Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз. - копия 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.67 Mб
Скачать

Есептік сан есім

Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп,қанша?неше? деген сұрақтарға жауап берді.Мысалы:бес,он екі,жүз, т.б.Есептік сан есімдер дара да,күрделі де болып,сан есімнің басқа түлерін жасауға негіз болады.

Қазақ мемлекеті (хандығы)

XV ғасырдың ортасында құрылған Қазақ хандығы – мал шаруашылығымен бірге егіншілікпен (оңтүстік аймақтар) шұғылданған алғашқы мемлекет еді.

Туыстығы жақын он шақты үй – бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл – бір ата, 13-15 атадан қосылған аталар бір ру болды.

Жалпы қазақ мемлекетін ұлы хан биледі. Жүздерді – кіші хандар, сұлтандар, тайпаларды – билер, руларды – ру басылары, аталарды – ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Ұлы ханның қасында ірі сұлтандар, тайпа көсемдері, билер, батырлар, шешендер, жыраулар дау – шараларды шешіп, билік айтып отырды.

Ханның қасында төрелер, жасауылдар және қызыметшілер болды. Оларды « төлеңгіт» деп атады.

Хандық өкметті қорғайтын әскер болды. Қазақ мемлекетінің қарулы күштерінің басым көпшілігі халық жасақтарынан құралды. Әрбір ер азамат өздерінің батырларымен бірге майданға аттануға дайын тұрды.

Сұлтан-сұлтан

Сұлтандар-султаны

Батыр-герой

Азамат-гражданин

Әскер-армия

Ғасыр-век

1-жаттығу

Мәтінді оқып, ондағы сан есімдерді құрамына қарай талдаңыз.

Жетісу облысында – 1891 жылы 64 мектеп, медресе болып, оларда 1251 бала оқыған, 1895 жылы 74 мектеп, медресе және 9086 оқушы, 1897 жылы 88 мектеп, медресе, 12835 оқушы болған. Семей облысында – 1884 жылы он мектеп, медресе болып, бұларда 615 бала оқыған, 1888 жылы 12 мектеп, медресе, 761 оқушы, 1895 жылы 17 мектеп, медресе, 900 оқушы болған.

Торғай облысында – 1894 жылы 59 мектеп, медресе болып, оларда 457 бала оқыған, 1911 жылы 13 мектеп, медреседе, 340 оқушы болған(Б. Кенжебаев).

2-жаттығу

Есептік сан есімдерді сөзбен жаз.

14, 36, 54, 120, 2004, 1990, 617, 467, 2003, 1991, 19, 48, 79.

3-жаттығу

Бос орынға керекті санды қойыңыз

  1. Менің________________балам бар: бір ұл,үш қыз

  2. Менің еңбек өтілім________________жыл.оның ішінде төрт жыл мұғалім болдым және бес жылдан бері орынбасармын.

  3. Мен қазір________________жастамын.келесі жылы отыз жасқа толамын.

  4. Мен қырық жастамын, әйелім менен төрт жас кіші.Ол________________жаста.

  5. Бір аптада________________күн бар.

4 -жаттығу

Бос орынға керекті әріпті қойып,сан жазыңыз

  1. т__қс__н : тоқсан

  2. ж__тп__с

  3. а__п__с

  4. қ__р__қ

  5. ж__ыр__а

  6. т__ғ__з

5-жаттығу. Есептік сан есімдерді қатыстырып сөзбен есеп құрастырыңдар.

Үлгі:Жаңа оқу жылында кітапханашы мектепке 3000 оқулық әкелді.Оның 600-і математиа, 351-і орыс тілі, 458-і қазақ тілі,280-і қазақ әдебиетінің оқулықтары. Қалған оқулықтар бастауыш сыныптікі.Сонда бастауышқа қанша кітап әкелінген?

6-жаттығу.

Мәтінді оқып, құрамындағы есептік сан есімдерді теріп жазыңдар.

Фашистер билеп-төстеген қаралы үш жылдың ішінде Белоруссия жерінде екі жүз тоғыз қала ,тоғыз мың екі жүз село құрып кетті.Екі миллион екі жүз мың адамды фашистер өртеп,атып,асып өлтірді.Мың тоғыз жүз қырық үшінші жылы наурыз айының жиырма екісі күні фашистер жиырма алты үйлі Хатынь селосын қоршвп алды.Селоның 152 адамын бір сарайға қамады.

Тест

1.Заттың нақтылы санын білдіретін сан есім:

А)Реттік сан есім Ә)Есептік сан есім

Б)Болжалдық сан есім В)Бөлшектік сан есім

2.Есептік сан есімдер қандай сұрақтарға жауап береді?

А)қанша?неше? Ә)нешінші?

Ә)нешеу,қаншау? Б)қандай?қай?

3.Бес,сегіз,жүз сандары қандай сұрақтаоға жауап береді:

А)Реттік сан есім Ә)Есептік сан есім

Б)Болжалдық сан есім В)Бөлшектік сан есім

4.Есептік сан есім қатысқан сөйлемді табыңыз:

А)Күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын төрт нәрсе бар

Ә)Құдасының ауылына Ұлжан отыз шақты кісімен келді.

Б)Арада жыл жарым өтті

В)Мен он бірінші сыныпта оқимын.

5.Есептік сан есімді табыңыз:

А)алтау,жетеу Ә)екі жарым

Б)сегіз В)оныншы

Сабақтың тақырыбы: Реттік сан есім.Бәріміз бір түрікпіз

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Реттік сан есімнің ерекшелігін, оның жұрнақтарын меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Бәріміз бір түрікпіз мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Реттік сан есімдерді қатыстыра отырып сөйлемдер жазып келу.

Реттік сан есім

Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп,нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге,егер олар дауысты дыбысқа бітсе,-ншы,-нші,ал дауыссызға аяқталса,-ыншы,-інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады.Мысалы:бір-інші,тоғыз-ыншы,екі-нші, т.б.

Реттік сан есімдер кейде цифрмен беріледі.Ондайда сан есімдердің жазылуы төменгідей болады

1.Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе,-ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнағынын орнына дефис қойылады.Мысалы:Ол 6-қатардан орын алды. Біз 3-қабатта түрамыз.

2.Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе,жұрнақтың орнына дефис қойылмайды.Мысалы,шығарманың ІІ томы, т.б.

3.Жыл,ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де,одан кейін дефис қойылмайды.Мысалы:1961 жылы Ю.Гагарин ғарышқа ұшты. 1 қыркүйекте сабақ басталды, т.б.

Бәріміз бір түрікпіз

«Түрік» - деген сөз (тарихта 542 жылдан белгілі) «күшті», « айбынды», «ержүрек»- деген мағынаны білдіреді. 552 жылы Алтайда көк түріктер мемлекеті құрылды. 1500 жылдық ықылым заманнан бері талай халықтар тарих саласынан жоғалып кетсе де түрік туы жығылған жоқ.

IX ғасырларда Кіші Азияға барған арғы аталарымыз қаптаған қалың жаудың ортасында мыңдаған жылдар тұрып, өзінің тәуелсіздігін ғана сақтап қалған жоқ, түрік әлеміне үлгі болып, экономикасы қарқынды дамыған еуразиялық күшті мемлекет болды.

Түріктердің пірі – көкбөрі. Діні – көк тәңірісі. Аспандағы алтын күн, сондықтан да да түріктердің арғы аталары гүндерді – күн елі,икүн халқы деп атаған.

Әйгілі ақын Мағжан Жұмабаевтың « Түркістан» өлеңі бүкіл әлем түріктерінің гимні саналатын. Түркияны отарлаудан сақтап қалған XX ғасырдағы түрік әлемінің жарық жұлдызы Мұстафа Кемел Ататүрік. Қазір түрік әлемінде 7 тәуелсіз мемлекет. 160 млн. – түрік бар.

Олар : Түркия, Әзербайжан, Түркіменстан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Кипр түрік республикасы.

7 саны түріктер үшін ежелден қасиетті сан.

Ержүрек-храбрый

Түріктер-турки

Халық-народ

Аспан-небо

Ту-флаг

Мемлекет-государство

1-жаттығу

Мына есептік сан есімдерден реттік сан есім жасаңыздар:

1, 5, 7, 9, 11, 33, 40, 68, 12, 90, 109.

2-жаттығу

Мәтінді пайдалана отырып сөйлем құрастырыңдар.

  1. «Түрік» - деген сөз ---------------------------------------------------------------

  2. Түріктер мемлекеті -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  3. Түркия--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  4. «Көкбөрі» ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  5. Гүндер --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  6. «Түркістан» өлеңін ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  7. Мұстафа Кемал Ататүрік --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  8. Түрік әлемінде ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  9. 7 саны --------------------------------------------------------------------------------

3-жаттығу

Сөздер қате.Түзетіңіз

  1. Алтыыншы : алтыншы

  2. Оныншы екінші

  3. Жүз отызыншы бірінші

  4. Елунші

  5. Тоғызншы

  6. Тоқсаншы

4-жаттығу

Жақшадағы санды сөзбен жаз

  1. Қазақстан (1991) жылы тәуелсіздік алды.

  2. (1995) жылы Конституциямыз қабылданды

  3. (9) айда сабақ басталды

  4. (4) күні жиналыс болады

  5. Мен (57) мектепте жұмыс істеймін.

5-жаттығу

Сөздер қате.Түзетіңіз

  1. Алтыыншы : алтыншы

  2. Оныншы екінші

  3. Жүз отызыншы бірінші

  4. Елунші

  5. Тоғызншы

  6. Тоқсаншы

6-жаттығу

Жақшадағы санды сөзбен жаз

  1. Қазақстан (1991) жылы тәуелсіздік алды.

  2. (1995) жылы Конституциямыз қабылданды

  3. (9) айда сабақ басталды

  4. (4) күні жиналыс болады

  5. Мен (57) мектепте жұмыс істеймін.

7- жаттығу

Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып ,сұрақтарға жауап бер.

  1. Жұмыс нешеде басталады?

  2. Түскі үзіліс уақытын көрсет.

  3. Дене шынықтыруға арналған уақытты анықта.

  4. Жұмыстың аяқталу мерзімі нешеде?

Тест

1.Заттың саналу ретін білдіретін сан есімнің түрі:

А)есептік сан есім Ә)реттік сан есім

Б)жинақтық сан есім В)болжалдық сан есім

2.Реттік сан есім қандай сұрақтарға жауап береді:

А)қанша?неше? Ә)нешінші?

Б)нешеу,қаншау? В)қандай?қай?

3.Реттік сан есім қай қатарда жазылған?

А)Х-сынып Ә)2004-жылы Б)1-інші үй В)24-қараша

4.Реттік сан есімді жасайтын жұрнақтарды табыңыз:

А)-ыншы,-інші Ә)-ып,-іп Б)-ақ,-ек В)-ыра,-іре

5.Бесінші,оныншы сандары қандай сан есім?

А)есептік сан есім Ә) болжалдық сан есім

Б)жинақтық сан есім В) реттік сан есім

Сабақтың тақырыбы: Жинақтық сан есім.Түркі тектес халықтардың бәйтерегі.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Жинақтық сан есімнің басқа сан есімдерден айырмашылықтарын меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Түркі тілдес халықтардың бәйтерегі мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Жинақтық сан есімдерге сөйлемдер жазу.

Жинақтық сан есім

Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді.Жинақтық сан есім бірден жетіге дейін есептік сан есімдерге –еу,-ау, жұрнағы жалғану арқылы жасалады.Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төрттеу, бесеу, алтау, жетеу .

Жинақтық сан есімдер әдетте зат есімдермен тіркеспей,жеке қолданылады да,заттанып тұрады,яғни әрі сандық, әрі заттық мағынаны бірдей беріп тұрады. Мысалы:Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Түркі тілдері — Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер тобы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады.

Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков Түркі тілдерінің фонет., граммат. ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі:

алтай дәуірі;

ғұн дәуірі;

көне түркі дәуірі (5 – 6 ғ-лар);

орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасу кезеңі;

жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (16 – 19 ғ-лар);

ең жаңа дәуір (20 ғ.) немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі.

Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады:

Орал-алтай тілдерінің ортақ дәуірі, бұл – көптеген ру мен тайпа тілдерінің бөлінбеген кезеңі;

Орал және алтай тілдерінің бір-бірінен бөліну кезеңі, бұдан соң түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей-жапон тілдерінің тармақтарға бөліну дәуірі.

Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді. Сөзге жұрнақ пен жалғаулар бірінің артынан бірі қосылу арқылы сөз формасы өзгертіледі. Сөйлем бастауыш-толықтауыш-баяндауыш ретінде құрылады.

Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Әсіресе моңғол, славян және парсы тілдерімен ықпалдасу өте терең болған. Бұл ықпалдасу әр бір тіл тобы мен топ ішіндегі тілдердің тарихи дамуын біраз өзгерткен салдарынан, түркі тілдерінің классификациясының бірнеше жүйесі бар. Бүгінгі күндері ең кең қабылданған классификация жүйесі А.Н. Самойловичтің классификациясы боп танылғанмен кейбір жағдайлар әлі де пікірталас тудыруда.

Түркі тілдерінің дүниедегі басқа тіл топтарының арасындағы орналасуы.

Барлығы 40-тан аса тілден тұратын, 180 млн. адамның ана тілі боп табылатын түркі тілдері Алтай тілдері әулетіндегі ең үлкен тіл тобы болып табылады.

Түркі тілдерінің көбінің фонологиясы, морфологиясы және синтаксисі бірдей. Тек Шуаш, Якут, Солтүстік Сібір тілдері бұ жағынан өзгеше сипатқа ие. Түркі тілдері 6 топқа бөліне отырып, әр топқа кірген тілдер сол тілді білетін адамдар бірі-бірін түсіне алатындай жақын болады. Бұған қоса көршілес өлкелердің шекараларында өте тығыз қатынас салдарынан туған түркі диалектілері табылады.

Көшпелі-кошевной

Пікірталас-диспут

Әулет-семья

Топ-группа

Көршілер-соседи

Салт-традиция

1-жаттығу

Мәтінді оқып, түсінігін айтыңдар.

2-жаттығу

Мәтіндегі сан есімдерді теріп жазыңдар.

3-жаттығу

Берілген сандарға -ау,-еу қосымшасын жалғап жаз

  1. Бір

  2. Екі

  3. Үш

  4. Төрт

  5. Бес

  6. Алты

  7. Жеті

4-жаттығу

Біреу, екеу, бесеу, алтау, жетеу жинақтық сан есімдерін қатыстырып сөйлем құраңдар.

5-жаттығу Венн диаграммасы Сан емсімдерді салыстыру

6-жаттығу

Мақал –мәтелдерді жаттап алыңыз

Бірінші байлық-денсаулық,

Екінші байлық-ақ жаулық,

Үшінші байлық-он саулық.

Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел борлса, төбедегі кетеді.

Сабақтың тақырыбы: Бөлшектік сан есім.Француз саяхатшысы

Г. Мозердің қазақ жеріндегі саяхаты

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Бөлшектік сан есімдердің жасалу жолдарын меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Француз саяхатшысы Г. Мозердің қазақ жеріндегі саяхаты мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Бөлшектік сан есімдерге мысалдар жазу.