- •Рмқк «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі»
- •1.Дыбыс үндестігінің екі түрі бар. Ілгерінді және кейінді ықпал.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі. Атау септігі мен ілік септігі.
- •-Жаттығу
- •Сапалық сын есім. Қатыстық сын есім.
- •Экология және біз
- •Дара сын есім. Күрделі сын есім.
- •Арал, оралсаңшы қайтадан
- •Сын есімнің шырайлары.Салыстырмалы шырай
- •Тәнді қоздырар темекі
- •Сан есім.Дара және күрделі сан есім
- •Қазақ елі-менің Отаным
- •Есептік сан есім
- •Бөлшектік сан есім
- •Француз саяхатшысы г. Мозердің қазақ жеріндегі саяхаты
- •Топтау сан есім
- •Болжалдық сан есім
- •Жетелі жұрттың жеті белгісі
- •Қазақстан рәміздері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Болымды және болымсыз етістіктер.
- •Наурыз қыз
- •Келер шақ
- •Көсемше
- •Өздік етістің жұрнақтарын қосыңыз.
- •Оқы, сұра, жина,ойна етістіктерін ырықсыз етіске айналдырып,сөйлем құраңыз.
- •Ырықсыз етістерге мысал келтір.
- •Өзіңіз келтірген мысалдарға сөйлем құраңыз.
- •Елордадағы еңселі сарай.
- •Мәтінді тірек ете отырып жүйке жүйесі туралы әңгімелеп беріңіз.
- •Бүгінгі колледж
- •Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Жалғаулықты құрмалас сөйлем.
- •1.Шартты рай тұлғасы арқылы:
- •3. Көсемшенің -а, -е жұрнағындағы сөзге тұр көмекші етістігі тіркеседі.
- •2.Көсемше арқылы : -п, -й
- •2. Көсемше арқылы:
- •3.Шартты рай арқылы:
- •1. Көсемше арқылы:
- •2. Есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнағына –дай, -дей, -тай, -тей қосымшасы жалғануымен:
- •1. Қимыл атауына үшін шылауы тіркеседі:
- •2. Деп көмекші етістігі III жақтағы бұйрық раймен тіркеседі:
- •3.Деп көмекші етістігі -ар, -ер, -р етістігі қосымшалары есімшемен бірге жұмсалады:
- •Автор -сөзі төл сөз
- •Автор сөзі- төл сөз- автор сөзі
- •Сәрсембег өнөрлү ел(г)ен
- •(Сәрсембегөнерлүекен)
- •Абай оқиды
- •Кітапты оқиды
- •Президент н.Назарбаевтың Қазақстанның Туын, Елтаңбасын таныстыруда сөйлеген сөзі
- •1) Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді;
- •2) Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;
- •3) Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.
- •4 Жаттығу
- •Қазіргі жағдайда ақпаратты – электрондық кітапха
- •«Қазақ тілі » пәні бойынша білімгерлердің білімін бағалау мынадай өлшемдерге негізделеді:
- •Оқу құралдары және әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
2.Көсемше арқылы : -п, -й
а) –й жұрнағы болымсыз етістікпен бірге:
Мысалы :Терезе жабылмай, отырғандар тоңып кетті.
ә) –п жұрнағы:
Мысалы : Оқушылар берілген тапсырманы уақытында орындап, ұстаздары риза болды.
Өт жолдарының аурулары
Өттің құрамындағы холестериннің көбеюі тастың пайда болуына әсер етеді. Сондай-ақ өт жолдарының қабынуы да оның пайда болуына бірден – бір себеп. Тастардың сыртқы түрлері әртүрлі : дөңгелек, сопақша, көпбұрышты, сырты бұжыр-бұжыр немесе тегіс, жылтыр болады. Олар өт жолында , өт қабында, кейде екеуінде де болады. Өт жолдарында пайда болған тас ауруы көп жағдайда белгісіз дамып, жылдар бойы адам ағзасында білінбей жүре беруі мүмкін. Оның негізгі және алғашқы белгісі-оң қабырғаның асты бірден шаншып ауыра бастайды. Бұл шаншу көбінесе майлы, сүр ет, қуырған тамақ немесе жұмыртқа жегеннен кейін басталады. Шаншу күні уақыт өткен сайын күшейе түседі, оң жауырынға беріледі. Бірнеше рет жүрегі айнып, құсады. Кейбір науқастар біресе тоңып, біресе қызуы көтеріліп мазасы кетеді, шөлдеп, ауызы құрғап, әлсірейді, жағдайы мүлдем нашарлайды. Өт жолы немесе бауыр ішіндегі өт жүретін жолдары таспен жабылып қалғанда, адам денесі, көзі сарғая бастайды. Ол көбінесе екі-үш күннен кейін байқалады. Кіші дәретінің түсі қоңырланып, кейде ағарып кетуі мүмкін. Өт жүретін жолдарда іріңді қабыну басталады (халангит), өттің айналасында түйін пайда болады,сары сулы сұйықтар (перитонит) шыға бастайды,осының әсерінен көбінесі адам сарғайып кетеді.Себебі өт жолын ішіндегі тас (тастар) жауып, өттің қанға таралуына жағай туғызады. Содан адамның бүкіл денесі өз өтіне уланады.Өт жолдарындағы қысымның артуына және қабынудың күшеюіне байланысты өт қабы жарылып,ішіндегі өт және іріңді сұйық құрсақ қуысына төгіледі.Мұндай кезде науқастың өміріне қатер төнеді,шұғыл түрде ауруханаға жатқызып,сырқатқа қолма-қол операция жасап,емдеу қажет.
Сөздік
Әсер-влияние
Сыртқы-внешний вид
Дөңгелек-круглый
Сопақша-продолговатый
Бұжыр-бұжыр-шершавый
Тегіс-ровный
Жылтыр-гладкий
Жылдар бойы-много лет
Білінбей жүре беру
Қуырған-жаренный
Тоңу-замерзать
Шөлдеу-жаждать
Улану-отравление
Жарылу-разрыв
Төгілу-проливаться
Уақыт өткен сайын-с течением времени
Түйін-узел, шишка
1-Жаттығу
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Тастың пайда болуына не әсер етеді?
2.Тастардың сыртқы түрлері қандай?
3.Тастар қай жерлерде болады?
4.Оның негізгі белгісі не?
5.Шаншу қай кезде басталады?
6.Аурудың басқа белгілері қандай?
7.Адам қай кезде сарғайып кетеді?
8.Адам қай кезде өз өтінен уланады?
9.Адам өміріне қай кезде қатер төнеді?
2-Жаттығу
Төменде өт жолдарының ауруларына байланысты дәрігердің сұрақтары берілген. Науқастың жауабын дайыңдаңыз.Дәрігердің сұрақтарын жаттап алыңыздар.
-Қай жеріңіз ауырады?
- ...
-Қалай ауырады?
- ...
- Қай кезде ауырады?Тамақтанғаннан кейін бе?
- ...
- Қандай тамақтардан кейін ауырады?
- ...
-Оң жақ жауырыныңыздың асты ауыра ма?
- ...
- Кіші дәретіңіздің түсі өзгерді ме?
- ...
-Жүрегіңіз айни ма?
- ...
-Құстыңыз ба?
- ...
-Әлсіздік сезінесіз бе?
- ...
- Аузыңыз құрғай ма?
- ...
-Сід УДЗ (УЗИ)-ге түстіңіз бе?
- ...
3-Жаттығу
Жалпы мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
4-Жаттығу
Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
5-Жаттығу
Берілген сөйлемдерді мағынасына сәйкес құрастырып, сабақтас құрмалас сөйлемдер түріне ажыратыңыздар.
Қазақстанда отандық табиғи дәрі жасалғандықтан |
спортпен айналысып, салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. |
Жаман әдеттерден аулақ болу үшін |
әртүрлі аурулар пайда болады. |
Адам ағзасында дәрумен жетіспегендіктен |
Науқау ауруханада жатып ем қабылдады. |
Аурудың жіті түрінде толық емделмесе |
Соңғы кездері шетелден дәрі аз әкелінді. |
6-Жаттығу
Берілген сөйлемдерді толықтырыңыздар.
1.Денсаулығы нашар болған себепті, ... . 2. Науқас созылмалы аурумен ауырғандықтан, ... . 3. Медицина университетінде оқу қиын болғандықтан, ... . 4. ..., ата-анасы кеш келді. 5. ..., дәрігер тағайындаған дәрілерді ішпеді. 6. ..., жұқпалы ауруға қарсы ектірді.
7-Жаттығу
Сөйлемдерді қазақшаға аударыңыздар.
1.Студенты внимательно слушают, потому что преподаватель объясняет урок. 2. Вы говорите не правильно, потому что не учите слова. 3. Я не читаю текст, потому что плохо знаю слова. 4. Он отвечает неправильно, потому что не учил уроки.
Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Баспа.
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не ?
2.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?
3.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге мысал келтір.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Мезгіл бағыныңқылы сабақтасқұрмалас сөйлемді басқа түрлерінен ажырата білуге үйрету, сөйлеу дағдысын жаттықтыру. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді пайдаланып, әңгіме-сұхбат құруды, дұрыс сөйлеуді дамыту.
Студент нені білу керек:
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалуын;
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрауды;
Студент нені меңгеру керек:
Мезгіл бағыныңқылы сабақтассөйлем құру дағдысын;
Мәтіндегі жаңа сөздерді;
Ауызша сөйлеу дағдысын.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге 6 сөйлем жазып келу. Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді орысшаға аудару.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
Бағыныңқыдағы оқиға, іс-әрекет басыңқыдағы оқиға, іс-әрекеттің орындалғанынан немесе орындалу уақытын, мезгілін білдіретін сабақтастың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.
Мысалы: Сабақ аяқтала бергенде, атасы да есіктен кірді.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары
1.Есімше арқылы:
Мысалы : Балнұр орнынан тұра бергенде,бала да кітабынажармасты.
а) Бағыныңқы баяндауыштан кейін кейде –ақ, ғана демеулік шылауларытіркеседі:
Мысалы : Нұржан аузын аша бергенде –ақ, інісі ойыншығын тастады.
ә) Есімшенің-ар, -ер, -р жұрнағына жатыс септік жалғауы жалғанады: Мысалы : Меруерт қалаға аттанарда, анасы көп уайымдаған.
б) Атау септіктегі есімшелерге кезде, шақта, соң, сайын сөздері тіркеседі:
Мысалы : Түн шымылдығы жабылған сайын,балалар қорқа бастады.
в) Барыс септіктегі есімше дейін, шейін демеуліктермен бірге жұмсалады: Мысалы : Ауыл ұйқыға жатқанға дейін,тойдың абыр-сабыры басылмады.
г) Шығыс септік және кейін, бері, былай сөздерінің қатысуыменжасалады: Мысалы : Жанат келгенімен, бұдан кейін Дулат хабарласпады.
