- •Рмқк «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі»
- •1.Дыбыс үндестігінің екі түрі бар. Ілгерінді және кейінді ықпал.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі. Атау септігі мен ілік септігі.
- •-Жаттығу
- •Сапалық сын есім. Қатыстық сын есім.
- •Экология және біз
- •Дара сын есім. Күрделі сын есім.
- •Арал, оралсаңшы қайтадан
- •Сын есімнің шырайлары.Салыстырмалы шырай
- •Тәнді қоздырар темекі
- •Сан есім.Дара және күрделі сан есім
- •Қазақ елі-менің Отаным
- •Есептік сан есім
- •Бөлшектік сан есім
- •Француз саяхатшысы г. Мозердің қазақ жеріндегі саяхаты
- •Топтау сан есім
- •Болжалдық сан есім
- •Жетелі жұрттың жеті белгісі
- •Қазақстан рәміздері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Болымды және болымсыз етістіктер.
- •Наурыз қыз
- •Келер шақ
- •Көсемше
- •Өздік етістің жұрнақтарын қосыңыз.
- •Оқы, сұра, жина,ойна етістіктерін ырықсыз етіске айналдырып,сөйлем құраңыз.
- •Ырықсыз етістерге мысал келтір.
- •Өзіңіз келтірген мысалдарға сөйлем құраңыз.
- •Елордадағы еңселі сарай.
- •Мәтінді тірек ете отырып жүйке жүйесі туралы әңгімелеп беріңіз.
- •Бүгінгі колледж
- •Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Жалғаулықты құрмалас сөйлем.
- •1.Шартты рай тұлғасы арқылы:
- •3. Көсемшенің -а, -е жұрнағындағы сөзге тұр көмекші етістігі тіркеседі.
- •2.Көсемше арқылы : -п, -й
- •2. Көсемше арқылы:
- •3.Шартты рай арқылы:
- •1. Көсемше арқылы:
- •2. Есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнағына –дай, -дей, -тай, -тей қосымшасы жалғануымен:
- •1. Қимыл атауына үшін шылауы тіркеседі:
- •2. Деп көмекші етістігі III жақтағы бұйрық раймен тіркеседі:
- •3.Деп көмекші етістігі -ар, -ер, -р етістігі қосымшалары есімшемен бірге жұмсалады:
- •Автор -сөзі төл сөз
- •Автор сөзі- төл сөз- автор сөзі
- •Сәрсембег өнөрлү ел(г)ен
- •(Сәрсембегөнерлүекен)
- •Абай оқиды
- •Кітапты оқиды
- •Президент н.Назарбаевтың Қазақстанның Туын, Елтаңбасын таныстыруда сөйлеген сөзі
- •1) Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді;
- •2) Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;
- •3) Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.
- •4 Жаттығу
- •Қазіргі жағдайда ақпаратты – электрондық кітапха
- •«Қазақ тілі » пәні бойынша білімгерлердің білімін бағалау мынадай өлшемдерге негізделеді:
- •Оқу құралдары және әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Болымды және болымсыз етістіктер.
Етістік негізгі түбірде де,туынды түбірден де қимылдың,іс-әрекеттін болуын білдіреді.Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді.Оларды болымды етістік дейді.Мысалы: келіпті, көріпті, барған, алды , асықты, т.б.
Сонымен бірге етістік қимылдың,іс әрекетін болмауын,іске асыруында білдіреді.Ондай етістіктерді болымсыз етістік дейді.Болымсыз етістік негізгі я туынды түбір етістіктерге –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтары жалғану арқылы және белгілі шақ тұлғасындағы болымды етістікке жоқ,емес сөздерінің тіркесу арқылы жасалады.Мысалы:бар-ма,көбей-ме,тісте-ме,айтқан емес,кеткен жоқ, т.б.
Қазақ елінің бас қалалары
Қазақ елінің мемлекеттілігінің белгісі-ежелден елді бір жерден басқаратын бас қалалар мен орталықтарының болуында.Бұл қалалардың саяси-эканомикалық,әскери- шаруашылық,сауда, ең бастысы ел басқаруда маңызы зор.
Қазақ халқын осылай бір орталықтан басқару мыңдаған жыл мерзімді қамтиды.Қазақ жеріндегі ең алғашқы мемлекет,көне түріктер қағандығының ту көтерген жері-Алтай,Түрік,Түргеш және Қарлұқ қағандығыныңастанасы-Суябтың іргесі V ғасырда қалаған.Кейін Баласағұн(Ақбешім)-Орталық Азиадағы ірі қалалар қатарына жатқан.
Испиджаб (Сайрам) және Отырар(Фараб) VII-IX ғасырларда көне түріктердің бас шаһарлары болған.Жанкент-оғыздардаң,Ертіс бойындағы Имақия Қимақ мемлекетінің,Сығанақ-Дешті Қыпшақтың орталығ,содан кейін қазақ хандығының астанасы болды,Ташкент-Тәуекел Жолбарыс хандар тұсында,Түркістан-XVI-XVIII ғасырларда қазақ халқының бас қалалары мен астаналары саналған.
Кеңес дәуіріндегі Қазақстан астаналары Орынбор(1925-1929),Алматы(1929-1997) қалалары болды.Ал 1997 жылы 20 қазанда астана Ақмола қаласна көшірілді.
Мемлекет-государство
Бас қала-главный город
Ғасыр-век
Ірі қала-крупный город
Орталық-центр
1-жаттығу
Сөйлемдегі болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырыңыз.
Ол сабаққа дайындалды. Айгүл құрбысының үйіне қонаққа келді. Нұрболға аяз ата ойыншық сыйлады. Кеше біз киноға бардық. Кино өте қызық екен.
2-жаттығу
Берілген сөздерден үлгідегідей болымсыз түрде жаз
Үлгі: мен/айт
Мен айтпадым.
Мен/кет
Сен/бар
Сіз/жауап бер
Ол/сұрақ қой
Біз/қыдыр
Сендер/демал
3-жаттығу
Берілген етістіктерді болымсыз түрде жаз
Үлгі: Мен оқыдым/Мен оқымадым
Мен айттым
Сен жаздың
Сіз келдіңіз
Біз киіндік
Сендер барыңдар
Олар кетті
4-жаттығу
Болымды етістіктерден болымсыз етістіктер жасаңдар.
Асық. Жүгір. Шула. Айқайла. Тарық. Кешік. Бөгел. Сүрін. Күл. Жағалас. Сыз. Теп. Ти. Ұмыт. Жоғалт. Атта. Секір. Өшір. Қи. Аш. Ал. Тасы. Сұра. Төк.
5-жаттығу
Болымды етістіктерді бір бөлек болымсыз етістіктерді бір бөлек жазыңдар.
Барма, кеткен жоқ, айтты, күлді, көрді, қарама, кешікпе, айтқан, келді, барма, қайтатын емес, жазатын емес, сөйледі, барды.
6-жаттығу
Болымды,болымсыз етістіктерді қатыстырып «Менің күн тәртібім» тақырыбында шағын әігіме жазыңдар.
7-жаттығу
Болымсыз етістіктерді болымды етістікке айналдырыңыз.
Барған жоқ, естіген емес, қарама, алма, кешікпе, мақтанба, ойнама, секірме, күлме, қайтатын емес, айқайлама, өшірме, ашпа, сызба, шулама.
Тест
1.Болымды етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз
А) ол өтірік айтқан емес B) досын көрмеді
C) кітапты әкелген жоқ D) айтқан уақытында келген жоқ
Е) кітабын әкеліп берді
2. Болымсыз етiстiктi көрсетiңiз
А) Марат кітабының қолжазбасын баспаға тапсырды.
В) Ол айтқан уақытында келмеді. С) Арпа бидай ас екен.
D) Көрпеңе қарай көсіл. Е) Ет етке, сорпа бетке.
3. Болымсыз етістіктер қатарын көрсетіңіз.
А) көрпе, кеспе, арпа
В) алма, бағдарлама, жоба
С) жолама, айтпа, сенбе
D) таспа, қоспа, таңба
Е) қақпа, асаба, таспа
4.Болымды етістіктер қатапын көрсетіңіз.
А) бар,кел,айт,күл
В) алма, бағдарлама, жоба
С) жолама, айтпа, сенбе
D) таспа, қоспа, таңба
Е) қақпа, асаба, таспа
Болымсыз етістігі бар сөйлемді тап:
А) Қ.Сәтбаев көшесінде Павлодар қаласының әкімшілігі орналасқан. B) Сабақтан ерте босағанымен, киноға үлгере алмадым. C) Студенттер шаңғымен серуенге барды. D) Қазақстан спортшылары Туриндегі қысқы Олимпиадаға қатысты. E) Ғ.Мүсреповтің ана туралы әңгімелерін оқыдым.
Сабақтың тақырыбы: Сабақты және салт етістіктер.
Орынбор - тұңғыш астана
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Сабақты етістіктің салт етістіктен айырмашылықтарын меңгерту;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Орынбор- тұңғыш астана мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Сөйлемдер жазып ондағы етістіктердің салт етістігін, сабақты етістігін ажыратып жазу.
Салт етістік Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы, қаладан қайт, ауылға қайт, жолдасыңмен қайт немесе түсінде келді, үйден келді, баламен келді, үйге келді және т. б. болып қолданылсада, нені (ауылда т. б.) қайт? нені (қаланы т. б.) келді? Деп айтуға болмайды. Сондықтан бұлар—салт етістіктер. Кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -р, -т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістіккеа йналдырады: шам сөнді—шам-ды сөн-дір-ді, бала кетті—бала-ны кет-ір-ді, гүл өседі—гүл-ді өс-ір-ді, ол өкпеледі—о-ны өкпеле-т-ті т. б. Ал ырықсыз (кейдеөздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: Әңгіме-ні айтты—әңгіме айтылды, хат-ты жазды—хат жазылды, кітап-ты түгел оқыды—кітап түгел оқылды т. б.
Сабақты етістік Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы: Сөздісенбаста. Менжазбаймынөлеңдіермекүшін. Баламды медресеге білдеп бердім. Бетті бастым, Қатты састым. Бұл сөйлемдердегі баста, жазбаймын, бердім, бастым, деген етістіктер сөз, өлең, балам, бет деген сөздердің табыс септікте тұруын талап етіп тұр. Кейде ондай сөздер табыс септіктің жасырын түрінде тұруы мүмкін. Мысалы: өлең айт—өлеңді сен айт, кітап оқыды—кітапты бала оқыды, хат жаздым — жолдасыма хатты жаздым т. б. Ондай-да, мысалда көрсетілгендей, ол екі сөздің (табыс септікті сөзбен етістіктің) арасына басқа сөз келтіріп қолдану керек. Кейде тура объект мәнін білдіріп тұратын табыс септіктегі сөз сөйлемде қолданылмауы да мүмкін. Ондайда етістіктен сұрақ қою керек.Етістіктен кімді? нені? деген сұрақ қоюға болса, оңда ол—сабақты етістік. Мысалы: айт, көр, оқы, бер, сайла т. б. Етістіктерден кімді (нені) айт? кімді (нені) көр? Нені оқы? Нені бер? кімді (нені) сайла? Деп сұрақ қоюға болады
Орынбор- тұңғыш астана
1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы ресиублика болып құрылды.Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор өлкесі ол кездеқазақ жерінің құрамдас бөлігі саналатын.
Қызылорда.
1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті.сөйтіп,Ақмешіт бекеті, қазіргі Қызылорда қаласы астана болды.Қазіргі Қызылорда-ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың Отаны. Газ бен мұнай өнеркәсібінің орталығы.
Алматы.
1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді.Алматы-мәдениет пен өнер,білімнің орталығы.Қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болыпсаналатын операжәне балет театрының үйі.Республика сарайы,Әуезов атындағы театр,Орталық мұражай,Ғылым академиясының бас ғимараты сияқты т.б. ғимараттар бар. Медеу-спорт кешені,бүкіл республика мақтанышы. Қалада 100-ге жуық оқу орындары, ондаған театрлар, концерт, кинозалдар бар. 500-дей мейрамханалар мен кафелер қала халқы мен қонақтарға қызмет етеді.
Республика тәуелсіздігінің белгісі-Алтын адамның мүсіні алыстан көз тартады.
Астана.
1997 жылы саяси, эканомикалық, халқаралық жағдайлардағы байланысты республиканың бас қаласы – Ақмолаға көшірілді. Әсем Есілдің жағасын бойлай Призидент сарайы, Парламент ғимараты, Еуразия университетінің жаңа корпусы т. б. ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында қазақтыңүш бүі: Төле би , Қазыбек би, Айтеке бидің ескерткіштері халқын болашаққа бастағандай бейнеленген. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні – жас Қазақстанның XXI ғасырдағы жарқын да бақытты болашағының символындай елестейді.
Күріш-рис
Ескерткіш-памятник
Мұражай-музей
Алтын адам-золотой войн
Кешен-комплекс
Ғимарат-здание
1-жаттығу. Мақал-мәтелдердің құрамындағы етістіктерді тауып,олар қай септіктегі сөзбен тіркесіп тұрғанын сұрақ қою арқылы анықтаңдар.Қайсысы сабақты қайсысы салт етістік екенін айтыңдар.
Үлгі: нені сұрама?-күшін сұрама-етістік табыс септігінде сөзбен тіркескен,сондықтан сабақты етіс болады.
1.Жігіттің жұмсаған күшін сұрама, Бітірген ісін сұра.
2. Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында мейіріңді көрсет.
3.Отты үрлей берсең,өшіресің. Көршіңді күндей берсең,көшіресің.
4.Семіздікті қой көтерер
5.Қыс азығын жаз сайла
2-жаттығу.Төмендегі мақалдардан етістікті тап. Сабақты етістіктің астын түзу сызықпен, салт етістіктің астын ирек сызықпен сыз.
1.Талапты ерге нұр жауар.
2.Оқу –инемен құдық қазғандай.
3.Дихан жерін мақтайы,
Ұстаз шәкіртін жақтайды.
Салт етістік |
Сабақтас етістік |
шам сөнді |
|
ол кетті |
|
бала өкпеледі |
|
гүл өседі |
|
Салт етістік |
Сабақтас етістік |
әңгіме айтты |
|
хат жазды |
|
кітапты оқыды |
|
үйді жинады |
|
4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиесті жалғауларды жалғап, етістіктің түрін анықта (сабақты, салт). Жақшаға жаз.
Жігіт қадірі өнері ... өлшенеді. (...)
Су ... шым тоқтатар, сөз ... шын тоқтатар. (...)
Жаманға сырын ... айтпа, сырыңды айтсаң да, шының,,, айтпа. (...)
5-жаттығу. Мәтіннен салт етістіктерді бір бөлек, сабақты етістіктерді бір бөлек теріп жаз.
