Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз. - копия 1.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.67 Mб
Скачать

Келер шақ

Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіреді. Мысалы:Ол мектепке ерте бармақ.Сендер үйге келерсіңдер. Бұл сөйлемдердегі бармақ,келерсіңдер деген етістіктер бару,келу қимылдарының әлі болмағанын,бірақ келешекте болатынын білдіріп тұр.Келер шақ мағынасы мен жасалуына қарай болжалды келер шақ,мақсатты келер шақ және ауыспалы келер шақ болып бөлінеді. 1.Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндінгін айқын көрсетпей,болжай ғана айтылады.Мысалы: Біз барармыз.Сен оқырсың т.б. 2.Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.Мысалы: Мен ауылға бармақпын.Сен ерте кетпексің т.б. 3.Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты көсемшенің –а,-е,-й жұрнақтарының жжіктелуі арқылы жасалады.

Өткен шақ

Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып,істеліп кеткенін білдіреді.Мысалы:Ол оқуды бітірді.Мен бұл кітапты оқыдым. Өткен шақ мағынасы мен жасалуына қарай жедел өткен шақ,бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді. 1.Жедел өткен шақ ідетте қимылдың, іс-әрекеттің таяу уақытта болғанын,орындалғанын білдіреді.Мысалы:Асан домбыра тартты,мен өлең айттым.Сен үйге келдің. 2.Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғнда әлдеқайда бұрын ьолғанын білдіреді.Мысалы:Сен мектепті бітіргенсің.Ол ауылға барыпты. 3.Ауыспалы өткен шақ есімшенің –атын,-етін,-йтын,-йтін жұрнақтары арқылы жасалып,бірде өткен шақ,бірде келер шшақ мағынасында қолданылады.Мысалы:Асан ауылға жиі баратын.Сен кітапханаға қашан баратын едің?

Бас қаланың бойтұмары

Астана қаласының нышаналы символы –‘’ Астана Бәйтерек” . Ол ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты.

Бәйтерек үш бөліктен тұрады. Жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаю, өркендеу кезеңдерінің нышанын айғақтайтындай. Яғни, бұл кафеде орналасқан орасан зор аквариумдер көрініс тапқан мұхит әлемі дерлік. Дәл осындай шолу жеделсатыларымен қоса тереңдеген төрт жарым метр болатын дөңгелек холл бар. Мұнараға кіре берістегі холда белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың өнер туындыларының көрмесі көрермендерді толғанысқа бөлеп, шаттыққа кенелтеді.

Ал, “ Даму “ кешенінің орта бөлігі ағаш діңгегі тәріздес. Онда аспанға асқақтауды бейнелейтін “mitsubishi”фирмасының екі жеделсатысы қондырылған. Бұл жеделсатылар келушілерді жаңғыру ағашының диаметрі 22 метрлік діңгегіне – Алтын шарға әпсәтте шығара алады. Бұл шар металл құрлымдарымен бедерленіп жасалынған, енді ғана бүршік жарып келе жатқандай көрінетін гүл қауызына шебер сыйдырылған. Ол көлденеңінен үш қабаты, алтындай жарқыраған жапырақтарымен шыныланған. Оның мәнісі мынадай :ол мұнараны сыртқы атмасфералық әсерлерден қорғайды. Шардың ішінде жеделсатылық холл, дәмхана, Астананың жаңа бейнесін көз алдыңа тосатын панарамалық зал орналасқан.

Ең жоғарғы жағында – Аялы Алақан компазициясын тамашалауға болады. Былайша айтқанда, Бәйтерек идеясының апогейі Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының таңбасы бар күміс тұмар кім – кімді де зор әсерге бөлері хақ. Оған қол тигізгенде спираль түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылса, Қазақстанның Әнұраны ойнай жөнеледі. Одан әрі қосымша жарық есебінде компазиция өз негізінен бөлініп, жер бетінде қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді.

Астана – Бәйтерек сәулет – құрлыс кешені халқаралық сәулет академиясының София қаласында өткен халқаралық сәулет триенналының күміс медаліне ие болды. Бұдан басқа ТМД Сәулетшілер одағы халқаралық ассоциациясының қатысушы елдерінен шыққан сәулетшілердің 2002 жылғы үздік шығармаларының халқаралық байқауында Гран – при мен алтын медальді жеңіп алды.

Мұхит-океан

Жеделсаты-лифть

Көрме-выставка

Алтын шар-золотой шар

Жапырақтар-листья

Құрылыс кешені-стройтельный комплекс

1-жаттығу.Өлеңдегі етістіктерді теріп жазып,олардың қай шақты білдірітінін айтыңдар.

Кең айнадан өзін көріп, Құстар билеп,ойнайды. Су түбінен маржан теріп, Сүңгіп терең бойлайды.

Көлді қорып,байқұс қызғыш Қыңқылдайды жағалап. Өанатымен жерді сызып, Төңкеріліп сабалап.

2-жаттығу.Мәтінді оқыңдар.Осы шақ,келер шақ,өткен шақ етістіктерлі ткріп алып,әрқайсысын бөлек-бөлек жазыңдар.

Аққу

Көктемде Жайық өңіріне аққулар қос-қостан ұшып келеді.Тал-қайраңдағы көк шалғынға киіз үй тіккенбіз.Сыртта тұрып,сыбызғының үніндей аққулар дыбысын тыңдадым.Тобымен орман ішіне қонды. Таңертең ерте оянып,тысқа шықтым.Сүрлеумен өзенге жүгірдім.Өзен жағасын әнге бөлеп,аққулр өзенге көтерілді.

3-жаттығу. Төмендегі етістіктерді жекеше,көпше түрде жіктеп,әр қайсысына сөйлем құраңдар.

Ойнамас.Күлер.Жазар.

4-жаттығу.Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап,жіктеп,әрқайсысына сөйлем құраңдар.

Шаш.Оқы.Сөйле.Қайт.Кел.Жаз.Жаса.

5-жаттығу.Көшіріп,келер шақты білдіріп тұрған етістіктердің астын сызыңдар.

-Сен осы арада тоқтай тұр.Мен үйге кіріп,жағдайды білейін.Екеуміздің бірдей кіруімізге болмайды,-дедім. –Ол дұрыс қой.Бірақ Семен Григорьевич сені танымайды.Онда мен барайн сен тұра тұр.Әрі ойлар,бері ойлап,үйге кірдік. –Мына терезеде ашылады ма?-деп сұрады Иван Кузьмич. –Бұл терезе ашпалы.Ашылады.

6-жаттығу. Баяндаймын,баяндамақпын,баяндармын деген сөздерді жекеше көпше түрде жіктеңдер.

7-жаттығу.Берілген етістіктерден жедел өткен шақ жасап,жіктеп,әрқайсысына сөйлем құраңдар.

Үлгі: бар-бардым,бардың,бардыңыз,барды.Жартасқа бардым,айғай салдым.

Бар.Ойна.Жүгір.Жарыс.Сөйле.

Тест

1.Ауыспалы осы шақта тұрған сөздi табыңыз А) Ол ерте тұрады В) Талапты ерге нұр жауар С) Ащы тiл таяқтан өткiр D) Шәкiртсiз ғалым – тұл 2.Етістіктің бұрынғы өткен шақ формасы қай сөйлемде қолданылған? А) сен мектепті бітірерсің B) сен мектепті бітіргенсің C) сен мектепті бітірдің D) сен мектепті бітіретін едің 3.Етістігі ауыспалы келер шақ тұлғасындағы сөйлемді көрсетіңіз. A) Ол ертең келеді, ән айтады, би билейді. B) Біресе қар жауады, біресе бұршақ жауады. C) Түйе боздап, қой қоздады. D) Ол жақсы хабар әкелді. 4.Өткен шақ формасындағы етістікті табыңыз. A)Ертең барармыз B) Кейін кездесерміз C) Әрине,келеміз D) Таңертең жеттік 5.Келер шақ формасындағы етістікті табыңыз. A) Барар B) Келді C) Бардық D) Бердік E) Отырмыз

Сабақтың тақырыбы: Есімше және көсемше.Алматы – оңтүстік астана

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Есімше мен көсемшенің өзіне тән ерекшеліктерін меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Алматы-оңтүстік астана мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Сөйлемдердегі есімше мен көсемшенің жұрнақтарын табу.

Есімше Есімше — етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс-әрскетті белгілі бір шаққа байланысты білдіредіде, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Ардақ бағана кетіп қалған.Сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің . Берілген сөйлемдерде кетіп қалған, өсерсің, тыңдайтын деген етістіктер есімше тұлғаларында жіктеліп келіп (кетіп қал-ған— 3-жақ, өс-ер-сің— 2- жақ, тыңда-йтын— 3-жаққимыл, іс-әрекеттібілдіріптұр. Атапайтқанда: Ардақтың кетіп қалуы (Ардақ кетіп қалган)—өткен шақты білдіріп тұр; сенің өсуің (сен өсерсің)—келер шақты білдіріп тұр. Сөйтіп, бұл сөйлемдердегі есімшелер (есімше тұлғалы етістіктер) белгіл бір шақты (еткеншақнемесекелершақ) білдіріп, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарып, белгілі заттың қимылын көрсетіп тұр. Бұл—есімшенің етістікке тән касиеті. Кейде есімше тұлғалы етістік бүтіндей басқа мәнде, басқаша қызметте қолданылады: етістікке тән болып келетін белгілі бір заттың қимылын емес, керісінше заттың сынды ққасиетін, қатыстық белгісінбілдіріп немесе заттанып, заттық мәнде жұмсалады. Ондайда есімше тұлғалы етістік бір зат атауын анықтап тұрады немесе септеліп, көптеліп, я тәуелденіп жұмсалады. Мысалы: Қараса, әкелгені бір үлкен қуыршақ екен. Баладан қорық қанына Жұмабай ұялды да, ыза болды. Есімше тұлғалы сөздердің бұндай қолданысын да етістікке тән қасиет жок, керісінше сын есіммен заттанып барып зат есімнің орнына жұмсалған. Сондықтан дае сімше етістіктің ерекше үрі деп аталады.

Жасалуы

Сөйлемдегі қызметі

Үнсіз күліп тұрған-бағанағы шәкірт бала.

Баланың қытығына тиетіні – осы жері.

Есімше атау септікте тұрып заттанады

Бастауыш

Үнсіз күліп тұрған-бағанағы шәкірт бала.

Баланың қытығына тиетіні – осы жері.

Есімше жіктеледі

Баяндауыш

Туған жердің ой-шұқырын түгел аралағанмын. Ол сүйінші сұрай келген.

Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септікте тұрады.

Анықтауыш

Ерке мінезді, сылаң қағып ағатын өзен. Ашылғанның тілі ащы

Атау мен іліктен басқа септіктерде тұрады.

Толықтауыш

Ағайынды жамандап, Туғанды қайдан табасың. Еңкейгенге еңкей, шалқайғанға шалқай.

Барыс, жатыс, шығыс, көмектес сөздермен тіркеледі

Пысықтауыш

Жасыңда қалжың болсаң, өскенде мылжың боларсың. Қартайғанда оқыған оқуың, мұзға жазғанмен бірдей.