Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз. - копия 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.67 Mб
Скачать
  1. -Жаттығу

Сөйлемдердің ішінен атау септігінде тұрған сөздерді табыңдар.

Толқыннан толқын туады. Анардың әжесі. Ащы мен тұщыны татқан білер. Абай көшесі. Есет – оқушы. Маған қазақ тілінен тапсырма берілді. Совхоздың директоры.

9- жаттығу

Берілген атау септігіндегі создерге сөйлем құрастырып жазыңдар.

Оқушы. Адамдар. Кітап. Саябақ. Жүргінші. Ауа райы. Теледидар. Ақбөкен.

10- жаттығу

Көп нүктенің орнына ненің? деген сұраққа жауап беретін сөзді қойып, екі сөздің бір-бірімен байланыстырып жаз.

...көркі, ... үні, ...жалы, ...иісі, ...жүзі.

Сабақтың тақырыбы: Барыс септігі мен табыс септігі. Әдеп пен талғам.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Барыс және табыс септіктің өздеріне тән айырмашылықтарын меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлей білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Әдеп пен талғам мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Барыс және табыс септікті сөздерді теріп жазу.

Барыс септігі мен табыс септігі.

Барыс септігі. Барыс септігіндегі сөз Кімге? Неге? Қайда? деген сұрақтарға жауып береді.

Барыс септігіның жалғаулары:-қа/-ке, -ға/-ге, -а/-е, -на/-не.

Бұл жалғаулар қазақ тіліндегі буын үдестігі дыбыс үндестігі заңдылықтарына сәйкес жалғанады:дала+ға, береке+ге, ат+қа, ет+ке, қарындасым+а, әжем+е, орны+на, елі+не т.с.с.

Барыс септігіндегі Кімге? Неге?сұрақтарына жауап бергенде, толықтауыш болады да , Қайда? сұрағына жауап бергенде, пысықтауыш болады:Жерлесі Маратқа (кімге?)хат жазып отыр.Ташкентке (қайда?) жүретін поезды күтудеміз.

Табыс септігі. Бұл септіктегі сөздер Кімді?Нені? деген сұрақтарға жауап береді.

Табыс септігінің жалғаулары:-ны/-ні, -ды/-ді, -ты/-ті.

Мысалы: сақина+ны, кеме+ні, қарыз+ды, дәліз+ді, қап+ты, жүк+ті т.с.с

Табыс септігіндегі сөз тура толықтауыш қызметінде жұмсалады:Мына қарбызды сен көтеріп жүрейінші.

Әдеп пен талғам.

Жақсылық пен жамандық,зұлымдық пен махаббат,әділеттік пен әділетсіздік,борыш пен намыс,ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді.Бұларды адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Қазақ халқы осыны жақсы түсініп,жастарды от басында кішіпейілділікке,ізетілікке,имандылыққа,инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап сәлем беруді,олардың алдынан кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жадына “сіз” деген сыпайлық, “сен” деген анайылық.Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені, “кішіпейілділіктен кішіреймейсің” деген қағидаларды үнемі уағыздаған.

Шын мағынасындағы әдептілік (такт) дегеніміз адамның өзінің сөзіне,ісіне есеп бере білуі,қай жерде не айтып,неге араласудың белгілі бір шегін білу.Ол адамның ішкі үлкен мәдениетін,сезімталдығын,тәрбиелілігін көрсетеді.Адам өзін әдепті ұстай білуі үшін алдымен сыпайылық керек.Біреуді ден қойып тыңдай білу,сөзді бөлмеу,сабырлылық,қарапайымдылық-әдептіліктің белгісі.

Қандай бір жағдайда болмаса адам өзін ұстай білгені жөн.Ашу үстінде айтылған сөз әрқашан әділ бола бермейді.Сондықтан біреумен әлдеқалай ренжісе қалсаңыз,бірден үзілді-кесілді пікір айтпауға тырысқан жөн.Әдепті адамның талғамы да биік.Өзін де,өзгені де сыйлай білетін адам көпшілік орындарға қалай болса солай киініп бармайды.Әрине талғаммен киіну деген өз байлығын паш ету емес.Әр киімді орнымен,сыр-сымбатымен,үйлесімімен қолдана білу қажет.

араласу -общаться

тәрбиелі-воспитанный

сабырлы- спокойный

киіну-одеваться

орнымен- к месту

сыйлау-уважение

1- жаттығу.

Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар

2- жаттығу.

Мына сұрақтарға жауап беріңіз

Сіз кешке (ертең, бір аптадан соң, екі айдан кейін) қайда (саяхат,кино, саябақ,би кеші, ауыл, әжем, нағашыларым, досым) барасыз? Сіз қандай үйірмеге (жарыс, байқау, фестиваль) қатысыңыз (қатыспақсыз)? Сіз неге (емтихан, сынақ,аралық бақылау) дайынсыз ба? Сіз кімге (досыңыз, ақсақал, балалы әйел, кішкентай сәби, көршіңіз, мүгедек) қандай көмек көрсеттіңіз?

3- жаттығу.

Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Астанаға, дүкенге, емханаға, циркке бару. Мерекелік кешке, білімпаздар сайысына, айтысқа, жарысқа қатысу. Ата-анаға, балаға, қарияға көмектесу. Әкімге, сотқа, төрағаға, бастыққа шағымдану.

4- жаттығу

Берілген сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғаңыз

  1. Қала________________

  2. Мектеп________________

  3. Сынып________________

  4. Елі________________

  5. Үйім________________

  6. Жұмысың________________

  7. Әнші________________

  8. Баласы________________

5- жаттығу

Бос орынға табыс септігінің жалғауын қойыңыз

  1. Үнтаспа________________ тыңда.

  2. Кітап________________ аш.

  3. Сөйлем________________ жаз.

  4. Сөздер________________ жұптастыр.

  5. Бос орындар________________ толтыр.

  6. Қате________________ тап.

  7. Қосымша________________ жалға.

6- жаттығу

Керекті сөздерді алып, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Бала, әнші, жәбірлнуші, қорғаушы, қария, оқушы, жұмысшы, студент, ғалым,әртіс, спортшы, науқас қайда барады?

Керекті сөздер: институт, стадион, сот, завод, сабақ, саябақ, гастроль, академия, концерт, бөлімше, бақша, аурухана.

7- жаттығу

Мына сөздерге табыс септік жалғауын қосып жазыңыз.

а) әкім, әкімшілік, азамат, босқын, қауіпсіздік, жұмыссыздық, өзара түсіністік , айыпкер , тергеуші, құқық, ақпарат, алаяқтық, қадағалау кеңесі, жазасы, ниеті, мүдделері, құқық нормалары;

8- жаттығу

Көп нүкте орнына тиісті жалғауларды қойып, көшіріп жазыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.

Сіз болашақ... ойлайсыз. Өз ісіңіз... ашқыңыз келеді. Көп нәрсе... қол жеткізсем дейсіз. Сіз... көп еңбектену керек. Өз мамандығыңыз... жақсы меңгеріңіз. Енді өзіңіз... сай әріптестер табу керек. Өз ісіңіз... дамыту үшін көп қаржы қажет.Қаржы... қайдан аласыз? Банк... барып, несие алу туралы сөйлесу... керек. Несие... көлем... анықтап алыңыз.Құжаттар... дұрыс толтырыңыз. Ақша... жұмсағанда мұхият болыңыз. Табысыңыз... бірден жаратпай, өзіңіз... қор дайындап алыңыз.

9- жаттығу

Мақалдарды оқып, мағынасын түсінуге тырысыңыз.Табыс септік тұлғасында тұрған сөздерді көрсетіңіз.

Жақсының жақсылығын айт-нұры тассын,

Жаманның жамандығын айт-құты қашсын.

Тәуекел тау жығар.

Сабақтың тақырыбы: Жатыс септігі мен шығыс септігі. Бақытты болу үшін бай болу шартпа?

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Жеті септіктің бірі жатыс септігі мен шығыс септігінің өзіне тән ерекшеліктерін меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Бақытты болу үшін бай болу шарт па? мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Жатыс септігінде және шығыс септігінде тұрғансөздерді жазу.

Жатыс септігі мен шығыс септігі.

Жатыс септігі. Жатыс септігіндегі сөздер Кімде?Неде?Қайда? деген сұрақтарға жауап береді.

Жатыс септігінің жалғаулары:-Да/-де, -та/-те, -нда/-нде.

Басқа септіктердегі сияқты, жатыс септігінің жалғаулары да буын үндестігі дыбыс үндестігі заңдылықтарына сәйкес жалғанады:қолым+да, есім+де, алыс+та, есік+те, баласы+нда, әкесі+нде т.с.с.

Жатыс септігіндегі сөздер кімде? неде? Деген сұрақтарға жауап беріп, толықтауыш болады да, қайда? деген сұраққа жауап бергенде, пысықтауыш болады: Қалада (қайда?) досым тұрады. Сенің жүрегіңде (неде?) адамға деген бір жылылық бар. Менде (кімде?) бір ой бар еді, айтуға болар ма екен?

Шығыс септігі. Шығыс септігіндегі сөз кімнен? Неден? Қайдан? Қашан? Деген сұрақтарға жауап береді.

Шығыс септігінің жалғаулары: -дан,-ден,-нан,-нен.-тан,-тен.

Бұл септіктің жалғаулары да буын және дыбыс үндестігі заңдылықтары бойынша жалғанады.

Сөйлем ішінде шығыс септігіндегі сөз кімнен? неден?сұрақтарға жауап бергенде,жанама толықтауыш болады да,қайдан? қашан? деген сұрақтарға жауап бергенде мекен немесе мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады:

Радиодан (неден?) берілген хабарды тыңдап отырмыз. Шығармадан (неден?) үзінді келтірді. Шын көңілден (қалай) алғысымды айтамын. Талайдан(қашаннан?) жауабыңды күтуде едім.

Бақытты болу үшін бай болу шарт па?

Дәл осы сұраққа адамзат баласы қадым заманнан жауап іздеген.Содан бері бақыт пен байлықтың арақатынасына арналған том-том трактаттар жазды.соның өзінде көп адам бұл екі түрлі құбылыстың арасын күні бүгінге дейін ажырата алмай келеді.

Әрине,әрбір адам бақытты болуға ұмтылады.Бірақ бақытқа ұмтылу-байлыққа ұмтылу емес.Өйткені өзінің ғана дәулетті болуын армандайтын адам ешқашан да бақытты бола алмайды. “Бақытсыз адамды көріп тұрып,бақытты болу мүмкін емес”,-депті ғой бір данышпан.

“Қазір бізде материалдық байлыққа жетсек,бәріміз бақытты болып шыға келеміз” дейтін “жаңа қазақтар” да аз емес.Бұлар халықтың ғасырлар бойы сұрыпталып барып жинақталатын ең қымбат қазынасын-рухани байлығын есепке алмайды.Рухани әлемінен айырылып қалған талай бай елдер мен құдіретті ұлттардың қалай жойылып кеткенін білмейді олар.Мәселен,қазіргі Американың байырғы тұрғындары үндістер-майа,инк,атапаск,ирокез,муског тайпаларының тарихына бір сәт назар аударайықшы.Бұлар есте жоқ ежелгі замандарда-ақ озат өркениетімен әлемді тамсандырған елдер еді.Бірақ Америка отарлап алған соң,әлгі тайпалардың бәрі өздерінің сан ғасырлық әдет-ғұрпынан,салт-санасынан,наным-сенімінен айырылып қалды.

Қазір бұл үндіс тайпалары өте дәулетті,бай тұрады.Алайда,өздерінің тілінен,ділінен,дінінен,өнерінен, яғни рухани байлығынан айырылып қалған,бір кездегі ұлт ретінде де мойындалмайды.Мойындағысы келмейді.Енді олар бір кезде өздерін отарлап алған халықтардың этникалық құрамына сіңіп,бірте-бірте тарих бетінен өшіп,жойылып барады.Бүгінгі үндістер өздерінің қасіретті тағдырын жақсы түсінеді.Олар өздерінің егемендіел болуын армандай да алмайтын дәрежеге жеткен.Үндістердің бір режиссері “Бір күндік тәуелсіздік үшін бар байлығымызды берер едік” деп аталатын фильмде шығарған.Біз дүние-мүлікті ғана ойлап,рухани байлығымызды жоғалтып алсақ,онда сол үндістердің бүгінгі қасіретті кейпіне түсіп қалуымыз мүмкін.

бақыт- счастье

болу-быть

ұмтылу-забыть

дүние-мүлік-имущество

ұлт-национальность

өркениет - развитый

мойындау-признаться

1- жаттығу.

Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар

2- жаттығу.

Мына сөздерге жатыс септік жалғауын қосыңыз. Олармен сөйлем құрыңыз.

Ұйым, Біріккен Ұлттар Ұйымы, дүние жүзі, жыл, апта, ай, солтүстік, кеден бекеті, еліміз, республикамыз, үй, курс, тарих.

3- жаттығу.

Мына сөздерге шығыс септік жалғауын қосыңыз. Олармен сөйлем құрыңыз.

Банк, жауап, заңгер, кеңесші, куәгер, сезікті, іссапар, жауапкершілік, тергеу, қызметкер, басшы, шарт, саяхат, есірткі, шекара, таратушылар.

4- жаттығу

Сөздерге жалғау қате жалғанған.Түзетіңіз

  1. Жұмысда________________

  2. Әсетде________________

  3. Алматыта________________

  4. Кітабінде________________

  5. Арабда________________

  6. Елінда________________

5- жаттығу

Жақшадағы сөзді шығыс септігінде жазыңыз

  1. Мен (дүкен) кітап сатып алдым. ________________

  2. Мен (ағам) хат алдым ________________

  3. Сен (мектеп) келдің бе? ________________

  4. Сіз (Ақтөбе) келдіңіз бе? ________________

  5. Сендер (бастық) сұрадыңдар ма? ________________

6 -жаттығу

Келесі сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті жалғауларын қосып, аударып жазыңыз

А) Біз Астана... барды... . Менің дос... ... сәлем айт. Сенің үй... мектеп... алыс па? Өлең патша... – сөз. Тақта... бор... жазады. Кітап... кітапхана... апар.

В) Менің Отан... тамаша! Күз мезгілі... астық мол болады. Базар... жеміс-жидектер... сатып алды... . Мынау алмұрт... баға... қанша? Мен күз мезгілі... сүйе... .

С) Сен бұл парта... тазалап жу. Сенбілік... бара... . Мен Қазақстан азама... . Өз елім..., жерім... сүйе... . Маған күз мезгіл... өте ұнайды. Біз... қала... үлкен емес.

7-жаттығу

Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударып жазыңыз.

А). Я живу в Республике Казахстан. Наш областьназывается – «край белых берез». Мой старший и младший брат учатся в школе.. У тебя есть друзья? Вы в школу приехали на автобусе? Мы пришли в класс вместе..

В) Я люблю свою землю. Мое день рождение осенью. Сегодня сколько будет уроков? Нащ город очень красивый.

С) Ты пойдешь в магазин. Это улица имени Абая. На остановке было много человек. Это какая школа?

D) Бабушка ушла в гости. Купи в магазине молоко и хлеб. В столовой было много учеников. Ты будешь пить чай?

8-жаттығу

Мына сөздерге жатыс септік жалғауын қосыңыз. Олармен сөйлем құраңыз.

Ұйым,Біріккен Ұлттар Ұйымы,дүние жүзі,жыл,апта, ай, солтүстік, кеден бекеті, еліміз, республикамыз, үй, курс, тарих.

9-жаттығу

Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

Кім? Мұнайшы,бала, оқушы, әнші, инженер, мұғалім, оқырман, әкім, оқытушы, есепші, жаттықтырушы, студент.

Қайда? Банк, кеден, институт, мектеп, әкімшілік, бақша, стадион, филармония, завод, өндіріс, кітапхана, университет.

Не ітейді? Тұрады,оқиды, жұмыс істейді, отырады.

10-жаттығу

Мына сөздерге шығыс септік жалғауын қосып, сұрақтарға жауап жазыңыз.

Не? Ақша, Табыс, өнім тауар, тәрбие, егін, үлкен іс, шеберлік, жаңармай, мемлекет, өзен, асыл заттар.

Неден? Шикізат, жер жаттығу, мұнай, қағаз, бұлақ, алтын-күміс, тәуекел, еңбек, отбасы, бесік, үнемшілдік.

Не істеледі? Басталады, жасалады, шығарылады, өндіріледі, алынады.

11-жаттығу

Мына сөздерге шығыс септік тұлғасындағы сөздерді табыңыз.

Банк,жауап, заңгер, кеңесші, куәгер, сезікті, іссапар, жауапкершілік, тергеу, қызметкер, басшы, шарт, саясат, есірткі, шекара, таратушылар.

12-жаттығу

Мақал-мәтелдерден жатыс септік тұлғасында сөздерді табыңыз.

Үй артында кісі бар

Ғалым, дана болмағанда жақанда,

Жерде игілік өңбес еді қашанда.

(Ж.Баласағұн.)

13-жаттығу

Мақал-мәтелдерді оқып, шығыс септік тұлғасындағы сөздерді көрсетіңіз.

Ақыл-ауыздан, мерей-көзден.Отан оттан да ыстық.Ақыл жастан шығады,асыл тастан шығады.»Адамнан» үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ.Жаман аттан аяғым артығ, жаман жолдастан таяғым артық.Үндемегеннен үйдей пәле шығады.Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.

Сабақтың тақырыбы: Көмектес септігі. Адам бойындағы қасиеттер.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Көмектес септігінің өзіне тән ерекшеліктерін меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Адам бойындағы қасиеттер мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Көмектес септігін қатыстыра отырып сөйлем құрастыру.

Көмектес септігі.

Көмектес септігі. Көмектес септігіндегі сөз кіммен? немен? қалай? деген сұрақтарға жауап береді.

Көмектес септігінің жалғаулары: -мен,-бен,-пен. Бұлардың –менен,-бенен, -пенен варианттары да қолданыста кездесіп қалады.

Көмектес септігінің жалғаулары дыбыс үндестігі заңдылығын басшылыққа алғанымен, дыбыс үндестігіне « бағына бермейді». Былайша айтқанда, сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамастан, көмектестің жіңішке буынды қосымшалары жалғанады: тарақ+пен, күз+бен, баға+мен, көрме+мен т.с.с.

Көмектес септігіндегі сөз кіммен? немен? деген сұрақтарға жауап бергенде, толықтауыш болады да, қалай? сұрағына жауап бергенде, пысықтауыш болады: Асанмен (кіммен?) бес жыл бірге оқыдым. Суды шелекпен (немен?) тасиды. Берілген тапсырманы абыроймен (қалай?) орындаған жақсы.

Адам бойындағы қасиеттер

Адам не үшін жер бетінде өмір сүреді? Не үшін ол жақсы және адал ниетті болуы тиіс?

Адамдар қоғамда да бір- бірімен өзара қарым- қатынаста болады. Әрбір жеке адамның адамгершілік және рухани қасиеттері осы қарым- қатынаста көрініс береді. Бұл қасиеттер адамдарға бірлесіп тіршілік етуге, бейбіт және келісімде өмір сүруге көмектеседі. Достық пен игілік үшін қажетті бұл қандай қасиеттер?

Ең алдымен жауапкершілік- бұл адамның өзіне тапсырылған істі нақты, жақсы және уақытында орындауға тиіс міндеті.

Ақ ниеттілік- әрбір істе және қимыл әрекетте жақсы ниеттердің басшылыққа алынуы.

Өзара түсіністік- өз құрбыларымен, айналадағы адамдармен мектепте, үйде және қоғамдық орындарда ортақ мүдде мен түсіністік таба білу.

Өзара көмек- адамдар қиындықта да, қуанышта да бір- біріне сүйеу болуы керек.

Жанашырлық- бұл әлде неге ұшыраған адамға аяушылық сезіммен ғана қарамай, сонымен қатар оның қайғысына, бақытсыздығына ортақтасу. Мүмкіндігінше жағдайын жеңілдетуге көмектесу, көңілін көтеріп, не істеу керектігіне кеңес беру.

Сыпайылық- айналадағы адамдарға ілтипатпен қарау. Сыйластықпен жауап беру, қиналған кезде жол көрсету. Саған көмектессе, оған рахмет айт. Сөйлескенде сыпайы бол. Айғайлама, сөзді бұзба, басқаларды тыңдай біл, қоғамдық орындарда даурықпа!

Ешқашан, ешуақытта кешікпе, егер бір нәрсені дұрыс істемесең, кешірім сұра!

Адалдық- ешуақытта ешкімді алдама, шыныңды айт. Егер бір нәрсеге уәде берсең, орында. Біреудің затын рұқсатсыз алма, ал егер алсаң, кешірім сұрап қайтар.

жауапкершілік- ответственность

ақ ниеттілік- чистой душой

өзара түсіністік - взаимопонимание

жанашырлық- жалость

сыпайылық- тактичность

адалдық-честность

1- жаттығу.

Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар

2- жаттығу.

Мына сөздерге көмектес септік жалғауын қосыңыз. Олармен сөйлем құрыңыз.

Шағым, өтініш, арыз, ұсыныс, ұшақ, поезд, адам, қорғаушы, есепші, тексеруші, бастық, қызметкер, халық.

3- жаттығу.

Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар. Ондағы септік тұлғалы сөздерді табаңыздар.

Әлия Алматыға поезбен келді. Поездан түсіп, таксиге отырды. Таксимен «Ақсай» ықшамауданына дейін келді. Сәрсен Түркиядан ұшақпен келді. Әуежайдан автовагзалға дейін автобуспен келді. Автовакзалдан арнайы автобуспен ауылына кетті. Сәкен мектепте мұғалім. Ол үлгерімі жақсы балалармен жеке жұмыс істейді. Тәртібі нашар оқушыларды тәрбиелейді. Нұржігіт бірінші курста оқиды. Ол кітапханаға, оқу залына жиі барады. Сабақтан бос кезінде стадионға барады. Оның жолдастары көп. Оның інісі мектепте оқиды.

4-жаттығу

Мына сөздерге көмектес септігін жалғаңыз

  1. Қала

  2. Үй

  3. Кітап

  4. Тәте

  5. Парақ

  6. Ұстаз

  7. Орындық

5- жаттығу

Бос орынға керекті сөзді жазыңыз.

  1. ________________ұстайды.

  2. ________________көреді.

  3. ________________естиді

  4. ________________иіскейді.

  5. ________________жүреді.

  6. ________________тамақ жейді.

  7. ________________шайнайды.

6-жаттығу

Мына сөздерге көмектес септік жалғауын қосып жазыңдар.

Шағым,өтініш,арыз,ұсыныс,ұшақ,поезд,адам,қорғаушы,есепші,тексеруші,халық,қызметкер,досым,жұмыс,білім,спорт,қағаз,еңбек,тай,көлік,бірлестік,ғылым,кітап,көршің,аңшылық,өнер,тарих,жіп,табиғат,ақын,көз,уақыт.

7-жаттығу

Мына сөздерге көмектес септік жалғауын қосып,керекті баяндауыштарды таңдап жазыңдар.

Қайық,көз,шүберек,спорт,ұшақ,бас,көз,құлақ,тарақ,қалам,ауыз,аяқ,мұрын.

Керекті сөздер;жүреді,тарайды,жазады,көреді,ойлайды,естиді,сөйлейді,де м алады,сүртеді,ұшады,көреді,жүзеді,шұғылданады.

8-жаттығу

Көмектес септікте тұрған сөздерді тауып,олардың жалғауларының астын сыз.

Ағашты арамен кестім.Олар пойызбен кетті.Үйдің қабырғасын балшықпен сыладым.Тоғжан Сәулемен тез достасып кетті.Арман әуежайдан автовокзалға дейін автобуспен келді.Сәкен мектепте мұғалім,ол үлгерімі жақсы балалармен жеке жұмыс істейді.Ағам таксимен Ақсай ықшамауданына дейін келді.Әріптестерімізбен кинотеатрға бардық.

9-жаттығу

Мақал-мәтелдерді оқып,көмектес септік жалғауларын табыңыз.

Жаксымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа.

Сүтпен сіңген мінез,сүйекпен кетеді.

Ер атымен мықты,құс қанатымен мықты.

Бірлікпен-ел көгерер.

Білекпен бірді,біліммен мыңды жығар.

Жаңбырмен жер көгерер, Батамен ел көгерер.

Білім инемен құдық қазғандай.

Білім мен еңбек бәрінде жеңбек.

10-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.

Оқығанды көңілге ықылас... тоқылық.Асыл ... Жанар сөйлесті. .... орман ішін аралап жүріп келемін.Исатай .... Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас-талқан етіп жеңеді.Марат Астанадан Алматыға поезд... келді.Достарымыз.... жағайға бардық..... спорт... шұғылданғанды жақсы көремін.Көршің.... тату болғанға не жетсін.Жүн.... фабрикада түрлі маталар тоқылады.Мектепті бес... бітірдім.

11-жаттығу

Берілген сөздерді көмектес септігіне қойып,сөйлем құра.

Желім,Қауға,Қағаз,Тай,Білім,Қайрақ,Еңбек,Қармақ,Тікұшақ,Күрек,Жіп,Кә-

Сіп,Қола,Досы,Зергерлік,Өлеңдері,Саятшылық,Пышақ,Қалам,Жаңалық.

Септік жалғауларына арналған тест сұрақтары.

1. Қазақ тілінде қанша септік бар?

а)6 в)5 с)7 д)4 е)9

2. Атау септік қандай сұраққа жауап береді?

а) кім? не? в)кімнің? ненің? с) кімге? неге? д)қайда?қай жерде? е)кімде? неде?

3. Ілік септігінің жалғауларын атаңыз.

4. Әдептілік пен әдепсіздік туралы жаз.

5.Табыс септіктің жалғауын көрсетіңіз.

а)-а,-мен,-пен в)-н,-ны,-ні с)-на,-не,-ге д)-нда,-нде,-да е)-ға-а,-е,

6.Қосымшаның түрі нешеу екенін көрсетіңіз.

а)2 в)7 с)3 д)8 е)5

7.Табыс септігінде тұрған затесімді анықтаңыз.

а)Ұлжанды в) Ұлжанмен с) Ұлжанға д) Ұлжанның е) Ұлжаннан

8.Жатыс септігінде тұрған сөзді табыңыз.

а)сөремен в) сөреге с) сөреде д) сөреден е) сөренің

9.Септік жалғауын табыңыз.

а)- дар, -дер в)-лар,-лер с)-ы,-і д)-ым, -ім е)-ның,- нің

10.Жаңа сөз жасаушы тәсілді көрсетіңіз.

а) жұрнақ в)тәуелдік жалғау с)көптік жалғау д)жалғау е)септік жалғау

11. «соң», «бұрын» шылауын меңгеретін септікті табыңыз.

а) атау в)барыс с)табыс д)көмектес е)шығыс

12.Морфологияға тән атауды табыңыз.

а) термин в) жалпы есім с) атылы бағыныңқы д) екпін е) синоним

13.Көптік жалғауын көрсетіңіз.

а) дәптер в) жүзер с) күндер д) кептер е) асар

14. Жіктік жалғауының II жағында тұрған сөзді табыңыз.

а) азаматсың в) азаматпыз с) азаматқа д)азаматпен е) азамат

15. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған жатыс жалғауын табыңыз.

а)үйімде в) қалада с)орманда д)көшеде е)өндірісте

Сабақтың тақырыбы: Септеулік шылаулар. Ең күшті адам деген кім?

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Септеулік шылаулардың өзіне тән ерекшеліктерін меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді (тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Ең күшті адам деген кім? мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу. Септеулік шылауларды қатыстыра отырып сөйлем құрастыру.

Септеулік шылаулар.

Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп,оған қосымша (мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық, т.б.) мән үстеп тұрады да,оны екінші сөзбен байланыстырады.

Септеулік шылаулар мыналар: үшін, сайын,туралы, арқылы, жайлы, сияқты, тәрізді, дейін, шейін,қарай, т.б. Олар септеуліктер деп аталады.

Септеулік мынадай тұлғадағы сөздердің шылауларында айтылады.

1.Түбір тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік , есімшемен тіркесетін септеуліктер: арқылы , жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты, т.б.

2.Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым,жуық , тарта, т.б.

3.Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын,әрі, т.б.

4.Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: қатар,қабат, бірге.

Ең күшті адам деген кім?

Бақыт жолындағы күрес төңірегіндегі кереғар ұғымдар, адам бақытының адамгершілік құны. Шынайы бақыт пен эгоистік ашқарақтық–бүгінгі заман тақырыбы. Әдебиетте іскер адамды да, қарапайым адамды да емес рухани күшті адамды көрсету керек. Рухани күштілік деген сөз - ар тазалығы. Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойынсынбайды. Сондықтан да оның тағдыры қиын болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес.

өзімшілдік- эгоист

бақыт- счастье

рухани күш- духовная сила

кереғар- противоположный

өкініш- сожеление

1-жаттығу.

Мына сөйлемдерді жазып алып, септеулік шылауларды тауып, олардың қай септікте тұрғанын анықтаңыз.

Лейтенант орман шетіндегі зеңбіректер тұрған жерге қарай тұра кеп жүгірді. Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ, Фурманов көшесімен жоғары қарай өрлеп келе жатқан менің алдыма келіп түсті. Полк командирі кеткеннен кейін, көп кешікпей, дем ала алмай ентігіп, түсі қашып, шәпеті денелі рота командирі пулеметшінің қасына жетті. Мақсат үйіне қарай булыға жүгірді. Онда Зелиха сияқты жексұрындар бар ғой. Тек апасы түннен бері қатты мазасызданып, тынышы кетіп жүр. Ғазиз әуелі сескеніп, кейін шегінщектеніп кеткен.

2-жаттығу.

Мына сөздерге септеулік шылаулар қосыңыз. Олармен сөйлем құрыңыз.

Ағаш, көше, көрпе, жануар, дала, шам, сағат, жастық,білім,

дене,дастарқан,күз.

3-жаттығу

Берілген септеулік шылаулардың қай септікке қатысты екенін жазыңыз.

  1. Туралы: атау септігі

  2. Дейін: ________________

  3. Кейін: ________________

  4. Сайын: ________________

  5. Бері: ________________

  6. Сияқты: ________________

4-жаттығу

Жақшаны ашып жазыңыз.

  1. Мен (оқы) сайын көп нәрсе үйренемін .

  2. Сен (көр) туралы айта аласың ба?

  3. Мен сіздің (айт) сияқты айта аламын.

  4. Ол мектептен (кел) кейін демалды.

  5. Біз емтиханға (дайындалма) үшін,екі алдық.

5-жаттығу

Бос орынға керекті сөзді қойыңыз

  1. Мен келгенге________________дайындалдым.

  2. Сені көрген________________қуанамын.

  3. Ол менің ________________сөйлейді.

  4. Біз сабақ аяқталғаны________________ойнадық.

  5. Ол кино басталған________________келді.

6-жаттығу

Көп нүктенің орнына төменде көрсетілген септеуліктердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.Адамзат жүрегіме үңілгенде, Әр уақытта сен ... мені білсін (С.М.).2.Есінен танып қорыққан балапан бұдан ... көпке ... не болып,не қойғанын білген жоқ. 3.Балалар жиекке ... жиналып,көгілдір үйректі ұстаудың амалын іздеді (С.Б.).4.Өлкені өрлеп қонған он ... ауылдың көбі жатқан.(М.Ә.)5.Кішірек келген земленкенің есігінен төріне ... сықыған адам.(Б.М.).

Септеуліктер:арқылы, қарай, дейін, шақты, шейін, соң, таман, кейін.

7-жаттығу.

Барыс,шығыс,көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін сөздерді бөлек-бөлек жазыңдар.

Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер:

Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер:

Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер:

Тест

1.«Сайын,қарай,соң» шылаулары қандай шылау тобына жататынын анықтағыз:

А)Қарсылықты Ә)Демеулік

Б)Шартты В)Септеулік.

2.Көмектес септігіне қатысты септеулікті табыңыз:

А)кейін Ә)шейін

Б)бірге В)үшін

3.Бірыңғай септеулік шылаулар қатарын көрсетіңіз.

А)әрі,бері,гөрі Ә)не,я,да

Б)мен,бен,пен В)қой,ғана,ше

4. Барыс септігіне қатысты септеулікті табыңыз:

А)кейін Ә)шейін

Б)бірге В)үшін

5. Шығыс септігіне қатысты септеулікті табыңыз:

А)кейін Ә)шейін

Б)бірге В)үшін

Сабақтың тақырыбы: Сапалық сын есім. Қатыстық сын есім.

Экология және біз

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімдердің айырмашылықтарын меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді (тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Экология және біз мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Сапалық және қатыстық сын есімдерді қатыстыра отырып он сөйлем жазу.