- •Рмқк «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі»
- •1.Дыбыс үндестігінің екі түрі бар. Ілгерінді және кейінді ықпал.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі. Атау септігі мен ілік септігі.
- •-Жаттығу
- •Сапалық сын есім. Қатыстық сын есім.
- •Экология және біз
- •Дара сын есім. Күрделі сын есім.
- •Арал, оралсаңшы қайтадан
- •Сын есімнің шырайлары.Салыстырмалы шырай
- •Тәнді қоздырар темекі
- •Сан есім.Дара және күрделі сан есім
- •Қазақ елі-менің Отаным
- •Есептік сан есім
- •Бөлшектік сан есім
- •Француз саяхатшысы г. Мозердің қазақ жеріндегі саяхаты
- •Топтау сан есім
- •Болжалдық сан есім
- •Жетелі жұрттың жеті белгісі
- •Қазақстан рәміздері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Болымды және болымсыз етістіктер.
- •Наурыз қыз
- •Келер шақ
- •Көсемше
- •Өздік етістің жұрнақтарын қосыңыз.
- •Оқы, сұра, жина,ойна етістіктерін ырықсыз етіске айналдырып,сөйлем құраңыз.
- •Ырықсыз етістерге мысал келтір.
- •Өзіңіз келтірген мысалдарға сөйлем құраңыз.
- •Елордадағы еңселі сарай.
- •Мәтінді тірек ете отырып жүйке жүйесі туралы әңгімелеп беріңіз.
- •Бүгінгі колледж
- •Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Жалғаулықты құрмалас сөйлем.
- •1.Шартты рай тұлғасы арқылы:
- •3. Көсемшенің -а, -е жұрнағындағы сөзге тұр көмекші етістігі тіркеседі.
- •2.Көсемше арқылы : -п, -й
- •2. Көсемше арқылы:
- •3.Шартты рай арқылы:
- •1. Көсемше арқылы:
- •2. Есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнағына –дай, -дей, -тай, -тей қосымшасы жалғануымен:
- •1. Қимыл атауына үшін шылауы тіркеседі:
- •2. Деп көмекші етістігі III жақтағы бұйрық раймен тіркеседі:
- •3.Деп көмекші етістігі -ар, -ер, -р етістігі қосымшалары есімшемен бірге жұмсалады:
- •Автор -сөзі төл сөз
- •Автор сөзі- төл сөз- автор сөзі
- •Сәрсембег өнөрлү ел(г)ен
- •(Сәрсембегөнерлүекен)
- •Абай оқиды
- •Кітапты оқиды
- •Президент н.Назарбаевтың Қазақстанның Туын, Елтаңбасын таныстыруда сөйлеген сөзі
- •1) Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді;
- •2) Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;
- •3) Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.
- •4 Жаттығу
- •Қазіргі жағдайда ақпаратты – электрондық кітапха
- •«Қазақ тілі » пәні бойынша білімгерлердің білімін бағалау мынадай өлшемдерге негізделеді:
- •Оқу құралдары және әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Елордадағы еңселі сарай.
Елордамыз Астана шаһарында Есіл өзенінің жағалауында бой көтерген президенттің ақ сарайы салынып бітіп, салтанатты түрде ашылды. Ажарлы астана күннен - күнге көркейіп келеді. Әсем айшықталған ғимарат алыстан көз тартады. Бүгінде қаланың орталығында,Есіл өзені бойында сәулетті үйлер, еуроазиялық үлгідегі қабатты ғимараттар жылдан – жылға көбейіп, шаһардың сәнін келтіріп барады. Ел президентінің бас сарайы бес қабатты, шығыс өрнегімен күмбезделіп ұлттық нақышта өрнектелгенін атап айтқан жөн. Аталмыш сарайдың мемлекет басшыларына, сырттан келген дипломатиялық қатынастағы қызметкерлерге, түрлі келген қонақтарға, сол жерде қызмет ететін басшылар мен қызметкерлерге жан-жақты жағдай жасалған. Бір айта кететін жағдай ақ орданы салған Германияның «Kruger ErdBau GmbN» фирмасы мен біздің құрылысшылар өте қысқа мерзімде-үш жыл ішінде салып бітіргенін айта кеткен артық болмас. «Ақ орда» сарайы астана қонақтарын өзінің ұстамды әдемілігімен және нақтылығымен таң қалдырды.
Оның биіктігі-80 метр, ал жалпы көлемі шамамен 37 мың шаршы метр.
Биіктігі-высокость
Шаршы метр-квадратный метр
Көлемі-кубатура
Шамамен-приблизительно
Ұстамды-сдержанный
Ұлттық-национальный
Нақышта- инкрустация
Сәулетті-роскошный
Еуроазиялық-Еурозийский
Үлгідегі-в образце, в примере
1-жаттығу.
Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңі
2-жаттығу.
Мәтінді пайдаланып, сұқбат құрыңыз.
3-жаттығу.
Мәтіннен етістерді тауып, олардың түрін анықтаңыз.
4-жаттығу.
Ортақ етістің жұрнағын қосып, сөздерден сөйлем құраңыз.
Көр..., ор..., кел...,жина..., шырқа..., ойла..., айт..., қара..., байла... .
5-жаттығу
Өздік етістерге мысал келтір.
6 -жаттығу
Көп нүктелердің орнына өздік, өзгелік етістердің жұрнақтарын қосып жазыңыздар. Жауынгерлер жетіл...ілген жаңа қару-жарақтармен қаруланған. Д. Қонаев 1960 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды, 1962 жылы желтоқсанда ол жоғары лауазымды қызметтен ал...ды. XXIV пен XXVII съезд аралығында Орталық Комитет Саяси Бюросының мүшесі болып сайла...ды. Батыс және Солтүстік Батыс бөлігіндегі қираған қалалар мен өнеркәсіп күштерін қалпына кел...ді. Көмір қазу 220 млн. тоннаға жет...ілді. Сәнді де салтанатты мәдениет сарайлары, оқу орындары сал...ып, мекемелер жаңа техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді.
7-жаттығу
Өлең жолдарынан етіс категориясының жұрнақтарын тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар. Қыздырып күннің қарауы,
Халыққа сөйте-сөйте нандырды өзін, Надандық теңізі тартылар.
Алғыза бастады ептеп айтқан сөзін. * * * * * Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді,
Абылай салды жарлықты «Кел, шық!» деп, иек қағып жарық күнге...
Қалдан ханды қашырып, ...Көк майса көзі ілініп тұрған сондай,
Шөп салған жерін бұздырып Асыл шөп, жасыл шөптің иісі аңқып.
Ұрысты қатты қыздырып. * * * * * Әділ болып байқадым, не өндірдім?
Он жыл қызмет қылып бір кедей таппас, Бұл басым залым болып бір байқасын!
Қондырған бір жүзікке асыл тасын.
8-жаттығу
Берілген өздік, өзгелік етістердің көмегімен сөйлемдерді толықтырыңыздар. Ташкентте шыққан «Ақ жол» газетінде А. Байтұрсынұлы туралы «Лайықты қошемет» атты мақала ..................... . Қазақтың әдеби тілінің негізін салушы, «А» әліпбиінен бастап ......................, надандықпен күресуші, сауатсыздықты жоюшы ұстазымыз – А. Байтұрсынұлы. Оқу ісіне, жазу емлесіне жаңалық ....................... дана. Патша үкіметінің зұлым саясатына қарсылық пікірін ..................... қаһарман. А. Байтұрсыновты қазақ халқының рухани көсемі деген танымдарын газет бетінде паш ете отырып, оны қараңғылық көгіндегі темірқазыққа ........................ . Зерттеу еңбектері том-томдап жарық көріп, Ахметтану саласына өз ойларын ......................, өзіндік үлестерін қосып жатыр.
9- жаттығу
Тіліміздегі кейбір сөздердің нақты мағынасын меңгерейік! Берілген сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Етістердің астын сызыңыздар. Әдебиет – жалпы жазба және көркем шығармалар жиыны. «Әдебиет» сөзі бізге араб, парсы тілдерінен енген. Оның араб тіліндегі тұлғасы «адабуын» болса, алғашқы мағыналарының бірі – «тәрбие беру». Ал парсы тілінде «әдиб» сөзі қазақ тіліндегі «жазушы» кейде «ұстаз», «тәрбиелеуші» деген ұғымдарда қолданылады. Осы сөздер негізінде тіліміздегі «әдебиет» сөзі қалыптасқан. Тарих – мұның алғашқы мағынасы басқашалау болған. Араб тіліндегі «арқ» немесе «алрраһ» сөзі «ай, күннің есебін (датасын) қою, жазу» мағынасында қолданылады. Осы түбір сөздің алдына араб тіліне тән сөз тудырушы қосымшаның бір түрі «та» қосылып, «таарқ» немесе «таағрақ» делініп, бастапқы мағынасына біршама өзгеріс енген. Сөйтіп, ол қазақ тіліне осы күйінде ауысқан.
Тест
1.Болымсыз етістіктің жұрнағын табыңыз.
А) –а, -е.
В) –ба, -бе.
С) –жоқ.
D) –емес.
E) –ды, -ді.
Дұрыс жауап: В
2. Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Мекендейді.
В) Болады.
С) Жазып отыр.
D) Ұзын болады.
E) Көрінбейді.
Дұрыс жауап: Е
3. Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.
А) Табиғат- халық қазынасы.
В) Адамдардың табиғатсыз күні болмайды.
С) Табиғаттың байлығын қорғай білуіміз керек.
D) «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылған.
E) Қазақстанда аң-құстар, өсімдіктер қамқорлыққа алынған.
Дұрыс жауап: В
4. Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз.
Жаңбыр жауса, біз ешқайда бармаймыз.
А) Жаңбыр.
В) Жауса.
С) Біз.
D) Ешқайда.
E) Бармаймыз.
Дұрыс жауап: Е
5. Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.
А) Сыныбымызбен концертке барамыз.
В) Көп оқысаң, көп білесің.
С) Біз орманға серуенге шығамыз.
D) Әлияның дәрігер болғысы келмейді.
E) Оның өнер мектебінде оқығысы келеді.
Дұрыс жауап: D
6.Болымсыз етістігі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Шебердің қолы көпке ортақ.
В) Ұста, ұстадан нұсқа.
С) Ұстамен жақын болсаң, ісің бітер.
D) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
E) Ұста пышаққа жарымас, етікші етікке жарымас.
Дұрыс жауап: Е
7.Болымсыздық етістігі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Еңбек етіп ас ішсең, балдан тәтті болады.
В) Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
С) Ерінген екі істейді.
D) Жас келсе іске, кәрі келсе асқа.
E) Ердің атын еңбек шығарады.
Дұрыс жауап: В
8. Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.
А) Қазақ жерінде қолөнер жақсы дамыған.
В) Жүннен тоқылған киім жылы болады.
С) Гобелен тоқу өнері жас суретшілерді қызықтырады.
D) Киіз үйдің ішіне кілем төселмеген.
E) Ұстамен жақын болсаң, ісің бітер.
Дұрыс жауап: D
9.Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Көрген.
В) Алып тұр.
С) Дайындалмаған.
D) Көмектескен.
E) Күткен.
Дұрыс жауап: С
10. Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Дайындалған.
В) Тиісті.
С) Кешіріңіз.
D) Көмектескен.
E) Кешірмеді.
Дұрыс жауап: Е
11.Болымсыз етістіктің жұрнағын табыңыз.
А) –нікі, -дікі.
В) –лық, - лік.
С) –та, -те.
D) –па, -пе.
E) –ды, -ді.
Дұрыс жауап: D
12. Болымсыздық мағынаны білдіретін мақал-мәтелді табыңыз.
А) Отан оттан да ыстық.
В) Не ексең, соны орасың.
С) Кім жұмыс істесе, сол тоқ.
D) Ерлік білекте емес, жүректе.
E) Темірді қызған кезде соқ.
Дұрыс жауап: D
13.Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.
А) Қазақстанның жері кенге бай.
В) Батыс Қазақстанда мұнай, жанармай өндіреді.
С) Оңтүстік Қазақстан өңірі көмір өндірмейді.
D) Қазақстанда мыңдаған кен орындары бар.
E) Қостанай облысында темір рудасы өндіріледі.
Дұрыс жауап: С
14. Болымсыз етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Қазақстанда «Ақсу-Жабағылы» қорығы ашылған.
В) Бұл қорық сан алуан жануарлардың мекені.
С) Кейбір аңдар мен құстар қамқорлыққа алынған.
D) Қазақстанда піл мекендемейді.
E) Саны аз аңдар «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Дұрыс жауап: D
15. Туынды етістікті белгілеңіз.
А) Келеді.
В) Жеңілдік.
С) Тазала.
D) Таза.
E) Келуші.
Дұрыс жауап: С
16. Негізгі етістікті көрсетіңіз.
А) Аяқта.
В) Жу.
С) Тісте.
D) Жуын.
E) Баста.
Дұрыс жауап: В
17. Тұйық етістікті көрсетіңіз.
А) Тау.
В) Қауын.
С) Жу.
D) Таулық.
E) Көшу.
Дұрыс жауап: Е
18.Етістік тудырушы жұрнақты көрсетіңіз.
А) –шы.
В) –у.
С) –ла.
D) –ға.
E) –рақ.
Дұрыс жауап: С
19. Туынды етістікті табыңыз.
А) Мырзалық.
В) Жеңілдік.
С) Сәндік.
D) Ойлану.
E) Тазалық.
Дұрыс жауап: D
20.Тұйық етістігі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.
В) Білім – арзан, білу – қиын.
С) Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады.
D) Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты.
E) Жаман аттан аяғым артық, жаман достан таяғым артық.
Дұрыс жауап: В
21. Күрделі етістігі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.
В) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
С) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
D) Қоян көлеңкесінен қорқады.
E) Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.
Дұрыс жауап: А
22. Етістік тудырушы жұрнақты табыңыз.
А) –шы, -ші.
В) –дай, -дей.
С) –ырақ, -ірек.
D) –тас, -тес.
E) –ды, -ді.
Дұрыс жауап: D
23.Туынды етістікті табыңыз.
А) Көзде.
В) Көзсіз.
С) Ақылды.
D) Ашқан.
E) Жазды.
Дұрыс жауап: А
24. Болымсыз етістіктің жұрнағын анықтаңыз.
A) –сыз, сіз.
B) –ма,-ме, -па, -пе, -ба, -бе.
C) –ла, -ле.
D) –лан, -лен.
E) –лас, -лес.
Дұрыс жауап: В
25. Болымсыз етістікті анықтаңыз.
A) Сөйлеспеді.
B) Сөйлесті.
C) Сөйлесіп отыр.
D) Сөйлесті.
E) Сөйлеседі.
Дұрыс жауап: А
26. Болымсыз етістікті анықтаңыз.
A) Алма келді.
B) Кітапты алды.
C) Алма сатып алды.
D) Алмасыз тамақ жемейді.
E) Алманы жина.
Дұрыс жауап: D
27. Болымды етістікті анықтаңыз.
A) Сөйлеспеді.
B) Отырмады.
C) Сөйлесіп отыр.
D) Көрмеді.
E) Айтпады.
Дұрыс жауап: С
28. Болымсыз етістікті анықтаңыз.
A) Бардың ба?
B) Әкелдің бе?
C) Болмайды.
D) Көрме ашылды ма?
E) Айтты ма?
Дұрыс жауап: С
29. Негізгі етістікті анықтаңыз.
A) Сал.
B) Баста.
C) Еңбектен.
D) Ақылдас.
E) Арқала.
Дұрыс жауап: А
30. Негізгі етістікті анықтаңыз.
A) Көзде.
B) Отыр.
C) Пайдалан.
D) Ақта.
E) Сана.
Дұрыс жауап: В
31. Туынды етістікті анықтаңыз.
A) Сөйле.
B) Отыр.
C) Достас.
D) Көр.
E) Айт.
Дұрыс жауап: С
32. Туынды етістікті анықтаңыз.
A) Сыпыр.
B) Бол.
C) Сана.
D) Кел.
E) Апар.
Дұрыс жауап: С
33.Берілген жұрнақ қай қатарға жалғанатынын анықтаңыз.
-дас.
A) Дос.
B) Ақыл.
C) Ой.
D) Сана.
E) Пайда.
Дұрыс жауап: В
34. Болымсыз етістікті анықтаңыз.
A) Оқудан қал(ма).
B) Ұлы шығар(ма).
C) Аты – Ал(ма).
D) Ойыншық бар(ма).
E) Қызық жарна(ма).
Дұрыс жауап: A
35. Болымды етістікті табыңыз.
A) Күлме досыңа, келер басыңа.
B) Ақыл азбайды, білім тозбайды.
C) Ұнайтын әндерін тыңдады.
D) Жігіттің жұмсаған күшін сұрама, істеген ісін сұра.
E) Бойына мақтанба, ойыңа мақтан.
Дұрыс жауап: C
36. Болымсыз етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.
A) -ған, -ген, -қан, -кен.
B) -ып, -іп, -п.
C) -ма, -ме, -ба, -бе.
D) -ыс, -іс, -с.
E) -ын, -ін, -н.
Дұрыс жауап: C
37. Негізгі түбір етістікті көрсетіңіз.
A) Есептеймін.
B) Санайық.
C) Жүр.
D) Ойланды.
E) Аяқтау.
Дұрыс жауап: C
38.Туынды етістікті анықтаңыз.
A) Сұрау.
B) Қолдау.
C) Жуу.
D) Шақыру.
E) Бөлу.
Дұрыс жауап: B
39.Күрделі етістікті көрсетіңіз.
A) Есептеледі.
B) Қарамаған.
C) Басылған.
D) Сенеміз.
E) Кездесіп тұрады.
Дұрыс жауап: E
Сабақтың тақырыбы:Үстеу туралы жалпы түсінік. Гиппократ анты.
Сабақтың түрі: теориялық жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
-Сөз табының ерекше түрі үстеу туралы мағлұмат беру;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлей білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
Тәрбиелік:
-Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау: 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту: 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау: 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру: 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою.
Үйге тапсырма беру:
Гиппократ анты мәтінін жатқа айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Үстеулердің барлық мағыналық түрлерін қатыстыра отырып он сөйлем құрастыру.
Үстеу
(Наречие)
Наречие – часть речи, обозначающая признак действия или состояние предмета и выступающая в предложении обычно в качестве обстоятельства. Үстеу қимылдың іс-әрекеттің әртүрлі белгісін, сынын, мезгілін, мекенін, мөлшерін, күй – жайын білдіретін сөз табы.
Үстеудің түрлері жетеу (наречия делятся на 7 разрядов):
1.Мекен үстеулер (наречия места) – жоғары (выше), төмен (ниже), ілгері (вперед), кейін (назад), үстінде (наверху) т.б. Қайда? (где?) Қайдан? (откуда?) сұрақтарына жауап береді.
2. Мезгіл үстеулер (Наречия времени) – бүгін (сегодня), ертең (завтра(, биыл (нынче или в этом году), былтыр (в прошлом году), кешке(вечером),түнде (ночью), қазір(сейчас), соңына (попозже), әлдеқашан(давно), т.б. Қашан? (Когда?) Қашаннан? (с каких пор?) Қашанға дейін? (до каких пор?) сұрақтарына жауап береді.
3. Себеп – салдар үстеулер (наречие причины и условия) – босқа (напрасно), бекер (зря), еріксіз (насильно), өйткені (потому что), лажсыздан (поневоле).
Сұрақтары: Неге? (Почему?), Неліктен? (Отчего?) Не себептен? (По какой причине?) сұрақтарына жауап береді.
4.Сын – бейне үстеулері (Наречия образа действия) – тез (быстро), әрең (еле – еле), бірауыздан (единогласно), бірге (вместе), қолма – қол (сразу), жеке – дара (отдельно), ақырын (тихо), т.б. Қалай? (Как?) Қалайша? (Каким образом?), Қайтіп? (Каким способом?) сұрақтарына жауап береді.
5.Мақсат үстеулер (наречия цели): әдейі (специально) қасақана (назло), жорта (нарочно), т.б. Не үшін? (Для чего? Зачем?), Не мақсатпен? (С какой целью?) сұрақтарына жауап береді.
6. Күшейткіш үстеулер (Наречия интенсивности) - өте (очень), тым (весьма), бүтіндей (целиком), нағыз (самый), орасан (чрезмерно), т.б.
7. Мөлшер үстеулер (Наречия количества и меры): бірталай (немало), екі рет (дважды), мұншама (столько), сонша (столько то), т.б. Қанша? (Сколько?), Неше? (Сколько?) сұрақтарына жауап береді.
Гиппократ анты
Аполлон дәрігердің, Асклепийдің, Гигиея мен Панакеяның және түрлі тәңірілер мен тәңіриялардың атын атап, оларды куәға тарта отырып, мына серт пен жазбаша шартты шама-шарқымның жеткенінше адал орындауға ант етемін: өзіме дәрігерлік өнерін үйреткен кісіні ата-анаммен бірдей көремін, оған барымды бөліп беремін, әрі қажет жағдайда оның жоғын табуға көмектесемін; оның ұрпақтарын бауырларым деп есептеймін, егер олар осы өнерді үйренгісі келсе, оларға тегін әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ сабақ беремін; оқу үстінде айтар ақылымды, ауызша сабақтар мен ілімдегі қалған жайлардың бәрін өз балаларыма, ұзтазымның балалары мен медицина заңы бойынша серттескен, ант беріскен шәкірттеріме хабарлаймын, басқа жанға айтпаймын. Аурулар режімін, зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып, шама-шарқымның барынша оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын. Ешкімге кісіні өлімге ұшырататын дәрі бермеймін,әрі оны жасау тәсілін көрсетпеймін; тап осылай әйелге түсік түсіретін пессерий ұсынбаймын. Өмірде де, өнерде де таза әрі адал боламын. Тас ауруларымен сырқаттанғандардың денесін ешқашан кеспеймін, мұны осы іспен айналысатын кісілерге тапсырамын. Қайсы үйге кірсем де аурудың қамын ойлаймын, әдейі қиянат пен қастандық жасаудан, әсіресе әйелдер мен еркектер, азат адамдар мен құлдар арасындағы махаббаттан аулақпын.
Емдеу кезінде, сондай-ақ емдемеген кезде де, адам өмірінің ішіндегі мүлдем жариялауға болмайтын жайларды көргенімді немесе есіткенімді құпия сақтап, жан баласына айтпаймын. Антты бұлжытпай орындағаным үшін өмірде де, өнерде де бақытты болып, ел арасында мәңгілік даңққа бөленгеймін; жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын!
Ант-присяга
Ауру-болезнь
Серттескен-клятвенный
Жалған-ложный
Бұлжытпай-сдержать свое слово
Даңқ-слава
Мәңгілік-вечный
Бақытты-счастливый
Бауырларым-братья
Жанашыр-проявляющий заботу
1-жаттығу
Мәтінді жаттап алыңыз
2-жаттығу
Берілген сөздерден сөйлем құра
Күзде,демалыста,аптаның соңында,айдың басында,жаздың ортасында,мамыр айында
3-жаттығу
Бос орынға керекті сөздер ретін жаз
Бүгін аптаның үшінші күні.
Алдыңғы күні кеше бүгін ертең бүрсігүні
4- жаттығу
Үстеулерге мысал келтір.
5- жаттығу
Өзіңіз келтірген мысалдарға сөйлем құраңыз.
6- жаттығу
Сөздерге жұрнақ жалғану арқылы туынды үстеуді жасаңыз.
Бұлбұл, сәби, қыс, тоты, жорға, осы, ал, же.
7-жаттығу
Негізгі үстеуді теріп жазыңыз.
Ең, бірге, бұрын, бұлбұл, ертең, балаша, зорға.
8- жаттығу
Сөздердің тіркесу арқылы жасалған күрделі үстеулерді тауып жазыңыз
Құр әншейін, ертең, төмен, көзбе- көз, ала жаздай, тұс- тұстан, күн ілгері.
Сабақтың тақырыбы:Негізгі үстеулер, туынды, күрделі үстеулер. Қазақстан республикасының дәрігерінің анты.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Негізгі үстеулердің туынды,күрделі үстеулерден айырмашылығын меңгерту;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлей білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
Тәрбиелік:
-Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезең: 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау: 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту: 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау: 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру: 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
«Қазақстан республикасының дәрігерінің анты» мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу. Негізгі үстеулерді қатыстыра отырып он сөйлем жазу.
Негізгі үстеулер
Қазақстан республикасының дәрігерінің анты
Медицина қауымдастығына өз еркіммен кіріп,мен(аты-жөні ) жазбаша міндеттеме алып,оны адал орындауға салтанатты түрде ант етемін.Болашақта халқыма қалтқысыз қызмет етіп,медициналық қауымдастықты мейірбандылықпен дамыта отырып сақтауға және науқастың жазылып ,дені сау болуы қызметінің басты принципі,менің жоғарғы бағам үшін ант етемін.
Өзіме дәрігерлік өнерді үйреткен кісіні,оған деген ізгі ниетімді,сый-құрметімді мәңгі-бақи сақтайтындығым үшін ант етемін.
Кез-келген адамға дәрігерлік көмегім қажет болғанда бас тартпай орындаймын; ең алдымен аурудың қамын ойлаймын; дәрігерлік өнерге қызығатын адамдар немесе әріптестерім менен көмек талап етсе,оларға ақыл-кеңесімді, керек болса, тегін,әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ көмектесемін деп ант етемін.
Жариялауға мүлде болмайтын дәрігерлік құпияны,сондай-ақ маған сеніп айтқан жеке сырларын ешкімге тіпті,ол қайтыс болып кетсе де жарияламайтындығым үшін ант етемін.
Медицина жетістіктерімен үнемі танысып, дәрігерлік шеберлігімді үздіксіз дамытып, «адамгершілік» атты ардан өзімді жоғары ұстаймын деп ант етемін.
Барлық іс-қимылдарымды Қазақстан Республикалық Дәрігерлік Этика қағидаларына сай жасаймын деп міндеттеме аламын.
Осы антты өз еркіммен,адал жүрегіммен беремін.Дәрігерлік парызымды ар-ожданыма сүйеніп орындаймын.
Сөздік
Парыз-обязанность
Ар-совесть
Ождан-совесть
Адал-честный
Дәрігерлік-врачебный
Адамгершілік-человечность
Құпия-секрет
Қимыл-движение
Өз еркі-его воля
Адал жүрегіммен-от чистого сердца
1-жаттығу.
Мәтінді жаттап алыңыз.
2-жаттығу.
Төмендегі сөйлемдерден үстеулерді теріп жазыңыз. Жасалу жолына қарай түрін анықтаңыз.
Мен қасақана жай жүрдім, қайда асығам.
Ауыл адамдары үйді-үйіне ертерек тығылып алған-ау деймін, көшеде бірен –саран солдаттар болмаса басқа жан жоқ. Дәл осы жерде қатты ағыс тастардың үстінен сырғанай құлдырап жоғарыдан шапши сарқырап жатыр.
3- жаттығу
Үстеулерге бірнеше мысал келтір.
4- жаттығу
Өзіңіз келтірген мысалдарға сөйлем құраңыз.
5-жаттығу
Мына үстеулерден сөйлем құрастыр
Ең, тым, аса, өте, нағыз, кілең, орасан.
6-жаттығу
Төмендегі сөйлемдерден үстеулер тауып, сұрақ қою арқылы жазыңыз.
Кез-келген адамға дәрігерлік көмегім қажет болғанда бас тартпай орындаймын; ең алдымен аурудың қамын ойлаймын; дәрігерлік өнерге қызығатын адамдар немесе әріптестерім менен көмек талап етсе,оларға ақыл-кеңесімді, керек болса, тегін,әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ көмектесемін деп ант етемін.
7-жаттығу
Сөздердің кірігуі арқылы жасалған күрделі үстеулерді табыңыз.
Ертен, бүгін, төмен, биыл, көзбе- көз, ала жаздай, қыстыгүні.
8-жаттығу.Таблицаны толтыр.
Керекті сөздер: бастық, пәтер,сөздік көл, ауыл, сабақ, қағаз.
Кімге? Қайда? |
Кімде? Қайда? |
Кімнен? Қайдан? |
Дәрігерге |
дәрігерде |
дәрігерден |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9-жаттығу.Үлгі бойынша сөйлем құраңыз:
А)
- Сағат қанша?
- Сағат төрт.
- Ал сен нешеде келесің?
- Сағат жетіде.
- Екі сағаттан кейін келесің бе?
Ә)
- Бүгін қай күн?
- Сәрсенбі.
- Ал Әмина қашан келеді?
- Жексенбі күні.
- Үш күннен кейін бе?
Сабақтың тақырыбы: Мезгіл, мекен үстеуі. Ғалым – дәрігер Х.Досмұхамбетов.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Мезгіл, мекен үстеулердің сұрақтарын, білдіретін мағыналарын;
-Мезгіл, мекен үстеулердің сөйлемдегі қызметін, мағыналық түрлерін;
- Ғалым дәрігер Х.Досмұхамбетовтың өмір жолы мен қызметі туралы
түсініктерін одан әрі тиянақтау;
Дамытушылық:
- Студенттердің ой өрісін, дүниетанымын кеңейту ;
- Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана
тілінде сөйлеу білудің қажет екендігін түсіндіру;
- Шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
- Орыс тілі мен қазақ тілі ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Білімгерлерді өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Үстеудің қандай түрлерін білесің?
Негізгі үстеу дегеніміз не?
Үстеу сөйлемде қандай сөйлем мүшесі бола алады?
Туынды үстеуге мысалдар келтір.
Күрделі үстеу дегеніміз не?
Қазақстан дәрігерлерінің антын жатқа білесіз бе?
Дәрігердің міндеттерін ата?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1 Халел Досмұхамедұлы кім?
2 Оның қандай еңбектерін білесіз?
3 Мезгіл үстеуі туралы не білесін?
4 Мекен үстеуі туралы не білесің?
5 Мекен, мезгіл үстеулері қай жерде қолданылады?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Мезгіл, мекен үстеулердің сөйлемдегі қызметін, мағыналық түрлерін, ғалым дәрігер Х.Досмұхамбетовтың өмір жолы мен қызметі туралы түсініктерін әңгімелеу.
Мезгіл, мекен үстеулері
Мезгіл үстеулері Қашан? Қашаннан? Қай уақытта? сұрақтарына жауап беріп, қимыл, әрекеттің мерзімін, мезгілін, уақытын білдіреді.
Мысалы: бүгін, биыл, кеше, былтыр, ерте, ертеден, ежелде, таңертеңнен, күндіз, қазір, т.б..
Мекен үстеулеріҚайда? Қайдан? сұрақтарына жауап беріп, қимылдың мекенін, өткен, өтететін орнын білдіреді.
Мысалы: ілгері, төмен, жоғары, артта, алда, алға, сонда, әріде, беріде, т.б
Халел Досмұхамедұлы
Досмұхамедұлы Халел (1883-1937) – аумалы төкпелі заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың, өмір мен өлімнің бел ортасында жүрсе де азаматтық тұлғасына дақ түсірмеген қазақ зиялыларының бірі, мамандығы дәрігер бола тұрса да қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы |
дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап насихаттаушы, шебер аудармашы. Туған жері қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданы. Ағасы Дәулеттүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс-қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел бұдан кейін Теке қаласындағы реалдық училищеге түсіп, оны үздік бітіреді. Өнер білімге құмар жас Санкт – Петербурктегі Әскери медициналық академияның сынағынан мүдірмей өтіп, оны алты жылдан кейін алтын медальмен бітіріп шығады.
Халқының жан саулығы мен тән саулығының шипагері бола білген Халел арнайы шақырумен Орынбор қаласында өткен жалпы қазақ – қырғыз сьезіне қатысады. Осында қазақ – қырғыз өлкелік автономиясы жарияланады. Алашорда өкіметі құрылады. Ол соған мүше болып сайланады.
Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа үкіметтің жұмысына тартылады. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушы, оған қосымша Орта Азия университеті медицина факультетінің ауруханасында ординатор қызметін атқарады. 1924 жылы Россия академиясының Орталық өлкетану бюросының мүше корреспонденті болып сайланады. Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педогогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін ашуға, соның ұйымдастыру жұмыстарын атқаруға белсене араласады, оның бірінші проректоры болып сайланады.
Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз.
Ұйымдастыру-организовать
Оқытушы-преподаватель
Сайланады-выбирается
Насихаттаушы-наставник
Аудармашы-переводчик
Саяси-политический
Үздік-отличный
Халық ағарту жұмысы-работа в сфере народного просвещение
Жұмыс атқару-работать
Өлкетану-краеведение
.
1-жаттығу. Оқып шығып, мезгіл үстеуін анықтаңдар.
Сәлден кейін әңгімеміз қайта өрбіді. Қазір жұмыстың өте қауырт кезі. Ұзақ күн даладағы жұмыс басында болып, кеңсеге әлгі әзірде ғана оралды. Мұрат бүгін бір жылқышыға еріп жайлауға кетті. Сол күні түнде әкем жолға асығыс қамданып, қалаға жүріп кетті.
2-жаттығу. Көшіріп жазып, мекен үстеуінің астын сызыңдар да, қай сөз табынан болғанын, тұлғалық белгілерін көрсетіңдер.
1.Ол солға қарай жүрді. 2. Төртбақ, қара мұртты жігіт барақ алдынан бері аяңдады.
3. Өскелең тірлік әрдайым жоғары тұрады. 4. Қарулы, батыл жас сонда да кейін қайтпады. 5. Үшеуі әңгімемен жоғарыдан төмен түсті.6. Ізінше кері жол тартты.
7. Ойлаған жерімнен әрі түсіпсің. 8. Төлеубектің столына таман барды. 9. Қайырбек ілгері озды. 10.Қайыр Себептің біресе ол жағына, біресе бұл жағына шықты. 11. Терезелерден шам сәулесі көріне бастады.
3-жаттығу. Мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.
4-жаттығу.Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.(В учении трудно, да плоды учения сладки).
Оқығаныңды айтпа,тоқығаныңды айт.(Говори не о том, что вычитал, А о том, что осмыслил).
Білімге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп. (Для ученного мир светел, для неуча мир темен).
Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,
Құлағы жоқ, көзі саудың ақылы солады. (Если глаза не видят, но уши слышат – ум богатеет, если глаза видят, но уши не слышат – ум скудеет).
Өмір – үлкен мектеп.(Жизнь – самая большая школа).
5-жаттығу.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.Жауаптарыңыздан мезгіл,мекен үстеулерін табыңыз.
1.Сіз қай жерде тұрасыз?__________________________________
2.Сіздің досыңыз қайда тұрады?____________________________
3.Сіздің досыңыз қайда оқиды?____________________________
4.Сіз қайда оқисыз?______________________________________
5.Сіз кіммен, қайда тұрасыз?______________________________
6.Сіз кешке қайда барасыз?________________________________
6-жаттығу
Сөйлемдерден үстеулерді табыңыз.
Айнұр мен Асан бүгін таңертең Алматыға келді. Сонша алтынды қайдан алады? Естілер ертеңгіні ескере, көре сөйлейді.
Сабақтың тақырыбы: Сын- қимыл үстеуі. Адам ағзасы.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Сын қимыл үстеулердің сұрақтарын, білдіретін мағыналарын түсіну;
-Сын-қимыл үстеулердің сөйлемдегі қызметін, мағыналық түрлерін білу;
-Адам ағзасының құрылысы, қызметі туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау;
Дамытушылық:
-Уақытты тиімді пайдалануға;
-Мемлекеттік тілде еркін сөйлеу білу қажет екендігін түсіндіру;
-Медициналық терминдерді дұрыс қолдана білуге;
-Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыра білу;
- Сауатты жаза білуге;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Отансүйгіштікке баулу;
Сабақтың уақыты:90 мин.
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау: 25 мин ;
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин;
4.Жаңа тақырыпты бекіту: 10 мин;
5.Сабақты қорытындылау: 7 мин;
6.Үй тапсырмасын беру: 4-5 мин;
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Мезгіл үстеу дегеніміз не?
Мекен үстеу дегеніміз не?
Мезгіл,мекен үстеулердің сөйлемдегі қызметі қандай?
Ғалым Х.Досмұхамедовтың қандай ғылыми еңбектерін білесің?
Мәтіннен мекен, мезгіл үстеулерін тап.
Мезгіл, мекен үстеулері сөйлемде қандай сөйлем мүшесі бола алады?
Үстеудің түрлерін ата.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сын қимыл үстеуі дегеніміз не?
Сын қимыл үстеуі қалай жасалады?
Адам ағзасын қанша жүйеге бөліп қарастырамыз?
Тірек қимыл жүйесіне қай мүшелер жатады?
Зәр шығару жүйесіне қай мүшелер жатады?
Тыныс алу жүйесіне қай мүшелер жатады?
Ас қорыту жүйесіне қай мүшелер жатады?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:. Сын-қимыл үстеулердің сөйлемдегі қызметі, мағыналық түрлері, адам ағзасының құрылысы, қызметі туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау,мәтінді жаттау.
Сын-қимыл үстеулері
Адам ағзасы
Адам деген - ардақты ат, қазақ халқы оны ежелден құрмет тұтып, оны ерекше «кім» деп сұрайды.
Адамның денесіндегі әрбір мүше белгілі қызмет атқарады.
Адамның кеуде қуысында тыныс алу мен қан айналуының ортақ мүшелері (өкпе, жүрек) орналасқан, ал құрсақ қуысында – ас қорыту, зәр шығару, көбею мүшелері бар.Бұлардан басқа адам ағзасында әр түрлі қызмет атқаратын: көз, құлақ, ауыз, бауыр, көк бауыр және т.б. мүшелер болады.
Тірек – қимыл жүйесі қаңқа мен бұлшық еттен тұрады. Қаңқа дегеніміз – денедегі әр түрлі сүйектерден құралған мықты тірек. Сүйектерге бұлшық еттер бекиді.Адам бұлшық еттің көмегімен жүреді, жүгіреді және дене еңбегі мен басқа да әр түрлі қимылдар жасайды.
Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Ас жұтқыншақ арқылы өңешке, одан асқазанға түсіп, ас қорыту бездерінің әсерінен ішек – қарын жолында қорытылады.
Қан айналу жүйесі денедегі барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды таратып отырады.
Тыныс алу жүйесіне мұрын, кеңірдек, көмей, өкпе, бронхтар жатады. Ағзаның оттегіні өзіне сіңіріп көмірқышқыл газын бөліп отыруы – тыныс алу жүйесінде өтеді.
Зәр шығару жүйесі мүшелеріне қос бүйрек, несепағар, қуық жатады. Бүйректе қан тазартылып, несеп түзіледі.
Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз.
Ағза-организм
Тыныс – дыхание
Қан айналымы- кровообращение
Құрсақ қуысы – брюшная полость
Зәр шығару жүйесі-опорно-двигательная система
Бұлшық ет – мыщцы
Беку-укрепиться
Жұтқыншақ-глотка
Мұрын-нос
Кеңірдек-трахея,дыхательное горло
1-жаттығу. Оң бағандағы етістіктер мен сол бағандағы керекті сөздерден сөз тіркесін құрыңыз (сұрақ арқылы)
Бұлшық еттен бөлінеді(нешеге?)
Асқазанда орналасқан (қайда?)
Кеуде қуысында тұрады (неден?)
Оттегіні қорытылады (қайда?)
Ауыз қуысынан жеткізеді (нені?)
Екіге басталады (қайдан?)
Сыртқа реттейді (нені?)
Жұмысын шығарады (қайда?)
2-жаттығу.
Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып жеті сөйлем құрастырыңыз.
Кеуде қуысы,қан айналу жүйесі, сүйектер, оттегі, бүйрек, қамтамасыз ету, қимыл.
3-жаттығу.
Үстеулердің мағыналық топтарын толық қамтитын грамматикалық кесте жасаңыз, берілген үстеу сөздерді мағынасына қарай топтап жазыңыз.
Тым, мүлде, әдейі, жорта, текке, бекерге, мейлінше, соншалық, шалқасынан, кенеттен, шикілей, құсша, арыстанша, әрең-әрең, ретімен, жөнімен, қасақана, әзер, лажсыздан, итбайшылық, бірталай, недәуір, әжептәуір, әрмен, бермен, бірен – саран, енді-енді, келе-келе, ауызба-ауыз, әлінше, кілт, қалт.
3-жаттығу.Қимыл сын үстеуіне көркем шығармадан он мысал келтір.
4-жаттығу.
Берілген сөйлемдерді толықтырып, көшіріп жазыңыз.
1. Әрбір … белгілі қызмет атқарады. 2. Адамның кеуде … өкпе, жүрек орналасқан. 3. … қуысында зәр шығару, көбею мүшелері орналасқан. 4. Қаңқа әртүрлі сүйектерден құралған … 5. Сүйектерге … бекиді. 6. Зәр шығару жүйесіне бүйрек, несепағар, … жатады. 7. Жүйке жүйесі мүшелердің … реттейді. 8. Тыныс алу жүйесінде оттегіні сіңіру және көмірқышқыл газын бөлу процесі … 9. Ас … арқылы өңешке, асқазанға барады.
(Керекті сөздер: жұтқыншақ, мүше, мықты тірек, жүреді, жұмысын, құрсақ, қуысында, қуық, бұлшық ет).
5-жаттығу..
Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
Денсаулық – зор байлық.(Здоровье – клад бесценный).
Жарлының байлығы – денінің саулығы. (Богатство бедняка – его здоровье).
Ауру атанды да шөктірер.(Болезнь и верблюда – с ног валит).
Ауру кірді - әлек кірді. (Болезнь пришла – беда в дом вошла).
Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.(Болезнь входит батманами,
а выходит мискалями).
Ауру кісі күлкі сүймес, ауыр жүкті жылқы сүймес.( Больной не выносит
смеха, конь –тяжелую ношу).
Ауруын жасырған өледі.(Кто болезнь свою скрывает,
тот со смертью играет).
6-жаттығу
Қосарлану арқылы жасалған үстеуді табыңыз. Әсемкүл әже амалсыздан тауға әрең- әрең көтеріліп келеді.Әлсін- әлсін демалып,жан-жағына жалтақ -жалтақ қарайды.Жол жиегіне тұра қалып, гүрс -гүрс жөтеледі.
7-жаттығу
Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған сөзді тауып жазыңыз.
Бүгін, көзбе- көз, құр әшейін, ала жаздай, қыстыгүні, күн ілгері, олай- бұлай, күн ұзақ, тұс -тұстан.
Сабақтың тақырыбы: Мөлшер үстеуі. Тірек қимыл жүйесі
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Мөлшер үстеулердің сұрақтары, білдіретін мағыналары,
- Мөлшер үстеулердің сөйлемдегі қызметі, мағыналық түрлерін,
- Тірек-қимыл жүйесі, атқаратын қызметі туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау;
Дамытушылық:
-Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету;
-Өз ойын еркін жеткізуге баулу;
-Жылдам жауап беруге жаттықтыру;
-Сөздікпен жұмыс жасау,жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу;
- Мақал-мәтелдер арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:
Ұйымшылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу;
Өзгені тындауға, әдепті болуға тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Сын қимыл үстеуі дегеніміз не?
Сын қимыл үстеуі қалай жасалады?
Адам ағзасын қанша жүйеге бөліп қарастырамыз?
Тірек қимыл жүйесіне қай мүшелер жатады?
Зәр шығару жүйесіне қай мүшелер жатады.
Тыныс алу жүйесіне қай мүшелер жатады?
Ас қорыту жүйесіне қай мүшелер жатады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1 Мөлшер үстеуі дегеніміз не?
2 Мөлшер үстеуі қандай жағдайда қолданылады?
3 Мөлшер үстеуіне бес мысал келтір.
4 Тірек қимыл жүйесі дегеніміз не?
5 Тірек қимыл жүйесіне қандай мүшелер жатады?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Мөлшер үстеулердің сөйлемдегі қызметін, мағыналық түрлерін, тірек-қимыл жүйесі, атқаратын қызметі туралы түсініктерін әңгімелеу
Мөлшер үстеуі
Тірек – қимыл жүйесі
Қаңқа мен бұлшық ет тірек – қимыл жүйесін құрайды. Денені қимыл-
қозғалысқа келтіреді және ішкі мүшелерді қорғайды.
Адамның қаңқасы өзара буындар қалтасы және сіңірлер арқылы жалғасады. Адамның қаңқасында 220- дай сүйек бар. Сүйектер омыртқа жотасын, кеуде қуысын, бас сүйек, иық, жамбас белдеулерін, аяқ – қол сүйектерін құрайды.
Адамның қаңқасының өзіне тән ерекшелігі бар. Оның негізгі ерекшелігі мынау: қолдың құрылысы адамның еңбек етуіне байланысты икемделген. Ал аяқ сүйектері дененің салмағын ұстап, жүріп- тұруға бейімделген. Аяқ сүйектері жуан және мықты болады.
Адамның денесіндегі сүйектер бірімен – бірі байланысты болады.
Сүйек байланысының 3 түрі болады: қозғалмайтын, қозғалмалы және жартылай қозғалмалы. Қозғалмайтын сүйектерге – бас сүйегі және жамбас; жартылай қозғалмалы сүйектерге – омыртқа жотасы, қозғалмалы сүйектерге буын арқылы жалғасқан сүйектер – яғни қол, аяқ, иық және қабырғалар жатады.
Сүйектер ұзын, қысқа, жалпақ болуы мүмкін. Ұзын сүйектер түзіледі. Жілік денеге таяныш болады. Қысқа сүйектер денеге мықтылық қасиет береді және иілімді жерлерде орналасады. Олар: омыртқа, табан мен қол сүйектері. Жалпақ сүйектер жұқа болады. Бұларға бас сүйек, жамбас, кеуде қуысындағы қабырға, жауырын және самай, бет сүйектері жатады..
Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз.
Келтіру – приводить
Ішкі – внутренний
Қорғау – защищать
Өзара – между собой
Буын қалтасы – суставная сумка
Сіңір – сухожилие
Омыртқа жотасы- позвоночный столб
Иық белдеуі – плечевой пояс
Жамбас – тазавая кость
Жуан – толстый
Мықты – крепкий
Бейімделу – адаптация
Жартылай – на половину
Қабырға-ребро
Жалпақ – плоски
1-жаттығу..Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Тірек – қимыл жүйесін нелер құрайды?
2. Адам қаңқасы неден тұрады?
3. Қаңқада қанша сүйек бар?
4. Адам қаңқасының қандай ерекшелігі бар?
5. Сүйек байланысының неше түрі бар?
2-жаттығу.Мәтіннен үстеулерді табыңыз.
3-жаттығу.Тірек-қимыл жүйесі мәтіні бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.
4-жаттығу.Төмендегі сөйлемдерден үстеулерді табыңыз.Екі топқа(түбір, туынды) бөліңіз.
Төмен,шалқасынан,қазақша,орысша,жылдам, алға,жақында, күнде,адамша, аса, шапшаң,өте, ескіше,жаңаша,кеше, былтыр,тым.
5-жаттығу
Сөйлемнен үстеуді табыңыз.
Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Бала болашағы отбасынан басталады. Ата анасынан жақсы тәрбие алған бала болашақта саналы азамат.
6-жаттығу
Үстеулерді қолданып, сөйлем құрастырыңыз.
Әдейі, бүгін, амалсыздан, бекерге.
7-жаттығу
Үстеу құрамына қарай қаншаға бөлінеді?
Әрқайсысына мысалдар жаз.
8-жаттығу.
О
ң
жақта берілген етістіктермен сол жақтағы
сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін
жасаңыз. Солармен сөйлем құрыңыз.
беске қимылдауы (ненің?)
саусақтарды бөліну (нешеге?)
жұмыртқаға байланысу (қалай?)
ауыздың қозғалту ( нені?)
қимылсыз ұқсау (неге?)
9-жаттығу.
Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
1. Череп состоит из мозгового и лицевого отделов. 2. Мозговой отдел черепа образован прочно и неподвижно соединенными между собой костями. 3. Это парные теменные и височные и непарные лобная и затылочная кости. 4. В височной кости имеется отверствие наружного слухового прохода. 5. В лицевом отделе черепа 15 костей. 6. Самые крупные из них челюстные. 7. Нижечелюстная кость – единственная подвижная кость черепа. 8. Грудная полость образована 12 парами ребер и грудиной. 9. Из каких основных отделов и костей состоит скелет верхних конечностей?
10-жаттығу.
Төмендегі сөйлемдерді мәтінді тірек ете отырып толықтырыңыз.
Ми сауытының пішіні … тәрізді. 2. Бет сүйектерінің ішінде тек астыңғы … қана қимылдайды. 3. Ортан жілік … белдеуіне жатады. 4. Иық белдеуі арқылы қол сүйектері … байланысады. 5. Бұғана мен … бірігіп иық белдеуін құрайды. 6. Он екі жұп … кеуде қуысын құрайды. 7. Тұлға қаңқасы омыртқа жотасынан, қабырғалардан, … тұрады. 8. Омыртқалар бірігіп … өзегін түзеді. 9. Қолдың басын .. сүйектері қозғалтады. 10. Үшбұрышты сүйек … кеуденің сыртқы жағында орналасқан.
Сабақтың тақырыбы:Күшейткіш үстеуі. Тыныс алу жүйесі.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Күшейткіш үстеулердің сұрақтары, білдіретін мағыналары,
- Күшейткіш үстеулердің сөйлемдегі қызметі, мағыналық түрлері,
- Тыныс алу жүйесін, атқаратын қызметі туралы, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,
Дамытушылық:
- Ойлау,есте сақтау, өз ойын деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асыру;
- Танымдық қабілеттерін арттыру;
- Оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- Әннің,қара өленнің құдіретін түсінуге тәрбиелеу ;
- Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау
Тәрбиелік:
- Студенттерді шешен сөйлеуге қалыптастыру;
Өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Үстеу дегеніміз не?
Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
Үстеулер қалай жасалады?
Тірек қимыл жүйесі дегеніміз не?
Тірек қимыл жүйесі деген не?
Үстеулерге бірнеше мысал келтір.
Мәтіннен үстеулерді тап.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1 Тыныс алу жолы туралы не білесің?
2 Тыныс алу жолына қандай мүшелер жатады?
3 Күшейіткіш үстеу дегеніміз не?
4 Күшейіткіш үстеуге 5 мысал келтір.
5 Күшейіткіш үстеу қандай жағдайда қолданылады?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Күшейткіш үстеулердің сөйлемдегі қызметін, мағыналық түрлерін, тыныс алу жүйесін, атқаратын қызметі туралы түсініктерін айту,жаңа сөздерді жаттау
Күшейткіш үстеулер.
Күшейткіш үстеулер Қалай? сұрағына жауап беріп қимыл- әрекетті өте күшейтеді, не өте кемітеді.
Мысалы: орасан, ең, тым, тіпті, өте, әбден, әрең, кілең, нақ, т.б.
Тыныс алу жүйесі мәтіні
Тыныс алу дегеніміз – ағза және сыртқы орта аралығында газ алмасу процесі. Ағза оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газын бөліп отырады. Адам оттегісіз өмір сүре алмайды. Оттегі жасушалар мен ұлпалардың тыныс алуы мен өз қызметтерін атқаруы үшін қажет. Тыныс алу жүйесі оттегін қан айналу жүйесіне өткізеді. Ал өттегі қанның құрамындағы гемоглобинмен бүкіл денеге таралады.
Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, өкпе және бронхылар жатады.
Тыныс алу жолы мұрын қуысынан басталады. Мұрын қуысының ішкі қабырғасын шырышты қабықша астарлайды. Онда көптеген қан тамырлары, бездер және эпителий орналасқан. Мұрын қуысында ауа залалсыздандырады, ылғалданады және жылынады.
Мұрын қуысынан ауа аңқаға, одан кейін көмейге барады, көмейден кеңірдекке өтеді. Кеңірдек доға тәрізді, 16 – 20 шеміршекті сақинадан тұрады, олардың ұзындығы 10 – 15см. Кеңірдек тармақталып 2 бронхыға бөлінеді. Бронхылар оң және сол өкпеге кіреді.
Өкпе кеуде қуысында орналасады. Өкпеде бронхының әрқайсысы тармақталып 2 бронхыға бөлінеді. Бронхылар оң және сол өкпеге кіреді.
Өкпе кеуде қуысында орналасады. Өкпеде бронхының әрқайсысы тармақталып, біртіндеп кішірейетін, ауа жүретін түтікшеге айналады. Түтікшелер өкпе көпіршіктерімен аяқталады. Көпіршіктердің саны 300 – 350 миллиондай.
Ерлердің өкпесінің биіктігі 27 – 30 см, әйелдердікі 21 – 23 см.Оң жақ өкпе сол жақ өкпеден үлкендеу болады. Оң өкпе 3 бөлікке, сол өкпе 2 бөлікке бөлінеді.
Ересек адам өкпесінің тіршілік сыйымдылығы 3500 см. Адам минутына орта есеппен 16 – 18 рет тыныс алады. Осы мезгілде өкпе 8л. ауа өткізіп, адам өміріне аса маңызды газ алмасуды қамтамасыз етеді.
Жаңа сөздерді жаттап ал.
Газ алмасу - обмен газов
Көмей – гортонь
Кеңірдек – трахея
Залалсыздану – обезвредить
Ылғалдану – увлажняться
Аңқа – носоглодка
Шырышты қабықша – слизистая оболочка
Түкті – волосисты
Шеміршек – хрящ
Тармақталу – разветление
Өкпе көпіршіктері – легочные пузырьки
Сыйымдылық – вместимость
1-жаттығу.Тыныс алу жүйесі мәтіні бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.
2-жаттығу.
Қазақтың жиі қолданылатын «Ағасы бардың жағасы бар,інісі бардың тынысы бар» деген мақалын қалай түсінесіз?Мақалдың мағынасын өмірге қатыстырып талдап беріңіз.
3-жаттығу.
Күшейту үстеулерін қолданып сөз тіркестерін жасаңыз.
Кілең,әбден,бекер,тым,аса,өте, өңкей, өңшең, мүлдем, орасан, нақ, нағыз, ең.
4-жаттығу.
Оң жақтағы етістіктермен керекті сөздер арқылы сөз тіркесін құрыңыз
денеге тыныс алуы (ненің?)
ауа таралу (қайда?)
к
еңірдектен басталу
(неден?)
2 бронхыға залалсызданады (не?)
жасушалардың өтеді (қайдан?)
мұрын қуысынан бөліну (неге?)
газ алмасуды қамтамасыз ету (нені?)
5-жаттығу.
Мәтінде кездесетін төмендегі сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.
Ағза мен сыртқы орта, бүкіл денеге таралу, тыныс алу жолы, мұрын қуысынан басталады, мұрын қуысының ішкі қабырғасы, ауа залалсызданады, ауа ылғалданады, ауа жылынады, доға тәрізді, шеміршекті сақиналар, біртіндеп кішірею, ауа жүретін түтікшелер, адам өміріне қажетті, газ алмасуды қамтамасыз ету.
6-жаттығу
Түбірге жұрнақ жалғану арқылы немесе кейбір септік жағауларының көнелену арқылы жасалатын туынды үстеуді табыңыз.
Ең, бірге, ертең, зорға, балаша, бұрын.
7-жаттығу
Сөйлемнен түбірге сіңіп кеткен жатыс септік жалғау арқылы жасалған туынды үстеуді табыңыз.
Баяғыда, біздің ауылда бұрын соңды болмаған жағдай болды.
8-жаттығу
Себеп- салдар үстеуді табыңыз.
Мақсат аяғын ауыртып алып, амалсыздан сабаққа бармады.
Сабақтың тақырыбы:Мақсат үстеуі. Ас қорыту жүйесі.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-мақсат үстеулерінің сұрақтары, білдіретін мағыналары, мақсат үстеулердің сөйлемдегі қызметі, мағыналық түрлері, ас қорыту жүйесі, атқаратын қызметі туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау;
-дамытушылық- өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру
Дамытушылық:
- Өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру;
- Қабілеттері мен грамматикалық сауаттылықтарын арттыру;
- Өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасауға үйрету;
- Оқушылардың дағды-машығын, таным белсенділігін арттыру;
-Оқушылардың өз бетінше жұмыс жүргізуін,есін,ой-өрісін,сауатты жазуын,тіл байлығын дамыту;
Тәрбиелік:
Студент бойындаэстетикалық тәрбиені қалыптастыру;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Күшейіткіш үстеулердің сөйлемдегі қызметі?
Күшейіткіш үстеулердің мағыналық түрлерін ата.
Тыныс алу жүйесіне жататын мүшелерді ата.
Мәтіннен күшейіткіш үстеуді көрсет.
Күшейіткіш үстеуге бірнеше мысал келтір.
Тыныс алу жүйесіне қандай мүшелер жатады.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1 Мақсат үстеуі дегеніміз не?
2 Мақсат үстеуі қайда қолданылады?
3 Мақсат үстеуіне 5 мысал келтір.
4 Ас қорыту жүйесі дегеніміз не?
5 Ас қорытудың адам ағзасына қандай маңызы бар?
6 Ас қорыту жүйесіне қандай мүшелер жатады?
7 Ас қорыту жүйесінің жолын тізбектей айтып бер.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Мақсат үстеулердің сөйлемдегі қызметі, мағыналық түрлері, ас қорыту жүйесінің атқаратын қызметі туралы түсініктерін әңгімелеу,жаңа сөздерді жаттау.
Мақсат үстеуі.
«Ас қорыту жүйесі» мәтіні
Ас қорыту өте күрделі процесс. Ол ас қорыту жолынан және бездерден құралады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан немесе қарын, он екі елі ішек, аш ішек тоқ ішек – бұлар ас қорыту жолы болып табылады.
Ас ауыз қуысынан жұтқыншақ арқылы өңешке өтеді, одан соң асқазанға түседі. Ересек адамның асқазанының сыйымдылығы 1,5 литрдей. Асқазанның қабығының бездері асқазан сөлін бөліп шығарады. Адамның асқазан сөлі түссіз болады. Асқазанда ас 4 – 8 сағат болып асқазан сөлінің әсерінен қорытылады.Қоймалжың ас бұдан кейін ас қорыту жүйесінің келесі бөлімі аш ішекке біртіндеп өтіп отырады. Оның басты бөлімі – он екі елі ішек немесе ұлтабар. Он екі елі ішекте бауыр мен ұйқы безінің сөл шығару өзектері ашылады. Бауырдан бөлінетін өт сарғыш – жасыл түсті. Өттің әсерінен май уақ тамшыларға ыдырайды. Май осындай күйде тез қорытылады. Бауыр – ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкен без. Бауыр ағзадағы улы заттарды залалсыздандырып отырады.
Он екі елі ішекте астың негізгі қорытылуы аяқталады. Қоймалжың ас ботқасы аш ішектің келесі бөліміне өтеді де, ең соңғы қорытылуға түседі. Бұл қорытылу аш ішектің ұсақ көп бездерінен бөлінетін сөлдің әсерінен болады. Аш ішектегі қорытылған кенеулі заттардың ерітіндісі қыл тамырлар арқылы қанға өтеді. Майдың ерітінділері негізінен лимфаға сіңіріледі.Сөйтіп аш ішектегі барлық кенеулі заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға тарайды.
Аш ішекте қорытылмаған заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су ішек қабырғасындағы тамырлар арқылы қанға өтеді. Ал қорытылмаған қалдық заттар тік ішекке түседі.
Жаңа сөздерді жаттап алыңыз.
Он екі елі ішек – двенадцатиперстная кишка
Шырышты қабық – слизистая оболочка
Түссіз – бесцветный1
Бөліп шығару – выделить
Асқазан сөлі – желудочный сок
Қорытылу – перевариваться
Қоймалжың – полужидкий
Ұйқы безі – поджелудочная железа
өзек – проток
өт – желчь
уақ – мелький
ыдырау – распад
зарарсыздандыру – обезвредить
сіңірілу – впитываться
тоқ ішек – толстая кишка
аш ішек – тонкая кишка
тік ішек – прямая кишка
1-жаттығу.
Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ас қорыту қандай процесс?
2. Ас қорыту жолына қандай жолдар жатады?
3. Ас бірінші қайда түседі, одан кейін қандай мүшелерге барады?
4. Асқазанда ас қанша сағаттай болады және ненің әсерінен қорытылады?
5. Он екі елі ішекте қандай процесс жүреді?
6. Бауыр қандай қызмет атқарады?
7. Ең соңғы қорытылу қай жерде өтеді?
8. Аш ішекте қорытылмаған заттар қайда барады?
2-жаттығу.
Төмендегі мақал-мәтелдердің мәнін қалай түсінесіз? Осылардың бір-екеуін күнделікті өмірмен қатыстырып, мысал арқылы түсіндіріп беріңіз.
1.Ас-адамның арқауы
2.Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама .
3.Аш адамнан ақыл сұрама
4.Ас біреудікі болғанмен,
Асқазан өзіңдікі екенін ұмытпа
3-жаттығу.
Мәтіннен үстеулерді табыңыз
4-жаттығу.
Ас қорыту жүйесіне жататын мүшелерді атап көрсетіңіз.
5-жаттығу.
Ағзадағы ең үлкен без – бауыр туралы анатомия пәнінен өткеніңізді есіңізге түсіріңіз (ол қайда орналасқан, салмағы қанша, пішіні (формасы) қандай т.б.).
6-жаттығу.
Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
1. Тонкий кишечник имеет длину – 3-4м. 2. В двенадцатиперстной кишке под влиянием ферментов пищеварительного сока происходит расщепление белков, жиров и углеводов. 3. Какова роль желчи в процессе переваривания жиров? 4. Разнобразие пищи, различные салаты, добавление к пище небольшого количества перца возбуждает аппетит. 5. Какую роль в процессах пищеварения играет сок поджелудочной железы? 6. Вся кровь, оттекающая от кишечника, проходит через печень. 7. В печени обезбреживается до 95% ядовитых веществ, образующихся в процессе пищеварения.
7-жаттығу.
Үстеулерді ұқсас тұлғалардан ажыратыңыз, себебін түсіндіріңіз.
Абай да, Әбіш те ол адамның әрі жастай өмірден өткенін, әрі жазғаны жоғалғанын өкініш етті (М.Әуезов). АВлда ұзынынан сұлап ақ басты Алатау жатыр. Алда ұзақ жол. Шоқан бұл жерлерде бұрын болған (Н.Баяндин). Кейін Ақан іздеп барған (Т.Әлімқұлов). Содан кейін Бораштың алдында өлең айтуды да қойдым. Әрі арық, әрі тоңғақ Бораш Шеген екеуміздің ортамызда отыр. Қуғыншылар әрі ұзап кетті. Асты – үстімізде таза ақ төсеніш. Менің өтінішім стол үстінде жатыр (Ғ.Мүсірепов).
Сабақтың тақырыбы: Себеп –салдар үстеуі. Зәр шығару жүйесі
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Себеп-салдар үстеулердің сөйлемдегі қызметін;
-Себеп-салдар үстеулердің мағыналық түрлерін;
- Зәр шығару жүйесі және оның атқаратын қызметі туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау.
Дамытушылық:
-Өз ойларын еркін жеткізуге;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Мақал-мәтелдерді дұрыс қолдана білуге;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Жаңа сөздермен сөйлем құрастыра білуге;
Тәрбиелік:
Берілген мәтіндер бойынша оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру ;
Адамгершілікке тәрбиелеу ;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау: 25 мин;
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин;
4.Жаңа тақырыпты бекіту: 10 мин;
5.Сабақты қорытындылау: 7 мин;
6.Үй тапсырмасын беру: 4-5 мин;
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Мақсат үстеу дегеніміз не?
Мақсат үстеуінің сөйлемдегі қызметі қандай?
Мақсат үстеуінің сөйлемдегі мағыналық түрлері қандай?
Ас қорыту жүйесі дегеніміз не?
Ас қорыту жүйесінің атқаратын қызметін баянда.
Мәтіннен мақсат үстеулерін тап.
Мақсат үстеуіне бірнеше мысал келтір.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Себеп салдар үстеуі дегеніміз не?
Себеп-салдар үстеуінің сөйлемдегі қызметі қандай?
Себеп-салдар үстеуінің сөйлемдегі мағыналық түрлері қандай?
Зәр шығару жүйесі дегеніміз не?
Зәр шығару жүйесінің атқаратын қызметін баянда.
Зәр шығару жүйесіне қатысатын ағзаларды тізбектей баянда.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:себеп-салдар үстеулердің сөйлемдегі қызметі, мағыналық түрлері, зәр шығару жүйесі және оның атқаратын қызметі туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау,мәтінді жаттау.
Себеп-салдар үстеуі.
Зәр шығару жүйесі
Зәр шығару жүйесіне: бүйрек, несепағар, қуық және несеп шығаратын өзек жатады.
Бүйрек – жұп мүше, бұршақ пішінді, қошқыл қоңыр түсті. Бүйректер бел омыртқаның екі жағына орналасқан. Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен 2-3 см төменірек тұрады. Ересек адам бүйрегінің ұзындығы 10 – 12см, ені 5-6 см, салмағы 120 – 200 грамм шамасында. Бүйрек биологиялық сүзгіш қызметін атқарады. Әр минут сайын бүйрек арқылы ағзадағы қанның 1/5 бөлігі өтеді. Бүйрекке қан қолқа тамыр арқылы келеді. Ағзаның тіршілігіне қажетсіз зиянды немесе улы заттар, артық су, минералды тұздар қанның құрамынан шығарылып, бүйрек арқылы сүзіледі. Тазартылған қан төменгі көк тамырға қайтып келеді. Сонымен, бүйректе зәр шығару түзіледі, ол несепағар арқылы қуыққа ағады.
Несепағар қуықпен жалғасқан. Оның ұзындығы 30 см- ге жуық түтік. Диаметрі 4 – 7 мм. Тәулігіне ересек адамда 1,5 л зәр түзіледі.
Қуықта несеп жиналып, одан рефлексті жолмен несеп шығаратын өзек арқылы сыртқа шығарылады. Қуық пішіні толуына қарай өзгермелі болады. Оның орташа сыйымдылығы 500 – 700 мл.
Төмендегі сөздерді жаттап алыңыз.
Несепағар – мочеточник
Қуық – мочевой пузырь
Несеп шығаратын өзек – мочеиспускательный канал
Қошқыл – темный
Ені – ширина
Сүзгіш – фильтр
Улы – ядовитый
Түзілу – образоваться
Пішін – форма
1-жаттығу.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Зәр шығару жүйесіне нелер жатады?
Бүйрек қандай мүше?
Бүйрек қай жерде, қалай орналасқан?
Бүйрек қандай қызмет атқарады?
Бүйректе не түзіледі?
Несепағардың ұзындығы, диаметрі қанша?
Қуықтың пішіні, сыйымдылығы қандай?
2-жаттығу.Мәтіннен үстеулерді теріп жазыңыз. Жасалу жолына қарай түрін анықтаңыз.
3-жаттығу. Мысалдарды көшіріп жазып, себеп пысықтауыштардың астын сызыңдар да, қандай сұрақға жауап беріп тұрғанын айтыңдар.
1.Асқардың тірі қалғанына қуанған Ботакөз баланың атын Амантай қойды. 2. Асқан ерлігі үшін Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді. 3. Бала қуанғаннан дауыстап та жіберді. 4. Ақ тай енесінің асаулығынан былтыр байланбаған.
4-жаттығу.Төмендегі мүшелердің қай жүйеге жататын көрсетіңіз:
бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан, тіс, несепағар, ішек, жүрек, қуық, қолқа, ми, көмей, саусақ, омыртқа, несеп шығаратын өзек, ұйқы безі, өт, қылтамыр, жұлын.
5
-жаттығу.Оң
жақтағы етістіктер мен сол жақтағы
етістіктерден сөз тіркесін жасаңыз.
минералды тұздар орналасу (қайда?)
сыртқа орналасу (қалай?)
бел омыртқада шығару (нелер?)
өзгермелі шығарылу (қайда?)
зәр болу (қандай?)
жоғары түзілу (не?)
6-жаттығу.Мәтін бойынша сан есімдерді теріп жазыңыз. Сан есімнің қандай түрлері берілген? Сан есімдердің түрлерін еске түсіріп, ерекшеліктерін айтыңыз.
7-жаттығу.Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыз. Жасалу жолына қарай түрін анықтаңыз.
8- жаттығу.Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
Микроорганизмы могут поражать разные отделы мочевыделительной системы: почки, мочеточники, мочевой пузырь, мочеиспускательный канал. Они проникают в них через кровь. Этому способствует наличие очагов инфекции в различных участках организма, например ангины, заболевания зубов, ротовой полости.
Часто причиной заболеваний почек и мочевыводящих путей могут быть называемые восходящие инфекции. При несоблюдении личной гигиены болезнетворные микробы проникают через мочеиспукательный канал в мочевой пузырь и распространяются на другие участки мочевыделительной системы, вызывая их воспаление. Воспалительным процессам и распространению микробов способствует общее охлаждение организма, простуды.
Некоторые лекартсвенные средства (сульфаниламиды, антибиотики), применяемые в больших количествах, накапливаются в почках и сами могут стать причиной почечных заболеваний. Но особенно вредно злоупотребление алкоголем, который поражает почки. Постоянные нарушения обмена могут вызвать заболевание почек, например стать причиной отложения солей и образования так называемых "камней" в почках и мочевыводящих путях.
болезнетворные микробы-ауру тудырғыш микробтар
воспаление-қабыну
накопиться-жиналу; шоғырлану
отложение-қабаттар; қабаттану
9-жаттығу
Қосарлану арқылы жасалған үстеулерге сөйлем құрастыр.
Көзбе- көз, тұс- тұстан.
Сабақтың тақырыбы: Шылау сөздер туралы түсінік. Ыбырай Алтынсарин – ағартушы педагог.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Лексикалық мағынасынан айрылған жеке грамматикалық тұлға сөздерді;
-Шылау сөздердің сөйлемдегі қызметін;
- Шылау сөздердің мағыналық түрлерін, ерекшеліктерін;
-Ы.Алтынсариннің өмір жолы мен шығармашылығы туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау;
Дамытушылық:
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;;
-Жаңа сөздерді дұрыс қолдана білуге;
-Жылдам жауап беруге;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
- Сөйлем құрастыра білуге;
Тәрбиелік:
Ы.Алтынсариннің шығармаларының тәрбиелік мәніне үңілу;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге шақыру;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Себеп-салдар үстеуі дегеніміз не?
Себеп-салдар үстеуінің сөйлемдегі қызметі қандай?
Мәтіннен себеп салдар үстеуін табындар.
Себеп салдар үстеуіне бірнеше мысал келтір.
Зәр шығару жүйесі дегеніміз не.
Зәр шығару жүйесінің атқаратын қызметі.
Себеп*-салдар үстеуінің сөйлемдегі мағыналық түрлерін көрсет.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Шылау дегеніміз не?
Шылаудың сөйлемдегі атқаратын қызметі?
Шылаудың сөйлемдегі мағыналық түрлері қандай?
Ыбырай Алтынсарин дегеніміз кім?
Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін ата?
Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянын баянда.
Ыбырай Алтынсариннің өміріне хронологиялық кесте жаса.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Шылау сөздердің сөйлемдегі қызметін, мағыналық түрлерін, ерекшеліктерін, Ы.Алтынсариннің өмір жолы мен шығармашылығын білу ,мәтінді жаттау.
Шылау сөздер туралы түсінік
Көмекші сөздердің келесі бір түрі шылау сөздер өзгешелеу. Лексикалық мағынасынан айрылған жеке грамматикалық тұлға.Және,дегенмен,болмаса,себебі,өйткені,сондықтан,сол себепті
Шылау сөздердің ерекшеліктері
Лексикалық мағынасынан айрылған.
Морфологиялық жағынан түрлене алмайды.
Сөйлем мүшесі болуға қабілеті жоқ.
Алғашқы шығу тек – төркінінен біржола қол үзген.
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.
Өздері тіркескен сөздерге түрлі қосымша мағыналық реңктер үстейді.
Тіліміздегі шылаулардың атқаратын қызметтері де бірдей емес. Бір тобы сөз бен сөз арасындағы грамматикалық байланысты жүзеге асырады. Енді біреулері сөз тіркестері мен сөйлемдердің арасын жалғастырса, жеке сөздер мен сөз тіркесін анықтау, толықтау үшін қосымша реңк беретін шылаулар да болады. Осындай қызметтеріне қарай шылаулар үшке бөлінеді: жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер.
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы педагог
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, ауыз әдебиетін зерттеуші, этногроф. Ы. Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысының Қостанай уезіндегі Аманқарағай болысында, қазіргі Затобол ауданында туған. Атасы Балқожа белгілі би болған. Ыбырай атасы Балқожаның тәрбиесінде болды. Ыбырай өз бетінше оқып, білім алған. |
Ыбырайдың білім алуына Шығысты зерттеуші ғалым В.В.Григорьевтің үлкен әсері болды. Ыбырай орыс әдебиетін көп оқыды. Халыққа білім беруді көп арман етті. Ол орысша – қазақша мектеп ашты. 1879 жылы «Қазақша хрестоматия»деген кітап жазды. Қазақ балаларына арнап бастауыш класқа арналған орыс тілі кітабын жазды. Мектептерде орыс тілін үйретуді, сол арқылы орыс мәдениетін игерген жас, жаңа ұрпақ тәрбиелеуді көздеген.Қазақ халқының өміріне жаңалықтар енгізуді арман етті.
Ыбырай орыстың алдыңғы қатарлы педагогтары Қ.Д. Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.О.Бунаковтардан көп үйреніп, олардың іс-тәжірибелерін пайдаланды.
Ыбырай И.А.Крыловтың, Л.Н.Толстойдың, К.Д.Ушинскийдің көптеген еңбектерін қазақ тіліне аударды.
Ыбырай Алтынсарин орыс графикасын негізге алып, қазақ алфабитін жасады. «Қыпшақ Сейітқұл», «Бай мен жарлы баласы»,, «Малды пайдаға жарату» әңгімелері бар. Көптеген публицистикалық мақалалар жазды, олар үш топқа бөлінеді: хаттары, этнографиялық тақырыптарға жазған очерктері, экономикалық, саяси - әлеуметтік мәселелер.
Ақын Ғ.Қайырбеков «Дала қоңырауы» атты поэма, драматург М.Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин» деген пьеса жазып, Алтынсаринді елге танытты.
Қазақстан ғылыми-педагогикалық, мәдени қауымы Алтынсаринді «Ұзтаздардың ұстазы» деп біледі.
Аса көрнекті ағартушы – видный просветитель
Ауыз әдебиетін зерттеуші – иследователь – фольклорист
Көп үйрену – выучился многому
Бай баласы мен жарлы баласы – сын бая и бедняка
Жанашыл педагог – наватор педагог
Арман етті – мечтал
Өмірге жаңалық ендіру – внедрение нового в жизнь
Үш топқа бөліну-отделиться на три группы
Елге танытты-быть известным людям
1-жаттығу. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
2-жаттығу.Мәтіннен шылауларды тауып, олардың түрін анықтаңыз.
3-жаттығу.Ыбырай Алтынсариннің төмендегі өлеңін жаттап алыңыз
Ананың сүюі
Кім сендерді балалар сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын
Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,
Шешең байғүс дамылсыз жүретұғын
Кім сендерді ,балалар,тербететін
Еркелетіп,ойнатып .сергітетін
Жалқау болсаң,балалар,жаман болсаң
Қамқор анаң көз жасын көлдететін
Кім сендерді сағынар шетке кетсең
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең
Ұмытпа ,ең кемінде жұлдыз сайын
Хат жазып тұр,төбесі көкке жетсін
Кім сағынар сендерді келгеніңше
Құлындарын көзімен көргенінше
Сендер қайтып келгенде адам болып
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.
4-жаттығу.Төмендегі сұрақтарға шылауларды қатыстыра отырып жауап беріңіз.
1.Сіз киноға кімдермен барасыз?_________________________________
2.Сіз кімдерді жақсы көресіз?_______________________________________
3.Сіздің тобыңызда қазақ тілі қай күндері болады?____________________
4.Сіз қай жыл мезгілдерін жақсы көресіз?____________________________
5.Сіз қай қалаларды жақсы көресіз?__________________________________
5-жаттығу.Төмендегі мақал-мәтелдерден шылауларды табыңыз.
Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.(Для героя смерть есть, позора – нет).
Батырға таяқ та – жарақ.(Батыру и палка оружие).
Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме. (Жизнь врагу отдай, но тайны не выдавай).
Алыссаң атаң да болса жық. (Если схватился, и отца родного вали с ног).
6-жаттығу. Жұмбақтардың шешуін тауып, ерекшеліктерін сипатта. Ойдың берілу тәсілін анықта.
1. Сүйреңдеген хайуаннан
бір сылым ет таппайсың.
2. Бұталы биіктің екі бетінде
екі бұлан жайылып жүр.
3. Көлдің қарама-қарсы бетінде адамдар
бір-біріне уық лақтырып ойнайды.
4. Ақ айдында ақ табақ қалқып жүр.
Шешуі: күн, екі құлақ, маса, көзді жыпылықтату немесе кірпік қағу.
7-жаттығу. Мақалдарды оқып, мағыналарын анықта. Қарамен жазылған сөздердің қандай мағына беріп тұрғанын айт.
Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы жер – жанның тынысы.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
8-жаттығу. Септеулік шылауларды табыңыз, септіктегі сөзбен тіркесетінін ажыратыңыз.
Задында адам туған жердің қадірін қартайған сайын терең түсінбек. Кешке қарай ауданнан ілесіп келген кісілер жергілікті совхоз басшыларының ортасында сұхбат құрысты. Ол түні бойы ойланды Бойжеткен Несібелі осы күнге шейін өлікті бетпе-бет көрген емес. – Оған шейін жүрек жалғай тұру үшін жан басына үш жүз грамнан астық беру керек, - деді. Бір күні Шәукен үйден шығып, бетінің ауған жағына қарай жүре берді (Т.Әлімқұлов(. Айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтады. Өлеңнің жорғағы тілтабиғатына қарай үрлі жолмен келеді(А. Байтұрсынов).
Сабақтың тақырыбы: Септеулік шылау. Шоқан Уәлиханов – саяхатшы.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Септік жалғаулы сөзбен тіркесетін оның мағынасын толықтыратын сөздерді;
-Септік жалғауларын меңгеретін септеуліктерді;
-Септік жалғауларын меңгеретін септеуліктердің қызметін;
-Шоқан Уәлихановтың өмірі,саяхаттары, еңбектері туралы;
Дамытушылық:
-Өз бетінше ізденуге;
-Ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету;
-Өз ойын еркін жеткізуге баулу;
-Жылдам жауап беруге жаттықтыру;
Тәрбиелік:
Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;
Білімгерлердіадамгершілікке тәрбиелеу ;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Шылау дегеніміз не?
Шылаудың сөйлемдегі атқаратын қызметі қандай?
Шылаудың сөйлемдегі мағыналық түрлері қандай?
Мәтіннен шылауларды тап.
Шылауға бірнеше мысал келтіріп сөйлем құра.
Ыбырай Алтынсариннің өміріне хронологиялық кесте жаса.
Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін ата.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Септеулік шылау дегеніміз не?
Септеулік шылаудың сәйлемдегі атқаратын қызметі қандай?
Септеулік шылаулардың сөйлемдегі мағыналық түрлері қандай?
Шоқан Уәлиханов кім?
Шоқан Уәлихановтың өміріне хронологиялық кесте жаса.
Шоқан Уәлихановтың орыс достары кімдер?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:септік жалғауларын меңгеретін септеуліктерді және олардың қызметі Шоқан Уәлихановтың жасаған саяхаттарын, еңбектері туралы түсініктерін әңгімелеу,мәтінді жаттау.
Септеулік шылау.
Белгілі бір септік жалғаулы сөзбен тіркесіп, оның мағынасын толықтырып тұратын сөздерді септеулік шылаулар дейміз. Септеулік шылаулар өздері тіркескен сөздерге мезгілдік, мекендік, мақсаттық мағыналар үстейді. Осы қызметтері, мағыналары жағынан олар септік жалғауларға ұқсайды.
Шоқан
Уәлиханов – саяхатшы
Ш. Уәлиханов (1835-1865) – қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, әрі ағартушы демократы. 1853 жылы ол Омбы қаласындағы кадет корпусын бітіреді. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік – шығыс аудандарын басқарады. Генерал-губернатор Г.Х.Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. 1853 жылы орыс географиясы қоғамында Бас штабта, Азия депортаментінде қызмет етеді. Мұнда Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, А.И.Герцен идеяларымен танысты. Академик Н.И.Веселовский Шоқанды «Шығыс тану әлемінде жарқ етіп аққан жұлдыз» деп жоғары бағалады. 1855 жылы Шоқан Верныйға келіп, арнаулы экспедициямен Ыстықкөл маңына аттанды. Қырғыз тарихы, этнографы, фольклорына байланысты материал жинады. Осы материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл күнделіктері» атты еңбектерінде пайдаланды. Шоқанның бұл еңбектері тірі кезінде неміс, француз тілінде жарық көрді. 1860-62 жылдары Петербург университетінде лекция тыңдаған. Ол түркі халықтарының, орыстың, Батыс Европаның тілдерін білген. Қырғыз халқының тарихы, этнографиясы, мәдениеті Шоқан мұраларынан кең орын алды. Ол – қырғыздың «Манас» жырын тұңғыш зерттеген ғалымдардың бірі. Көкшетау, Талдықорған облыстарының колхоз, совхоздары Ш.Уәлиханов есімдерімен аталады. Алматыда №12 мектеп және бір көшеге Ш.Уәлиханов есімі берілді. Қазақстан Республикасы сыйлықтарының біреуі Ш.Уәлиханов есімімен аталады.
Қазақтың ұлы ғалымы –великий казакский ученый
Аққан жұлдыз – метиор
Мұралар – наследие
Шығыстану әлемі – вселенная востоковедения
Жарық көрді – вышел в свет
Ағартушысы-просветитель
Көше-улица
Жарқ етіп аққан жұлдыз-сверкнуть,сверкнувший метиор
Түркі халықтары-тюркские народы
Тағайындалды-назначился
1-жаттығу.Мәтіннен шылауларды тауып, түсінгеніңізді айтыңыз.
2-жаттығу.Мақал-мәтелдерге қажетті шылауларды қойып, жаттап алыңыз.
1. Жаныңды жаралайтын ... сөз, 3. Отан оттан ... ыстық.
Емдейтін ... сөз. 4. Тау ... тасты жел сөз бұзар, 2. Әзіл айтсаң ... әділ айт. Адамзатты сөз бұзар.
3- жаттығу.Төмендегі сөйлемдерден үстеулерді табыңыз.
Университет бітіргеннен кейін, ұядан ұшқан балапандай болып, әркім әр жаққа кетті. Біреу қияға қонып, біреу қиырды мекендеп жүріп жатыр қазір. Балапан басқан тауықтың ұясына байқаусызда түсіп кеткен үйрек жұмыртқасынан шыққан сушыл балапандай болып, филфакты бітіре сала мұғалім болмай, журналистиканың айдын көліне тартып мен кеттім. Ол отыздың біразы ғылыми қызметкер болды. Көпшілігі мұғалім. Қыздар әлдеқашан күйеуге шыққан, жігіттер әйел алған. Бір кездегі бүлдіршіндей қыздар мен қыршын жігіттер бүгінде сары қарын әйел, сақалды шалға айналды. Алдының балалары институтқа ілініп, баяғы біз басымыздан кешкен жастықтың жәрмеңкесіне енді олар кірді, біздің жастықтың жығылған жалауының орнына олар өз туларын көтерді...
4- жаттығу.Төмендегі сөйлемдерден шылауларды табыңыз
Солардың ішінен Меңтай екеуміздің мәңгілік, адал досымыз Жомартбек Жолдин ғылым докторы атағын алды. Зайкүл есебін тауып, бір бастықтың етегінен ұстаған. Соның беделімен, тамыр-таныстық деген кәрі кеселдің көмегімен ол да кандидат деген атқа ие боп алған. Қазір ол бір институтта «басын жарып, көзін шығарып», әдебиеттен сабақ береді.
5-жаттығу. Төмендегі шылауларды қатыстыра отырып сөйлемдер құрастырыңыз.
Және...,дегенмен...,болмаса...,себебі...,өйткені...,сондықтан...,сол себепті....
6-жаттығу.
О
ң
жақтағы етістіктермен сол бағандағы
керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз
тіркесін құраңыз.
дәрінің мөлшерін себу (қайда?)
көп дәрілерден жазу (нені?)
жара үстіне құралу (неден?)
шырышты қабықты бөліну (нешеге?)
жазып тітіркендіру (нені?)
екіге көрсету (қалай?)
7-жаттығу.Шылаулардың түрлерін ажыратыңыз. Ұқсас тұлғалардан ажырату жолын ауызша түсіндіріңіз.
Шоқының төбесінде отырған Кененің кескіні Балуан Шолақ жасырақ кезін де айнадан көрген өз кескіні сияқтанып кетті. Ана жылы көрген е бала пішінді Кененнің қазір сақалы да, мұртыда өскен және дәл Балуан Шолақтың сақал-мұртындай, мұрты ұзара қалыңдап, қаршығаның жазған қанатындай, сапары сүйірше, иығына қарай қайырылып, сақалы иегіне шоқтала, бір тұтамдай ғана қып-қысқа боп өскен. Маңдайы да сондай кең, қасы да сондай қою, мұрны да сондай қоңқақ... Тек қана айырмас – Балуанның жүзі бәлкім дөңгелектеу (С.Мұханов).
Сабақтың тақырыбы: Жалғаулық шылау. Қазақтың бас ақыны – Абай
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Абай шығармашылығынан терең мағлұмат беру;
- Ақындық әлемді сезінуге ұмтылдыру;
- Жалғаулық шылаудың жасалу жолдарын;
Дамытушылық:
- Мәтінмен жұмыс істей отыра, оқушының ойлау қабілетін шапшаңдығын, тез шешім табуын ұштау;
- Оқушылардың сөздік қорын молайту;
- Ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ойын түйіндеуге бағыттау ;
- Оқу материялынан ең бастысы табу, талдау, салыстыру, ойлау қабілеттерін дамыту;
- Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік:
-Абайдың жан-жақтылығын көрсету, ерекшелігіне тоқталу арқылы студенттерді сөз байлығына, өнерді құрметтеуге баулу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын бекіту
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Септеулік шылау дегеніміз не?
Септеулік шылауды қай кездері қолданамыз?
Септеулік шылауға мысалдар келтір.
Мәтіннен септеулік шылауды көрсет.
Шоқан Уәлиханов кім?
Шоқан Уәлихановтың өміріне хронологиялық кесте жаса.
Шоқан Уәлихановтың еңбектерін ата.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Жалғаулық шылау дегеніміз не?
Жалғаулық шылаудың сөйлемдегі атқаратын қызметі?
Жалғаулық шылаулардың мағыналық түрлері қандай?
Абай Құнанбаев деген кім?
Абай Құнанбаевтың ата-тегіне көз жүгірт.
Абай Құнанбаевтың өмірін баянда.
Абай Құнанбаевтың бір өлеңін жатқа оқы.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:жалғаулық шылаулардың түрлері, сөйлемдегі қызметі, Абай шығармалары туралы айту,мәтінді , Абай өлеңін жаттау.
Жалғаулық шылау
Қазақтың бас ақыны – Абай
Абай Құнанбаев
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абай Семейдегі Ахмет Риза медресесінде 4 жыл оқиды. Онда өз бетімен орыс тілін үйренеді. Абай 12 жасынан бастап жаза бастаған.Абайдың ең жақсы достары талантты жастар,ақындар,жыршылар,орыс интеллигенциясының өкілдері Чернышевский мен Добролюбовтар еді. Орыс достары Абайдың өз бетімен білім алуына |
ерекше назар аударып, зор көмек көрсетті. Әсіресе, Е.П. Михаэлис» - дейді.
Абай Пушкин мен Лермонтовтың, Крыловтың, Салтыков – Щедрин мен Лев Толстойдың шығармаларын аса ардақтап, оларды сүйіп оқыды. Абай Пушкиннің Онегин мен Татьяна хаттарын қазақ тіліне аударып, бүкіл қазақ даласына таратып, таныстырды. Ол Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың т.б. орыстың озық ойлы ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударды. Орысша оқуды уағыздады. «Орыстың ғылымын, өнерін дүниенің кілті», - деп санады.
«Орысша оқу керек, - мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста... Сен орыс тілін білсең, көкірек көзің ашылады» - деді Абай. Абай композитор. Оның 20 – дан астам әндері бар.
Абай халқының ғасырлар бойы қараңғылықтан құтылуының бірден – бір жолы – орыс және қазақ мәдениетінің жақындауында деп білді.
(Қ. Ысқақұлы)
Ұлы ақын – великий поэт
Ең жақын достар – самые близкие друзья
Талантты жастар талантливая молодежь
Зор көмек – большая помощь
Сүйіп оқыды – читал любя
Дүниенің кілті – ключ мира
Өз бетімен – самостоятельно
Озық ойлы-прогрессивно мыслящий
Дүниенің кілті-ключ мира
Ғасырлар бойы-вес век
1-жаттығу.Сөйлемдерден шылауларды табыңыз.
Міне,Ұлы Отан соғысында қазақтардың атын өзгеге де, өзімізге де танытып,қазақ халқының жауынгерлік, отаншылдық рухын дүние жүзіне паш еткен осы үш тұлға- Жамбыл Жабаев, Баубек Бұлқышевжәне Бауыржан Момышұлы болды.
Бала, бозбала Баубектің санасына әсер етіп,оның ойшыл,өлеңшіл,отаншыл болып қалыптасуына септігін тигізген не еді?Мұның мынадай төрт себебі болса керек.
2-жаттығу.Абайдың өлеңін жаттап алыңыз.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың...
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың.
Көрсе қызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың келеді, бір күн бұртың.
3-жаттығу.Қажетті шылауларды койыңыз.
Абзал ... Әйгерім азық-түлік дүкеніне барды. Олар дүкеннен қажет ... май, шай ... нан сатып алды. Абзал жақсы бала, ... сабақ оқуға жалқаулау. Әйгерім өте білімді адам, ... кітап оқиды.
4-жаттығу.Мәтінді оқып, шылаулардың қолданылуына назар аударыңыз.Орыс тіліне аударыңыз.
Қазақстанның жері кең- байтақ,табиғаты әр түрлі. Мұнда асқар тау да,өзен де,көл де,шөл де, бар.Қазақстанда ірі қалалар өте көп.Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Ол әрі бай өлке. Қарағанды көмір береді. Оны қара алтын дейді. Қазақстанда тас көмір,мұнай, темір, мыс пен қорғасын тағы да басқа қазба байлықтары өндіріледі. Қазақстан астыққа бай өлке. Мұнда қой, жылқы және сиыр өсіріледі.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстанның жері, табиғаты қандай?
Қазақстанда қандай қазба байлықтар өндіріледі?
5- жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
Студент сдают экзамены и зачеты. Вечер был прекрасный,и мы гуляли по берегу моря. Погода была теплая, но и дождливая. Я говорю не только по-русски и по-казахски. Отец Абая – инженер,а мама врач. Алия закончила школу и поступила в университет.
6- жаттығу. Төмендегі орыс тілінде берілген мақалдарды қазақ тіліне аударыңыз. Мағынасын түсіндіріп беріңіз.
Сон – лучшие всякого лекарства.
Кто к здоровью относится беспечно, болеет вечно.
7- жаттығу.
Оң бағанадағы етістіктермен сол бағанадағы керекті сөздер арқылы сөз тіркестерін жасаңыз.
ы
стық
суды салу (нені?)
сүзгіштен (фильтр) салу (қайда?)
ваннаға құю (нені?)
тоңазытқышта сүзу (немен?)
астан кейін сақтау (қайда?)
денсаулық үшін ішу (қашан?)
қолын пайдалану (не үшін?)
қалтаға құю (қайда?)
Сабақтың тақырыбы:Демеулік шылау. Тіл атасы - Ахмет.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Демеулік шылаудың жасалу жолдарын;
Ахмет Байтұрсыновтың өмірін, шығармашылығын;
Халқымыздың дарынды ұлдарының бірі тума талант иесі
А.Байтұрсынов шығармашылығынан алынған мысалдар арқылы шылауларды табу;
Дамытушылық:
- Өз беттерімен әрекеттену дағдысын қалыптастыру;
- Тіл байлығын, сөздік қорларын молайту;
- Ауызекі сөйлеу, оқу дағдыларын қалыптастыру;
- Ауызша және жазбаша тілдерін, көру жіне есту қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:
-А.Байтұрсынов шығармашылығынан алынған мысалдар арқылы ізгілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу;
А.Байтұрсынов аудармалары арқылы жаман әдеттен жирендіруге;
Өз мамандықтарының білгірі болуға тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау: 25 мин;
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин;
4.Жаңа тақырыпты бекіту: 10 мин;
5.Сабақты қорытындылау: 7 мин;
6.Үй тапсырмасын беру: 4-5 мин;
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жалғаулық шылау дегеніміз не?
Жалғаулық шылаулардың сөйлемдегі қызметі қандай?
Жалғаулық шылаларға бірнеше сөйлем құрастыр.
Мәтінненжалғаулық шылауларды тап.
Абай Құнанбайевтің өмірімен таныс
Абай өлеңдерінен бір өлеңді жатқа айт.
Абайдың қара сөздерін оқып одан алған щй тұжырымыңды баянда.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Демеулік шылау дегеніміз не?
Демеулік шылаудың сөйлемдегі атқаратын қызметі?
Демеулік шылаудың мағыналық түрлері қандай?
Демеулік шылауға бес мысал келтір.
Ахмет Байтұрсынұлы кім?
Ахмет байтұрсынұлының өмірін баянда.
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерімен таныс.
Ахмет Байтұрсынұлының өміріне хронологиялық кесте жаса.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:демеулік шылаулардың түрлерін, сөйлемдегі қызметін, Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» еңбегі туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау,мәтіннен түсінгенін әңгімелеу.
Демеулік шылау.
Тіл атасы – Ахмет
Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде 1873 жылы қаңтар айының 18 – інде дүниеге келген. Сол замандағы әділетсіз өмір сезімтал баланың жүрегін он үш жасында – ақ жаралап үлгереді. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық, зәбірге шыдамай, ояз начальнигі полковник Яковлевтің басын жарып, 15 жылға Сібірге жер аударылады. Табиғатынан дарынды бала Ахмет 1882-1884 жылдары алдымен өз үйінде хат танып, артынан ауыл мектебінде |
сауат
ашады. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы
екі класты орысша,қазақша училищеде,
1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік
мектепте оқиды. 1895 жылдың 1 маусымынан
мұғалім болып істейді. 1901 жылдан бастап
өзі ізденіп, әдебиетпен айналысады, оқу
құралдарын жазады, аударма жасап өлең
жыр шығарады, ауыз әдебиеті нұсқаларын
жасайды. Бірте-бірте ел ішінде бедел
атағы өседі.
Полиция тыңшыларының жаласымен 1909 жылы Ахмет Семей абақтысына жабылып, сотсыз, үкімсіз,нақақтан-нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көреді. Ақыры сол жерде тұру құқығынан айрылып, 1910 жылы түрмеден босап, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсыновтың өміріндегі ең күрделі кезеңдері басталады. 1913-1918 жылдар арасында «қазақ» газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік – тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан – алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді өнер-білімге шақырады. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери Революциялық комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. Республикалық халық ағарту комиссары, бүкіл одақтық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақстан Орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор бола жүріп, жаңа заман үшін күреседі.
Әділетсіз өмір – несправедливая жизнь
Табиғатынан дарынды бала – талантливый от природы мальчик
Аударма жасады – перевел
Нақақтан – нақақ – без вины виноватый
Жаңа заман үшін күреседі – бороться за новую жизнь
Абақтыға қамалады – папал в тюрьму
Ауыз әдебиеті-устная литература
Курделі-сложный
Белсене-активно
Хат танып-учиться грамотна
1-жаттығу. Мәтіннен шылауларды тауып, түсінгеніңізді айтыңыз.
2-жаттығу. Ахмет Байтұрсыновтың ұлағатты сөздерін жаттап алыңыз.
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
Көркем сөз - көңіл тілі, жалаң сөз - зейін тілі.
Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.
Сөздің асыл болуы - ұнауынан.
Сөз қадірін білмесең - өлең оқып не керек.
Білімнің бас құралы - кітап.
3-жаттығу.Көшіріп, шылаулардың астын сызыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
Қазақ халқының көне әрі қызық ойындарының бірі-қыз қуу.Ойынға қыз бен жігіт қатысады. Егер жігіт жарыста жеңілсе,ол өзіне қойылған талапты сақтай алмағаны үшін қызбен некелесуге хұқы болмаған. Ал,қыз қуғыншыдан қашып құтыла алмаса,жігіттің талабын орындайды.
4-жаттығу.Төмендегі сөйлемдерден шылауларды табыңыз.
Жаман шұбарлықтарға ең ауыр мезгіл - қыс. Оның жері шөл екені, құдығының суы тереңнен шығатыны, ондай құдық қазуға ауқатты адам болмаса, кедейлердің әлі келмейтіндігі жоғарыда айтылды. Осындай жағдайдың салдарынан, ағайынды екі адам, бір-біріне өзгені қиса да, суды қимайды. Шамасына қарай әр үйде, бірден бастап бірнешеуге шейін құдық болады. Бай адамдар оннан аса құдық ұстайды. Құдықтардың аузы құлыптаулы болады. Біреудің құдығындағы суды біреу ұрламау үшін, әркім өз құдығының қақпағына өзге кілтпен аша алмайтын құлып сап қояды..
5-жаттығу.Төмендегі сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз.
6-жаттығу.Шылаулардың түрлерін ажыратыңыз. Ұқсас тұлғалардан ажырату жолын ауызша түсіндіріңіз.
Шоқының төбесінде отырған Кененің кескіні Балуан Шолақ жасырақ кезін де айнадан көрген өз кескіні сияқтанып кетті. Ана жылы көрген е бала пішінді Кененнің қазір сақалы да, мұртыда өскен және дәл Балуан Шолақтың сақал-мұртындай, мұрты ұзара қалыңдап, қаршығаның жазған қанатындай, сапары сүйірше, иығына қарай қайырылып, сақалы иегіне шоқтала, бір тұтамдай ғана қып-қысқа боп өскен. Маңдайы да сондай кең, қасы да сондай қою, мұрны да сондай қоңқақ... Тек қана айырмас – Балуанның жүзі бәлкім дөңгелектеу (С.Мұханов).
7-жаттығу.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Отбасыңызда сізден басқа неше адам бар? _______________________.
2. Бүгін таңертен кімнен(әкеңізден,әйеліңізден,балаңыздан,күйеуіңізден) бұрын тұрдыңыз? _______________________.
3. Кеше түстен кейін ауа-райы қандай болды? _______________________.
4.Жұмыстан(сабақтан) соң барасыз? _______________________.
8-жаттығу.Қазақ тіліне аударыңыз.
После работы я пойду к сыну._______________________.
Кроме мамы меня никто не понимает._______________________.
Что вы ждете от меня?_______________________.
Откуда ты приехал в Алматы?_______________________.
Из дома я вышел в 7 часов. _______________________.
Мыс понедельника работаем здесь._______________________.
От них я жду хороших вестей._______________________.
Спроси у своего друга._______________________.
В очереди я стоял за Карлыгаш._______________________.
По телевизору показывают интересный телесериал._______________________.
Сабақтың тақырыбы: Шылаулардан өткенді қайталау. Тіл жанашыры – М.Шаханов
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін;
- Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Халқымыздың дарынды ұлдарының бірі М.Шахановтың шығармашылығына алынған мысалдар арқылы шылаулардан өткенді қайталау;
Дамытушылық:
- Ұлттық мәдениетін қалыптастыру;
- Оқушы бойында әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастыру;
- Ойын нақты дұрыс жеткізуге,тапқыр сөйлеуге үйрету;
- Көркем шығарманы оқуға қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік:
- М.Шаханов өлендері арқылы мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Шаханов мұрасының мәңгілігін сезіндіре отырып студенттерді поэзияны сүюге, туған жер мен елге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту ;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Демеулік шылау дегеніміз не?
Демеулік шылаудың сөйлемдегі қызметі қандай?
Демеулік шылауға бірнеше мысал келтір.
Мәтіннің ішінен демеулік шылауларды тап.
Ахмет Байтұрсынұлының өмір баянына хронологиялық кесте жаса.
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін ата.
Ахмет Байтұрсынұлының бір өлеңінің мағынасын ашып талда.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Демеулік шылауға бес мысал келтір
Септеулік шылауға бес мысал келтір
Мәтіннен шылауларды тауып, оларды түрлеріне қарай ажырат.
Мұхтар Шаханов кім?
Мұхтар Шахановтың бір өлеңін жатқа оқы.
Мұхтар Шахановтың еңбектерімен таныс.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:шылаулардың мағыналық түрлері, атқаратын қызметі, М.Шахановтың еңбектері туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау,мәтінді жаттау.
Шылаулардан өткенді қайталау.
Тіл жанашыры – М.Шаханов
Мұхтар Шаханов 1942жылы 2 шілдеде Отырар ауданы «Шілік» ауылында дүниеге келген. Көрнекті қазақ ақыны. Шығармалары дүние жүзінің 30-дан астам тілдеріне аударылған. Ақынның поэзия кештері Мәскеуде, Стокгольмде (Швеция), Глазгода, Эдингбургте (Шотландия), Ренеде (Франция), Кобэде (Жапония), Берлинде, |
Дрезденьде,
Кельнде (Германия), Исламабадта (Пакистан)
т.б. елдерде өтті. Әкеден 9 жасында
айрылған Шаханов 7-інші сыныпты бітірген
соң еңбекке араласты. Ол трактордың
тіркеушісі, «Оңтүстік Қазақстан»
газетінің корректоры, әдеби қызметкері,
«Лениншіл жас» газетінің оңтүстік
облыстар бойынша тілшісі, Қазақстан
жазушылар одағы басқармасының хатшысы,
республикалық «Жалын» журналының бас
редакторы, т.б. қызметтер атқарды. ҚСРО
Халық депутаты.ҚСРО Жоғарғы Кеңесінің
мүшесі, Қазақстан Республикасының Халық
депутаты болып сайланды. 1993 жылдан
Қазақстан Республикасының Қырғыз
Республикасындағы Төтенше және Өкілетті
Елшісі, әлем ойшылдарының басын
біріктіретін «ХІХ ғасыр және Руханият»
атты халықаралық элита клубының
президенті. Мұхтар Шаханов – белгілі
қоғам қайраткері. 1986 жылы Кеңес одағына
тұңғыш рет тоталитарлық жүйеге ұйымдасқан
түрде ашық қарсы шыққан қазақ жастарын
ақтап алуда, ол өз басына төнген қауіпке
қарамай ерлікке барабар іс етті, апат
аймағы – Арал теңізі маңындағы адамдарды
қорғау туралы әлемдік деңгейде дабыл
қақты. 1988 жылы 62 жыл үзілістен соң
Қазақстанда және Орта Азияда «Наурыз»
мерекесінің қайта тойлануына мұрындық
болды. М. Шаханов – Қырғыз Республикасының
халық ақыны, Қазақстан Республикасының
халық ақыны, халықаралық Калифорния
Ғылым академиясының академигі, тағы
басқа да шетелдік, отандық академиялардың,
университеттердің мүшесі.
Еңбек-труд
Тіркеуші-регистратор
Өкілетті-полномочный
Тұңғыш-первенец
Жүйе-система
Қауіп-опасность
Отандық-отечественный
Ерлік-геройство
Ойшыл-мыслитель
Одақ-союз
1-жаттығу.Мәтінді орыс тіліне аударып, түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
2-жаттығу.Мәтінді оқып,шылаулардың қолданылуына назар аударыңыз.
Қазақстанның жері кең-байтақ,табиғаты әр түрлі. Мұнда асқар тау да, өзен де, көл де, шөл де бар.Қазақстанда ірі қалалар көп. Қазақстан-көп ұлтты мемлекет.Ол әрі бай өлке. Қарағанды көмір береді.Оны қара алтын дейді. Қазақстанда тас көмір, мұнай,темір, мыс пен қорғасын тағы да басқа қазба байлықтары өндіріледі.Қазақстан- астыққа бай өлке.Мұнда қой, сиыр, түйе және жылқы өсіреді.
3-жаттығу.Мұхтар Шахановтың бір өлеңін жаттаңыз.
Арифметикадан басталған өлең
Бірге бірді қосқанда не болады?
Онда өмірден жалғыздық жоғалады.
Алдыңда тұрған шақта асу белең
Қандай жақсы мақсатты қосу деген.
Өседі адам қияға қарап тұрып,
Қалықтайды қиялын қанат қылып.
Жалғыз өткен күндерден жалығады ол
Сенімінің жеңісін санап тұрып.
Бірге бірді қосқанда не болады?
Онда өмірден жалғыздық жоғалады
Жоғалсын, мәңгі көргің келмес оны
Білемін, аңсайсың-ау сен де соны
Ия, өмір бір күн шаттық, бір күн егес
Тірліктің барлық мәні күлкіде емес
“Екі” деген егіз сан аман болса
Менің жалғыз қалуым мүмкін емес!
Авторы: Мұхтар Шаханов
4-жаттығу.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1.М.Шаханов кім?_____________________________________
2.Оның қандай өлеңдерін білесің?________________________
3.М.Шаханов қай жерде туылған?_______________________
4. М.Шаханов қашан туылған?__________________________
5-жаттығу.Өлеңнің мағынасын түсіндіріңіз.
Төрт ана
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ - мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ - тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
6-жаттығу Төмендегі мақал -мәтелдердің мағынасын түсіндір.
а)Қорқақтың көзі үлкен, Ақымақтың сөзі үлкен. б)Жау жоқта батыр көп, Дау жоқта ақыл көп. в)Қылышынан қан тамған батырды, Тілінен бал тамған ақын алады.
Тест сұрақтары
1.Үшін, туралы, жайлы шылаулары қай септіктен кейін келетінін көрсетіңіз.
А) Жатыс. В) Барыс. С) Табыс. Д) Ілік. Е) Атау.
2. Септеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Сенің Астанаға барғың келе ме? В) Жазда Астанаға және Алматыға бардық. С) Ол Астанаға барған емес. Д) Асан мен Үсен Астанада болып қайтты. Е) Ол Астанаға дейін пойызбен барады.
3. Сұраулық демеуліктерді көрсетіңіз.
А) Түгіл, емес. В) –Ақ, -ау. С) Қатар, бірге. Д) Кім, не. Е) Ма, ме, ба, бе, па, пе.
4. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз.
Маған өнер адамдары ... кітаптар ұнайды.
А) Сияқты. В) Туралы. С) Үшін. Д) Ғана. Е) Бірге.
5. Сен де бір кірпіш дүниеге.
Сөйлемде «де» не болатынын анықтаңыз.
А) Демеулік шылау. В) Септеулік шылау. С) Үстеу. Д) Жалғаулық шылау. Е) Көмекші есім.
6. Жалғаулық шылауларды көрсетіңіз.
А) Қана, ғана. В) Шейін, дейін. С) Ма, ме, ба, бе. Д) Үшін, бірге. Е) Да, де, та, те.
7. Сұраулық шылауды табыңыз.
А) Сонда. В) Ма, ме. С) Шейін. Д) Гөрі. Е) Әйтпесе.
8. Септеулік шылауды белгілеңіз.
А) Досым туралы жақсы хабар естідім. В) Кеше ғана ол ауылдан келді. С) Өмірден өз орнын тапқан-ды. Д) Қоңырау соғылды, бірақ сабақ басталған жоқ. Е) Ағам және оның қызы алыс жолға аттанды.
9.Септеулік шылауды табыңыз.
А) Қой. В) Мыс. С) Соң. Д) Ба. Е) Ақ.
10. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз. Отан ... от кешкендер.
А) Үшін. В) Бұрын. С) Секілді. Д) Туралы. Е) Ғана.
11. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз.
Я, яки, не, немесе.
А) Талғаулықты В) Қарсылықты С) Іліктес Д) Ынғайластық Е) Себеп-салдар
12. Қарсылық мәндегі жалғаулық шылауды көрсетіңіз.
А) Және, немесе. В) Сондықтан, алайда. С) Бірақ, себебі. Д) Себебі, сондықтан. Е) Бірақ, алайда.
13. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Е, жақсы болыпты. В) Қарағым-ай, бұл өмір осындай болады екен. С) Мына кісі неткен білімді. Д) Пайда ойлама, ар ойла. Е) Даналық халық сөзінде екен.
14. Септеулік шылауы бар сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Жол арқылы В) Астана туралы С) Айтты ма? Д) Қала түгіл Е) Бірде дұрыс
15. Жұмбақ құрамындағы қай сөз шылау екенін көрсетіңіз.
Таңертең бар, кешке жоқ,
Кеш түгілі, түсте жоқ.
Мен әдемі моншақпын,
Ірі емеспін ұсақпын.
А) түгілі. В) емеспін. С) кеш. Д) мен. Е) жоқ.
16. Синоним болып тұрған шылауды табыңыз.
А) Себебі, секілді. В) Сондықтан, сол себепті. С)Және, бірақ. Д) Көрікті, көңілді. Е) Қала,шаһар
17. Септеулік шылауды белгілеңіз.
А) Біз табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек. В) Жаңбыр жауса, жер көгерер. С) Менің әпкем тілмаш болғысы келеді. Д) Сабақтан соң біз театрға бардық. Е) Япырмау, неткен ғажап күй!
18. Сөйлемді септеулік шылаумен толықтырыңыз.
Саяхатқа оқушылармен ... мұғалім шықты.
А) Арқылы. В) Кейін. С) Дейін. Д) Туралы. Е) Бірге.
19.Демеулік шылауды табыңыз.
А) Гөрі. В) Сонда. С) Ма, ме. Д) Әйтпесе. Е) Шейін.
20. Нақтылық мәндегі шылауды көрсетіңіз.
А) Күйтабақта Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлері жағылған. В) Өмірден орын тапқан-ды.
С) Қолына тек добыра берсең болады. Д) Ол бүгін аңшы туралы мәтін оқыды.
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер. Шілдехана.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Сөйлемнің түрлерін, жасалу жолдарын меңгеру;
Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу;
- Қазақ халқының салт-дәстүрі арқылы рухани білімдерін кеңейту;
Дамытушылық:
- Оқушының ой-өрісін қенейте отырып, тілін дамыту;
- сөздік қорын молайту;
- бағалау, ой жинақтау,шығармашылық қабілетін дамыту;
- Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру,теориялық білімін, зейінін дамыту;
Тәрбиелік:
Қазақ халқының салт-дәстүрі арқылы рухани білімдерін кеңейту;
Халқымыздың салт-дәстүрлерін меңгеру арқылы ұлт жандылығын ояту;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау: 25 мин;
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин;
4.Жаңа тақырыпты бекіту: 10 мин;
5.Сабақты қорытындылау: 7 мин;
6.Үй тапсырмасын беру: 4мин;
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Шылаулардың қанша түрі бар?
Шылаулардың әр қайсысына мысалдар келтір.
Мәтіннен шылауларды тауып оларды түріне қарай ажырат.
Мұхтар Шахановтың өмірлік ұстанымымен таныс.
Мұхтар Шахановтың қандай өлеңдерін білесің?
Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өленің жатқа айт.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Хабарлы сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?
Сұраулы сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?
Бұйрықты сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?
Лепті сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?
Шілдехана қай кезде тойланады?
Шілдехана қалай өткізіледі?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің құрылысы, тыныс белгілері, қазақтың ұлттық салт – дәстүрі туралы түсініктерін айту
Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер
Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер
Бір нәрсе жайында хабарлау, суреттеу, баяндау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлем көтеріңкі басталып, соңына қарай бәсеңдейді. Сөйлемнің соңына (.) қойылады.
Сұрап білу, жауап алу мақсатында айтылатын сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлем көтеріңкі басталып, біртіндеп бәсеңдегенімен соңына қарай қайта жоғары леппен айтылады. Сөйлем соңына (?) белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары
1)Сұрау есімдіктері арқылы не, қайта, қашан, қандай, қалай, қай, қанша, қайдан) жасалады.
2) Сұраулық шылаулармен ( ма, ме, па, пе, ба, бе, ша, ше) жасалады.
3)Оқшау сөздер мен көмекші сөздер қатысуымен (сірә, шығар, мүмкін, т.б.) жасалады.
4)Интонациямен
Адамның
көңіл күйіне байланысты түрлі эмоциямен
берілетін сөйлемді лепті сөйлем деп
атаймыз. Лепті сөйлемдердің мағыналары
қуаныш, реніш, қорқыныш, таңданыс,
күйініш, сүйініш, аяныш, ыза, жалыныш,
күмән т.б. сезімдерді білдіреді. Лепті
сөйлемдердің соңынан леп белгісі (!)
қойылады
Шілдехана
Әр шаңырақтың қарапайым, салтанатты түрде атап өтетін мереке, тойлары бар. Олардың кейбіріне көп қонақ шақырылса, кейбіріне ең жақын туған-туыс, көрші-көлем ғана келеді. |
Той –қуаныш-қызықты бірге бөлісу үшін ағайынның басын қосу, туған-туысты ынтымақ-ырысқа шақыру, өзара қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау. Алайда мал-мүлік шашып, атын шығару үшін көл-көсір той жасау-астамшылық, ысырапқорлық. Тек, Аллаһ тағала әр шаңырақты «Баласына бір ескі сенімінде жаңа туған нәрестені жалғыз қалдырса, әртүрлі «жын-шайтан», «перілердің» салқыны соғуы мүмкін.
Сондықтан келіншектер мен боз-балалар айтысып жеңгендері тоғызын алып, әртүрлі ойындар өткізіледі. Кейде шілдехана үш күнге созылады. Шілдеханаға жастар жиналады. Оған үлкендер бата беру үшін ғана келеді. Шілдехана тойында жаңа босанған әйел үшін қалжаға сойылған малдың |
еті ортаға келгенде жөн білетін бір кісі омыртқаны қолға алып, оның етінен әйелдердің бәріне ауыз тигіздіріп, әбден мүжіп, тазартады да, сүйекті тобылғыға тізіп, үй ішінде биік жерге іліп қояды. Мұнысы-баланың мойны тез бекісін деген ырым.
Шаңырақ-потомство
Ынтымақ-единодушие
Дәстүр-традиция
Нәресте-ребенок
Ырым-поверье
Ұлықтау-выказывать уважение
Салтанатты-торжественный
Туыс-родня
Ауыз тигіздіру-отведывать
Ойындар-игры
1-жаттығу. Айтылу мақсатына қарай сөйлемдердің түрлерін анықтап,тыныс белгілерін қойыңыз.
1.Қазақстан- көп ұлтты республика 2.Бұлбұлсыз бау- бақша мен саябақтардың сән бола ма 3.Сендерге кітапты кім берді 4.Ойпырмай, мынау бір керемет қой 5.Көп оқыңдар
2-жаттығу. Берілген сөздерді пайдаланып,хабарлы сөйлем құрастырыңыз.
Дәріхана, кеңес, өсімдік,дәрігер, студенттер, ұстаз, оқушы, мемлекет.
3-жаттығу. Берілген сөздерді пайдаланып,сұраулы сөйлем құрастырыңыз.
Қалай? Қашан? Қайдан? Не? Қанша? Қандай? Неше?
4-жаттығу.Сөйлемнің түрлерін анықтаңыз.
- Тағы отыз жыл күт, келеді Мақсұт,- деп кекетті.
- Күтемін, - дедім. - Жүз жыл күтемін, -дедім.
Сөйттім де, ызаға шыдай алмай, айқай салып далаға атып шықтым.
- Қайдасың, Мақсұт! - деп айқайладым.
Үйге енді кіріп отырғаным да осы еді, сен келіп қалдың, Мақсұт. Ақшай енді не бетін айтар екен, бәлем.
Ол үндемеді. Бәрін үнсіз тыңдап босағада әлі тұр.
Неге үндемейсің, Мақсұт?! - деп, Хадиша сонда шыңғырып жіберді.
5-жаттығу.Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
Әр елдің салты басқа
Елдің бірлігі, ынтымағы нығая берсін
Бұл қандай дәстүр
Гүлдей бер, туған жерім
6-жаттығу.Хабарлы сөйлемді анықтаңыз.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
Қандай тамаша жер
Бұл қандай дәстүр
Елдің бірлігі, ынтымағы нығая берсін
7-жаттығу. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
А) Туысыма келіп кеттім
В) Сен барамысың
С) Сол кездері жоқ болдың
Д) Ол үшін жазалама
Е) Ауа қандай керемет
8-жаттығу.Төмендегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.
Қызғалдақ –табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 35 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады. Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар альпі шоқысының да көркін асыра түседі.
Сабақтың тақырыбы:Жай сөз тіркесі. Тұсаукесер.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу
.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Сөз тіркесінің жасалу жолдарын меңгеру;
Хақымыздың салт-дәстүрлерінің бірі «Тұсаукесерде» қолданылатын ұлтымыздың ескірмес салттарын меңгеру;
Дамытушылық:
- Саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру;
- Қоғамдағы заңдарды білуге, оны құрметтеуге баулу;
- Зат есім туралы білімдерін тереңдету;
- Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік:
Тұсаукесер өлеңін жаттау арқылы мән мағынасы үңілу
Бала сөзін қатыстыра отырып бірнеше мақал-мәтелдер айту және олардың мән мағынасын түсіну
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Сөйлемдер қанша түрге бөлінеді?
Леп белгісі қандай сөйлемнің соңына қойылады?
Хабарлы сөйлемнің соңына не қойылады?
Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
Шілдехана қандай жағдайда жасалады?
Шілдехана туралы білетініңді баянда.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Жай сөз тіркесі дегеніміз не?
Жай сөз тіркесіне бес мысал келтір.
Жай сөз тіркесін қандай жағдайда қолданылады?
Жай сөз тіркесі сөйлем бола алады ма?
Тұсаукесер дегеніміз не?
Тұсаукесер қандай жағдайда тойланады?
Тұсаукесер тойында айтылатын әнді шырқа.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:сөйлемнің түрлерін,тұсау кесер өлеңін жаттау.
Жай сөз тіркесі.
Тұсаукесер
Баланы бесікке салу, тұсауын кесу тойына кімдерді, қанша қонақ шақыру керектігін ата-анасының өздері шешеді. Қазақтар шақырусыз келген қонақтарға кет демейді. Бірақ та шақырусыз келген қонақтарды жақтырмайтын да үй иелері бар. Ыңғайсыз жағдайға қалмау үшін соны да ойлаған жөн. Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өтіп, қаз-қаз жүре бастағанда тұсауын |
кесіп,
тұсау кесер тойы жасалады. Ата-анасы
бұл тойға да мал сояды. Немесе мүшесімен
ет асады. Дәулетті адамдар көкпар да
тартқызып, соңын думанды тойға
ұластырады.Жиналған көпшіліктің арасынан
жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті
адам таңдап алынып, баланың тұсауын
кесуді соған тапсырады. Тұсау кесерде
ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын
(ұрлық, зорлық жасамасын деген ырымнан,
тілектен шыққан. Сол жіппен баланың
аяған тұсап, соны кестіреді. Тұсауы
кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға
алып шығып, тез-тез жүргізеді. Осы кезде
тұсау кесер жыры айтылады.
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асылардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.
Бесік-колыбель
Ыңғайсыз-неудобный
Тұсау-спутывать
Таңдау-выбирать
Ұрлық-кража
Зорлық-насилие
Қадам-шаг
Бәйге-бега
Тұлым-коса
Балтыр-икры
Күрмеу-препятствовать
1-жаттығу.Мәтіннен түсінгеніңді әңгімеле.
2-жаттығу.Тұсаукесер өлеңін жаттап алыңыз.
3-жаттығу.Жай сөз тіркесін қатыстыра отырып бірнеше сөйлем құраңыз.
4- жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Тұсау кесер тойы қай кезде жасалады?_________________________
2.Бұл тойда қандай салт-дәстүрлер қолданылады?_________________
3.Не үшін баланың тұсауы кесіледі?_____________________________
4. «Тұсау кесер»өлеңінің мағынасы қандай?______________________
5-жаттығу. «Бала» сөзінің синонимдік қатарын түзіңіз.
6-жаттығу.Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.
1.Бала әкеден не кете туады, не жете туады, не өте туады.
2.Балалы үй базар,баласыз үй қу мазар.
3.Атадан жақсы ұл туса,қар үстінде от жанар.
4.Атадан жаман ұл туса,ат үстінде ит қабар.
5.Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.
6.Ананың сүті – бал, баланың тілі - бал.
7.Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
7-жаттығу. Бұйрықты сөйлемді табыңыз
А) Несі тамаша? В) Тарыңнан титтей берші. С) Қар жауды. Д) Ойбай-ой, қалай өзгерген?
А) Егіс көлемін ұлғайт В) Тіл қандай? С) Сен енді бала емессің Д) Бұл – тарихи жер
Хабарлы сөйлемді табыңыз.
А)Бір топ елік жайылып жүрді.
В)Халықтан қайырымдылықты, қариядан байымдылықты үйрен
С)Сен барамысың.
Д) Шіркін күн қандай тамаша
8-жаттығу.Сұрау есімдігінен болған сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
А) Сенің атың кім?
В) па, шіркін
С) Айдос келді
Сабақтың тақырыбы:Күрделі сөз тіркесі. Құда түсу.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Күрделі сөз тіркесінің жасалу жолдарын меңгеру;
Құда түсу кезінде қолданылатын қазақтың салт-дәстүрлерін білу;
Дамытушылық:
- Ойлау белсенділігін арттыру;
- Өз білімін саралап, ізденуге машықтандыру;
- Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
- Шапшаңдыққа, ойын жинақтай білуге, нақты жеткізуге дағдыландыру;
Тәрбиелік:
Құда түсу кезінде қолданылатын салт-дәстүрлерді меңгере отырып,инабаттылыққа,ізеттілікке тәрбиелеу;
Елін,жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жай сөз тіркесі дегеніміз не?
Жай сөз тіркесіне бірнеше мысалдар келтір.
Мәтіннің ішінен жай сөз тіркестерін тап.
Тұсау кесер тойы бала қанша жаста болғанда жасалады?
Тұсау кесер тойында баланың тұсауын қандай жіппен кеседі?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Күрделі сөз тіркесі дегеніміз не?
Күрделі сөз тіркесі неден тұрады?
Күрделі сөз тіркесінің қазақ тіліндегі орны қандай?
Күрделі сөз тіркесі сөйлем бола алады ма?
Құда түсу дегеніміз не?
Құда түсу дәстүрі қандай жағдайда орын алады?
Құда түсу кезінде болатын салт- жоралғыларды ата?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:күрделі сөз тіркесінің қолданылуы, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы білу.
Күрделі сөз тіркесі.
Құда
түсу
Құда түсу – ежелден келе жатқан дәстүр. Алайда құда болудың бірнеше жолдары бар. Екі адам достықтары артып, туыс болғысы келсе, балалы болмай жатып, құда болып жатады. Бұндай құдалықтың атын «бел құда» деп атайды. Ежелден келе жатқан құдалықтың тағы бір түрі- «бесік |
құда». Екі нәрестені бесікте жатқан кезінде ақ бір-біріне атастырып қояды. Бесікте жатқан қызға сырға салу дәстүрі қалыптасқан. Қыз бой жеткен кезде ұл жағы атастырылып қойған қызға құда түсіп келеді. Бұл да бір үлкен тойдың бастауы. Қазіргі кезде бұл дәстүр ұмыт болмаған.
Бұндай құдалықтың бірі – қыз бойжеткенде ұл жағы құда түседі. Бұл әрине қыз бен жігіттің келісімімен жасалады. Белгіленген күнге дайындалған құдалар, жігіт әкесі сенімді бір туысын бас құда қылып, немесе өзі бас құда болып құдаларды бастап барады. Құдалар саны мен алып баратын мал-мүліктер саны әр жердің жеріндегі салтына байланысты.
Солтүстік жақта қалың малға көп көңіл бөлмейді, ал оңтүстік жақта қалық мал құда түсудің басты бөлігі деп есептеледі.Сондықтан «Құда түсу» кәдесін жасап, құда түсушілер құр қол бармайды. Әр жердің салты әр түрлі. Бір жерлерде оны «Сырға салу» деп атайды. Кәделерін жасап, құда түсуші жақ « қалың малға» қосатын бұйымдарын сайлай бастайды. Қалың малға: мал, ақша, киіт, зергерлік бұйымдар, дастарханға қойылатын дәмді шайлық тәттілер кіреді. Киіттерін тоғыз қылып жасайды. Шамасы келіп жатқандар киіттерін тоғыздан тоғыз қылып немесе тоғыз атауларын бөлек тоғыз қылып жасайды. Оның басына құда мен құдағиға сыйланатын бағалы киімдер қойылады.
Қалың малдан басқа «өлі тірісі» кәдесіне қосылатын жоралары бар. «Сүт ақы», күйеу апаратын «Ілу» дегені болады. «Ілу» қалыңдықтың әжесіне немесе шешесіне берілетін сыйлық.
Қыз жағы да осы үлкен тойға дайындалып, құдаларын күтеді. Құдаларды күткенде, мағынасымен орындалатын салт-дәстүр тойға көрік беріп, гүлдендіре түседі.
Құда түсу-свататься
Келісім-договоренность
Белгілеу-метить
Зергер-ювелир
Кәде-обычай
Құдалық-сватовство
Ілу-вешать,повесить
Сүт ақы-получаемые матерью невесты от сватов
Дайындау-приготовить
Шеше-мать
1-жаттығу. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
2-жаттығу. Мәтіннен күрделі сөз тіркестерін табыңыз.
3-жаттығу. Мына мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағынасын түсінуге тырысыңыз.
Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.
Өтірікші айғақ қойып, сөйлейді.
Сабыр түбі сары алтын.
Таңғы асты тастама,кешкі асқа қарама.
Ауру астан, дау қарындастан.
Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.
Жамандардың жақсысы болғанша, жақсылардың жаманы болған жақсы.
Жылқының аласы сыртында, адамның аласы ішінде.
4-жаттығу.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Бел құда деп қандай құдаларды атаймыз?
2.Бесік құда қандай құдалар?
3.Құда түсу кезінде қолданылатын салт-дәстүрлерді атаңыз?
4. «Дәстүрдің озығы бар,тозығы бар»дегенді қалай түсінесіз?
5-жаттығу. Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлем
А) Жай сөйлем
В) Сұраулы сөйлем
С) Лепті сөйлем
Д) Бұйрықты сөйлем
Е)Хабарлы сөйлем
6-жаттығу.Хабарлы сөйлемді табыңыз.
А)Тіліңізді тартыңыз.
В) Маған айтпа
С) Сен қашан келесің?
Д) Сағат шырылдады.
Е) Шіркін, дәурен
7-жаттығу. Мәнерлеп оқығаннан кейін сұраулы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің тиісті тыныс белгісін қойып көшіріңіз.
1. - Ал мына бір сурет нені бейнелейді...- деп сұрадым, -Колхозымыздың жайлауы ғой. 2. Коллектив қуанышының дәмін қаршадайынан татқан жас ұланның тәтті қылығы, тамашасын-ай сен. 3. Жеңінің ұшын қалай дейсіз, осылай бүріп келтірген қонымды ма. Өңіріне, етегіне беліне дейін аударыңызшы. Келісе ме Белбеуі тым жалпақтау емес пе?
4. - Сіздер алмайтын болдыңыздар ма олай болса, маған рұқсат етіңіздер - деді бір жас әйел.
- Маған чек жазып беріңізші - деді әйел үстінен пальтоны шешпестен дүкеншіге барып.
Дәл осы минутта ол не ойлады, нендей қиялға шомды. Оншасын мен біле алмадым. Мүмкін, ол әр семьяның қалауы, бұлбұлы болғысы келді ме екен. Әлде тіпті ән емес, өз бойында бар өнерден әдемілік іздеп, соның ләззатын татсам-ау деген сезімнің шырынын жұтып отырмағанын да кім білсін.
8-жаттығу.Суреттердегі киімдерді сипаттаңыз.
Сабақтың тақырыбы: Етістікті сөз тіркесі. Қыз ұзату.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Етістікті сөз тіркесінің жасалу жолдарын меңгеру;
Қыз ұзату кезінде қолданылатын қазақтың салт-дәстүрлерін білу;
Дамытушылық:
Тілдік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу;
Ойындар арқылы ойлау қабілетін арттыру;
Тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру;
Оқушылардың логикалық ойын дамыту;
Тәрбиелік:
Қазақ қыздарының өткенін, бүгінін айту арқылы ізеттілікке тәрбиелеу;
Қыз балаға қатысты мақал-мәтелдер арқылы адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Күрделі сөз тіркесі дегеніміз не?
Күрделі сөз тіркесіне бес мысал келтір.
Күрделі сөз тіркесін қолдана отырып «Құда түсу» тақырыбына ой толғау жаз.
Құда түсу салтының орындалу жүйесін баянда.
Сырға салу дегеніміз не?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Етістікті сөз тіркесі дегеніміз не?
Етістікті сөз тіркесіне мысалдар келтір?
Етістікті сөз тіркесін өмірде қандай жағдайларда қолданамыз?
Қыз ұзату дегеніміз не?
Қыз ұзату кезінде қандай салт жоралғылар сақталады.
Қыз ұзату тойында қандай дәстүрлі әндер айтылады.
Сынсын деген не?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Басыңқы сыңар етістіктен болатын сөз тіркестерін қайталау, қыз ұзату туралы айту.
Етістікті сөз тіркесі.
Қыз ұзату
Қазақтың ең бір кәделі тойларының бірі – қыз ұзату. Қыз ұзатудың сыры мен жыры бітпейді. Болғанынан боладысы қызық тойдың, талай күйеу жігіттің сабырын қашырып, талай қалыңдықты сабылтып қойғаны жайлы революциядан бұрынғы өмірді суреттейтін әдеби шығармалардың барлығынан оқып білген едік. Өз көзімізбен көрмесек те, |
қалындық ойнату, ұрын бару, қол ұстатар, жамбас сипатар сияқты кәделердің біразынан хабардар болатынбыз. Біраз, уақыт үзілістен кейін – қыз ұзату біздің арамызға қайта орала бастады. Қазір ең бастысы қызын жақсы жолға, кәделі сапарға шығарып салу үшін қыздың әке шешесі үйлену тойынан кемдігі жоқ той жасайтын болды. Әрине бұл жағдайдың еш секеттігі жоқ қой ,егер қыз ұзату тойы халқымыздың салт - дәстүріне сай өткізіліп жатса. Ұзатылар қыздың туыстарымен қоштасарда айтылар әні «сыңсу» деп аталады. Сыңсу ұзатылып бара жатқан қыздың әнмен өрнектелген мұңы. Өзiн аялап баққан ата-анасын қимау, туған-туыстарын қимау, қыз күнiмен қоштасу секiлдi мұңлық сөздерден құралады. Десе де, басына үлкен ақ шәлi жауып шығып, жылағанын көрсетпеуге тырысады.
Есiктiң алды ошаған,
Жылқы iшiнде қашаған,
Жыл айналып келгенше,
Қош - есен бол, босағам!
Деп ұзатылған қыздың алдынан жаңа өмiр күтiп тұр. Қызын ұзатудың өзiне осынша құрметпен қараған қазақтың даналығына, әйел затына деген iлтипатына мұнан кейiн бас имей көрiңiз!..
Сыңсу-причитать
Қоштасу-прощаться
Мұңлы-грустный
Аялау-ласкать
Жағдай-положение
Ілтипат-благосклонность
Дана-мудрец,гений
Имеу-несгибать
Ұзату-провожать
Босаға-порог
1-жаттығу. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
2-жаттығу.Мәтіннен етістікті сөз тіркесін табыңыз.
3-жаттығу.Мына мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағынасын түсінуге тырысыңыз.
Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.
Қыз қылығымен көрікті.
Жақсының жақсылығын айт- нұры тасысын,
Жаманның жамандығын айт-құты қашсын.
Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,
Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.
4-жаттығу.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
К
ім?
Кімнің?
Кімге?
К
імді?
Кімді?
Кім
Кімде?
Кімнен?
Кіммен?
5-жаттығу. Бұйрықты сөйлемді табыңыз
А) Несі тамаша? В) Тарыңнан титтей берші. С) Қар жауды. Д) Ойбай-ой, қалай өзгерген?
А) Егіс көлемін ұлғайт В) Тіл қандай? С) Сен енді бала емессің Д) Бұл – тарихи жер
6-жаттығу. Хабарлы сөйлемді табыңыз.
А)Бір топ елік жайылып жүрді.
В)Халықтан қайырымдылықты, қариядан байымдылықты үйрен
С)Сен барамысың.
Шіркін күн қандай тамаша
7-жаттығу.Сұрау есімдігінен болған сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
А) Сенің атың кім?
В) па, шіркін
С) Айдос келді
Сабақтың тақырыбы: Еркін сөз тіркесі. Тұрақты сөз тіркесі. Келін түсіру.Сабақтың түрі: теориялық, аралас, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесінің айырмашылықтарын;
Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесінің қолданылуын,
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау;
Дамытушылық:
Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету;
Өз ойын еркін жеткізуге баулу;
Жылдам жауап беруге жаттықтыру;
Қазақ тілінің ұлт тілі екенін таныту;
Тәрбиелік:
-Ұлттық салт-дәстүрді білу;
-Ізгілікке,елін қадірлеуге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Етістікті сөз тіркесі дегеніміз не?
Етістікті сөз тіркесіне бес мысал келтір.
Етістікті сөз тіркесін өмірде қандай жағдайда қолдана аламыз?
Етістікті сөз тіркесін қолдана отырып диолог құра.
Қыз ұзату кезінде қандай іс- шаралар жасалуға міндетті?
Қыз ұзату кезінде жеңгелердің атқаратын міндеті.
Қыз баласына байланысты мақалдарды мысалға келтір.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Еркін сөз тіркесі дегеніміз не?
Тұрақты сөз тіркесі дегеніміз не?
Еркін сөз тіркесіне бес мысал келтір.
Тұрақты сөз тіркесіне бес мысал келтір.
Тұрақты сөз тіркесі қай кезде қолданылады?
Тұрақты сөз тіркесінің түп мағынасын аш.
Келін түсіру дегеніміз не?
Келін түсіргенде қандай салттар жасалады?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесінің қолданылуын, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын туралы түсініктерін айту.
Еркін сөз тіркесі.
Келін түсіру
Біздің халқымыз үшін де дүниедегі қызық пен қуыныштың ең бастысы осы келін түсіру. Бұған бүкіл ауыл болып атсалысады, бірге қуанады, бірге тойлайды, намысы бір қазақта « тойдың болғанынан боладысы қызық» деген бар. Ал келін түсірудің өзі де, «боладысы да» қызық. |
Қазақ салты бойынша ауылға келін кіре бере, жасаулы көштің алдынан әйелдер шығып, шашу шашқан. Көш бастап келген әйелді мұрындық ана деп атап, оған арнайы сый берілген. Ауыл адамдары жүкті дереу түсіріп, отауды тігуге кіреседі. Шаңырақты көтеру балалы-шағалы,үрім -бұтақты өскен, елге беделді, салиқалы адамға жүктелген. Бұл жерде жаңа түскен келінге осы ананың жолын берсін деген ырым. Отау ішінің жиһаздары жиналған.
Қалыңдықты ауыл келіншектері мен жастары күтіп алып, шашу шашып, құрылған шымылдықтың ішіне келген келінді кіргізеді. Шымылдықты құрғаны үшін сый алады. Абысындары басына орамал тағып, тағы басқасы отқа май құйғызады. Сол қызметтері үшін енелері сый тартады. Орамал салғаны енді келін болды дегенді білдіреді. Жас келінді көргісі келгендер үлкен келіндеріне немесе жеңгелері мен апаларының біріне көрімдіктерін береді.Келіннің бөлмесіне апарып, келінмен таныстырады. Танысқан адам келінге шашу шашып, «қадамың құтты болсын!» деп тілегін айтады.
Беташар болмайынша, келін шымылдықтан шықпай, іске араласпай отырады. Келінді көруге келгендерге ізеттілік білдіріп, орнынан түрегеледі. Оңтүстік облыстарында осы дәстүрлердің барлығын орындауға тырысады, ал басқа жақтарда беташар жасап, келіннің басына орамал салу дәстүрлері орындалғанымен , шымылдыққа отырғызу салты орындалмайды.
Сөздік
Беташар-вступление
Келін-невестка
Шымылдық-занавес
Отау-выделившаяся молодая семья
Жиһаз-мебель
Мұрындық-чекушка
Шашу-разбрасывать
Ізет-уважение
Қызметтер-службы
От-огонь
1-жаттығу. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
2-жаттығу. Мәтіннен тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
3-жаттығу.Мына тұрақты сөз тіркесін көшіріп жазып, мағынасын түсінуге тырысыңыз.
Үріп ауызға салғандай, тайға таңба басқандай,қас пен көздің арасында,кірпік қаққанша
4-жаттығу.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сіз Қазақстанның қай қаласын ұнатасыз?__________________________________
2.Сіздің досыңыз қай қалада тұрады?____________________________
3.Сіздің досыңыз қандай жан ? ____________________________
4.Сіз қай қалада тұрғанды
ұнатасыз?______________________________________
5.Сіз кіммен, қайда тұрасыз?______________________________
6.Сіз кешке қайда барасыз?________________________________
5-жаттығу.Сұрақтарға жауап бере отырып,сөйлем құраңыз.
А
намды
әкемді досымды
құрбымды серігімді
ағамды інімді
ж
еңгемді
нағашымды әпкемді қарындасымды
6-жаттығу
Берілген мәтінді пайдалана отырып төмендегі сұрақтарға дәріханашы атынан тиісті жауаптарды дайындаңыз.
Баланың іші қатқанда не іші өткенде беретін қандай дәрілік препараттар бар?
–…
– Үйде қандай дәрілер бар? Маған дәрілік шөптерден не ұсынасыз?
–…
Гүлдің аталығы деген не?
–…
Оны қалай қолдануға болады?
–…
Оны қалай ішу (пайдалану) керек?
–…
Тағы қандай сырқаттарға қолдануға болады?
–…
7-жаттығу
Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз.
Айнұр мен Асан бүгін таңертең Алматыға келді. Сонша алтынды қайдан алады? Естілер ертеңгіні ескере, көре сөйлейді.
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері.Адам және табиғат егіз
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Жай сөйлемнің түрлері,
- Табиғаттың тылсым құпиялары туралы;
- Жақты және жақсыз сөйлемдер;
- Жалаң және жайылма сөйлемдер;
- Толымды және толымсыз сөйлемдер;
Дамытушылық:
- Өз беттерімен әрекеттену дағдысын қалыптастыру;
- Тіл байлығын, сөздік қорларын молайту;
- Ауызекі сөйлеу, оқу дағдыларын қалыптастыру;
- Ауызша және жазбаша тілдерін, көру және есту қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
-Ұлттық салт-дәстүрді білу;
-Ізгілікке,елін қадірлеуге тәрбиелеу;
-Білімгерлерді өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Еркін сөз тіркесі дегеніміз не?
Тұрақты сөз тіркесі дегеніміз не?
Тұрақты сөз тіркесіне бес мысал келтір және олардың мағыналарын аш.
Өмірде тұрақты сөз тіркесін қолданады ма?
«Қой аузынан шөп алмас», «Тайға таңба басқандай» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын аш.
Келін түсірудің барлық салт жоралғысын айт.
Келін отбасы мүшелеріне қандай атаулармен сөйлесуі керек? Кең таралғандарын ата.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Жай сөйлем дегеніміз не?
Жай сөйлемдердің түрлері қандай?
Жай сөйлемдерге бес мысал келтір.
«Адам мен табиғат егіз» дегенді қалай түсінесің.
«Адам мен табиғат егіз» тақырыбына ой толғау жаз.
Табиғатымызды қорғау үшін адамдар қандай шаралар қолданылады?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Жай сөйлемнің түрлері,табиғат туралы түсінгендерін айту.
Жай сөйлем.
Адам және табиғат егіз
а). Табиғат адам үшін жаралыпты,
Бар қызық табиғаттан таралыпты.
ә).Адам мен табиғат егіз.
б).Табиғат — асыраушың, қамқоршың
Ата-бабамыз “Жер — қазына, су — алтын, мал — байлық” деп тегін айытпаған. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерте кездерден-ақ басталады. Көп салалы ұлттық дәстүріміз соның дәлелі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген. Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және |
кезек күттірмейтін мәселелердің бірі — табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану керек.
Сөздік
Су-вода
Байлық-богатство
Салалы-имеющие отрасли
Табиғи-природный
Баулып-приучать
Көкей-память,внутренний мир
Адамзат-человечество
Күттірмейтін-настоятельный
Мәселе-задача6проблема
Дәлел-доказательство
1-жаттығу.Табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді білдіретін мақал-мәтелдер өте көп.
Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, жаттап алыңыздар
«Ер- елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі»,
«Бір тал кессең, он тал ек»
«Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,
«Қорада малың болсын, көшеде талың болсын»
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»
«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
«Жылап жүріп арық қазсаң,
Күліп жүріп су ішерсің»
2-жаттығу. Төмендегі нақыл сөздердің мән-мағынасын ашыңыз.
«Туған жерге туыңды тік»,
«Мың шыбық шаншып өсірсең-
Халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның-
Өзіңе қорған салғаның»,
«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!»,
***
«Табиғатты бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.».
3-жаттығу. «Қандай?» деген сұраққа жауап беріңіз.
Табиғат
4-жаттығу Төмендегі мақал -мәтелдердің мағынасын түсіндір.
а)Қорқақтың көзі үлкен, Ақымақтың сөзі үлкен. б)Жау жоқта батыр көп, Дау жоқта ақыл көп. в)Қылышынан қан тамған батырды, Тілінен бал тамған ақын алады.
5-жаттығу.Төмендегі сөзді септеңіз.Әр септіктегі сөзге сөйлемдер құрастырыңыз.
Туған жер
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем. Адам денсаулығына экологияның әсері.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Жалаң және жайылма сөйлемдердің айырмашылығын, жасалу жолдарын;
Жалаң және жайылма сөйлемдердің құрылысын;
Экологияның адам денсаулығына әсерін, зияны туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау;
Дамытушылық:
- Өз беттерімен әрекеттену дағдысын қалыптастыру;
- Тіл байлығын, сөздік қорларын молайту;
- Ауызекі сөйлеу, оқу дағдыларын қалыптастыру;
- Ауызша және жазбаша тілдерін, көру және есту қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:
Берілген мәтіндер бойынша оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;
Лексикалық тақырыпқа байланысты тазалыққа,қоршаған ортаны ластамауға шақыру;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жай сөйлем дегеніміз не?
Жай сөйлем неден тұрады?
Жай сөйлемге бес мысал келтір.
Жай сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Табиғат жайлы қандай қанатты сөйлем білесің?
Табиғаттың қазіргі жағдайына қалай қарайсың?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Жалаң сөйлем дегеніміз не?
Жалаң сөйлем неден тұрады?
Жайылма сөйлем дегеніміз не?
Жайылма сөйлем дегеніміз не?
Жалаң және жайылма сөйлемге бес мысал келтір.
Адам ағзасына экологияның қандай пайдасы мен зияны бар?
Қазіргі экологияны таза деп айта аламыз ба?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Жалаң және жайылма сөйлемдердің құрылысы экологияның адам денсаулығына әсерін, зияны туралы түсініктерін айту.
Жалаң және жайылма сөйлемдер.
Адам
денсаулығына экологияның әсері
... Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемаларлың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр.
Ш.Айтматов.
Елбасымыздың "Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында "Біздің табиғат ресурстарымыз орасан зор байлық, әлемдік тәжірибеде табиғи байлығы бар елдер оны дұрыс игере білмегендіктен кедей елдер қатарынан шыға алмай қалғаны” туралы айтылған болатын. Олай болса қазақ жерінің байлығын бағалайтын, туған жердің табиғатын сүйіп алмайтын жас ұрпақтың білімі мен тәжірбиесі көбірек көңіл бөлу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.
Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізгі мақсаты – колледж студенттерінің айналадағы ортаның жайы – күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыру, жаратылыстану туралы, ғылыми білім, шеберлік, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру. Сапалы маман, жақсы азамат тәрбиелеу уақыт талабы. "Қыран түлегіне қайрылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастырар талап сыйлайды” деп атамыз қазақ айтқандай, еселі еңбегіміз туған жердің табиғатын қорғауға арналады.
Адам баласының қалыпты өмір сүруі үшін оған қажетті қоршаған орта жағдайлары және табиғат байлықтары болуы қажет.
Адамзат қоршаған орта мен табиғат байлықтарын өз қажетіне пайдалана алатын саналы тіршілік иесі. Адам тек табиғатты пайдаланып қана қоймай, табиғатты өзгерте де алады.
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасы ерекше маңызға ие. Пайдалы қазба байлықтарының шектен тыс көп пайдалануы, жер бетінен көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоқ болып кетуі және сонымен қатар табиғи ортаның ластануынан адамдардың денсаулығы да бұзыла бастады. Қоршаған ортаның шектен тыс ластануынан бұрын белгісіз аурулар пайда болуда. Мысалы,адам қоршаған ортаның сынаппен ластануынан – минамата, ал калий элементі арқылы ластануынан итай – итай ауруларына шалдығуда. Тіпті сыртқы ортаның шектен тыс ластануы адамның генетикалық ақпараттарын өзгертіп жіберетіндігіне түрлі кейіптегі сәбилердің дүниеге келуі мысал бола алады.
Табиғат, Жер – Ана , туған жер, атамекен құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезімін ұялататын қасиетті сөздер. Адамның өзі сол табиғат пен Жер – Ананың перзенті.Өзіміздің қоршаған тіршілік ортасын – биосфераны келешек ұрпаққа бүлдірмей ластамай, көркейтіп, көріктендіріп жеткізу бүгінгі жас ұрпақтың басты парызы болып табылады. Сондықтан, студенттерге қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен оны қорғау жолдары туралы мағлұмат беріп, экологиялық, эстетикалық тәрбие беру және оларды туған өлке табиғатын сүюге, қорғауға, қамқорлық жасауға баулуымыз керек.
Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады.Сол себепті туған жеріміздің тамылжыған тамаша табиғатын сүю, оны қастерлеп, қадірлеу әрбір адамның азаматтық парызы.
Сөздік
Болашақ-будущее
Бағдарлама-программа
Мағлұмат-сведение
Жанашыр-проявляющий заботу
Сезім-чувство
Парыз-долг
Өлке-край
Тамылжыған-заливистый
Қадір-уважение,почет
Себеп-причина,повод,мотив
Қоғам-общество
1-жаттығу. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
2-жаттығу.Мәтіннен жалаң және жайылма сөйлемдерге мысалдар келтіріңіз.
3-жаттығу. «Экология»деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?Экологиясы жөнінен жағдайы нашар қандай аймақтарды білесіңдер, олармен қалай күресуге болады?
4-жаттығу.Төмендегі сөзді септеңіз.Әр септіктегі сөзге сөйлемдер құрастырыңыз.
Экология
5-жаттығу.Сурет бойынша әңгімелер құрастырыңыз.
6- жаттығу.Сурет бойынша әңгімелер құрастырыңыз
7-жаттығу.Суреттерді салыстырыңыз.
Сабақтың тақырыбы:Толымды және толымсыз сөйлем. Қазақстанның табиғи саябақтары.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Толымды және толымсыз сөйлемдердің сөйлемдегі құрылысын, қызметін;
- Толымды және толымсыз сөйлемдердің айырмашылықтарын, жасалу жодарын;
- Қазақстанның табиғи саябақтарын және оларды мекендейтін жануарлар түрлерін;
Дамытушылық:
- Мәтінмен жұмыс істей отыра, оқушының ойлау қабілетін шапшаңдығын, тез шешім табуын ұштау;
- Оқушылардың сөздік қорын молайту;
- Ой- қиалына ерік бере отырып, өзінше ойын түйіндеуге бағыттау ;
- Оқу материялынан ең бастысы табу, талдау, салыстыру, ойлау қабілеттерін дамыту;
- Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік:
Лексикалық мәтін бойынша көгалдандыру жұмысына белсенділіктерін арттыру;
Бөлмеде, аулада түрлі гүлдер өсіруге шақыру;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жайылма сөйлем дегеніміз не?
Жалаң және жайылма сөйлемге бес мысал келтір.
Адам ағзасына экологияның қандай пайдасы мен зияны бар?
Қазіргі экологияны таза деп айта аламыз ба?
Жалаң сөйлем неден тұрады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Толымды сөйлем дегеніміз не?
Толымды сөйлемге бес мысал келтір.
Толымсыз сөйлем дегеніміз не?
Толымсыз сөйлемге бес мысал келтір.
Саябақ дегеніміз не?
Саябақтардың саны көп болғаны пайдалы деп ойлайсыңба?
Қандай саябақтарды білесің.
Саябақтар қаншаға бөлінеді?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Толымды және толымсыз сөйлем. Қазақстанның табиғи саябақтары.
Толымды және толымсыз сөйлем.
Қазақстанның табиғи саябақтары
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар,ұлттық саябақтар және табиғат ескерткіштері деп бөледі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2000-нан артық ірі қорық бар екен. Оның ішінде ең үлкені Гренландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7млн гектар. Біздің республикамызда барлық көлемі784,1 мың гектар жерді алып жатқан 7 қорық бар. 50-дей аңшылық қорықша 42 зоологиялық, 24 батаникалық бақтар мен қорықшалар табиғат ескерткіштері бар.
Қорық ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы: Барсакелмес қорығы құланды, Қорғалжын қорығы қоқиқазды,Үстірт қорығы дала қойын, Алматы қорығы Тянь-шянь шыршаларын қорғап, көбейту мақсатында құрылған.
Көптеген ғалымдарының еңбектерінде VI – VII ғасырларда қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады. Мысалы В.В. Бартольд еңбектерінде «Жер жанаты – Жетісу» аталған мекенде өмір сүрген үйсін тайпалары шұрайлы, көк шалғынды, бау-бақшалы салқын жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз мал жаймағандығын, мезгілсіз аң ауламағанын жазған.Бұдан біз бабаларымыз ерте кезден-ақ келешек ұрпақ үшін табиғатты сақтай білгенін білеміз.
Сөздік
Қорық-заповедник
Шалғын-осока
Шырша-ель
Ерекше-особый
Ретсіз-внеочередной
Саябақ-парк
Жануар-животное
Өсімдік-растение
Жер-земля
Жаннат-рай
1-жаттығу. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
2-жаттығу. Мәтіннен толымды және толымсыз сөйлемдерге мысалдар келтіріңіз.
3-жаттығу. Сөз тіркесінің екінші сыңарын табыңдар.
Қалпына желісі
қазақтың шақырым
шаршы аурулар
халықтың бойынша
жұқпалы метр
текше мұңы
су отыр
қаржыландырып денсаулығы
әлем кетіру
4-жаттығу.Сурет бойынша әңгімелер құрастырыңыз
5- жаттығу.Көшіріп жазып, көмекші сөздердің астын сызыңдар, олардың неліктен көмекші сөз делінетінін айтыңдар.
1.Мен Қаныш ағамен сирек болса да, кездесіп тұрдым.Кейде далаға тігілген шатырларда қона жатып сөйлесіп жүрдім. Мол кеуделі, биік еңселі, бойшаң адамның ашық жүзіндегі мейрімділік пен ойлылық бір түрлі әсем еді. Асықпай сөйлейтін, шаншусыз, қаңқусыз сөздерді қолдануға тырысады.
2.Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім.
Білімдіні сүйерін білем елдің.
6-жаттығу Төмендегі сөздерден сөйлемдер құраңыз. Олардың қайсысы сөйлем мүшесі, қайсысы сөйлем мүшесі болмай тұр, себебін анықтаңыз.
Әрине, сонымен, дейін, қалқам, және, алақай, рас, қажет, Сәкен, келді, жоқ, жүр.
7-жаттығу Сөйлем мүшелерін қызметіне, құрылысына қарай (дара, күрделі) талдаңыз.
Жиырма үшінші жылы күзге қарай Сәбит мені Орынборға әкелді Бұл кезде шаруасы орташаға қарай ойысып қалған әкеміз менің оқуға кетуіме едәір-ақ қарсылық етіп еді, Сәбит көп күш салды. Қазақстан мәселелері түгел алақанында сияқты. Наркомдармен тең отырып сөйлеседі (Ғ.Мүсірепов). Қыста Преснов қаласында «Опанас» дейтін базар ашылды (С.Мұқанов). Мен әжемнің кенжесімін. Алдымен кезек Түйебайға келеді (Б.Майлин). Дәмежан үндеген жоқ, күлді де қойды (Қ. Жұмаділов). Биылғы жайлау жылдағы жайлау емес. Жаздың өзі күздей жабырқау, жүдеу болды (М.Әуезов).
Сабақтың тақырыбы: Жақты және жақсыз сөйлем. Әлемдік экологиялық мәселелер.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Жақты және жақсыз сөйлемдердің айырмашылықтарын;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Әлемдік экологиялық мәселелерді талқылау
Дамытушылық:
-Оқушылардың сурет бойынша сөйлеп үйренуін,
- логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,
- сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік:
Патриоттыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу;
Бірлікке ынтымаққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Толымды сөйлем дегеніміз не?
Толымсыз сөйлемдерге мысалдар келтіріңіз.
Қазақстанда қанша табиғи саябақтар бар?
Олардың қызметі қандай?
Ақсу Жабағылы қорығының мақсаты не?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Жақты сөйлем дегеніміз не?
Жақты сөйлемге бес мысал келтір.
Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
Жақсыз сөйлемге бес мысал келтіріңдер.
Экологиялық апаттардың қандай түрлерін білесіңдер?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Жақты және жақсыз сөйлемдердің айырмашылықтарын, жасалужолдары туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау; әлемдік экологиялық мәселелерді талқылау;
Жақсыз сөйлем.
Әлемдік экологиялық мәселелер.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Риклерс: «Табиғатқа келтірілген нұқсанды түзетудің ешқандай көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы автомашиналардан шығатын түтін қала іргесінің шексіз кеңеюі сияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс.»-деген.
Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жер бетіне тарап жатады. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады.
Ядролық жарылыстың зәрлі сәулелері бірде – бір сауатты және саналы адамды тыныш қалдыруы мүмкін емес.
Адамға табиғат берген байлықтың бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.
Сөздік
Ауа-воздух
Көлеңке-тень
Кінә-вина
Нұқсан-вред
Кеңею-расширяться
Құралу-создаваться
Улы-ядовитый
Мүмкін емес-невозможна
1-жаттығу. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
2-жаттығу. Мәтіннен толымды және толымсыз сөйлемдерге мысалдар келтіріңіз
3-жаттығу..Сұхбатта келтірілген төмендегі тұжырымдарды кеңейтіп айтыңдар.
1.Табиғатқа билік жүргіземіз деп,өзімізге зиян келтірдік.
2. Зардабын ұрпақ көреді.
3. Өлсем топырағымда өлейін.
4-жаттығу. Мәтінді оқып,негізгі ойды анықтайтын сөздерді теріп жазыңдар.
5-жаттығу.Суреттер бойынша әңгімелер құрастырыңыз
6-жаттығу.
Төмендегі мақал -мәтелдердің мағынасын түсіндір.
а) Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.
б) Өз елім, өлең төсегім. в) Мал қонысын іздейді, Ер жігіт туысын іздейді. г)Ел-елдің барі жақсы, Өз елің бәрінен жақсы.
7-жаттығу.
Төмендегі мақалдардың мағынасын түсіндір. Фонетикалық талдау жаса.
а)Іргесі берік елді Жау ала алмас, Ауызы бір елді Дау ала алмас. б)Сұңқар киясын сағынады, Торғай ұясын сағынады.
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнен өткенді қайталау. Арал тағдыры – адам тағдыры.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Жай сөйлемді,оның түрлерін қайталау;
-Бүгінгі экологиялық өзекті мәселелердің бірі – Аралтағдырытуралы түсініктерін одан әрі тиянақтау;
-Экология салдарынан болатын ауру түрлеріне тоқталу;
Дамытушылық:
- Ұлттық мәдениетін қалыптастыру;
- Оқушы бойында әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастыру;
- Ойын нақты дұрыс жеткізуге,тапқыр сөйлеуге үйрету;
- Көркем шығарманы оқуға қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік:
Қоршаған ортаны ластамауға, тазалыққа шақыру;
Білімгерлерді өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
Жақсыз сөйлемге бірнеше мысалдар келтіріңіз.
Жақты сөйлем дегеніміз не?
Жақты сөйлемге бірнеше мысалдар келтіріңіз.
Экологияның медицинамен байланысына тоқталыңыз.
Әлемдік экологиялық мәселелерге тоқталыңыз.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Жай сөйлемдердің қанша түрі бар?
Жақты сөйлемге мысал келтір?
Жалаң сөйлемге мысал келтір.
Жайылма сөйлемге мысал келтір.
Жақсыз сөйлемге мысал келтір.
Арал теңізінің тарихымен таныс.
Арал теңізінің жағдайы туралы баянда.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Жай сөйлемді, оның түрлерін қайталау, бүгінгі экологиялық өзекті мәселелердің бірі – Аралтағдырытуралы түсініктерін
Жай сөйлемнен өткенді қайталау
Жай сөйлем құрылысы жағынан аса күрделі болғанымен, көлемі, құрамы әр кез бір келкі бола бермейді. Жай сөйлемдерде ойды беру мақсатына қарай, сөйлем мүшелерінің барлығы да қатысуы мүмкін немесе керісінше. Осындай ерекшеліктеріне қарай оларды төмендегідей топтарға бөлеміз:
жақты және жақсыз сөйлемдер;
жалаң және жайылма сөйлемдер;
толымды және толымсыз сөйлемдер;
Атаулы сөйлем.
Арал тағдыры - адам тағдыры
Аралдың мұңы – қазақтың мұңына айналғалы қашан?! 1995 жылдарға таман Арал теңізі су көлемінің төрттен үш бөлігінен айрылды. Теңіз беті екі еседен астам кішірейтіп кетті, теңіз деңгейі 19 метрге төмендеді. 30 жыл ішінде Аралдың радиусы 150 шақырымға дейін кейін шегінді, нәтижесінде теңіз айналасындағы 30000 шаршы шақырым жер қылтанақсыз шөл далаға айналды. Осының салдарынан халықтың денсаулығы күрт төмендеді, тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің түрлі кеселдері пайда болып, жұқпалы аурулар күш алды. Бауыр аурулары мен тырысқақ – бұрын – соңды болмаған дәрежеде таралды. Аналардың 80%-ы қаны аздық ауруына шалдыққан. «Қазіргі кезде Арал теңізі мен оған жақын аудандарды қалпына келтіру мүмкін емес». – дейді мамандар, бірақ кіші Арал деп аталатын су бассейнін сумен толтыруға болады екен. Бүгінгі таңда кіші Аралда 12 текше шақырым су бар, енді екі жыл ішінде бұл көлемді 27 текше шақырымға дейін ұлғайтудың жоспары жасалған. Ауылшаруашылық ресурстары комитетінің мәлімдеуінше, Арал теңізіне құятын Сырдария өзенінің төменгі сағасында су желілерін қалпына келтіру жобасы жүзеге асуда.
Биыл жазда Әйтек су желісін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, одан әрі Қазалы және Қызылорда су желілерін жетілдіру жұмыстары басталды. Осы желілер іске қосылғаннан кейін Сырдария бойымен теңіздің солтүстік бөлігіне жыл сайын ең аз дегенде 5 текше шақырым су келіп құйылатын болады. Енді екі-үш жылда Кіші Аралдағы судың деңгейі Аралда кеме шаруашылығын қалпына келтіруге болатындай су жиналмақшы екен. Кіші Аралда су толтыру бағдарламасын Дүниежүзілік Банк, Азия Даму Банкі, БҰҰ даму бағдарламасы, ТАСИС ұйымы, ЮНЕСКО және әртүрлі елдердің үкіметтері қаржыландырып отыр. Ал кезінде Арал теңізі ішкі су қорының көлемі жөнінен әлем бойынша төртінші орында болатын.
Сөздік
Теңіз-море
Дүниежүзілік-всемирный
Желі-мотив,линия
Әлем-мир
Көлем-объем
Қаржыландырып-выделять средства
Ұлғайту-увеличивать,расширять
Көбею-умножаться
Тоған-котлован
Тартылу-засыхать,высыхать
1-жаттығу. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
2-жаттығу.Мәтіннен сөйлемнің түрлерін анықтаңдар.
3-жаттығу. Сөз тіркестерінен сөйлем құраңдар.
Шөл далаға айналды, кішірейіп кетті, тыныс алу, жоспар жасау, жүзеге асыру, қалпына келтіру,қаржыландырып отыру.
4- жаттығу. « Арал тағдыры - адам тағдыры» тақырыбында пікірталас құрыңдар.
5-жаттығу.Сурет бойынша әңгімеле.
6-жаттығу.Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
1. Ақ көңіл мен адал ниеттен туған іс әсем болмаса да сүйкімді. Айла мен арамдықтан туған іс, әдемі болса-жиіркенішті.
2. Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, сұлу әйелге ұлы адамға жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық-қырсықпен тең.
3. Өзің жақсы болсаң- айналаңда досың көп; жаман болсаң- жалғыз жүресің; орташа болсаң-сен де бір жақсының жанын жағалайсың.
4. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса- іздеген досың алыстан өзі келеді.
7-жаттығу. Сөйлемдерді анықтаңыз.
А) Ағасы-ау,қойсаңызшы!
В) Шаршамайды!
С) Мұны бастаған кім?
Д) Қап, қу бала!
Е ) Япыр-ай,ә!
Тест сұрақтары
1. Сен «Абай жолы» романын оқыдың ба? Сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз
А) Бұйрықты В) Хабарлы С) Лепті D) Сұраулы Е) Жай
2. Лепті сөйлем соңында қандай белгі қойылатынын табыңыз
А) Сұрақ белгісі В) Нүкте С) Леп белгісі D) Үтір Е) Қос нүкте
3. Сөйлем түрін анықта. Қоңырау соғылды, оқушылар үзіліске шықты.
А) Жай сөйлем В) Аралас құрмалас сөйлем С) Сабақтас құрмалас сөйлем
D) Лепті сөйлем Е) Салалас құрмалас сөйлем
4. Сөйлемнің түрін белгіле. Біз Абай көшесінде тұрамыз.
А) лепті В) бұйрықты С)хабарлы D) сқраулы Е) құрмалас
5.Сөйлемді айтылу мақсатына қарай анықтаңыз.
Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады
A) Салалас сөйлем.
B) Жай сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Хабарлы сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.
6. Арнаулы интонация болмайтын сөйлем атауын көрсетіңіз.
A) Лепті сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Сұраулы сөйлем.
D) Диалогтық сөйлем.
E) Хабарлы сөйлем
7.Бұл сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай сөйлем?
А) сұраулы сөйлем
Ә) хабарлы сөйлем
Б) бұйрықты сөйлем
В) лепті сөйлем
8.Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді
анықтаңыз.
A) Сүраулы сөйлем.
B) Хабарлы сөйлем.
C) Бұйрықты сөйлем.
D) Лепті сөйлем.
E) Жай сөйлем.
9.Лепті сөйлемді анықтаңыз. A) Па! Шіркіннің сөзі! B) Мынау қоян жепті ғой. C) Не күдігіңіз бар еді? D) Қандай айғақ таптыңыз? E) Ертең қызық болады. 10.Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз. A) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін! B) Ауылға ақындар келді. C) Мен шебер бола алар ма екенмін? D) Осы жағдай сенің де есіңде болсын. E) Мәселесі шешілді.
11.Сұраулы сөйлемді анықтаңыз. A) Ол бізге келмеді. B) Ол бір қызық дәуір екен. C) Үйде пеш жоқ. D) Десятниктерің кім. E) Пай-пай, мына аттың семізін-ай.
12.Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз. A) Осының бәрі рас. B) Беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі. C) Адамнан мықты не бар екен. D) Бала қарсы айтуға сөз таба алмады. E) Оралым менің, Оралым.
13.Хабарлы сөйлемнің ерекшелігін белгілеңіз. A) Іс-әрекеттің белгілі бір шақта жүзеге асатындығын білдіреді. B) Жетек сұрақтар арқылы жасалған сөйлем. C) Ерекше эмоциямен айтылатын сөйлем. D) Көңіл-күйді білдіретін сөйлем. E) Бұйрық не шартты райға –шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалған сөйлем. 14.-ақ, -ай, -ау, ғой шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем түрін анықтаңыз.
A) Хабарлы сөйлем. B) Бұйрықты сөйлем. C) Лепті сөйлем. D) Жай сөйлем. E) Сұраулы сөйлем.
15.Сөйлем түрін белгілеңіз. Жібермесем, сағы сынады-ау( ) Тәуекел, жіберсем бе екен( )
A) Хабарлы сөйлем. B) Бұйрықты сөйлем. C) Лепті сөйлем. D) Жай сөйлем. E) Сұраулы сөйлем.
16.Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрін табыңыз.
A) Құрмалас сөйлем. B) Жалаң сөйлем. C) Жайылма сөйлем. D) Жай сөйлем. E) Хабарлы сөйлем.
17. Хабарлы сөйлемді табыңыз:
А) Ал сосын
B) Ойсыздарға қосылма
С) Неге бұғасың
D) Қайдағы жау
E) Жел де жок
18. Бұйрықты сөйлемді табыңыз
Егіс көлемін ұлғайт
Тіл қандай
Сен енді бала емессің
Ал Жамал ше
Бұл-тарихи жер
20. Сұраулы сөйлемді табыңыз
Қарағым, тоқтай тұршы
Пай-Пай, шабысының қаттысын-ай
Сен жазып келген шығарсың
Дала айдай жарық
Мектептің кең залы
Сабақтың тақырыбы: Қиысу. Адам қаңқасы.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Жаттығу жұмыстары арқылы сөздердің байланысу түрінің бірі қиысуды студенттерге меңгерту;
- Сөздікті қолдана білуді;
- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
Дамытушылық:
- Өз бетінше ізденуге ;
- Ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету ;
- Өз ойын еркін жеткізуге баулу;
- Жылдам жауап беруге жаттықтыру;
-Сөздікпен жұмыс жасауға;
Тәрбиелік:
Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;
Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;
Сабақ уақыты:90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.
5. Сабақты қорытындылау 7 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жай сөйлемнің түрлерін ата?
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Арал теңізі туралы не білесіз?
Арал теңізінің экологиялық жағдайы.
Арал теңізінің тартылуы салдарынан туындаған ауруларды атаңыз?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Қиысу дегеніміз не?
Қиысуға бес мысал келтір.
Қиысудың сөйлемдегі орны.
Қиысуды қандай жағдайларда қолданамыз.
Адам қаңқасы дегеніміз не?
Адам қаңқасының маңызы қандай?
Адам қаңқасының құрылысын айт.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру: : қиысу, адам қаңқасы мәтінінен түсінгенін айту.
Қиысу.
Адам қаңқасы
Бас сүйегі – ми сауыты мен бет сүйегі бөлімдерінен тұрады. Ми сауыты жұмыртқа тәрізді. Оның ішінде ми болады. Ми сауыты өзара қимылсыз байланысқан сүйектерден құралады. Оларға төбе мен самай, маңдай және шүйде (қарақұс), жақ сүйектері жатады. Бет сүйектері жұп: үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерден, мұрын таңдай, көз ұясы, тіл асты сүйектерінен тұрады. Бұлардың ішінде тек астыңғы жақ сүйек қана қимылдайды.
Тұлға қаңқасы омыртқа жотасынан, қабырғалардан және төс сүйегінен тұрады. Омыртқа жотасы мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді. Омыртқа жотасы 33 – 34 омыртқадан құралады.Омыртқалар бірігіп жұлын өзегін түзеді.
Он екі жұп қабырғалар кеуде қуысын құрайды.
Иық белдеуі - иық және қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі арқылы қол сүйектері денемен байланысады. Бұғана мен жауырын бірігіп иық белдеуін құрайды. Кеуденің сыртқы жағына орналасқан жалпақ, үшбұрышты сүйек жауырын деп аталады. Қол сүйектері екі ұзын сүйектен: тоқпан жілік пен кәрі жіліктен (шынтақ сүйек, шыбық сүйек) тұрады. Білезік сүйек, алақан сүйек және саусақ және саусақ сүйектері – қол басы сүйектері болып саналады. Білезік сүйектері қолдың басын қозғалтады.
Жамбас белдеуі – жалпақ жамбас сүйегінен тұрады.
Сөздік
Астындағы сөздерді жаттап алыңыз.
Төбе сүйегі – теменная кость
Маңдай сүйегі – лобная кость
Шүйде сүйегі – затылочная кость
Үстіңгі жақ сүйегі – верхняя челюсть
Астыңғы жақ сүйегі – нижняя челюсть
Таңдай – небо
Жұп – пара
Төс сүйегі – грудина
Мойын омыртқасы – шейный позвонок
Бел омыртқасы – поясничный позвонок.
Сегізкөз – крестец
Құйымшақ – копчик
Бұғана – ключица
Тоқпан жілік – плечевая кость
Кәрі жілік – локтевая кость
Ортан жілік – бедренная кость
1-жаттығу.Оң жақта берілген етістіктермен сол жақтағы сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін жасаңыз. Солармен сөйлем құрыңыз.
беске қимылдауы (ненің?)
саусақтарды бөліну (нешеге?)
жұмыртқаға байланысу (қалай?)
ауыздың қозғалту ( нені?)
қимылсыз ұқсау (неге?)
2-жаттығуМәтін бойынша бірінші өзіңіз білетін атауларды жазыңыз, содан соң 1-ші тапсырмада берілген сөздерді бірнеше рет қайталап алып жазыңыз. Осы жаттығуды барлық сөздерді жаттап алғанға дейін қайталай беріңіз.
3-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
1. Череп состоит из мозгового и лицевого отделов. 2. Мозговой отдел черепа образован прочно и неподвижно соединенными между собой костями. 3. Это парные теменные и височные и непарные лобная и затылочная кости. 4. В височной кости имеется отверствие наружного слухового прохода. 5. В лицевом отделе черепа 15 костей. 6. Самые крупные из них челюстные. 7. Нижечелюстная кость – единственная подвижная кость черепа. 8. Грудная полость образована 12 парами ребер и грудиной. 9. Из каких основных отделов и костей состоит скелет верхних конечностей?
4-жаттығу .Төмендегі сөйлемдерді мәтінді тірек ете отырып толықтырыңыз.
1. Ми сауытының пішіні … тәрізді. 2. Бет сүйектерінің ішінде тек астыңғы … қана қимылдайды. 3. Ортан жілік … белдеуіне жатады. 4. Иық белдеуі арқылы қол сүйектері … байланысады. 5. Бұғана мен … бірігіп иық белдеуін құрайды. 6. Он екі жұп … кеуде қуысын құрайды. 7. Тұлға қаңқасы омыртқа жотасынан, қабырғалардан, … тұрады. 8. Омыртқалар бірігіп … өзегін түзеді. 9. Қолдың басын .. сүйектері қозғалтады. 10. Үшбұрышты сүйек … кеуденің сыртқы жағында орналасқан.
5-жаттығу. Мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.
6-жаттығу.Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.
Бет сүйегі бөлімдері, жұмыртқа тәрізді, қимылсыз байланысқан, жұп сүйектер, тұлға қаңқасы, жұлын өзегін түзу, кеуде қуысын құрау, кеуденің сыртқы жағы, үшбұрышты сүйек, қол сүйектері, қол бас сүйектері, қолдың басын қозғалту, табан сүйектерінен құралған.
Сабақтың тақырыбы: Матасу. Жүректің құрылысы.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Жаттығу жұмыстары арқылы сөздердің байланысу түрі матасуды студенттерге меңгерту;
Матасудың жасалу жолдарын меңгеру;
Сөздікті қолдана білуді;
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
Мысалдар келтіре білуді.
Дамытушылық:
- Саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру;
- Қоғамдағы заңдарды білуге, оны құрметтеуге баулу;
- Зат есім туралы білімдерін тереңдету;
- Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік:
Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;
Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.
5. Сабақты қорытындылау 7 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Қиысу дегеніміз не?
Қиысудың жасалу жолдары.
Адам қаңқасы дегеніміз не?
Бұлшық еттің қызметі қандай?
Он екі жілікті ата?
Қысқа сүйектерге қай сүйектер жатады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Матасу дегненіміз не?
Матасуға бес мысал келтір.
Мәтіннің ішінен матасуды тап.
Матаса байланысқан сөздерді қай жерде қолданамыз.
Жүрек неше бөліктен тұрады?
Жүректің құрылысы неден тұрады?
Жүректің түр сипаты қандай?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру: Жүректің құрылысын сипаттап бер. Жүректің құрылысына қандай мүшелер жатады. Матасу дегеніміз не? Матаса байланысқан тіркестерді мысалға келтір.
Матасу.
Жүректің құрылысы
Жүрек кеуде қуысының сол жағына жақын орналасады. Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300 г. Жүрек бірнеше қабаттан тұрады. Бірінші қабаты өте жұқа қабықша эпикарт деп аталады. Екінші қабаты бұлшық еттерден тұрады. Мұны миокард деп атайды. Үшінші қабаты жүректің ішкі жағы, оны эндокард дейді. Бұл қабаттың астында өте көп жүйке талшықтары орналасады.
Адамның жүрегі төрт бөліктен тұрады: екі құлақша, екі қарынша. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Қақпашалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, сондықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.
Жүректің жұмысы өте күрделі. Жүрек жұмысы үш кезеңнен тұрады: құлақшаның жиырылуы, босаңсуы және үзіліс. Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.
Ересек адамның жүрегі минутына 70 – 75 рет жиырылып, босаңсиды. Мұны жүректің жұмысы немесе соғуы дейді. Егер жүрек жылдам соқса, онда қан жылдам айналады.Жүректің соғуы адамның денсаулығына, оның еңбек етуіне,айналадағы жағдайларға және тағы басқа әсерлерге байланысты. Адам ұйықтағанда жүрегі баяу соғады, ал дене еңбегі кезінде жылдам соғады. Жүректі кардиология ғылымы зерттейді.
Сөздік
«Жүректің құрылысы» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.
Ересек - взрослый
Қабат - слой
Талшық – волокна
Құлақша – предсердие
Қарынша – желудочек
Еркін – свободно
Қақпақша – клапан
Кері – обратно
Үнемі – всегда
Жиылу – сокращение;сжиматься
Босаңсу – расслабление
Үзіліс – перерыв; пауза
Ұлпа – ткань
Жасуша – клетка
Жүрек соғуы – удар пулься; сердцебиение
1 – жаттығу.
«Жүректің құрылысы» мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Жүрек қайда орналасқан?
Жүректің салмағы қандай?
Адамның жүрегі неше бөліктен тұрады?
Құлақша мен қарынша не арқылы байланысады?
Жүректің жұмысы қандай?
Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады?
Жүрек жиырылғанда не істейді?
Жүректің жиырылып, босаңсуын не деп атайды?
Қай кезде адамның жүрегі баяу соғады, қай кезде жылдам соғады?
2 – жаттығу.Төмендегі сөздерге тәуелдік жалғауын жалғаңыз.
Жүрек, дәрігер, жұмыс, денсаулық, ағза.
3- жаттығу.Мәтінді оқып,оны орыс тіліне аударып, мазмұнын айту.
4- жаттығу.Төмендегі жүрек сөзіне қатысты сөздер мен сөз тіркестерін есіңізге сақтаңыз және сол сөздермен сөйлем құрыңыз
.
Жүректі – батыл, батыр, күшті
Жүрексіз – 1. қайырымсыз (бессердечный) 2. қорқақ (трусливый)
Жүрексіну – қорқу (робеть)
Жүрегі жарыла қуану – қатты қуану
Ақ жүрек – қайырымды (доброжелательный)
Қара жүрек – зұлым, қайырымсыз (жестокий) деген мағынаны білдіреді.
5- жаттығу.«Жүректің құрылысы» мәтіні бойынша бірнеше сұрақтар әзірлеңіз.
6- жаттығу.Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
Сердце расположено в грудной полости. 2. Его масса у
взрослого человека составляет 250-300 г. 3. Строение сердца соответсвует его функции. 4. Сердце у человека состоит из двух предсердий и двух желудочков. 5. Из желудочков кровь выталкивается в сосуды. 6. Сокращение желудочков продолжается приблизительно 0,3 с. 7. Каждый удар пульса соответсвует одному сердечному сокращению.
7- жаттығу.Мәтіннен қашан деген сұраққа жауап беретін сөз тіркестерін тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз.
8- жаттығу.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен 3 (үш) сөйлем құрыңыз:
Менің жүрегім, денсаулығыңыз, жұмысы.
Сабақтың тақырыбы: Меңгеру. Қан тамырлары.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Жаттығу жұмыстары арқылы сөздердің байланысу түрінің бірі меңгеруді студенттерге меңгерту.
-Жаңа сөздерді дұрыс қолдана білуді;
-Жаңа мәтін бойынша анатомиялық атаулардың қазақша баламасын;
Дамытушылық:
- Өз бетінше ізденуге ;
- Ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету ;
- Өз ойын еркін жеткізуге баулу;
- Жылдам жауап беруге жаттықтыру;
-Сөздікпен жұмыс жасауды;
Тәрбиелік:
М.Мақатаевтың «Мен донормын» өлеңі арқылы өзгеге көмекке шақыру;
Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.
5. Сабақты қорытындылау 7 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жүректің қызметі қандай?
Жүрек неше қабаттан тұрады?
Эпикард дегеніміз не?
Миокард дегеніміз не?
Матасу дегеніміз не?
Мәтіннен матаса байланысқан сөйлемдерді табыңыз?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Меңгеру дегеніміз не?
Меңгере байланысқан сөздерді мәтіннен тап.
Меңгеруге бес мысал айт.
Артерия дегеніміз не?
Капиляр дегеніміз не?
Вена дегеніміз не?
Қан тамырларының қысымдары қандай?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Қан тамырлары нешеге бөлінеді. Артерияға сипаттама бер. Капиляллар дегеніміз не? Венаның қысымы қандай. Меңгеру дегеніміз не?Меңгеруге бес мысал келтір.
Меңгеру.
Қан тамырлары
Қан тамырларына күре тамырлар, көк тамырлар, қыл тамырлар жатады. Күре тамырлар мен көк тамырлар аралығында қыл тамырлар бар. Оттегіне қаныққан алқызыл түсті қан күре тамырлармен ағады. Жүрек жиырылғанда қанды күре тамырларға үлкен қысыммен айдайды. Ең үлкен күре тамыр қолқа деп аталады. Күре тамыр жүректің сол жақ құлақшасынан басталады. Онда қан жоғары қысыммен ағады. Күре тамырдың қабырғасы қалың, мықты және серпімді болады. Күре тамырлар бұлшық етке батыңқырап орналасады да, тарамдалып қыл тамырларға бөлінеді, қыл тамырлар арқылы зат алмасу әрекетіне қатысады. Адам ағзасында 150 млд – тай қылтамыр бар. Қыл тамырлар қабырғасы арқылы оттегіні ұлпаға, жасушаларға тасып, олардан көмір қышқыл газын сіңіреді. Сондықтан қанның құрамында оттегі азаяды да, көмір қышқыл газы көбейеді. Қанның түсі өзгеріп, көк тамыр қанына айналады. Қан қыл тамырдан көк тамырға өтеді де, одан соң жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды. Көк тамырда қан қысымы төмен болады.
Күре тамыр – жүректен шыққан қанды денеге тарататын тамыр. Денедегі қанды жүрекке қуатын тамыр – көк тамыр, бұл қанның құрамында оттегі аз , көмір қышқыл газы көп. Ал қыл тамырлар – зат алмасу жүретін өте ұсақ тамырлар. Қыл тамырлардың бәрін қосқанда жалпы ұзындығы 100 000 шақырымға дейін жетеді.
Сөздік
Төмендегі сөздерді жаттап алыңыз.
Күре тамыр – артерия
Көк тамыр – вена
Қыл тамыр – капилляры
Қаныққан – насыщенный
Алқызыл – алый, румяный
Қолқа – аорта
Қысым – давление
Ағу – протекать
Тарамдалу – разветвление
Шамамен – приблизительно
Серпімді – упругий
Шақырым – километр
1 – жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қан тамырлары нешеге бөлінеді? Қалай аталады?
Күре тамырлардың түсі қандай?
Жүрек жиырылғанда қан қай тамырмен ағады?
Ең үлкен күре тамыр қалай аталады?
Күре тамыр қай жерден басталады?
Күре тамырдың қабырғасы қандай болады?
Адам ағзасында қанша қыл тамыр бар?
Қыл тамырдың жалпы ұзындығы қанша?
Қыл тамыр қандай қызмет атқарады?
10.Қанның түсі неліктен өзгереді?
11.Көк тамырда қан қысымы қандай болады?
12.Көк тамыр қандай тамыр?
13.Көк тамыр қандай қызмет атқарады?
14.Денедегі қанды жүрекке қуатын қан қалай аталады?
2- жаттығу.Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
1. Кровь движется только в одном направлении: от предсердий к желудочкам. 2. Из желудочков кровь выталкивается в сосуды. 3. Артерии – это сосуды, по которым кровь движется от сердце. 4. Артерии имеют плотные упругие эластичные стенки. 5. Вены – сосуды по которым кровь дивжется к сердцу. 6. Крупные артерии от сердца ветвятся. 7. Движение крови по сосудам называют кровообращением. 8. Сокращаясь, сердце выбрасывает в артерии кровь под большим давлением.
3- жаттығу.Мәтін бойынша септік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жазып, құрамын анықтаңыз. Мысалы, тамырларына – тамыр – түбір, -лар – көптік жалғау, -ы – тәуелдік жалғау (ІІІж), -на – барыс септік.
4- жаттығу.Оң бағандағы етістіктермен сол жақтағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін жасаңыз. Солардың үшеуімен сөйлем құрыңыз.
к
өк
тамырға айдау (қалай?)
жүрекке тасу (нені?)
қанның түсі айналу (неге?)
жылдам құю (қайда?)
мықты болу (қандай?)
оттегін өзгеру (несі?)
5- жаттығу.
1-тапсырмада берілген сұрақтарды басқаша (керісінше) құрыңыз. Мысалы: "Күре тамыр қай жерден басталады? деген сұрақты керісінше "Жүректі” сол құлақшасынан қандай тамыр басталады?" деп өзгертуге болады.
6- жаттығу.
"Қан тамырлары" мәтіні бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.
Сабақтың тақырыбы: Қабысу. Қанның қызметі.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Жаттығу жұмыстары арқылы сөздердің байланысу түрінің бірі қиысуды студенттерге меңгерту;
- Ауызекі сөйлеу тілін;
- Медицина термин сөздердің қазақша баламасын;
- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
Дамытушылық:
- Өз бетінше ізденуге ;
- Ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету ;
- Өз ойын еркін жеткізуге баулу;
- Жылдам жауап беруге жаттықтыру;
-Сөздікті қолдана білуді
Тәрбиелік:
Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.
5. Сабақты қорытындылау 7 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Қан тамырлары нешеге бөлінеді?
Күре тамырлар қандай тамырлар?
Қолқа дегеніміз не?
Қыл тамырлардың қызметі қандай?
Меңгеру дегеніміз не?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Қабысу дегеніміз не?
Қабыса байланысқан сөздерді мәтіннің ішінен тап.
Қабысудың сұрақтары қандай?
Қанның қызметі қандай?
Қанның құрамы қандай?
Қанның жетіспеушілігі қандай ауруға душар етеді?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру: Қабысу. « Қанның қызметі» мәтіні.
Қабысу.
.
Қанның қызметі
Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Онсыз адам өмір сүре алмайды. Қан тамырмен бойлай ағып, көптеген қызмет алмайды. Қан тамырмен бойлай ағып, көптеген қызмет атқарады. Ол оттегін өкпеден жасушаларға тасып, оның орнына көмір қышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді. Сөйтіп, тыныс алу қызметін атқарады. Ас қорыту мүшелеріндегі қоректік заттарды өзіне сіңіріп, денеге таратады. Бұл – қоректендіру қызметі. Жасушалардағы пайда болған, оның тіршілігіне керексіз заттарды зәр шығару жүйесіне жеткізеді. Қан, сондай – ақ, су мен минералды заттардың көлемін және дене қызуының бір қалыпты болуын сақтайды. Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды, мүшелерді өзара байланыстырады. Ол 23 секунд ішінде денені бір рет айналып шығады. Осы уақытта өзінің барлық қызметін атқарып үлгереді. Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.
Қанның құрамы сұйық плазмадан және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) тұрады. Ересек адамда 4,5 – 5л қан болады. Мұның 22 – 60% - ы плазма және 40 – 45% - ы қан жасушалары. Плазманың құрамында 90 – 92% су, 8 – 10% минералды және органикалық заттар бар. Минералды заттардың ішінде 1% натрий, калий, кальций, магний, темір және хлор, күкірт, йод, фосфор аниондары болады.
Сөздік
«Қанның қызметі» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз.
Тасу – транспортировать; носить:
Жеткізу – доставлять, доставит.
Тарату – распространить
Коректендіру – питать, кормить
Көлем – объем
Көмір қышқыл газ – углекислый газ
Күкірт – сера
1 – жаттығу.
Қазақ тілінде қан сөзіне қатысты көптеген сөз тіркестері бар.
Мысалы: қаны қызу – қызба (адам),
Қаны басына шабу – қатты ашулану,
Қандас туыс – бір қаннан тараған адамдар деген мағынаны білдіреді. Осы сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыз.
2- жаттығу.
Мәтін бойынша қанның атқаратын қызметін жеке-жеке көрсетіп жазыңыз.
Қан оттегін өкпеден жасушаларға тасиды.
…
….
…
…
…
3- жаттығу.
Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
1. Кровь выполняет транспортную функцию. 2. Она приносит к клеткам всех органов питательные вещества и кислород. 3. Кровь обеспечивает защитные реакции организма от инфекций. 4. В плазме находятся клетки крови – эритроцит; лейкоциты и тромбоциты. 5. Плазма в основном состоит их воды. 6. Вода составляет в плазме около 90%, остальные 10%– это белки, жиры, глюкоза, минеральные соли и другие вещества. 7. В легких кровь осбовождается от углекислого газа.
4- жаттығу.
Мәтін бойынша сұрақтар әзірлеңіз, сұрақтарыңыз бен жауаптарыңызды дәптерге жазыңыз. Құрмалас сөйлемдердің құрылымын өзгертіп, жай сөйлем жасаңыз.
5- жаттығу.
Қанның қызметі мәтіні бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.
6- жаттығу.
Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздердің синонимін немесе мағынасы жақын сөздерді табыңыз.
зор, қызмет атқару, жарақаттанғанда, әрекеті, қоректендіру.
Сабақтың тақырыбы: Жанасу. Жүйке жүйесі.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Жаттығу жұмыстары арқылы сөздердің байланысу түрі жанасуды студенттерге меңгерту;
Жанасудың жасалу жолдарын меңгеру;
Сөздікті қолдана білуді;
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
Мысалдар келтіре білуді.
Дамытушылық:
- Өз бетінше ізденуге ;
- Ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету ;
- Өз ойын еркін жеткізуге баулу;
- Жылдам жауап беруге жаттықтыру;
Тәрбиелік:
Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;
Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;
Сабақ уақыты:90 минут.
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.
5. Сабақты қорытындылау 7 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
III.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Қабысу дегеніміз не?
Қанның қызметтерін атаңыз.
Адамда қанша қан болады?
Қанның құрамы қандай?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Жүйке жүйесі нешеге бөлінеді?
Жұлын қайда орналасқан?
Жұлын қандай қызмет атқарады?
Жұлынның диаметрі қанша?
Жұлын мен ми арасындағы байланыс қай кезде үзіледі?
Жанасу дегеніміз не?
Жанасуға бес мысал келтір.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Жанасудың жасалу жолдарын,ережесін айту. «Жүйке жүйесі» мәтінінен түсінгенін әңгімелеу. Мәтінді аудару,жаңа сөздерді жаттау.
Жанасу.
Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады.
Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене қатысады.
Жүйке жүйесі орталық,аймақтық болып екіге бөлінеді. Орталық бөлім ми және жұлыннан құралады. Аймақтық ми бөліміне жүйкелер мен жүйке түйіндері жатады.
Жұлын омыртқа жотасының өзегіне орналасады. Оның диаметрі 1см. Жұлынның ортасында сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Жұлынның қызметін ми реттеп отырады. Жұлын негізінен рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.
Жұлын зақымданғанда өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді. Жұлын мен ми арасындағы байланыстар үзіледі.
Ми бас сүйек қуысында орналасады. Оның орташа салмағы 1300-1400г. Адамның миы 20 жасқа дейін өседі.Ми бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми. Бұлардың атқаратын қызметі әр түрлі болғанымен, бір – бірімен тығыз байланысты.
Жүйке жүйесінің бір бөлігі қаңқа бұлшық еттерінің қызметін реттейді, ол соматикалық жүйке жүйесі деп аталады.Соматикалық жүйке жүйесі арқылы адам іс - әрекетті меңгереді, яғни өз еркімен қимылдайды немесе қозғалысты тоқтатады. Жүйке жүйесінің бір бөлігі ішкі мүшелердің жұмысын реттейді, ол автономиялық жүйке жүйесі деп аталады. Автономиялық жүйке жүйесінің қызметі адам еркіне бағынбайды. Мысалы: жүректі тоқтатуға, астың қорытылуын тездетуге болмайды.
Сөздік
Төмендегі сөздерді жаттап алыңыз:
біртұтас – единое; целое
реттеу – регулировать
аймақтық – периферический
айналадағы орта- окружающая среда
тану – познание; узнать
зерттеу – изучать
жүйке түйіндері – нервные узлы
жұлын – спинной мозг
омыртқа жотасы – позвоночный канал
өзек – проток; ствол
сұйықтық – жидкость
өткізгіштік қызмет – проводниковая функция
зақым – травма
жойылу – уничтожение
мишық – мозжечок
сопақша ми – продолгаватый мозг
меңгеру – управлять
1- жаттығу.
Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.
Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?
Жүйке жүйесі нешеге бөлінеді?
Жұлын қайда орналасқан?
Жұлын қандай қызмет атқарады?
Жұлынның диаметрі қанша?
Жұлын мен ми арасындағы байланыс қай кезде үзіледі?
Ми қайда орналасады?
Соматикалық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?
Автономиялық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?
2- жаттығу.
Оң жақтағы етістіктермен сол жақтағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін құрыңыз
а
йналаны
қамтамасыз
ету (нені?)
ми мен жұлыннан орналасады (қайда?)
белсене зерттеп жүр (нені?)
тұтастығын құралады (неден?)
балаға араласады (қалай?)
бассүйекте атқарады (не?)
қызмет бағынбайды (кімге?)
3- жаттығу.
Курсивпен берілген сөйлемдерге сұрақ әзірлеңіз. Сұрақтарыңыз бен жауаптарыңызды дәптерге жазыңыз.
4- жаттығу.
Мәтінді тірек ете отырып берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Жүйке жүйесі мүшелердің … зерттейді. 2. Мидың … салмағы 1300-1400 гр. 3. Жұлынның … 1 см. 4. Жүйке жүйесі арқылы адам … танып, біледі. 5. Жұлын … қызмет атқарады. 6. Соматикалық жүйке жүйесі арқылы адам … меңгереді. 7. Адамның … 20 жасқа дейін өседі. 8. Жүйке жүйесінің бір бөлігі … мүшелердің жұмысын реттейді. 9. … жүйке жүйесінің қызметі адам … бағынбайды. 10. Аймақтық бөлімге жүйкелер мен … түйіндері жатады.
(Керекті сөздер: жүйке, жұмысын, миы, автономиялық, диаметрі, орташа, ортаны, ішкі, рефлекстік, іс-әрекетті, еркіне)
5- жаттығу.
Мәтін бойынша тәуелдеулі тіркестерді (ілік септігі+тәуелдік форма) талдап беріңіз. Мысалы: дененің бөліміне: дене түбір, -нің – ілік септігі, бөлім – түбір, -і – тәуелдік жалғау (ІІІж), -не – барыс септігі.
6- жаттығу.
Мәтін бойынша сөйлемдердің көпшілігі ауыспалы келер шақ формасында берілгеніне көңіл аударыңыз. Оларды (2, 3-абзацтарды) өткен шақ, осы шақ тұлғаларында түрлендіріп көріңіз. Сөйлем мағынасына қандай өзгерістер енеді? Түсіндіріп беріңіз.
7- жаттығу.
***
Қазақ тілінде жүйке сөзіне қатысты фразеологизмдер жиі кездеседі.
Мысалы: "жүйкеге тию", "жүйкесі босау" т.б.
Жүйкеге тию – біреудің мазасын алу, біреуді шаршату (играть на нервах) деген мағынаны, ал жүйкесі босау – көңілі босау (растрогаться) деген мағынаны білдіреді. Осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрыңыз.
8- жаттығу.
