей жұмыс жасаудын туындайды. Олар: қызығушылықтар бойынша құрылған үйірмелерге жетекшілік жасау, дербес қамқорлыққа алу, тәлімгерлік және т.б.
Тапсырманың келесі түрі – мұғалімге, тәрбиешіге көмек көрсетуден туындайды. Олар: саяхат ұйымдастыруға ықпал жасау, қызықты адамдармен кездесулер ұйымдастыру, сынып кітапханасын жабдықтау, кітапқұмар клубын ұйымдастыру.
Ендігі тапсырмалар мектептің материалдық базасын дамыту және нығайтудағы қатысуан туындайды. Олар – кабинетті безендіру, құралдар, приборлар дайындау, мектепті көгалдандыру, жөндеу жұмыстарына қатысу.
Бұл аталғандар қоғамдық жұмыстар мен тапсырмалардың бір бөлігі ғана. Қоғамдық жұмысқа тартуда ата-аналардың немен айналысқысы келетінін анықтау үшін сынып жиналысында олардың өз ұсыныстарын жазбаша беруін өтінуден бастау дұрыс болады.
Отбасы тәрбиесін дұрыс жолға салсақ, халқымыздың бірлігі, ұрпағынан қанішер, қарақшылар, баукеспе ұрылар, жезөкшелер, нашақорлар, тастанды балалар, ұл қызы бола тұрып, панасыздарға айналған қарттар болмас еді. Отбасы тәрбиесінің қайнар көзі, негізгі ұясы ғой, бірақ осы тәрбие мен мектептен басталатын оқ орнындағы білім тәрбиесінің арасында көп жылдар байланыс болмай, ұлттық тәрбие шетқақпай болып қалғаны мәлім.
Ата-ана тәрбиенің күре тамыры не себепті? өйткені, ата-ана балаға қалай тәрбие берсе, бала солай қарап қисаяды. Ағаш тек ағаш емес, барлық жасыл теректер күннің көзіне қарай бой түзейді. Олар көлеңкені сүймейді, шөптей артық бұтақтар мен арам шөптерді қиып, отап отырсаңыз еккеніңіз түзу, алқабыңыз жайнап тұрады.
Осы мақсатта ата-аналар қаншалықты бала тәрбиесіне көңіл бөлетінін анықтау мақсатымен ата-аналар арасынан бала тәрбиесіне орай сауалнама жүргіздім.
Сауалнама бойынша жауап: «Ия» немесе «Жоқ» дап бағаланып есептеледі.
Мысалы: Мына төмендегідей сұрақтар қамтылып нәтиже көрсеткені анықталды:
Сіз ұлттық педагогика негіздеріне сүйенесіз бе? «Ия», «Жоқ».
Балаңыздың тәрбиесінде ұлттық педагогиканы қолданып жүрсіз бе?(элементтерін)
Балаңыз ұлттық аспаптарды ойнай біле ме?
Діни мерекелердің балаңызға әсері бар ма?
Мектептегі іс-шараларға қатысасыз ба?
Қазіргі кезде телеарнада жүргізіліп жатқан ұлттық ойындарға қанағатсыз ба?
Мектептегі өзіңіз қатысып жүрген тәрбие жұмысына көңіліңіз тола ма ? – деген сауалнама бойынша ата-ана мен бала мектеп арасындағы тәрбие жұмыстарын анықтадым.
Сонымен бірінші тұжырымдымы бере келе, осы тарауда қарастырылған қазіргі замандағы өзекті проблема баланың отбасындағы жағдайы, оның құқығын ата-аналардың педагогикалық, психологиялық тұрғыда дұрыс тәрбие беруі, соңғы кездегі қарастырылыпып келе жатқан ұлттық тәрбие және балаларды жасына сай лайықты дұрыс тәрбиелеу заңдылықтарына анықтама береді. Мұнда әрбір отбасының қазіргі экономикалық- әлеуметтік жағдайға байланысты тәлім-тәрбиесінің ерік алуы сан алуан. Мысал келтіріп отырып тәрбиенің түп-тамыры отбасы екендігін сөзсіз растайды. Бала тәрбиесіндегі басты рөл атқаратын ұлттық асыл қазынамыз, ұрпақ тәрбиесі халық педагогикасы, оны жүзеге асырудың сан алуан формалары екені дәлел. Баланы ата мекеніне баурап, ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, тілін ұстарту, ойлау қабілетін дамыту, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Халықтың тілін, салтын, дәстүрін бойна дарытқан, ұрпақ тәрбиелеу үшін халық педагогиаксына оқу-тәрбие жұмысына негіз етіп балаларға үйретуде ата-анамен тығыз ынтымақтастыққа болуын насихаттау отбасы тәрбиесін дұрыс жолға салсақ қанішер, қарақшылар, баукеспе ұрылар, жезөкшелер, нашақорлар, тастанды балалар ұл қызы бола отырып, панасыздарға айналған қарттар болмас еді.
Қорытып айтқанда отбасы тәрбиесіне көңіл бөлген жай кездейсоқтық емес. Отбасы тәрбиесінің қайнар көзі негізгі ұясы. Олай болса, алды істелінетін жұмыстарды балалардың отбасында дамытып-қадір-қасиеттерін, ұлттық өнегесін дамыту барысында эксперимент жұмыстардың жүргізілуі керек. Отбасындағы тәрбиенің әр қырын, сырын әрбір азамат білуге тиіс. Сондықтан да бала тәрбиесінде халықтың озық тәжірибесін негізге алу керек, өнегесіне көз жеткіземіз.