Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз. - копия 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.67 Mб
Скачать

Жетелі жұрттың жеті белгісі

Еліміздің көкейінен, әрбір үйдің төрінен, әр азаматтың жүрегінен құрметті орын иеленіп, төтенше қастерлеп, тәңірі тұтып, тәжім етіп, бас иер, елдің өзіне тән, өзгеге ұқсамайтын өзін бүкіл дүниеге паш етіп тұратын қазақ елінің рәміздері үшеу емес, жетеу болған. Оларды біз “Жетелі елдің жеті белгісі” деп атадық. Олар: ТУ, ЕЛТАҢБА, ӘНҰРАН, ЕЛҰРАН, ТӨЛТҰМАР, ЕЛТЕҢГЕ, ҰЛТЖАЗУ.

ТУ. Көрген жерден-ақ көкірегімізді жаулап алар көгілдір жылы түс тұтастық пен бірліктің, ынтымақ пен адалдықтың ізгі ниетімен ұштасып, “біз” деген бірегей ұғымды жинақтаған көне құдіретті белгі.

ЕЛТАҢБА. Тағдырдың тар жол, тайғақ кешуіне дес бермейтін таймас тұяқ пырақтың, өркениетті бодашаққа қарай өрлеген сайын талмас қанаттың, алты алаштың білік-бірлігін біте қайнасқан күлдіреуішке түйіндеп, атадан-балаға мұра, құдіретті қара шаңырақты көгілдір аспан жүзінде жүздіріп, мәңгі сөнбес шырағың маңдайына жарқыратып, сары алтынмен сомдап, нық тұғыр Қазақстанға қондырған, төбемізге көтеріп жүретін ұлттық нышанымыз.

ӘНҰРАН. Халықтың мұңы мен мұратын, қайғысы мен қуанышын, аңсаған арманын, бірліктің берекесін құдіретті сөздерімен өлең шумақтарына екшеп енгізген сұлу саз, мағынасы, махмұны жағынан “гимн” - ел ұран, ел әні.

ЕЛҰРАН. Жігеріңді жанып, қажырыңды қайрап, жадыңнан жалын жадырар құдірет күші, айбарыңды асқақтатып әкетер рух. Елұран – біздің ұлттық ерекше нышанымыз!

ТӨЛТҰМАР. “Төлқұжат” деп айтылып, жазылып жүрген паспортты осылай атадық.

ЕЛТЕҢГЕ. Тәуелсіздігі қолына тиген егемен елдің ең бір айрықша белгісі – ақша.

ҰЛТЖАЗУ. Көрген жерде көзіне оттай басылатын, бүкіл бітім, болмысынан иісі аңқып тұратын, кім екенінді айтпай-ақ айқындап тұратын ұлтжазудың жөні бөлек.

Ту-флаг

Елтаңба-герб

Әнұран-гимн

Болашақ-будушее

Тағдыр-судьба

Нышан-символ

1-жаттығу

Есімдіктерді мағыналарына қарай, топ – топқа ажыратып, бөліп жазыңдар.

Ешкім, бәрі, әлдеқашан, әркім,қайда, кейбір, қашан, барша, ешбір, қайсы, күллі, қалай, анау, біреу, ешқашан, қандай, бар, қай тіл, неше, әлденеше, қайсыбір, барлық, ешқандай, ешкім, ештеңе, бүкіл, өз, мына, әлдеқалай, әлдекім, әлденешеу, әрбір, қай , қанша, бірнеше, қайбір, нешеу, біреу.

2-жаттығу

Жақшадағы сөздерді пайдаланып,сұраққа жауап бер

  1. Мынау нелер? (кітаптар)

  2. Мынау кім? (мұғалім)

  3. Анау кім?(Жандос)

  4. Анау не? (үй)

  5. Мыналар кімдер? (балалар)

3-жаттығу

Қажетті сұрау есімдігін қой?

  1. Осы үйде --------- бала бар?

  2. Мынау кітапті --------- сатып алдың?

  3. Аяжан ауылдан --------- келеді?

  4. Жаңа үйді---------салады?

  5. Мынандай сөмке --------- балада бар?

4-жаттығу

Нешінші?қайсысы? деген сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдеп жазыңдар.

5-жаттығу

Жаңылпаштардың құрамындағы сұрау есімдіктерінің астын сыз.

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?

Шеше,кеше неше есе кесе көп алдыңыыз?

Шеше,кеше неше есе кем алдыңыз?

6-жаттығу

Берілген сұрау есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.

Кімнің? Қайсысымыз? Нешеуі? Кімдермен? Нешеуден? Кімсіздер? Қандаймыз?

Тест

1.Сұрау есімдігін көрсетіңіз

А) біреулер есік қақты В) мен қалаға бардым

С) сен нешінші қабатта тұрасың? D) оның даусы барлық адамдарға естілді

2.Сұрау есімдіктерінен тұрған қатарды белгілеңіз

А) неше, қанша, қайдан В) ешкім, ешбір, ештеме

С) біреу, кейбір, бірдеңе Д) өзім, өзің, өздері

3. Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар қалай аталады?

А)Сұрау есімдігі В)Жіктеу есімдігі С)Сілтеу есімдігі Д)Өздік есімдігі

4. Неше? қанша? қайдан? сұрақтары қандай есімдікке жатады.

А)Сілтеу есімдігі В)Жіктеу есімдігі С)Сұрау есімдігі Д)Өздік есімдігі

5.Сұрау есімдігін көрсетіңіз.

А)ол кеше келген В)мен мектепке бардым С)біз саяхатқа шықтық Д)сен қашан келесін?

Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігі.Қазақстан рәміздері

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Өздік есімдігінің басқа есімдіктерден айырмашылықтарын меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Қазақстан рәміздері мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Өздік есімдіктеріне сөйлемдер құрастыру.

Өздік есімдіктері

Өздік есімдігіне әрқандай тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады.Өз есімдігі көбінесе тәуелдеулі,көптеулі,септеулі түрде қолданылады да,жіктеу есімдіктерінің немесе зат есімнің орнына қолданылады.Мысалы: менің өзім,сенің өзің,баланығ өзі, т.б.

Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі. Өздік есімдігінің септелу үлгісі

Септік

өзім

өзің

өзіңіз

өзі

А.

І.

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.

өзім

өзімнің

өзіме

өзімді

өзімде

өзімнен

өзіммен

өзің

өзіңнің

өзіңе

өзіңді

өзіңде

өзіңнен

өзіңмен

өзіңіз

өзіңіздің

өзіңізге

өзіңізді

өзіңізде

өзіңізден

өзіңізбен

өзі

өзінің

өзіне

өзін

өзінде

өзінен

өзіниен

Кейде өз есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігімен немесе зат есіммен де тіркесіп қатар жұмсалады. Мысалы: мен өзім айттым

сен өзің айттың

сіз өзіңіз айттыңыз

ол(балалар Ахмет)өзі айтты

біз өзіміз айттық

сендер өздерің айттыңдар

сіздер өздеріңіз айттыңыздар

олар (балалар)өздері айтты

Өз есімдігімен жасалған өз-өзінен,өзінен-өзі,өзді-өзі деген қос сөздер дефис арқылы жазылады.