- •Рмқк «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі»
- •1.Дыбыс үндестігінің екі түрі бар. Ілгерінді және кейінді ықпал.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі. Атау септігі мен ілік септігі.
- •-Жаттығу
- •Сапалық сын есім. Қатыстық сын есім.
- •Экология және біз
- •Дара сын есім. Күрделі сын есім.
- •Арал, оралсаңшы қайтадан
- •Сын есімнің шырайлары.Салыстырмалы шырай
- •Тәнді қоздырар темекі
- •Сан есім.Дара және күрделі сан есім
- •Қазақ елі-менің Отаным
- •Есептік сан есім
- •Бөлшектік сан есім
- •Француз саяхатшысы г. Мозердің қазақ жеріндегі саяхаты
- •Топтау сан есім
- •Болжалдық сан есім
- •Жетелі жұрттың жеті белгісі
- •Қазақстан рәміздері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Болымды және болымсыз етістіктер.
- •Наурыз қыз
- •Келер шақ
- •Көсемше
- •Өздік етістің жұрнақтарын қосыңыз.
- •Оқы, сұра, жина,ойна етістіктерін ырықсыз етіске айналдырып,сөйлем құраңыз.
- •Ырықсыз етістерге мысал келтір.
- •Өзіңіз келтірген мысалдарға сөйлем құраңыз.
- •Елордадағы еңселі сарай.
- •Мәтінді тірек ете отырып жүйке жүйесі туралы әңгімелеп беріңіз.
- •Бүгінгі колледж
- •Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Жалғаулықты құрмалас сөйлем.
- •1.Шартты рай тұлғасы арқылы:
- •3. Көсемшенің -а, -е жұрнағындағы сөзге тұр көмекші етістігі тіркеседі.
- •2.Көсемше арқылы : -п, -й
- •2. Көсемше арқылы:
- •3.Шартты рай арқылы:
- •1. Көсемше арқылы:
- •2. Есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнағына –дай, -дей, -тай, -тей қосымшасы жалғануымен:
- •1. Қимыл атауына үшін шылауы тіркеседі:
- •2. Деп көмекші етістігі III жақтағы бұйрық раймен тіркеседі:
- •3.Деп көмекші етістігі -ар, -ер, -р етістігі қосымшалары есімшемен бірге жұмсалады:
- •Автор -сөзі төл сөз
- •Автор сөзі- төл сөз- автор сөзі
- •Сәрсембег өнөрлү ел(г)ен
- •(Сәрсембегөнерлүекен)
- •Абай оқиды
- •Кітапты оқиды
- •Президент н.Назарбаевтың Қазақстанның Туын, Елтаңбасын таныстыруда сөйлеген сөзі
- •1) Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді;
- •2) Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;
- •3) Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.
- •4 Жаттығу
- •Қазіргі жағдайда ақпаратты – электрондық кітапха
- •«Қазақ тілі » пәні бойынша білімгерлердің білімін бағалау мынадай өлшемдерге негізделеді:
- •Оқу құралдары және әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
1 Жаттығу.
Берілген мәтіндегі сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратыңдар.
2 Жаттығу.
Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды түбір жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.
Үлгі: ой-лы,...
Ой, пайда, жаз, оқу, күз, өктем, сый, сықақ, сылдыр, үйір, іс, үлгі, жүз, тәрбие, тәлім, тежеу.
3 Жаттығу.
Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Үлгі: айбын-ды-лық-тан,...
Айбындылықтан, әділеттілікті, шаруашылықтар,білгіштік, имандылық, сыйлағыш, кішіпейілділік, тарыншақ, ұрыншақ, тасымалдағандары.
4-жаттығу
Берілген сөздерге септік жалғауларын қосып жазыңыз
Ұя, гүл, дәптер, көмекші, құдірет, сыйлық, сұлу, жаңбыр, ауыл, дәрігер, орман, еңбек, байлық, балгер.
5 – жаттығу
Берілген сөздерден жұрнақ жалғану арқылы туынды сөздер жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.
Үлгі: сый-лы,...
Сый, күз, қыс, көктем, сауық, от, темір, тәрбие, бақыт, ағайын, жақ.
6 – жаттығу
Оқып шығып, сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдаңдар. Қосымшаның түрін (жұрнақ па, жалғау ма) ажыратыңдар.
Ата – анадан, есті, білгені, көргені, білімді, адамға
7 – жаттығу
Бұл қай сөздер?
1. Ж – дан басталса, жыл мезгілі
Қ – дан басталса, онда ол құс белгілі
Ол қай сөздер?
2. А дыбысымен айтылса, негізгі мүше,
А егер де Е – ге алмасса,
Есептік сан есім, сұрауы – неше?
Бұл қай сөз?
3. Қ – дан басталсам,
Маған қарап сабақ айтпады,
П – дан басталсам,
Маған балалар жүгін артады.
4. Фонетикалық екі ұғым бірі мен бірі сыбайлас,
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі – жазылады да көрінеді
5. Өз құрамындағы үш буын, жеті әріп, жалпы қарауындағы әріптері
құрамындағыдан алты есе көп.
Сабақтың тақырыбы: Дара сөздер бен күрделі сөздер. Жеті атасын білмеген-жетімдіктің белгісі.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Дара сөз бен күрделі сөздердің айырмашылықтарын меңгерту;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қортындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Жеті атасын білмеген- жетімдіктің белгісі мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Дара және күрделі сөздерді қатыстыра отырып он сөйлем.
Дара сөздер мен күрделі сөздер
Сөздерді құрамы жағынан дара және күрделі сөздер деп бөлінеді.
Бір ғана түбірден тұратын негізгі немесе туынды түбір сөзді дара сөз дейміз. Мысалы: аспан, ата, дана, даналық, терезеде т.б. Аспан, ата, дана
сөздері бір ғана негізгі түбірден тұрса, дана+лық- туынды сөз, терезе+ де- жалғаулы сөз.
Екі немесе одан да көп түбірлердің бірігуінен, қосарлануынан, қайталануынан, қысқаруынан, тіркесуінен жасалған сөздер күрделі сөздер деп аталады.
Күрделі сөздердің түрлері
Біріккен және кіріккен сөздер: белбеу, бүгін, айбалта, ақсақал, Ақтау, қаламсап, орынбасар т.б.
Қос сөздер: биік- биік, әрең- әрең, бала- шаға, қыз- келіншек т.б.
Қысқарған сөздер: ААҚ, ТМД, БҰҰ, ПМУ, ПМПИ т.б.
Тіркесті сөздер: қара сұр, он сегіз, қара ала т.б.
Жеті атасын білмеген-жетімдіктің белгісі.
Өткен өмір-бәрі сабақ.Ұрпақ үшін тарих пен ата-баба шежіресі өте маңызды оқу. “Жеті атасын білмеген-жетімдіктің белгісі” дейтін қазақ туыстыққа зор мән берген.
Осыған байланысты төмендегідей пайымдаулар халқымызда ежелден бар.
Қазақта “төрт құбыла” деген ұғым бар. Мұның да өзінше бөлек бір сипаты бар. Ол-“өзім”деген тұлғаны ортаға қойып,туыстық қатынасты жіліктеп таратқанда қолданылатын бағыт. Мәселен, “өзімнен жоғарғы бағыт”- ата тек болса,кейінгісі ұрпақ. Оң бағытым-нағашы жұрт,сол бағытым-жиендер. Ежелгі халық түсінігінде адам денесінде кеуде қосақталып қонған 7буын бар. Алғашқы буын “өзім”-кеуде. Екінші буын-бұғана. Онан соң-иық,шынтақ,білезік,сынық сүйем,бақай. Бала “жерден таяқ жейтін” 7 жасқа толысымен осы 7 буынды көрсетіп, әр буынға бір атаны балап, 7 атасын шегелеп отырып,қадап айтып түсіндіру әуелі әкенің , не атаның абзал борышыболған. Мәселен:кеудесіне саусағын тіреп-бұл сен, “өзің”,бұғананың басын нұсқап-бұл әкең,иығын көрсетіп-бұл атаң дейтін. Бір атадан тараған ұрпақтарды немере ағайын дейді. Неше немере ағайын бар,олар қайда тұрады,немен шұғылданады? Мал дәулеті қалай?Қандай-қандай өнері бар? Мұның бәрі талдап айтылуы тиіс.Өкінішке орай
тағдырдың тәлкегінен немере ағайындарын білмейтін,тіптен көз жазып қалған бауырларымыз көп бүгінде. Шынтақ-бабаң,білезік-өз атаң,бұлар-жама ағайындар. Алақандағы орта буын(сынық сүйем буыны)-тегің,башпай буыны (саусақтың соңғы буыны,қол ұшы)-түбің,бұлар қалыс ағайындар. Бұлардың шаңырағы қазір қайда,қазір кімдер бар,олардан тараған ұл мен қыз кім дегенді де құлағына құятын.
өткен өмір-прошлая жизнь
сабақ-урок
ұрпақ -потомки
ата-баба –семь
шежіре- летопис
жеті ата-семь потомки
ежелден –с древности
бөлек -отделно
1-жаттығу.
Берілген мәтінді оқып, түсінігіңізді айтыңыз. Күрделі сөздерді табыңыз.
2- жаттығу.
Төмендегі сөздердің қайсысы дара, қайсысы күрделі сөздер екенін ажыратып жазыңдар.
Арқар, арқан, арқар мүйіз, аспан, аспаз, аспан көк, асқазан, асығып- аптығу, астан-кестен, дәреже, дәнекер, жақсы-атты (болу), жол сілтеуші, жомарт, жоңышқа, жолсерік, жылы ұшырау, жылы шырай, көркеөнерпаз, көркем фильм, қарақалпақтар, қарабүлдірген, қара күрең, қара торы.
3- жаттығу.
Берілген күрделі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Үлгі: Балғожа немересі Ыбырайды оқу-өнерге баулыды.
Балғожа, Құнанбай, Ақтөбе, астан- кестен, ата- ана, он екі, отыз бес, Сары өзек, қара торы, бірқатар, бірлі-жарым, біраздан соң, бір сарынды, еңбекақы, шаңсорғыш,өнертапқыш, АлМУ.
4-жаттығу
Кіріккен сөздерді бөліп жазыңыз. (Мысалы: биыл- бұл жыл)
Бүгін, әкел, апар, ендігәрі, жаздыгүні, білезік, қарлығаш
5-жаттығу
“Кім тапқыр”ойыны Суреттерді қара. Түбірге қосымшалар ол қосымшаның қай түрі екенін ажырат.
6-жаттығу
Төмендегі сөздерді дұрыстап жазып, сөйлем құраңыздар
1.бүгүңгү______________________________________
2.жұмұшшы____________________________________
3.күндүзгү ______________________________________
7-жаттығу
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, көшіріп жазыңыз
1.........ауылға қонақтар келетін болыпты.
2.Марат .........білмегенсіді.
3.Ол......... отырды.
4.Мен ........әуре болыппын
5.Антон..........жақсы сөйлейді
Керекті сөздер: (жорта, төмен, бекерге, қазақша, ертең)
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер. Қайталама қос сөздер. Туыстық атаулар.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Қос сөз оның ішінде қайталама қос сөздердің ерекшеліктерін меңгерту;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Туыстық атаулар мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып түсінігін айту.Қос сөздер және оның ішіндегі қайталама қос сөздерді қатыстыра отырып сөйлемдер құрастыру.
Қос сөздер. Қайталама қос сөздер.
Екі түбірдің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады. Мысалы: ауыл- аймақ, айта- айта, ұсақ- ұсақ, көзбе- көз т.б.
Қос сөздер қайталама және қосарлама қос сөздер деп бөлінеді.
Қос сөздердің жасалу жолдары
Бір сөздің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан: қора-қора, бара-бара, айта-айта, жазып- жазып т.б.
Буындардың қосылуынан: ап-ащы, кіп-кішкене, тіп-тік т.б.
Бір дыбыстың өзгеруінен: ет-мет, кемпір-семпір, тарс-тұрс, кісі-місі т.б.
Мағынасы жағынан жақын сөздерден немесе мағынасы қарама-қарсылықты білдіретін сөздерден: аспай- саспай, азды-көпті, жатса-тұрса, талан-тараж т.б.
Қайталама қос сөздер. Бір түбірдің қайталана айтылуынан жасалған қос сөздердің түрін қайталама қос сөз дейді.
Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары
Қосымшалы, қосымшасыз түбірдің өзгеріссіз қайталануы: өркеш-өркеш, ұзын-ұзын, сай-сай, келе-келе т.б.
Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірлердің қайталануынан: үй-үйге, қолма-қол, бес-бестен, сөзбе-сөз т.б.
Алғашқы сыңары өз қалпын сақтап, екінші сыңарының алғашқы дыбысы өзгеруінен: жігіт-мігіт, ет-мет, май-пай т.б.
Еліктеу сөздердің қосарлануынан: арс-ұрс, тарс-тұрс, сарт-сұрт т.б.
Түбірдің алдынан күшейткіш буын қосылу арқылы: жап-жақсы, ап-анық, қып-қызыл т.б.
Туыстық атаулар.
Ата-әкесінің әкесі,ел-жұрт “ақсақал” деп құрмет көрсетіледі.Оның жолын кесіп өтуге болмайды. “Ауылында қарты болса жазып қойған хатпен тең” дегендей ата-ел ұйытқысы,батагөйі,ақылшысы,қамқоры болып есептеледі.
Әже-әкенің шешесі.Ел іші,от басының бүтіндігін ойлайтын-ел анасы.Ол салт-
дәстүрді сақтап,кейінгі жастарға от басының дастархан берекесінің,абасындардың бірлігін сақтайтын тәрбиеші,әрі ақылгөйі,тілеуқоры деп есептеледі.
Бала-ата-анадан тараған ұрпақтар бала яғни “Ұл”, “қыз” деп аталады. “балалы үй-базар, баласыз үй қу мазар”деген халқымыз.
Ұл-шаңырақтың иесі,ұрпақ жалғасы деп есептеледі.
Қыз-бір рудың ұзатылған қаза.Жас,кәрілігіне қарамастан сол елдің адамдары,туыс-тұғандары оны “қыз” деп атап дәріптейді.Үлкендер оны “Қызымыз” деп,кішілер “апай” деп ерекше сыйлауға,сәлем беруге тиіс.
Немере-ұлдың баласын.
Шөбере-немеренің баласы.Қарт адамдар үшін бұл ұрпақтың орны мүлде бөлек.Олар қазақ дәстүрі бойынща кішкентай шөберенің қолынан су ішкен адамға о дүниеде жеңілдік жасалады.
Аға,апа-бір әке-шешеден туған (немесе туыстың)жасы үлкен жігіт-аға,қыз-апа деп аталады.Екеуінің де жолы үлкен деп есептеледі.
Жеңге-ағаның әйелі.
Қайын іні,қайын сіңілі-жеңгелері үшін күеуінен кіші ұл “қайын іні”,қыз “қайын сіңлі” болады.
Келін-інінің,баланың әйелі “келін” деп аталады.
Қалындық-күйеуге атастырылған,бірақ өз үйінде отырған бойжеткенді осылай атайды,қазақ оны “Оң жақта отырған қыз” дейді.
Абысын-ағайынды жігіттердің әйелдері.
Бөле-апалы-сіңілілі қыздардың балалары бір-біріне “бөле” болады.
Бажа-апалы,сіңлі қыздардың күйеулері бір-біріне “бажа” болады.
Қайын ата-әйелге күйеудің әкесі,күйеуге әйелдің әкесі “қайын ата” болады.
Қайын ене-әйелге күйеудің шешесі,күйеуге әйелдің шешесі “қайын ене” болады.
ата-дедушка
әже-бабушка
бала-ребенок
ұл-мальчик
қыз-девочка
немере-внук
шөбере-провнук
аға,апа-брат,сестра
қалындық-невестка
қайын ата-свекровь
қайын ене- свекровька
